2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Информатика әлеміне саяхат

Информатика әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика әлеміне саяхат
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Информатика әлеміне саяхат

Мақсаты: Сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Армысыздар, бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат» атты 7 сыныптар арасында өтетін сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Информатика бұл XXI ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгінгі интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.

«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланың бар тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын топтарымызды қарсы алайық.

7 «В» сынып «Ғалымдар»

7 «Е» сынып «Мықтылар»

7 «Ғ» сынып «Мықты бестік»

7 «Г» сынып «Қырандар»

Сайысымыздың 1-ші кезеңі таныстыру кезеңі. Әр топ өз команда мүшелерін қысқа 5-3 минуттық видеомен таныстырып шығуы қажет.



Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Қас қағым сәт» деп аталады. Топ басшылары жарысы.

Сұрақтар:

  1. Компьютер миы

  2. Өшірілген файлдар қайда сақталады?

  3. Компьютердің атасы

  4. Гректер есепшотты не деп атады

  5. Ең ұзын перне.

  6. Көп пернелі құрылғы

  7. Компьютердің экраны

  8. Бир байт неше биттен тұрады

  9. Компьютердің ең негізгі құрылғылары

  10. Басып шығару құрылғысы.

  11. Антивирус деген не?

  12. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

  13. 1 килобайт қанша байтқа тең?

  14. Монитор ара қашықтық болу керек

  15. ЭЕМ нің яғни Компьютердің дамуының неше кезеңі бар?

  16. Интернет пен құрылғылардың арасындағы сымсыз байланыс ?

  17. Массаның өлшем бірліктері.

  18. Ақпаратты немен өлшейміз. Өлшем бірліктері

  19. Вирус дегеніміз не?

  20. Компьютердің қосымша құрылғылары



Сайысымыздың 3-ші кезеңі «Ұялы телефонға келген хат» хабарламасына келген тақырыпқа топпен жұмыс. Төменде көрсетілген тақырыптардың біріне презентация құрап топпен бірге қорғау керек.

Тақырыптар:

  1. Компьютердің буындары

  2. Есептеу техникасының даму тарихы

  3. Интернет

  4. Paint графикалық редакторы

Сайысымыздың 4-ші кезеңі «Викториналық сұрақтар». Балл тұрған ұяшықтарды топ басшысы таңдайды. Топпен ақылдасып сол сұрақтарға жауап берген топқа ұяшықтағы балл беріледі.

  1. 1 Килобайттың ішінде неше байт болады? (1024)

  2. Алгоритмнің неше түрі бар? (3)

  3. Екілік жүйенің сандары ? (0,1)

  4. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды? 1946 жылы

  5. Көзден экранға дейінгі арақашықтық неше сантиметрден кем болмауы керек? (55-65 см)

  6. 1 байт неше биттен тұрады? 8

  7. француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты машина қай жылы шықты? (1642)

  8. Принтердің неше түрі бар? 3

  9. Компьютердің неше түрі бар? 4

  10. Функционалдық пернелер F1-F12





Сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапат қағаздарымен марапатталды.





Shape1 Shape2



26 Ақпан 2025
87
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі