2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі»

«Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағаты «Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі»
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты

«Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі»

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Қауіпсіз қоғам

«Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі»

Сабақтың мақсаты:

Имандылық сөзінің нақты мағынасын оқушыларға түсіндіре отырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерден үлгі алуға ұмтылдыру.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік қасиеттерге бағыттау, оқушының рухани білімін, дүниетанымын байыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын ояту.

Апта дәйек сөзі

Өнерлі бала - өрге жүзер

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





Компьютер

















Сабақ басы (3 мин)












І. Ұйымдастыру

Эпиграф:

Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз.

Абай

ІІ. Кіріспе

Мұғалім сөзі:

- Салеметсіздер ме, қадірлі оқушылар!

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, адалдық, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші иманы, екінші ырысының тұрағы, үшінші дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Абай атамыз «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» деген еді.

Бүгінгі «Имандылық адамгершілік айнасы» деп аталатын тәрбие сағатымызда «иман» сөзінің мағынасына тереңірек үңіліп, адами асыл құндылықтарымыз туралы әңгіме қозғамақпыз. Өзімізге сәттілік тілеп, жұмысымызды бастайық, балалар.

Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдайды, жадында сақтап отырады, сұрақтарға жауап береді

Презентация


Ортасы (5 мин)


III. Негізгі бөлім

Мұғалім:

- Оқушылар «Иман нұры ұяласын жүрекке» тақырыбында «Имандылық» туралы ой өрбітеді.

(Оқушылар 3 топқа бөлініп,

«Иман» сөзіне анықтама береді. Үш оқушы жазғандарын оқып береді)


- Иман - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны «иман жүзді адам» дейді.



- Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік.



- Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп құрметтеу, көңіліне қарау- адамгершіліктің нағыз белгісі. Халқымыз «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп арды жаннан да қымбат есептейді.Ұят – адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың негізі. Ұят нышандары сәбилік шақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстар арқылы бет-бейнеден, инабатты іс-әрекеттерден байқалады. «Мейірімділік, - деп жазды К.Бови, -мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл». Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарау, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен имандыдық білдіру, жанашырлық пен қамқорлық жасай білу адамгершіліктің жоғарға белгісі. Менің ойымша, осы үш қасиет бір адамның бойында болса, онда оның адамгершілік қасиеті таудан да биік болады.


Мұғалім:

- Дұрыс айтасыңдар балалар, иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Өзін мұсылман деп есептейтін әрбір адамның адамгершілік, әдептілік, имандылық қасиеті болуы абзал екенін әр сәт есімізден шығармайық. (Жазғандарын А-4 жапсырып, тақтаға іледі)



Мұғалім:

- Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі болып табылатынын өздерің жаңа айттыңдар, балалар. Имандылық туралы сыр шертетін мына бейнебаянға назар аударайықшы. (бейнебаян көрсетіледі)

- Ал енді, балалар, алған әсер, түйген ойларыңды қағаз бетіне түсіре

қойыңдар. (жұмыстарымен әр топ өз ішінде танысады. Іріктелген жұмысты журналға ұсынады. А-4 бетіне түрлі-түсті қағазға жазып орналастырады)



Ситуациялық жағдайлар:

1- хат.

-Құрметті достар, менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе - көз өтірікті айта қояды. Ата-анасына да өтірік айтады және бұл қылығына ұялмайды. Менімен дос болғысы келеді, онымен дос болып араласайын ба?


2 -хат.

- Құрметті достар, менің досым өте мақтаншақ, тәкаппар. Бірге жүргенде үйінің байлығын, қымбат нәрселерін айтып көп мақтанады. «Адамды байлығына қарап бағалау керек» дегенді жиі айтады. Мен онысын ұнатпаймын. Оның осы мінезін өзгертуге қалай көмектессем екен?


3 -хат.

-Құрметті достар, партада менімен бірге бір бала отырады. Үй тапсырмаларын орындамай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен дәптерімді бермесем, «Сен сараңсың»- деп мені мазақтайды. Мен не істеуім керек?

(балалар жауаптарын жазып, А-4 жапсырады. 3 топ жазғандарын оқиды, тақтаға іледі)



Қорытынды

Мұғалім:

- Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, олардың өмірінде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік секілді қарым-қатынастар болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар


...Түзу баста, ақ жолды кесе көрме,

Иман тонын үстіңнен шеше көрме, - деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағүн айтқандай, бойымыздан иманымыз кетпесін. Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Презентация


Рефлексия


Бір-бір бетке қатысушы балалардың аты-жөні жазылады. Сол бетке кез келген бала сол балаға тілектерін және не сыйлайтынын мысалы: «Қанат мен саған үлкен бақыт сыйлаймын немесе саған ашық мінез сыйлаймын!» деп жазуы керек.

Оқушылар бір-біріне тілектер жазады.


Соңы

(1 мин)






Қорытынды

Сабақты қорытындылау

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады, өз ойларын жеткізеді.



презентация




Жариялаған:
Карина
18 Ақпан 2025
138
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі