Infinitive

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Infinitive

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыпқа байланысты алдыңғы сабақта өткен сөздерді қайталау. Инфинитив туралы мысалдар арқылы түсінік беру.Инфинитив сөйлемдегі атқаратын қызметін анықтау.Сыни тұрғыдан ойлану арқылы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың есте сақтау, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Short-term plan

Күні



Сабақ тақырыбы

Infinitive – инфинитив




Сабақтың мақсаты

Тақырыпқа байланысты алдыңғы сабақта өткен сөздерді қайталау. Инфинитив туралы мысалдар арқылы түсінік беру.Инфинитив сөйлемдегі атқаратын қызметін анықтау.Сыни тұрғыдан ойлану арқылы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың есте сақтау, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру.


Сабақтың түрі

Жәй сабақ

Жәй сабақ

Сабақтың әдісі

СТО, өзін-өзі реттеу, диалог

СТО, өзін-өзі реттеу, диалог

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, география

Қазақ тілі, география

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың тақырыпқа байланысты сөздік қорын молайту, инфинитивтың қолдануын және ол туралы білімін көбейту,оқушылардың тақырыпты толық меңгеруі ,дыбыстық және тілдік ерекшеліктерін ажырата білуі, диалог құра білуі, іс әрекет жайлы баға беріп, және топта дұрыс жұмыс жасай білу.


Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру

3 минут

- Good day! How are you?

- I am fine! Thanks. - -

- What is the date today?

- What date is it today?

- What is the weather like today?

Топқа бөлу

Оқушылардың жауабы

Қызығушылықты ояту

5 минут

Мысалы: жүру, бару, ойнау.

Ағылшын тілінде инфинитив белгісі to шылауы, ол етістіктің алдында тұрады: to make – жасау, to see – көру.

Инфинитивте етістіктің де, зат есімнің де сипаты бар, соған сәйкес сөйлемдегі қызметі анықталады.


Жаңа сабақ

Мағынаны тану

25-минут


Инфинитив – іс-әрекетті білдіретін, етістіктің жіктелмейтін түрі, не істеу? сұрағына жауап береді.

Инфинитив шақтары кестесі

Tenses

Active Voice

Passive Voice

Indefinite

to V1 
to ask

to be V3(PII) 
to be asked

Continuous

to be V4(PI) 
to be asking

Perfect

to have V3(PII
to have asked

to have been V3(PII
to have been asked

Perfect Continuous

to have been V4(PI) 
to have been asking


Инфинитив етістік ретіндегі сөйлемдерде күрделі баяндауыштың құрамды бөлігі болады.
Jack wants
to become a journalist. – Джек журналист болғысы келеді.
He used
to play tennis twice a week. – Ол аптасына екі рет теннис ойнайтын.
I would like
to drink a glass of wine. – Мен бір рюмка шырын ішкім келеді.
He does not want
to be criticized by his colleagues. – Ол әріптестерінің оны сынға алғанын қаламайды







Бекіту тапсырмалары

Толғаныс

7 минут



Инфинитив зат есім ретінде

Инфинитив зат есім ретінде сөйлемде бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш қызметін атқара алады.


Мысалы: 1. Бастауыш функциясындағы инфинитив: To smoke is bad for health. – Темекі тарту денсаулыққа зиянды.

2. Толықтауыш функциясындағы инфинитив: He likes to swim. – Ол суда жүзгенді жақсы көреді.


Кейбір етістіктерден кейін толықтауыш ретіндегі инфинитивтің орнына герундий қолданылуы мүмкін.
Инфинитивті қолданып: I was afraid
to miss the train.
немесе герундиймен: I was afraid of
missing the train деп айтуға да болады.. – Мен поездан қалып қалам ба деп қорықтым.

Өзінен кейін инфинитив немесе герундий қолданылатын етістіктер:

to be afraid (қорқу) to begin (бастау) to start (бастау) to continue (жалғастыру) to forget (ұмыту) to hate (жек көру) to intend (ниеттену) to like (ұнату) to love (сүю)to prefer (қалау)

Сонымен қатар өзінен кейін тек қана инфинитивті қажет ететін етістіктер де бар. Оларды да есте сақтау керек:
agree (
келісу) choose (таңдау) dare (батылы бару) decide (шешім қабылдау) expect (күту) hope (үміттену) learn (оқу,үйрену) manage (басқару) need (қажет ету) offer (ұсыну) promise (уәде беру) refuse (бас тарту) seem (көріну, танылу) want (тілеу, қалау)would like (қалар едім)


3. Анықтауыш функциясындағы инфинитив: Here is the letter to be mailed as soon as possible. – Бұл мүмкіндігінше тезірек жіберілуі керек хат.


4. Пысықтауыш функциясындағы инфинитив: He is too nervous to drive a car. – Ол машина жүргізуге өте ашулы.to шылауынсыз қолданылатын инфинитив:1. Модальды етістіктермен: You can get this magazine at the library. – Сіз бұл журналды кітапханадан ала аласыз. I must go home now. – Мен енді үйге баруым керек.

2. to let етістігімен (мүмкіндік беру):
Let me
say a few words. – Маған бірнеше сөз айтуға мүмкіндік беріңіз.

3. to see, to hear, to watch, to feel етістіктерімен:
На русский язык инфинитив в этих случаях переводится конструкцией «
как + личная форма глагола».
No one heard him leave the house. – Ешкім оның қалай үйден шыққанын естімеді.
I watched the boys
play football. – Мен ұлдардың қалай футбол ойнағандарын байқадым.


4. to make етістігімен (мәжбүр ету мағынасында):
He make us
wait three hours. – Ол бізді үш сағат тосуға мәжбүр етті.


5. had better конструкциясынан кейін (...керек еді):
You had better
call the doctor. – Сізге дәрігер шақыру керек еді.


6. to help етістігінен кейін:
She helped me
pack my clothes. – Ол маған киімдерімді жинауға көмектесті.


Үйге тапсырма 1 минут



English Language Teacher: Turkmenbayeva A.S.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2018
1724
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі