"Инабаттылық белгісі" қыз балалаларға арналған кеңес

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Инабаттылық белгісі" қыз балалаларға арналған кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру жайлы тәрбиелік мәні бар әңгіме сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Инабаттылық белгісі» атты психологиялық кеңес

Мақсаты: қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету.

Қыздарға арналған кеңестер

Жас қыздарға арналған кейбір дәстүрлі кеңестерді ұсынамын. Денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну, сізді қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясын ашатын боламыз.
Денсаулықты күте біл.- Кез келген қыз бала денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс әрекеттерден аулақ болуы қажет. Темекі тарту, алкогольді ішімдіктен татып алу – тіпті аз тұтынсаңыз да, бұл сіздің бет әлпетіңізге кесірін тигізеді.
Қыстың күні жылы киін.- Егер сәнді киінемін деп қысты күні де жұқа жалғыз шұлықпен (колготка) қысқа белдемше киетін болсаң, онда таң қалма, оның соңы жақсы болмайды. Егер болашақта тұрмыс құрып, ана атану ойыңда болса, қазірден өзіңді және денсаулығыңды күт!
Денені шынықтыр.- Күнделікті денсаулыққа уақыт бөл – жеңіл спорт түрімен айналыс, денені шынықтыр. Сонымен қоса жан сұлулығына да көңіл бөл. Әдемі әуен тыңдап, романтикалық кинолар мен комедиялық фильмдер қара. Өзіңді әрдайым сүй сонымен қоса жауапкершілікті сезініп, тәртіпке әрқашан бағына біл!
Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда мықты бол.
Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда көңіл - күйіңді түсірме, болған жағдайға басқа қырынан қарап көр, адам қателік жасамауы мүмкін емес, өйткені сол қателіктер арқылы біз өмірді танып білеміз. «Сүйген жігітің хабарласпай, кездесуден де бас тартты ма? Бұған бола ренжудің, жылаудың қажет жоқ. Себебі біреу – сен жассың сенің өмірің әлі алда. Сені қажет етпейтін адамға уақытыңды босқа кетірме!
Өмірдің қуаныш пен шаттыққа толы сәттерін есіңе ал. Стреске салынудан аулақ бол! Өз - өзіңе айт: «Бұл болмашы ғана қиындық, бұдан мен тек күш аламын және шыңдала түсемін». Көңілді әрі шынайы адамдармен қарым - қатынас жаса. Өсек - өтірікке жаны құмар жандардан аулақ бол!
Кез - келген қиындыққа мойыма, көңіл бөлуге тұрмайтын жандарға бұрылып та қараудың қажеті жоқ. Барлық жағдайды ақылға сала отырып шешуге тырыс, сонда Табиғат ана да саған көтеріңкі көңіл - күй, мықты денсаулық пен болашаққа деген сенімділік сыйлайды.
Қыс мезгілінде ерінді күте біл.
Еріннің жұқа терісі қыстың аязды суығына төзімсіз болғандықтан жарылып кету мүмкін. Бұндай қиындық тумас үшін, дәріханадан ерінге арналған гигиеналық ерін далабын (помада) алып қойған дұрыс. Ерін далабы еріннің жұмсақ терісінде ылғалдықты сақтайды.
Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады. Өз-өзіңізге күтім жасауды қолға алыңыз және әдетке айналдырыңыз. Сұлулыққа ұмтылу — наздық емес, асыра сілтеушілік те емес. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды. Ал әдемілік немен өлшенеді деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Шаштың түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі стиль — кез келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Алайда, барлық ханымдар есте ұстайтын бірнеше ережелер бар. Бір қызығы, әдемі болып көріну үшін шығындалудың қажеті шамалы. Бірақ, ескерту қатал: ережелерді  бұзбай, күнделікті  сақтап отыру қажет. Бір сәтте ханшайымға айналып шығу тек ертегілерде ғана болады. Ал өмірде ханшайым болу үшін, өмір бойы тынбай күтініп жүру керек. 

Сұраққа жауап беріңіз немесе айтылғандарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

1. Бет ажары алдамшы, ал сұлулық әбігерлік пе?

2. Тән сұлулығы уақыт өте көмескіленеді, ал жан сұлулығы мәңгілік, оның берері де мол ма?

3. Шашы ұзының ақылы қысқа ма?

4. Біздің көпшілігіміз өзімізді дұрыс бағаламай жатамыз. «Сұрықсыз» адамға өз құндылығы бар екенін, сүюге лайық екен қалай сендіруге болады?

5. Қандай сұлулыққа ақша қажет емес?

6. Ішкі жан сұлулығынсыз сыртқы сұлулық болуы мүмкін бе?

7. Адам жаны үнемі сұлулықты қажет етеді.

Қорытынды: Адам жаны сұлу болып жаратылған, сондықтан да ол әдемілікке ұмтылады. Сұлулық бізді қуантып, әсерге бөлейді. Сұлу болғың келсе, әдемі нәрселерге талпын. Айналаңды әдемі заттармен толтыруға болады, мұражайларға баруға болады, өнер туындыларының тылсым сырына үңілуге болады, ұшы-қиыры жоқ әдемілікті іздеп, табиғат аясына шығуға болады. Бірақ ең алдымен өз жүрегіңнің, жанынның сұлулығын іздеу, жасау қажет. Егер ішкі жан дүниеңде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы болмаса, сұлулық уақыт өте келе көмескілене түседі.


Қыздарға арналған 40 кеңес

1. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады. 

2. Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз.

3. Егер шынайы дос тапсаңыз, қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.

4. Дүниеге қызықпаңыз, ол сізді бақытты етпейді. 

5. Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз. 

6. Әжеңізбен жиі уақыт өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді.

7. Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды. Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады.

8. Барлық нәрсеге шайқаса берудің қажеті жоқ.

9. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, ол сіз секілді ешқашан бола алмайды.

10. Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз. Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.

11. Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі.

12. "Жоқ" деп айтудан қорықпаңыз, оның да пайдасы бар.

13. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырысыңыз. 

14. Жігіттердің артынан жүгірмеңіз, керісінше олар сіздің артыңыздан жүгіруі керек.

15. Жақсы сөз - жарым ырыс екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та үйреніңіз.

16. Өзгелердің де, өзіңіздің де алдыңызда адал болыңыз.

17. Жалғыздықтан қорықпаңыз. Ол өздігіңізден дамуға көмектеседі.

18. Өз сезіміңізді жеткізуден қорықпаңыз.

19. Дауласқыңыз келсе дауласыңыз, бірақ 8-ереже есте болсын.

20. Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз.

21. Егер жігітіңіздің үйінде бірде-бір кітап болмаса, теріс айналып кете беріңіз.

22. Өзіңізді қандай жағдайда да алып шығуыңыз керек.

22. Қателіктерден сабақ алатыныңызды ұмытпағайсыз.

23. Күніне бір рет болса да айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз.

24. Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады.

25. Тек үлкендермен ғана емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы болыңыз.

26. Сіздің сөздеріңізден гөрі істеріңіз сіз жайлы көп нәрсеге көз жеткізетінін біліп жүріңіз.

27. Сезіміңізді жасырып емес, айтып біліңіз.

28. Қарапайым заттардың өзінен көркемдік көруге тырысыңыз.

29. Теріңізге жас кезіңізден абай болыңыз. Күнге қарсы иісмайлар пайдаланыңыз. 

30. Сізді жақсы көретін жандармен жақын болыңыз. 

31. Қандай қиыншылыққа кез болсаңыз да, еңсеңізді түсірмей, басыңызды тік көтеріп жүріңіз. 

32. Өзіңіздің көз жасыңыздан қорықпаңыз. Өйткені одан жаңа күш, серпіліс таба аласыз.

33. Күлкі - жаныңызға да, денеңізге де ем.

34. Сөзбен жұбата да, жылата да аласыз. Сондықтан сөйлемес бұрын ой сүзгісінен өткізіңіз.

35. Кешірім сұрау кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.

36. Алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбектенуіңіз керек. 

37. Өз-өзіңізді қамтамасыз етіп үйреніңіз.

38. Өзіңіздің бағаңызды ешқашан түсірмеңіз. 

39. Сіз өзіңіз ойлағаннан да жоғарысыз.

40. Өмір дегеніміз - бүгінгі күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бақытты болыңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
289
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі