400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ілияс Жансүгіров "Күйші" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ілияс Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту. Сабақтың міндеттері: білімділік – шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; дамытушылық – шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты,оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету; тәрбиелік - өнер құдіретін сезінуге,халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін; 9-сынып,әдебиет 05.04.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы. 
Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту. 
Сабақтың міндеттері: білімділік – шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; дамытушылық – шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты,оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету; тәрбиелік - өнер құдіретін сезінуге,халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу. 
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру. 
Пәнаралық байланыс: саз өнері. 
Қолданылатын технология: СТО (жеке,жұппен,топпен,ортаға салу) 
Сабақтың барысы. 
І.Ұйымдастыру бөлімі.2 мин. 
Оқушылармен амандасу, түгендеу. 
Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақ өнерінің асыл қасиеттері туралы толғап жырлаған, қазақ өлеңінің Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың "Күйші"поэмасын талдап, түсініп, саралаймыз.Сабақта топ жұмыс жасайды. 
1-топ "Құрманғазы", 2-топ "Дәулеткерей",  
ІІ. Үй жұмысын сұрау(сұрақ-жауап) 5 мин. 
- Әдебиетте Ілияс Жансүгіровті кім деп танимыз? 
- Ілиястың табиғат жырлары бойынша лирик ақын екенін дәлелдеңдер. 
- Ілиястың ән, музика өнерін аса жырлаған туындыларын атаңдар? 
ІІІ.Жаңа сабақ. 25 мин 
"Жасынан ән-күйді терең сезініп,жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің, құдіретті күйшінің туын көтере келді. 
1. "Миға шабуыл" кезеңі 
1-топ.Күйден алған әсерлерің қандай? Күй әуенінің түрлерін атаңдар? 
2-топ. Күй құдіретін қалай түсінесіңдер?Күй туралы қандай аңыздарды 
білесіздер? Қазақ халқының қандай атақты күйшілері бар? Күйді қандай аспаптармен ойнайды? 
ІІ.Мағынаны тану кезеңі "Түртіп алу" стратегиясы 
Ілиястың"Күйші" поэмасының тақырыбы қазақтың асыл бір өнері- күй құдіретін танытуға арналған.Қорқыт бабамыздан мұра боп келе жатқан күй-халқымыздың рухани биік өнері.Қазақтың Молқы,Құрманғазы,Тәттімбет, Сүгір сияқты аттары алты алашқа мәлім,он саусағынан өнері тамған күйшілері болған. Күйші" поэмасында Ілияс сондай бір күйшіні бар өнер тәңірісімен күй арқауына енгізген. 
1-тапсырма. 1-топқа берілетін тапсырма. Поэманы жоспар бойынша мазмұндау. 
№ Бөлім аты Жоспар Мазмұны (үлгі) 
1. «Күй құдіреті» 1.Ақ орда – хан үйі 
2. Күй үні 
3.Ордадағы күйші Кене ордасында күйші күймен көпшілікті ұйытады. 
Ханның өзі де намазға ұйығандай тыңдайды 
2. «Қыз қалауы» 1.Абылай ұрпағы – Хан Кене 
2.Қарашаштың бұйымы 
3.Қыз тұтқыны Хан тағында көркі жайнап,есіл дерті күй болып ұйып отырғанда сол кезде ханның немере қарындасы Қарашаш ханша күйшіні басы бүтін беруін сұрайды.Хан күйшіні қарындасына сыйға береді 
3. «Көңіл толқыны» 1.Қарашаштың сәулетті отауы 2.Ғашықтық оты 
3.Көңіл толқыны Қарашашқа тұтқын құл болдым деп есеңгіреген күйші,қыз отауының сән-салтанатын көргенде есін жиып,көңілін сергітеді. 4. «Қыз сезімі» 1.Сезімге алынған тежеу 
2.Көңілдегі арпалыс Күйші мен қыздың ішкі ойлары тартысады.Тартысты 
Сезімге қанша бой алдырса да өздерінің шыққан тектерін ұмытпайды. 
5. «Ерулік» 1.Қонақта 
2.Сауықты кеш Дулаттың аулы хан Кенені ерулікке шақырады. 
6. «Күйші» 1.Сезім тұтқынында 2.Оқыс жайт 3.Есінен танған күйші 4.Қыз ашуы 5.Күйшінің жалалы болуы 6.Қыздың ара түсуі 7.Кінәлінің табылуы 8.Ашулы бұйрық Күй әсеріне жігіт пен қыз қатар арбалады.біреу келіп ханшаны оятпақ болады.біреулер күйшіден көрмек болады.Күйші де осы істі жасаған өзім шығар деп ойланады.Қыз Әлімқұлдың Сапағы екенін айтады. 
7. «Оқыс жиын» 1.Төбе басына жиылған халық 
2.Әлімқұл ауылына хабаршыны аттандыру Әлімқұл аулына келген хабаршы 
8. «Хабаршы» 1.Қарашаш сәлемі 2.Әлімқұлдың қорқынышы Әлімқұл бұл істің байыбына бара алмай қатты қиналады. 9. «Сапақтың жазаға тартылуы» 1.Билер шешімі 
2.Әлімқұлдың қорқынышы Сапаққа құлдың киімін кигізіп,күйе жағып,ауылды үш айналдырады. 
10. «Қызға ұмтылған сезім жоқ» Күйші сезімінің өзгеруі Кешегі сұлу қыз алдында тұрған қорқауға айналады. 11. «Азат күйі» 1.Күйдегі өзгеріс 2.Қыз шешімі 3.Бостандық Күйдегі әуеннің өзгеруі арқылы Қарашаш күйші сезімінің өзгергенін сезеді.Ат мінгізіп бостандық береді. 
2-топқа берілетін тапсырма. . «Күйші» поэмасы 
1. Авторы – Ілияс Жансүгіров 
2. Тақырыбы – Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. 3. Жанр түрі – поэма 4. Негізгі идеясы – Әділетсіздікті,зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа,азаттыққа жеткізетін құдірет-өнер екенін түсіндіру. 
5. Шумақ саны – 
6. Тармақ саны – 
7. Буын саны – 
8. Ұйқас түрі – 
9. Шығарманың композициялық құрылысы: 
9. 1. Сюжеттің басталуы: Қарашаштың хан Кенеден күйшіні сұрап алуы 
9. 2. Сюжеттік байланыс: Күй құдіретінен өрбіген сезім 
9. 3. Шиеленісуі: Бозбалашылықтың соңы дауға ұласады 
9. 4. Шарықтау шегі: Сапақты жазаға тарту 
9. 5. Шешімі: Күйші сезімімен бірге күй әуенінің өзгеруі 
Қыз түйсігі.Дүниеге «Азат» күйінің келуі 
10. Шығарма кейіпкерлері:Кенесары хан,Қарашаш, Күйші Сапақ,Әлімқұл. 
11. Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу – Эпитет – 
Градация-Ақтарып,лекілдетіп,лепілдетіп,талдырып,тамшылатып, 
сығып,сарқып т.б. 
12. Күй аттары: «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек», «Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара», «Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой,бауырым!», «Азат». 
13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні- Қазақ халқының тоқсан тарау, мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету.Өнерді сүю, бағалау. 
ІІІ кезең Ой қорыту 10 мин. 
Суреттегі кім? . Кімнің суреті? .Кімнің суреті және бұл кісі туралы не білесіз? 
Күйлердің қазіргі және бұрынғы кезеңдегі орындалу ерекшеліктері қандай? .Қазіргі жастар күй өнерін қалай тыңдайды және бағалайды. 
.Қазіргі кезде қазақ күйлері қандай жерлерде тартылады? Сабақтың соңын М.Мақатаевтың әдемі бір өлең шумағымен аяқтағым келеді. 
Бабаларым, рақмет сендерге, 
Балаларым болмасын деп көр кеуде. 
Домбыраңмен қосып ән мен тіл бердің, 
Өмірге мен мылқау болып келгенде – деп Мұқағали ақынымыз айтқандай ән мен күй көңілдің ажары демекші,
Білім бағалау. (әр топтағы оқушылардың білімін топта сайланған бағалаушы оқушы бағалап отырады )3 мин. 
Кері байланыс парағы 
Менің бүгінгі сабаққа дейінгі білетінім Менің бүгінгі сабақта білгенім Менің білгім келетіні 

Үйге: "Күй құдіреті" эссе жазу. 

«Күйші» өлімді,зұлымдықты жеңген өнер құдіреті туралы симфониялық сарын,романдық қуаты бар, кең тынысты.асқақ әуенді күрделі шығарма» Рымғали Нұрғали.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі