400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ілияс Жансүгіров "Құлагер" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарды Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер"поэмасына сатылай кешенді талдау жасауда қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні: Сынып 9 Пәні:Қазақ әдебиет

Сабақтың тақырыбы

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Оқу мақсаттары

9.1.1.1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

9.2.3.1.Шығармадағы әдеби тілді құбылтудың түрлерін анықтап,автор стиліне баға беру.

Сабақтың мақсаты

Көркем шығарманың сюжетін, композициялық құрылымын, тақырыбын, идеясын анықтайды.

Әдеби тілді құбылтудың түрлерін анықтайды,автор стиліне баға береді.

Бағалау критерийлері

-тақырыбын, идеясын анықтайды

- композициялық құрылымын талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Құлагер,Ақан сері,бәйге т.б

Пайдаланатын тіркестер:автор пікірінше,менің ойымша

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,музыка.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

Алдыңғы білім

Құлагер поэмасы

Сабақ барысы

сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару. «Жүректен-жүрекке» тренингі өткізіліп,сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сыныпты мозайка арқылы 6 оқушыдан үш топқа бөлу

1-топ.Ақын бейнесі

2-топ.Ақан бейнесі

3-топ.Құлагер бейнесі

Слайд 1

2 минут













7минут




1минут

2. Психологиялық ахуал

«Кім жылдам» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

1. І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасының кейіпкерлері?

2. Ақан сері Ермеймен тауының етегіндегі кімнің асына келді?

3. Осы кезде бәйгеге қанша ат жарысқа түсті?

4. Құлагерге өз бағасын берген кім еді?

5. Жүйрікті жарыста қалай және не себепті мерт қылады?

6.Құлагер өлімінен кейінгі Ақанның бейнесі?

7. Оған белгі орнатқан Жүсіп төре деген кім?

8. Поэма неше бөлімнен тұрады?

9.Сендерге шығарманың қай тұсы үлкен ой салды?

4. Мағынаны тану кезеңі.

«Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған Ілияс туралы кітаптан тыс қандай да бір тың дүние,жаңалықтар білеміз,кім айтады?Бейнеролик арқылы оқушылармен ой –бөлісе отырып ақын жайлы қосымша мәлімет алады.

5.Сергіту сәті

1.Жақсы аттың артынан құнан ереді,

Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.

2.Жақсы аттан жал кетсе де,әл кетпейді.

3.Жомарт жан жоқтығын білдірмейді,

Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.

4.Жақсы айғыр үйірін бөріге алдырмас,

Батыр жігіт ауылын ұрыға алдырмас.
5.Жалғыз аттың пайдасы көп, Жалғыз жігіттің айласы көп. 
6.Жаман ерден жайдағым жақсы, Жаман қатыннан бойдағым жақсы.
Әр топ екі мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді.

Слайд2 мақалдар













Слайд3


Сабақтың ортасы

минут



3 минут

талдауға



2минут


5минут








3минут

қорғауға






3минут

Сабақтың соңы

Рефлексия

3 минут


2минут


Үйге тапсырма

1 минут



1-тапсырма.ТЖ

1-топ«Құлагер»өлеңінің тілдік көркемдік ерекшелігіне əдеби-теориялық талдау жасатамын

І.«Құлагер» 1. Авторы - І.Жансүгіров

2. Тақырыбы – тұлпардың жүйріктігін, сынын дəріптеу.

3.Жанр түрі – поэзия (өлең).

4 Идеясы – жүйрікке жасалған, өнерге жасалған қастандыққа лағынет айту.

5. Шумақ – аяқталған біртұтас ой.

6. Тармақ – өлеңнің əр жолы.

7. Бунақ – белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын саны – дауысты дыбысқа байланысты.

9. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы.

Дискриптор

əдеби-теориялық талдау жасайды

жанрлық ерекшелігін ажыратады

2-топ. Əдеби-теориялық ұғымдар.

Ассонанс. Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай,қылаң болды.

Эпифора. Жел соқса, қамыс басы майда деймін,

Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.

Алдыңғы атбаран болмай,қылаң болды,

Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!

Теңеу – сапты аяқтай.

Метафора – əкең-тұлпар, шешең – сұңқар.

Эпитет – күлте жібек құйрық-ай, бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

Риторикалық сұрақ - Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!

Дискриптор

əдеби-теориялық ұғымдарға талдау жасайды

жанрлық ерекшелігін ажыратады

3-топ. Шығарманың композициясына сюжеттік талдау жасатамын.

 Дискриптор

сюжетті композициялық талдау жасайды

жанрлық ерекшелігін ажыратады

«Еркін микрофон»әдісі арқылы бағалау


Тапсырма2 Әдеби шығарманы әлем әдебиетімен салыстыра талдап эссе жаздыртамын.Эссе жазуда негізге алатын сұрақтар

Құлагер трагедиясы Ақан серінің жеке бас трагедиясы ма,әлде басқа да астары барма, қалай ойлайсыңдар?

Ақан сері Қорамсаұлының Құлагерді ерекше қадір тұтып,ел арасында жанына жақын жан іздеуден гөрі жануарға мұң шағуының себебі не деп ойлайсыңдар?

Тұсында сері болсын ,пері болсын

Ұнайды өмірімен Ақан маған деген жолдардағы ақын ойын аңғара аласыңдарма?

«ҚҚҚ» /құнды,қызықты,қиын/әдісі бойынша бағалау

«5-5-1»әдісі

Оқушыларды бағалау

I топ Cәкен Жүнісовтың

II топМағжан Жұмабаевтың

III топҒабит Мүсіреповтың «Ақан сері»шығармаларымен танысып келу















Слайд4





Слайд5



Слайд6



Сабақ бойынша рефлексия

1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

2. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді









Мұғалімнің өз сабағын талдауы

Күні__ 9 «А»сынып

Оқушы саны_18_сабаққа қатысқаны 18

Пән:_Қазақ әдебиеті_ Сабақтың тақырыбы І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Бұл сыныпта үшінші жыл сабақ беремін, Оқушылардың оқуға деген талпыныстары жақсы. Жауапкершіліктері мол.

Оқу мақсаттары

9.1.1.1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

9.2.3.1.Шығармадағы әдеби тілді құбылтудың түрлерін анықтап,автор стиліне баға беру.

Сабақтың мақсаты

Көркем шығарманың сюжетін, композициялық құрылымын, тақырыбын, идеясын анықтайды.

Әдеби тілді құбылтудың түрлерін анықтайды,автор стиліне баға береді.

Бағалау критерийлері

-тақырыбын, идеясын анықтайды

- композициялық құрылымын талдайды.

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика және терминология:

Құлагер,Ақан сері,бәйге т.б

Пайдаланылған тіркестер:автор пікірінше,менің ойымша

Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы,музыка.

АКТ-ны қолдану дағдылары Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданды

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді. Бұл сабақта оқушылар бір-бірін оқытып, топтық жұмысын атқарды. Мұнда теориялық білім практикалмен ұштастырылды.
Сабақтың сипаттамалық кезеңі:

Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңіне назар аудардым: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, мотивациялау мақсатында «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргіздім және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырдым.Оқушыларды сабақтағы жетістік критерийлерімен таныстырдым.Сыныпты мозайка арқылы 6 оқушыдан үш топқа бөлдім.Сабақ материалдары бойынша алдын-ала ізденуге, зерттеуге үйге тапсырмалар берілген болатын.Сол мақсатта «Кім жылдам» әдісі, «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған Ілияс туралы кітаптан тыс ғаламтордан қандай да бір тың дүние қарастырып келгендіктері арқылы үй тапсырмасын тексердім.Мағынаны тану мақсатында бейнеролик арқылы оқушылармен ой бөлісе отырып ақын жайлы қосымша мәліметтер алынды.

Сергіту сәтінде интербелсенді тақтадан жылқыға қатысты мақалдардың жалғасын тауып, толықтыру болды.

Бөлінген үш топқа «Құлагер»өлеңінің тілдік көркемдік ерекшелігіне əдеби-теориялық талдау,әдеби-теориялық ұғымдарды табу, шығарманың композициясына сюжеттік талдау тапсырмалары беріліп,нәтижесінде бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Көркем сөзді,өз сөздік қорларын пайдалана алды,ауызша сөйлеуге дағдыланған,шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренген.--

Оқушыларсабақ барысында бір-бірін «Еркін микрофон», «ҚҚҚ»әдістері бойынша бағалады.

Сабақ соңында рефлексия «5-5-1» әдісі бойынша АКТ технологиясын қолдана отырып жүзеге асты.

Оқушыларға үйге тапсырманы сыныпта орындалған жұмыстарына байланысты қайталау, дамыту мақсатында бердім. Онда үй тапсырмасын қалай орындау жолдарын, орындау барысында неге көңіл бөлу керектігін оқушыларға түсіндірдім.

Сабақ беруде әдіс- тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды,интерактивті тақта, компьютерді тиімді пайдаландым.
Cабақ барысында оқушыларды жаңа білімді өз беттерімен алып, бірін –бірі оқытуға бағыттадым ,іздену, зерттеу, салыстыру, түйінді ой шығарып, пікір білдіргенге үйреттім, Өз елінің әдебиетін , тілін білуге баулыдым.
Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады, бірақ өз ойларын жүйелі жеткізуде қателіктер жіберді. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды. Таңдалып алынған көрнекілік құралдар оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді.Келесі сабақтарда оқушылардың білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуым қажет. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеттерді әлі де нақтылай түсуім қажет деген ойдамын.



Сабақтың талдаушы: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
10396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі