Indefinite pronouns. Белгісіз есімдіктер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Indefinite pronouns. Белгісіз есімдіктер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Indefinite pronouns. Белгісіз есімдіктер.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Indefinite pronouns. Белгісіз есімдіктер.

Ағылшын тілінде белгісіз есімдіктерге some, any, no, much, little,

few, all, both, each, other, one есімдіктері жатады.

Some, any.

Ағылшын тілінде some есімдігі болымды сөйлемдерде қолданылады,

any есімдігі сұраулы жəне болымсыз сөйлемдерде қолданылады.

1. Сөйлемдерде some, any есімдіктері көпше түрдегі зат есімнің

алдында тұрады жəне ол бірнеше, ешқандай, қандай болмасын, қандай

болсада, деп аударылады.

Мысалы: He asked me some questions.30

Ол маған бірнеше сұрақ қойды.

He did not make any mistakes in his dictation.

Ол диктанта ешқандай қате жіберген жоқ.

2. Some, any есімдіктері сөйлемде саналмайтын зат есімнің алдында

қолданылады жəне олар біразы, аздап, азғана, қанша болса да деп

аударылады.

Мысалы: Bring me some milk, please.

Маған аздап сүт алып келіңізші.

Is there any butter on the table?

Үстелдің үстінде май бар ма?

Some есімдігі кейбір деген мағынада көпше түрдегі зат есімнің

алдында қолданылады.

Мысалы: Some trees remain green all the year round.

Кейбір ағаштар жыл бойы жасыл болады.

Some есімдігі сөйлемде сан есімнің алдында тұрады жəне шамамен

деп аударлады.

Мысалы: There were some fifty people there.

Онда шамамен 50 адам болды.

Ағылшын тілінде any есімдігі жекеше түрдегі саналатын жəне

саналмайтын зат есімнің алдында тұрады. Аny кез-келген деп аударылады.

Мысалы: You may come here at any time.

Сенің осында кез-келген уақытта келуіңе болады.

Some жəне any есімдіктерінен туындаған есімдіктер.

Some, any есімдіктері -one, -thing жəне -body сөздерімен

байланысып белгісіз есімдіктерді құрайды: someone, somebody біреу

әлдекім, anybody, anyone кім де болса, something бірдеме, бір нәрсе,

anything не де болса.

1. some, any есімдіктері сияқты someone, somebody жəне something

есімдіктері болымды сөйлемдерде қолданылады, anyone, anybody

жəне anything есімдіктері сұраулы жəне болымсыз сөйлемдерде

қолданылады.

Мысалы: Give me something to read.

Маған бірдеме оқуға берші.

Did you see anybody (anyone) there?

Сіз ол жерден біреуді көрдіңіз бе?31

2. Any есімдігі сияқты anyone, anybody, anything есімдіктері

сөйлемдерде әркім, әр нәрсе деген мағынада болымды, болымсыз жəне

сұраулы сөйлемдерде қолданылады.

Мысалы: Anyone can do that.

Мұны əркім істей алады.

You may play anything you like.

Сізге өзіңіз қалаған нəрсені ойнауыңызға болады.

No.

No есімдігі сөйлемде жекеше жəне көпше түрдегі зат есімнің

алдында тұрады. No есімдігі not … а жəне not … any сияқты аударылады.

Мысалы: I have no ticket. (I haven’ t a ticket)

Менде билет жоқ.

I found no mistakes in your diс tat ion.

(I did not find any mistakes in your dictation)

Мен сіздің диктантыңыздан ешқандай қате таба алмадым.

Ағылшын тілінде not жекеше түрдегі саналатын зат есімнің алдында

қолданылады. Not any көпше түрдегі саналатын зат есімнің жəне

саналмайтын зат есімнің алдында қолданылады.

No есімдігінен туындаған есімдіктер.

No есімдікті body, one жəне thing сөздерімен байланысып болымсыз

есімдіктерді құрайды . Nobody, no one (ешкім) nothing (ешбір зат,

ештеңе).

Мысалы: We saw nobody there. We didn’t see anybody there.

Біз сонда ешкімді көрген жоқпыз.

Many, much.

Many мен much есімдіктері көп деген мағынада қолданылады.

Many есімдігі ағылшын тілінде саналатын зат есімнің алдында тұрады,

much есімдігі саналмайтын зат есімдердің алдында тұрады.

Мысалы: Has he many friends in Moscow?

Оның Мəскеуде көп досы бар ма?

Do you spend much time on your homework?

Сіз үй тапсырмаңызға көп уақытыңызды жібересіз бе?

Ағылшын тілінде much, many есімдіктері негізінен сұраулы жəне

болымсыз сөйлемдерде пайдаланылады. Егер есімдіктер алдында very, too,

so, as, how сөздері тұрған жағдайда much, many есімдіктері болымды

сөйлемдерде қолданылады.32

Мысалы: He has very many friends in Moscow.

Оның Мəскеуде өте көп достары бар.

Few, little.

Ағылшын тілінде few, little есімдіктері аз деп аударылады.

Few есімдігі саналатын зат есімдермен қолданылады. Little есімдігі

саналмайтын зат есімдермен қолданылады.

Егер есімдіктер алдында verу, too, so, as, how сөздері тұрса few,

little есімдіктері болымды сөйлемдерде қолданылады,.

Мысалы: There were very few people there.

Онда өте аз адам болды.

I have so little time.

Менің уақытым сондай аз.

Few жəне little есімдіктерімен “а” артиклін қолдануға болады:

а few, а little аздап, бірнеше

Мысалы: Please give me а little water.

Маған аздап су беріңізші.

All.

Ағылшын тілінде all есімдігі бүкіл, жалпы, барлық, бәрі деген

мағынада көпше түрдегі саналатын зат есімдермен қолданылады.

All есімдігі бәрі, барлығы, бар, бүкіл деп аударылады жəне

саналмайтын зат есімдермен қолданылады.

Мысалы: Нe spends all his free time in the reading-room.

Ол бүкіл бос уақытын оқу залында өткізеді.

Both.

Ағылшын тілінде both есімдігі екеу, екі деп аударылады. Зат есімдер

сөйлемде the артиклімен жəне артикльсіз қолданылады. The артиклі

сөйлемде “both” есімдігінен кейін тұрады.

Мысалы: Both (the) brothers live in Moscow.

Екі ағайын Мəскеуде тұрады.

Both my daughters are married.

Менің екі қызым тұрмыста.

Each and every.

Ағылшын тілінде each есімдігі әрбір, әркім, әрқайсысы деп

аударылады. “Each” есімдігі жекеше түрдегі саналатын зат есімнің

алдында тұрады.

Мысалы: Each student in our group has an English-Russian dictionary.

Біздің топтың əрбір студентінде ағылшын-орыс сөздігі бар.33

Ағылшын тілінде every есімдігі әрбір, әркім деп аударлады. “Еvery”

сөйлемде жекеше түрдегі саналатын зат есімдердің алдында тұрады.

Мысалы: I see him every day.

Мен оны күнде көремін.

Every” есімдігінен туындаған есімдіктер.

Every есімдігі body, thing, one сөздерімен тіркесіп everybody,

everything, everyone есімдіктері құрылады. Everybody, everyone әрбір,

әрқайсысы, әркім, бүкіл, бәрі деп аударлады. everything бәрі, барлығы,

бүкіл деп аударлады.

Мысалы: Everybody (everyone) is here.

Бəрі де осында.

Everything is ready.

Барлығы дайын.

Other.

Ағылшын тілінде “other” есімдігі басқа, басқалар деп аударылады.

Сөйлемде “other” есімдігі жекеше жəне көпше түріндегі зат есімнің

алдында тұрады.

Мысалы: Where are the other books that I gave you?

Мен сізге берген басқа кітаптар қайда?

One.

Сөйлемде “one” есімдігі бастауыштың қызметін атқарады.

Мысалы: Оne should be careful when crossing the street.

Көшеден өткенде сақ болу керек.

Сөйлемде “one” есімдігі жиі must should, ought, can, may

етістіктерімен қолданылады.

Мысалы: One must observe… Сақтау керек...

One can find…

Табуға болады...


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2025
206
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі