400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ілияс Жансүгіров "Куй"

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Күй» поэмасы

Мақсаты:

А) Поэманың  сюжеттік  негізіне  алынған  күй  аңызының  мазмұнын, қобызшы  тартқан «Бозінген»  күйі, оның күй тарту шеберлігін  тереңірек  ұғындыру.

Ә) Талдау  арқылы  оқушының  білім  дағдыларын  дамыту.

Б) Өнер  құдіретін бағалауға, қазақтың  күй  өнері мен  күйшілігіне  құрметпен  қарауға  тәрбиелеу.

Түрі: кіріктірілген  сабақ

Пәнаралық байланыс: ән  сабағы

Әдістері: жинақтау, талдау, анықтау, салыстыру.

Көрнекіліктері: электронды  слайдтар, үнтаспа,  домбыра, кітаптар.

Барысы:

Үй тапсырмасын  тексеру.

Оқушыларға түрлі  түсті топшамалар таңдатып,артындағы  сұрақтарға  жауап  алу,Үзінді жаттап келу

1. Сәкен Сейфуллин қай  жылы,қай  жерде  дүниеге  келген?

2. Сәкен Сейфуллиннің анасы  мен  әкесі  кім?

3. Сәкен қай  жерден  білім  алған?

4.Сәкеннің  шын  есімі?

5. Сәкеннің поэмаларын  ата.

6. Сәкен Сейфуллинің  романын  ата.

7. «Ақсақ  киік» өлеңінің тақырыбы  мен  идеясы

8. «Ақсақ  киік»  өлеңінде ақын киіктің  сұлу, әрі мүскін  халін  қалай  бейнелейді? 

9. «Ақсақ  киік» өлеңі қанша  буынды, қандай  ұйқасқа  құрылған?

10.Сандалып  келе  жатты  ақсақ  киік,

Бір  тоқтап, анда-санда  әлін  жиып...?

Ақ  бөкен  сахараның  ботакөзі,

Атты  екен  қандай  мерген  көзі  қиып?

-деген жолдардан  метафораны  табыңыз.

11.Қиырсыз, Бетпақдала...қураған шөл...

Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.

Меңіреу...тірі  жан  жоқ...жып-жылмағай...

Ел  қайда?Ел –алыста-шулаған  ел?

-деген  жолдардан эпитеттерді  табыңыз.

12. «Ақсақ киік» өлеңінен  үзінді  оқыңыз.

13. Сәкен  өз  шығармаларында  ерлікті, сұлулықты, адалдықты  жырлады. Оның шығармаларындағы 

сұлулықтың  символы нелер?

-

-Бүгінгі  біздің  жаңа  тақырыбымыз  да  осы  күй  өнері  туралы  болмақ.

Жаңа  тақырып І. Жансүгіров  «Күй»  поэмасы.


1. Ақынның  өмір  жолына шолу

1894 жылы бұрынғы Қапал  уезі, Ақсу  болысында (қазіргі  Алматы облысы  Ақсу ауылында) туған. Анасынан  ерте  қалған Ілияс әкесі Жансүгірдің  тәрбиесінде өседі. Жансүгір  хат  танитын, шағатай  тіліндегі кітаптарды  жинайтын , аңыз-ертегілерді, батырлық  жырларды, тарихи  оқиғаларды, жақсы  білетін, әңгімеші, домбырашы болған.

Халқымыздың  құт-береке дарыған, ежелден  ақындық, батырлық, даналық  мекені  Жетісу  өлкесінің перзенті  Ілияс  көкірегіне жас  кезінен бастап ән мен жырдың,  өлең  мен  күйдің  небір  асыл  нұсқалары  ұялаған.

Алғашқыда  әкесінен  хат  таныған, одан  соң  молда  алдын  көрген Ілияс  кейін  Қарағаш  деген  жердегі мектепте   оқиды.1925 жылы  Мәскеудегі журналистика институтына  түсіп, оны 1928 ж  бітіріп  шығады. Елге  келіп “Еңбекші  қазақ” газетінде  еңбегін  жалғастырады. Қазақ  өнеріің  сері  ақыны  Ақан  жайында “Құлагер”  поэмасын, қазақ  өнері, күйін  аспандатқан “Күй”, “Күйші”  поэмасын  жазады. Туған даласы, Отан  туралы  сүйіспеншілігін “Дала”  поэмасында  ақтарады.

Ілияс  лирикасының  асқар шыңы атақты “Күй” поэмасы. “Күй” поэмасында ғасырлар  бойы  халқымызбен  бірге  жасасып, атадан  балаға  мирас  болып, уақыт  сынынан  сүрінбей  келген, бір  ғасырлық шежіренің  куәсі  болған, титтейінен  Ілиястың  құлағына  сіңісті,  жүрегінің  төрінен  орын  алған, жазуға  түрткі  болған қасиетті қобызшылық  дәстүр жайлы  сыр  толғап,  күйшілік  өнерді  дәріптейді.

2. Өлеңді  мәнерлеп  оқу (баяу күй әуені  ойналып, суретті  слайдтар  көрсетіледі)

3. Сөздік  жұмысы

Бақайшақ - аяқтың  башпай  тұсы.

Қорда- заттың үйіндісі.

Ақшам – іңір, апақ-сапақ кез.

Селеулер – селдіреу.

Өліара – ескі ай  мен жаңа  айдың  аралығындағы  мезгіл, уақыт.

Тақым – тізенің  астыңғы, ішкі  жағы.

Бұйда - түйенің не  өгіздің  мұрындығына тағылған  ұзыедығы 2-3 құлаштай бас жіп, бау.

Үргенші- Ежелгі  қала, ортағасырлық  Хорезм мемлекетінің астанасы.

Саңғыраған – айқайлаған дыбыс.

Дабырауын – айқай –шу, даурықпа  сөз.

Поэма  -  (грекше poiema - туынды)  өмірде  болған, не  болуға тиіс  күрделі  құбылыстар  мен  келелі  оқиғаларды, алуан-алуан  адам  тағдыры  мен  заман  шындығын  көлемді, желілі, эпикалық  не  лирикалық  сипаттағы  өлеңмен  суреттеу.

Қобызшы бейнесі, «Бозінген» тарихы, «Күй  күшті, тауды-тасты  бұзатұғын»

ІІ. Анықтау     (ақын  қолданған  бейнелі  сөздерді, теңеу, эпитеттерді  табу)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі