400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ілияс Жансүгіров "Құлагер" поэмасы "Егес" бөлімі бойынша 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Адам жанының құпиясы

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мухатова Данара Думановна

Күні:

15-01-2024

Сынып: 9 «ә», «а»

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Егес .«Құлагер» поэмасы бойынша

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Сабақтың мақсаты

Білім алушылар:

  • "Құлагер" поэмасын басқа туындымен салыстырады

  • Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын танып бағалайды.

  • Өтілген тақырып бойынша білімдерін бекітеді.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

7мин



































7мин




Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңі

Тыңдалымалды тапсырмасы. Бейнефильмнен үзінді көру

«Құлагер»кинофильмінен үзінді

І.Жансүгіров туралы деректі фильм

Кіріспе сұрақтары:

  • Бейне ролик кім жайлы?

  • Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?


Жақсы, сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы:

«Құлагер» поэмасының тарихи және көркемдік ерекшелігі

Бүгінгі сабақтың негізгі дескрипторлары:

  • "Құлагер" поэмасын басқа туындымен салыстыру;

  • Үзіндінің тарихи және көркемдік құндылығын танып бағалау;

  • Өтілген материал бойынша білімді бекіту;


  • Бүгінгі сабағымыз сіздер мен маған үлкен сын мен тәжірибе болғандықтан бірлесе әрі белсенді жұмыс жасауға шақырамын.



Миға шабуыл әдісі «Өткенді еске түсіру»

«Құпия хаттар» ойын таныстырылымы

Әр топқа үш сұрақ беріледі. Топтық жауап айтылады.

Бірінші топқа тапсырма

Поэма кімнің асын беру туралы сипаттаудан басталады? (Сағынай)

Екінші топқа тапсырма


...Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас,

Артынан жөнелгенде жетпес жылқы» деп Құлагерге сын айтқан сыншының есімі?

( Күреңбай)


Үшінші тапсырма

« Басыңды итке неге иіскетейін,ерте кеш құшақтамай жас баладай» деп жоқтаған серінің ақырғы іс әрекеті қандай еді?

(Құлагердің басын кесіп алады)



Ақпаратты тыңдайды.

Керегін түртіп алады.

Сұраққа жауап береді.











Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады





«Жеделхат» әдісі арқылы топқа бөлінеді.



Топ аттары:

АРҚА ЕЛІ

АҚАН СЕРІ

ҚҰЛАГЕР


Мадақтау

Жарайсың!

Бәрекелді!

Өзара бағалау парағы ұсынылады.



Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=XxVgLpqfCTE



таныстырылым

Жаңа сабақ

5 минут

«Шығармашылық ізденіс» әдісі

Мұғалім түсіндірмесі:

Алты алаштың баласының бірі білсе бірі білмес, Астанадан алты шақырым жерде «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында төрт аяқтының пырағы, мың жылда бір-ақ рет туатын тұлпар, әйгілі Ақансерінің дүлдүлі, қиянаттың сойылынан соққы жеп жығылған Құлагердің ескерткіші тұр. Жылқы малында Құлагерге дейін де аузымен құс тістеген, шашасына шаң жұқпас жүйріктер болғанымен, тасжүректердің қолынан соққыға ұшырап, қысым көргендері некен-саяқ. Тастұғырда бауырын жазып көсіле шапқан Құлагердің мыстан соғылған мүсіні еркіндікті аңсаған азат елдің болашаққа қарай ұмтылғанын көз алдыңызға елестетеді. Осы бір қиын да күрделі, қызығы мен шышығы мол еңбектің жанашыры, Құлагер ескерткішін салу идеясының авторы, ұйымдастырушысы, демеушісі, Республикалық «Қазанат», «Құлыным» журналдарының бас редакторы, Сәдібек Түгел.

Мүсіннің ұзындығы 8,5 метр, биіктігі 5 метр, салмағы 5,5 тонна, жалпы биіктігі 12 метр. Құлагердің бауырын жазып көсіле шауып келе жатқаны, Қазақстанның алға қарыштап дамып келе жатқанымен байланыстырыла символикалық түрде берілген.




Мұғалімнің сұрақтары QR код арқылы ұсынылады.

  1. Ескерткішке қарап қандай ой түйдіңдер?

  2. Құлагер ескерткіші мен өлең жолдарындағы Құлагерде ұқсастық бар ма?

  3. Ескерткіштің тарихи құндылығы неде?



Құлагерге қойылған ескерткіш жайлы біледі

Туындылардың сюжетіндегі ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды, баға береді.



Сұраққа жауап береді




Дейін/кейін

Әдісімен бағалау

Осыған дейін нені білді, бүгін нені білді, соны айтады. Өзін-өзі

бағалау



15 мин

«Салыстыру және талдау» әдісі

Мұғалім түсіндірмесі:

Балалар, әр топқа мынадай тапсырмалар ұсынылады.

Үш топқа әр түрлі өлең жолдары беріледі. Спираль түрінде берілген өлең жолдарын оқи отырып,өлеңнің өзіндік ерекшелігіне баға береді.

1 Біздің ел ертеден-ақ жылқы баққан,
Қолға алғаш үйретіп, ноқта таққан.
Жүйріктерін ішінде таңдап мініп,
Сын сағатта ерлері жауға шапқан.
Биені еппен сауып, күбі піскен,
Қымыз ішіп дерт көрмей, батыр өскен.
Саумал ішкен сырқаттың көзі ашылып,
Бала-шаға қуанып ойнап кеткен.
Бейбіт күнде ел-жұрттың дәулеті екен,
Жауға шапса айбыны, қайраты екен.
Ұзақ жорық, сын күнде азаматтың,
Адал серік, талмайтын қанаты екен..

Тайыржан Оразхан

2.Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауызомыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңiрейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,

Қабырғалы, жоталы, болса күшті.

Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,

Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.

Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,

Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.

Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,

Алды-арты бірдейкелсеергежайлы.

Абай Құнанбаев

3.Қыл шылбырын сүйретіп,
Қай шумағың шашау жүр?
Әбден сені үйретіп
Алдық білем, асау жыр.
Омақасып өлсең де,
Осқырыну жоқ сенде.
Сен дайынсың мінсем де
Сен дайынсың жексем де.
Ой тұндырып көзіңе,
Ұстағанмен күйлі етіп,
Төрт аяқтың өзімен
Қойдық сұлу билетіп.
Орасан іс істеумен,
Өшті ме оты үміттің?!
Баяғыша тістеу мен
Тебуді де ұмыттың.
Желігенің жігерсіз
Түсіреді еңсені.
Ер-тоқымсыз,
Жүгенсіз
Жіберейін мен сені.
Қадыр Мырза Әлі

Мұғалімнің сұрағы:

Бұл өлең жолдарынан түйген ойларыңды

бір сөйлеммен жеткізу тапсырмасы беріледі.



Шығармадан берілген үзіндіге талдау жасайды










Өзіндік бағалау парақшасымен жұмыс


Карточка















































































QR cod generetion














Festisite.соm


Бекіту кезеңі.

10 минут

«2 қадам» әдісі. 1-қадам екі нұсқаның бірін таңда. 2-қадам себебін айт.

Шығармада көркемдік шындық басым ба, әлде тарихи шындық басым ба?

Shape1

Тарихи





Shape2

Себебі





Shape3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
10.05.2024
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі