Имидж мақала. Заманауи менеджменттегі көшбасшылықтың рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Имидж мақала. Заманауи менеджменттегі көшбасшылықтың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада заманауи менеджменттегі көшбасшылық пен басқару психологиясының маңызы сөз болады. Қоғамдағы жылдам өзгерістер ұйым басшыларынан тек кәсіби біліктілікті емес, адам жанына үңіле білетін, эмоциялық интеллектісі жоғары тұлғалық кемелділікті талап етеді. Нағыз көшбасшы - бұйрық беруші емес, ұжымды шабыттандырып, сенім мен сыйластық атмосферасын қалыптастыра алатын тұлға. Мәтін авторлары басқару психологиясының қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас, мотивация және командалық рухты арттырудағы рөлін айқындайды. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл бағытта заманауи көшбасшыларды тәрбиелеп, елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға үлес қосып отырғаны атап өтіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ЗАМАНАУИ МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ


Қазіргі қоғамдағы қарқынды өзгерістер мен жаһандану үрдісі ұйымдарды басқарудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Осы тұрғыдан басқару психологиясы мен менеджмент ғылымы – ұжымды тиімді ұйымдастыру мен тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамытудағы басты құрал болып саналады.

Басқару психологиясы – адамдар арасындағы өзара әрекетті, көшбасшылықты, мотивация мен конфликтілерді реттеуді зерттейтін ғылым. Бұл сала ұйымдағы әрбір қызметкердің психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Басшының эмоциялық интеллекті, коммуникативтік мәдениеті және шешім қабылдау қабілеті ұйымның жалпы өнімділігі мен ұжымдық рухына тікелей әсер етеді.

Тиімді басқарушы тек бұйрық беруші емес, сонымен бірге ұжымды ынталандырушы, сенім мен сыйластық атмосферасын қалыптастырушы тұлға болуы тиіс. Мұндай басшының имиджі кәсібилік, әділдік және адамгершілік қағидаттарымен өлшенеді. Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлының «Ортаға өнеріңмен емесмінезіңмен сиясың» деген тағылымды сөзі бар. Расында да адамдағы мінез, болмыс, көзқарас пен басқа да ерекше қасиеттер абырой-беделдің артуына немесе мерей-мәртебенің төмендеуіне тікелей әсер етеді.

Ұжымды басқару – психологиялық тұрғыдан күрделі құбылыс. Әрбір қызметкердің жеке көзқарасын, мінез-құлқын және мотивін ескерген басшы ғана тұрақты әрі өнімді ұжым қалыптастыра алады. Заманауи менеджментте басты назар — командалық жұмысты жетілдіру мен корпоративтік мәдениетті дамытуда.

Бүгінде көшбасшының басты миссиясы – ұйым ішінде сенім мен ашықтық орнату, әрбір қызметкердің шығармашылық әлеуетін ашу. Демек, басқару психологиясы тек кәсіби шеберлікті емес, сонымен қатар эмоционалды тұрақтылық пен тұлғалық кемелділікті қажет етеді.

Заманауи басқару психологиясының басты бағыттарының бірі – эмоциялық интеллектіні дамыту. Басшы өз эмоциясын бақылай алса және қызметкерлердің көңіл күйін түсініп, соған сай әрекет ете алса, ұйымдағы психологиялық ахуал оң болады. Бұл өз кезегінде өнімділікке, шығармашылық белсенділікке және корпоративтік мәдениеттің нығаюына әсер етеді.Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) басқару әдістері мен көшбасшылық құндылықтарды қалыптастыруда ерекше орын алады. Университеттің стратегиялық даму бағыты – білім алушыларды тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық және тұлғалық тұрғыдан да дамытуды көздейді. ҚазҰУ-дың Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы заманауи оқыту әдістерін пайдалана отырып, студенттер мен магистранттарды жан-жақты дамытуға, басқару шешімдерін тиімді қабылдауға баулиды. Мұнда басқару психологиясы пәндері арқылы болашақ маман иелері ұжымдық коммуникация, мотивация жүйелері және көшбасшылық стильдердің психологиялық ерекшеліктерін меңгереді.

Қазіргі заман талабына сай менеджер – кәсіби білікті, психологиялық тұрғыдан сауатты және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін тұлға болуы тиіс. Басқару психологиясы мен менеджменттің үйлесімділігі ұйымның табысты дамуының кепілі десек артық айтқанымыз емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сияқты жетекші оқу орындары осындай тұлғаларды тәрбиелеу арқылы елдің интеллектуалдық және экономикалық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып келеді. Бұл университет – тек білім ордасы ғана емес, сонымен бірге болашақ көшбасшылардың қалыптасу мектебі.



Жубаназарова Н.С.

Психология ғылымдарының кандидаты,

жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры

Болтаева А.М.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Шәріпханқызы А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі