жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Информатика пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Шопанова Кәмшат Ғалымқызы
Атырау облысы , Қызылқоға ауданы, Миялы орта мектебі,
информатика пәні мұғалімі
«Оқытушы бағалағанда олардың іске
қатысы жоқ сөздеріне қарап емес,
оқушы жетістігіне қарай бағалау керек»
Ы.Алтынсарин
Қай елдің болсын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап көрсетілген[1]. Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалдық бағалау жүйесін дамытып, оны сабақтарымызда қолданысқа енгізіп жатқанымыз әлемнің өзгерісін өзімізге алып келіп жатқанымызды көрсетеді. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді. Бағалау жүйесіне неліктен өзгеріс керек? Соңғы жылдары дүниежүзінің көптеген мемлекеттері білім беру жүйесінде оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесін қайта қарауда. Себебі бағалау жүйесіндегі өзгерістер - білім беру саласындағы басты бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жаңа қадам - критериалды бағалау болып табылады.
Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:
Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы (бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);
Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;
Білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.
Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді. [4]
Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі - халықаралық бакалавриат мектептерінде кеңінен қолданылады. Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.[2]
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау міндеттері:
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. [3]
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады;
Үлгі оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға:
Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау:
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.
Жиынтық бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да
Қалыптастырушы
бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден
тұрады:
Оқушыларды
анықталған оқу мақсаттары мен бағалау
критерийлерімен таныстыру.
Оқушылардың
нені және қандай деңгейде түсінгендігін
анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші
бола алатын тиімді орта тудыру немесе
олардың басқа іс-әрекеттерін
ұйымдастыру.
Оқушының дамуына
ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс
беріп отыру.
Оқушыларды бір-біріне
өзара оқыту көзі бола алатындай етіп
ынтымақтастыру.
Оқушы өз оқуы
барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде
қабылдау.
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.[5]
Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көптеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.
Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету;, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.[6]
Информатика» пәні бойынша оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері
Критерийлер |
Максималды деңгей |
|
А |
Білу және түсіну |
5 |
В |
Зерттеу |
4 |
С |
Жоспарлау |
4 |
D |
Жоба құру |
5 |
E |
Дизайн |
3 |
F |
Коммуникация |
3 |
G |
Рефлексия |
3 |
Барлығы |
27 |
|
Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдырылады:
Ұпай саны |
Баға |
% |
13-0 ұпай |
«2» |
49%-0% |
18-14 ұпай |
«3» |
66%-50% |
22-19 ұпай |
«4» |
83%-67% |
27-23 ұпай |
«5» |
100%-84% |
«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оқушылар істей білуі қажет |
Критерий А |
Қажетті ақпаратты іздеп табу; |
Алынған ақпаратты түсіндіру; |
Ақпаратты талдау; |
Ақпаратты техника (компьютер) тіліне «аудару»; |
Қазіргі қоғамдағы ақпараттың алатын орны және ролін түсіну; |
Адам қызметіндегі ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдау бойынша қарапайым мысалдар келтіру; |
Ақпараттың әр түрлі формада берілуін анықтай алу; |
Критерий В |
Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды шығару; |
Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу; |
Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу; |
Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу; |
Критерий С |
Мәселені шешу жоспарын құру (ресурстар және уақытты қолдану арқылы), өз бетімен сипаттау; |
Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру; |
Критерий D |
Компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау; |
Бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану; |
Жұмысты жоспар бойынша орындау; |
Жұмысты белгіленген мерзімде орындау; |
Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу; |
Компьютерде есептер шешу және алынған нәтижелерді талдау; |
Есептерді шешу және өз білімдерін жетілдіру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу; |
Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру; |
Сапалы жоба құру; |
Критерий Е |
Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру; |
Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау; |
Критерий F |
Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу; |
Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру; |
Ақпаратты түсінікті түрде көрсету; |
Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану; |
Компьютер көмегімен берілгендерді іздеу,сақтау, құру, өңдеу және тасымалдау тәсілдерін дұрыс қолдану; |
Критерий G |
Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу; |
Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу; |
Шығармашылықты талдау және бағалау; |
Критерий H |
Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану; |
Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу; |
Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу. |
Оқушыны бағалау парағы
Тегі ______________ Аты _________________
Сабақта
қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру
үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерімен
қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ
құрамында жұмыс істеу ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында
не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды
және Блум таксономиясында берілген
алты ойлау дағдыларының деңгейлерін -
білу мен түсіну, қолдану, талдау, жинақтау
және бағалауды көрсетеді. Мұғалімнің
бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына
сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы
маңызды.
Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін
сәйкестендіріп, оқушылардың жеке
ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп,
тапсырма және оның дескрипторларын
құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы
орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды,
нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан
дескрипторлар оқушыларға түсінікті
болуы қажет.
Осы орайда 6 сыныпта «Сымсыз желілер »
тақырыбында өткізілген сабағым жақсы
нәтиже берді
Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді :
Оқудың қандай кезеңіндемін ?
Нәтижеге қалай жете аламын ?
Кемшіліктерімді болдырмау үшін қандай жұмыстар істеймін?
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды.
2. Пәнге деген қызығушылықтары мен оқу мотивициясы артады, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды.
3. Өздерінің қаншалықты алға жылжығандарын ұғынады.
4. Алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік алады.
5. Өзін – өзі, топты бағалау, күш – жігер, сенімділік сияқты құндылықтары қалыптасады.
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Жас ұрпақтың білімі мен біліктілігін заман үрдісіне қарай бағыттау – мұғалімнің абыройлы міндеті. Сондықтан да мұғалімнің жүйелі педагогикалық технологияларды сабақтарында пайдалануы тиімді сабақ үрдісін өткізуге, мұғалім мен оқушының тығыз байланысына, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, өз ойын еркін жеткізе алуына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына және білім сапасының артуына ықпалын тигізеді.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.
«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2017-2018 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат , Астана 2017
Көкіжанова Г. К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
Безукладников К.Э. «Организация деятельности учащихся на уроках в школах» реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ;
Шнейдер М.Я. «Оценка качества образования в школах Международного бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.С. 2–28.
Красноборова А.А., «Критериальное оценивания как технология формирования учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 2010.
Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс – тәсілдері. http://www. google. kz(19. 09. 2014ж)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген