Информатика пәнінен оқыту әдістемесі. Әдістемелік кешен.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика пәнінен оқыту әдістемесі. Әдістемелік кешен.

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен оқыту әдістемесі. Әдістемелік кешен
Материалдың қысқаша нұсқасы


КЕНТАУ КОЛЛЕДЖІ


57 беттің 57-беті

Жаратылыстану пәндер циклы





«БЕКІТЕМІН»

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________ Жұмабаева Қ.А.

«____»________________2023ж











Информатика пәнінен оқыту әдістемесі

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





Мамандық: 0302000 - « Мейіргер ісі »

Біліктілік: 0302033 « Жалпы тәжірибиелі мейіргер »







Құрастырған: Акауова А.















Кентау 2023 ж.



Жаратылыстану пәндер ЦӘК мәжілісінде талқыланып бекітілді

ЦӘК төрайымы Омар Ж.





1.Кіріспе.

    1. Пән туралы қысқаша сипаттама

Информатика пәні кейбір бөлімдерін игеру үшін теориялық базаны дайындайды кленикалық пәндерді зерттеу барасында іргелі ғылыми зерттеулердің ең жаңа әдістерін қамтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін басқару денсаулық сақтау жағдайы туралы, қоғамның денсаулық көрсеткіштері мен медицина және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл пән кленикалық, гигеналық пәндермен, әлеуметттану және басқада ғылымдармен тығыз байланысты болды.

Курс бағдарламасын жасау барысында бірыңғай теориялық негіз түрінде жүйелілік жиі қолданылған. Пәнді оқыту барысында теориялық және пактикалық сабақтардың кәделі түрде оқыту қолданылады.

Пәннің мақсаты

  • информатика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша терең білім беру;

Меңгереді:

Өз бетінше қажетті ақпараттың шешімдерін іздеу, ұйымдастыру, талдау және таңдау, түрлендіру, сақтау, шығарып алу.

Дағды қалыптастырады:

-Электронды кестелер және мәліметтер базасымен жұмыс істеу;

-графиктер тұрғызу;

-Мәтіндер мен құжаттауды дайындау;

-Арнайы есептерді шешу;

-Мәліметтер қорында деректерді ендіру, толтыру, реттеу және іздеу алынған ақпарат қолдану;

Құзыреттері құзыретті; Программалық өнімді өндіру кезеңдерін, әдістерін жәнепрограмманы тестілеу құралдарын, web-интерфейстерін деректер базасына тиімді іске асыру тәсілдерін біліді. Web-сайттар программаалық жабдықтарын жобалаудың негізгі әдістерін мен құралдарын қолдана біледі


2. Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семестр

Сағаттар саны

Бақылау түрлері

Барлығы

Теория

Лабораториялық тәжірибелік сабақтар

МЕ

Емтихан

Диф.сынақ

Сынақ


ІІІ

5

38

14

24

-

-

5

-










Теориялық сабақ бойынша пән сағаттары.

Жұмыс бағдарламасы бойынша тақырыптар

Сабақ түрі

Сағат саны

I. Ақпараттық-комуникациялық технологиялар .Internet

1

Желі жайлы жалпы мағлұматтар

Теория

2

2

Ауқымды және жергілікті желінің құрылымы

Теория

2

3

Электронды почта қызметінің негіздері

Теория

2

4

Электронды почтаны пайдалану техникасы

Теория

2

5

ІР адресі

Теория

2

6

Желіге қосу және ажырату

Теория

2

7

Интернетке қосылу

Теория

2

II Ақпаратты қорғау ұғымы

8

Ақпаратты қорғау ұғымдары

Тәжірибе

2

9

Ақпараттың қауіпсіздігі және оның құрлымы

Тәжірибе

2

10

Зақым келтіруші бағдарламалар және оның жіктелуі

Тәжірибе

2

11

Антивирустік қорғау әдістері

Тәжірибе

2

12

Ақпаратты қорғау әдістерін ұйымдастыру

Тәжірибе

2

ІII Алгоритм және бағдарламалау негіздері

13

Бағдарлама тілі туралы жалпы мағлұмат

Тәжірибе

2

14

Алгоритм ұғымы

Тәжірибе

2

15

Алгоритм түрлері

Тәжірибе

2

16

Бағдарламалау туралы мағлұмат

Тәжірибе

2

17

Жүйе және бағдарламалау түрлері

Тәжірибе

2

IV Медициналық ақпараттық жүйе

18

Медициналық информатиканың негізгі ұғымы және терминдері

Тәжірибе

2

19

Медициналық ақпараттық жүйенің даму тарихы

Тәжірибе

2

Барлық сабақтың саны:


38













Лекция №1

Тақырыб: Желі жайлы жалпы мағлұматтар

1. Барлық құрылғылардың жұмысын басқару

2. Барлық программаларды іске қосу.

3. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынасты ұйымдастыру.

Операциялық жүйе (ОЖ) – ол компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы - компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында - дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ЖЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.

Операциялық жүйенің функциясына кіреді:

  • Қолданушымен сұхбатты жүзеге асыру;

  • Енгізу-шығару және деректермен басқару;

  • Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

  • Ресурстарды орналастыру (жедел жады мен кэш жады,процессорды, сыртқы құрылымды);

  • Бағдарламаларды орындалуға енгізу;

  • Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;

  • Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;

  • Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары(дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтер және т.б.).

Операциялық жүйені компьютердің құрылымдарын басқару бағдарламасының жалғасы дейміз.

Операциялық жүйенің төрт негізгі түрі бар:

  1. Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;

  2. Бір пайдаланушылық бір есептік фондық, негізгі есеппен бірге қосымша есепті енгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды жіберу жұмысын тездетеді;

  3. Бір пайдаланушылық көп есептік, бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әрқайсысы өз жұмысын атқарады;

  4. Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер енгізе алады. Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.

Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады. Олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді.

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттерден тұру керек:

  • Енгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;

  • Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратын бағдарламалар;

  • Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған командаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.

Әрбір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады:

  • Каталогтарды қарау;

  • Сыртқы жетек таңбаларды орындау;

  • Бағдарламаларды енгізу;

  • Басқа әрекеттер.

Талдау және пайдаланушы командаларының орындалуы, оған операциялық жадта файлдағы дайын бағдарламалардың енгізуі және қосуы ОЖ-де командалық процессор арқылы жүзеге асырылады.

Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады - драйверлер. Стандарттық құрылғы драйверлер енгізу-шығару базалық жүйе жиынын құрайды (BIOS).

Енгізу-шығару базалық жүйе (BIOS) операциялық жүйенің енгізу және шығару функцияларын жүзеге асыруына байланысты қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды. BIOS функциясына сонымен қатар негізгі аппараттық компоненттерінің автоматты тест жүргізу және DOS-тың алғашқы қосу блогінің шақыруы кіреді.

Алғашқы қосылу блогі (немесе жай қосушы) - бұл өте кішігірім бағдарлама, мұның қызметі дисктан жедел жадқа DOS-тың екі басқа бөлімін салыстыру - енгізу/шығару базалық жүйенің кеңейту модулімен өндеуді тоқтату.

Енгізу-шығару базалық жүйені кенейту модулі жаңа сыртқы құрылғыларды қамтамасыз ету үшін қосымша драйверлерді қолдануға және стандартты емес сыртқы құрылғыларды қамтамасыз ету драйверлерді қолдануға мүмкіндік береді.

Өндеуді тоқтату модулі негізгі жоғарғы деңгейлі DOS қызметтерін өндейді, сондықтан оны негізгі деп атайды.

Командалық процессор DOS қолданушы енгізген командалардыөндейді.

DOS утилиттері бұл операциялық жүйемен бірге өздігімен файлдар түрінде берілген бағдарламалар.

Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымы. 1981 жылдыңтамыз айын есептеу техникасының дәуірі деп атауға болады. IBM фирмасы IBM PC компьютерлерін шығарды. PC «дербес компьютер» (ДК) деп аударылады. Өңдеушілер жаңа машинаға формула енгізді.

Әмбебаптығы - жаңа машинада сызбалардың көп бөлігі бір тақшада жасалды. Тақшада слоттардың қосымша тақшаға орналасуы қаралды.

Төменгі баға - бұл екінші қағидасы. IBM PC компьютерлерінің жетістіктерін қамтамасыз етеді. Бұл процесте жаңа компьютер моделдерін шығаруда ең аз мөлшер бағасымен тартыста болды.

Сенімділік - 1983 жылы түр өзгертушілік (модификация) пайда болды: ол IBM PC XT. Бұл модельде жаңарту мүмкіндіктері қарқынды болды: қосымша слоттар пайда болды, қоректендіру блогының қуаты өсті (қосымша тақшалар қосымша қуатты талап етті).

1984 жыл. IBM Intel 80286 процессоры бар IBM PC AT берікті жаңа моделін шығарды. Бұл машиналар «екі жүз сексен алты»деп аталды. Олар сенімді болды. Мәтінмен жұмыс істегенде жәнеқиын емес есептеумен айналысқанда қолданылды.

1986 жыл. Intel фирмасы 80386 процессорды шығарды. Бұл кезде IBM ДЭЕМ-ді шығаруда абсолютті басшы болмаған. Бұл техниканы дүние жүзінде шығаруда, әсіресе Compaq фирмасы табысқа жетті. Олардың моделі басқаларға қарағанда ерекше болды (мысалы, оригиналды қоректену блогы қолданды), бірақ сенімді әрі ыңғайлы болды.

1989 жылы Intel 80486 процессорлары шығарылды, ал 1993 жылы - Pentium. IBM тәрізді бәсекелес - еліктеулер пайда болды. Қазір сатып алушылар ондаған процессордан әртүрлі шығарушылардан таңдап алуға мүмкіндігі бар.

80386 сериялы микропроцессорлардың шығарылуымен біргеWindows жүйесінде жаңа версияның бірі Windows 3.1 кейінWindows 3.11 версиялары орнатыла бастады. 80 жылдардың ортасында Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасады. Осылайша Windows 95-98 және Windows NTоперациялық жүйелері пайда болды. Windows операциялық жүйесі бұрынғыға қарағанда жұмыс істегенде жеңіл, қызықты. Қазіргі кезде компьютермен жұмыс істеу жұмыс үстелінің арқасында жеңіл, мысалы бір рет батырмамен файл ашу және әрбір терезеде қосымша қарау батырмаларын табу. Бір компьютермен бірнеше мониторды қолдану жүзеге асты, ол жұмыс аймағының көлемін үлкейтеді. Windows 98 цифрлық фотоаппараттарымен және басқа да жабдықтармен жұмыс істей алады.

2000 жылға таман Windows 2000 жаңа операциялық жүйесі шығарылды. Бұл жүйеде Windows ОЖ айтарлықтай өзгешеліктер болмағандықтан, көптеген пайдаланушылар алдында «жаңа жүйеге көшу керек пе?» деген сұрақ туындады.

Жаңа ОЖ-лердің басты артықшылығы мынада: Windows 2000 Windows NT – нің мұрагері болып табылады, сондықтан тұрақты жұмыс істейді, өйткені қолданбалы бағдарламалар ОЖ жұмысына араласа алмайды. Бұл орайда Windows 2000 желідегі топтық жұмысқа, бірлесіп атқаратын жұмысқа есептелген.

2-ші жағынан, Windows 2000-ның басқаруымен қолданбалы бағдарламалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жедел жадынан үлкен көлемі (64 Мб бағдарында) қажет болады.

Windows 2000 ОЖ:

-пайдаланушыға қолайлы әрі түсінікті интерфейс береді;

-компьютерлерде көбіне оңтайлы пішіндемелер жұмыс істейді;

-одан әрі дамыту үшін ашық архитектурасымен 32-разрядты файл жүйесі бар;

-дыбыспен, бейне және жинақтаушы-дискілермен жұмыс істеуге арналып қоса орнатылған құралдары;

-пайдаланушыға қарапайым тапсырмалар беру арқылы операцияларды орындау процесін автоматтандыратын Шебердің саймандарын береді;

-қателіктерді анықтаудың, оңтайландырудың қоса орнатылған құралдарын қосады, бүкіл жүйенің қызмет атқару тиімділігін арттырады.

Windows Millenium - көп міндетті жүйе. Бұл - ол бір мезгілде көптеген міндеттермен (құжаттармен) жұмыс істеуге мүмкіндік береді деген сөз. Әрбір құжат өзінің қолданбалы бағдарламасымен (мәтіндік, редактор, электронды кесте) өңделуі мүмкін. Сондай-ақ бір бағдарламаның бірнеше көшірмесімен де жұмыс істейді.

Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ережелер бар:

  • әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді;

  • уақыттың әр кезінде бір ғана бағдарлама ерекшеленген;

  • белсенді бағдарламаның терезесі әрқашан алдыңғы қатарда болады;

-белсенді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін оның терезесін белсенді ету керек;

  • бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының міндеттер панелінде өздерінің батырмалары болады.

2006 жылы маусым айында Windows Computer Cluster Server 2003 (CCS), шығарылды, ол өте күрделі технологияға және кластерлік есептеулерге арналды. Бұл баспа көптеген компьтерлерді күшейту және барлық қуатты компьютерді өрістетіп шығару үшін жинақталып отыр. Әр кластер Windows Compute Cluster Serverбірнеше машиналардан не бір ғана машинадан тұрады, олар әр жұмысты өзінше, бірнеше бағынатын машиналарға, басты жұмысты атқаратын машиналарға бөледі. Computer Cluster Server«Microsoft Messaging Passing Interface»-ді желі кластерін орындаушы машиналар үшін қолданады. Ол кластердің бөлшектерін қуатты ішкі процессор механизмімен қосып байланыстырады.

API 160-тан көп функциялардан тұрады. Open source интерфейсі MPI2 MS MPI-мен өңделіп шығарылды, олар өте күрделі есептеулерде қолданылады.

Windows Serverді 2003-те қолданатын өнімдері

Ал кейбір Microsoft өнімі өзінің құрамына Windows Server 2003-ті арқау ретінде:

  • Microsoft Small Business Server 2003- өнімі аз бизнес үшін, өзіне керекті (Microsoft бойынша) кішігірім кәсіпорын ашу. Толықтыру Windows Server 2003 –ін бұл құжат Microsoft SQL Server, Microsoft ISA Server басқа да құжаттарды және жай құжаттарды басқару. Windows Server 2003 нұсқасы, бұл құжатқа кіретін өзінің кейбір ерекшеліктері бар, көбіне Active Directory қызметімен байланысады (мысалы ол 75 –тен артық қолданушыларды қолдай алмайды)

Windows Server 2003 (шығарылған кездегі кодтық есімі) Whistler Server, ішкі нұсқасы - Windows NT 5.2) - серверлердегі жұмысқа тағайындалған Microsoft компаниясының Windows NT отбасына жататын операциялық жүйе. Ол 2003 жылы 24 сәуірде шығарылған.

Windows Server 2003 Windows 2000 Server жаңа нұсқасы болып табылады және Windows XP операциялық жүйесінің серверлік нұсқасы. Басында Microsoft бұл өнім өзінің жаңа Microsoft.NET платформасының қолданыста болуы мақсатында «Windows .NET Server» деп атауды жоспарлаған. Бірақ, ақыр соңында бұл атау бағдарламалық қамтамасыздандыру саудасында NET-ті қате таныстырмау үшін алынып тасталды.Жүйенің жаңа функциялары. Windows Server 2003 жүйенің алдыңғы Windows 2000 Server нұсқасына кіргізілген функцияларды дамытуда. Бұған жүйенің NT 5.2 ядролық нұсқасы да көрсетілген. Төменде кейбір Windows 2000 мен салыстырғанда көбірек байқалатын өзгерістер көрсетілген.

NET қолдау. Windows Server 2003- .NET Framework қаптамаларымен орнатылған, Microsoft операциялық жүйелерінің алғашқысы. Бұл осы жүйеге Microsoft.NET платформаларына қосымшаларды, басқада керекті бағдарламалық қамтамасыздандыруларды орнатусыз-ақ жүзеге асырады.

Active Directory-дің күшейуі. Windows Server 2003 өзіне Windows 2000да алғаш пайда болған келесі күшейтулерді Active Directory-каталог міндеттерінде қосады:

  • Active Directory доменін оны өрістендіргеннен кейін атын қайта өзгерту.

  • Active Directory сызбасының өзгерісін ықшамдау - мысалы, атрибуттар мен сыныптарды өшіру.

  • Каталогтарды басқаруға арналған күшейтілген қолданбалы интерфейс.

Топталған саясатты басқаратын күшейтілген құрал, Group Policy Management Console бағдарламасын қоса орындалады.

Windows Server 2003 құрамында Internet Information Services қызметінде 6.0 нұсқасы таралады, Windows 2000-да қол жетімді IIS 5.0 архитектура қызметі тіршілігінен өзгеше болады.

Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу үшін негізгі элементтерден бастау керек.

Жұмыс үстелі - экран аймағы, ол жұмыс істеу үшін қажет. Жұмыс үстелімен жұмыс істеу ыңғайлы, әрі жеңіл. Web-пен танысқан адам Windows х жүйесінде батырмалар мен саймандар панелін табады. Егер де сіз Web-пен таныс болмасаңыз да Windows жүйесіндегі жұмыс үстелімен жұмыс атқару жеңіл.

Windows жұмыс үстелінің негізгі элементтері: қоржын, белгішілер, таңбашалар, терезелер, қосымшаларды тез шақыруға арналған MS Office тақтасы, міндеттер сызғышы.

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып табылады. Windows сөзінің нақты аудармасы - терезе екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әр түрлі бағдарламалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген бағдарламаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады.

Терезе жақтаулары (шекаралар) - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында жанама мәзір орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған басқару батырмалары бар. Тақырып қатарынан төменірек мәзір қатары орын алған. Ал мәзір қатарынан төменгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Экран бетіндегі бағдарламалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

    • толық экранды;

    • қалыпты күйдегі;

    • шартбелгі түрінде;

Шартбелгі - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы бағдарламаны, терезені, функцияны, файлды т.б бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:

    • қосымша бағдарламалар белгісі;

    • белгілі бір топтар шартбелгісі;

    • функциялар шартбелгісі;

Шартбелгілер Windows-тің бағдарламаларын жұмысқа қосуды, құжаттарын ашуды немесе басқа да құралдарына қол жеткізуді тездетуге мүмкіндік береді.

Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан бағдарламаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т.б) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал егер де сіз жұмыс үстелінің shortcut шартбелгісін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл өшіріледі де, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.

Бума (folder) экранда каталогтарды және бағдарламалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен бағдарламалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.

Windows жүйесінің негізгі функциялары. Кез келген ОЖ сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу - шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйвелері бар. Windows операциялық жүйесі мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

  • файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

  • қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау

Студенттердің білімін ауызша сұрау және тапсырмалар беру арқылы пысықтау.

Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:

1-cұрақ. Операциялық жүйе (ОЖ) деген не?

Жауабы: Ол компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе

2-cұрақ. Операциялық жүйенің неше негізгі түрі бар?

Жауабы:4

3-cұрақ. Windows дегеніміз не?

Жауабы: Windows (тікелей аударғанда - терезелер ) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасына осындай атауға ие болды.

4-cұрақ. Операциялық жүйе қандай қызмет атқарады?

Жауабы: ОЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамассыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

5-cұрақ. Компьютерді калай іске қосамыз?

Жауабы: Іске қосу батырмасын басамыз. Компьютердің құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігін тексеріліп, алғашқы жүктеу процесі өтеді. ОЖ-ге белгілі бір қолданушы атымен кіреміз. Енді осыдан кейін ғана компьютер жұмыс жасауға дайын болады.

6-cұрақ. Амалдық жүйенің негізгі міндеттері?

Жауабы: Алдымен ОЖ-нің негізгі міндеттерін еске түсірелік.

- Барлық құрылғылардың жұмысын басқару

- Барлық программаларды іске қосу.

- Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынасты ұйымдастыру.

- Компьютермен жұмыс істеу – оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады.

- Алдымен ОЖ-мен жұмыс бастау үшін компьютерді іске қосу керек.

7-cұрақ. Windows-тың обьектілері орналасқан экран дегеніміз не?

Жауабы: Windows-тың обьектілері орналасқан экран – жұмыс үстелі деп аталады. Яғни жұмыс столында обьектілер мен басқару элементтері орналасады.

8-cұрақ. Windows-та обьекті болып-

Жауабы: Windows-та обьекті болып қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер, маус нұсқағышы есептеледі. Әр обьектінің өз қасиеттері болады. Мысалы файл обьектісінің қасиеттеріне оның атауы, типі, өлшемі, құрылған мерзімі жатады.

9-cұрақ: Windows-тың басқару элементтері.

Жауабы: Пуск батырмасы, Бас меню, меню жолдары, бағыныңқы меню және командалар жатады.

10-cұрақ: Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері қандай? Жауабы: Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады.

11-cұрақ: Windows операциялық жүйесінің стандартты көрініснде не орналасқан?

Жауабы: Windows операциялық жүйесінің стандартты көріністе Жұмыс үстелінде Менің компьютерім, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің белгішелері, Тапсырмалар үстелі, Бастау батырмасы орналасады.

12-cұрақ Менің құжаттарым дегеніміз не?

Жауабы: Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттарын қамтиды.

13-cұрақ: Менің құжаттарым дегеніміз не?

Жауабы: Менің компьютерім – дискілер және ақпаратты сақтауға арналған қосымша құрылғылар тізімін қамтиды.

14-cұрақ: Internet Explorer дегеніміз не?

Жауабы: Internet Explorer – Internet беттерін қарап шығуға арналған бағдарламаны қамтиды.

15-cұрақ: Желілік орта дегеніміз не?

Жауабы: Желілік орта – желіге қосылған компьютерлер тізімін көрсетеді.

16-cұрақ: Себет дегеніміз не?

Жауабы: Себет – жою кезінде қате әрекеттер жасалған жағдайда қайта қалпына келтіруге болатын жойылған нысандар тізімін қамтиды.

17-cұрақ: Бастау батырмасы қай жерде орналасқан және онда не орналасқан?

Жауабы: Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде. Бастау батырмасы, Жылдам іске қосу үстелі, Тапсырмалар үстелі, Индикаторлар үстелінен тұратын жолақ орналасқан.

18-cұрақ: Бас мәзір қандай әмірлерді қамтиды?

Жауабы: Бас мәзірі (Главное меню) мынадай әмірлерді қамтиды:Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау, Іздеу, Анықтама, жегу.Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады.

19-cұрақ: Баптау дегеніміз не?

Жауабы: Баптау (Настройка) әмірі жүйенің баптаулы өзгертілетін құрамдас бөліктерінің тізімін көрсетеді.

20-cұрақ: Менің құжаттарым дегеніміз не?

Жауабы: Анықтама және қолдау (Справка и поддержка) әмірі анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.

21-cұрақ: Жылдам іске қосу дегеніміз не?

Жауабы: Жылдам іске қосу үстелінде әдетте недәуір жиі қолданылатын бағдарламалардың лақаптары орналасады, оларды іске қосу үшін лақапты бір рет шертсе жеткілікті.

22-cұрақ: Тапсырмалар үстелінде дегеніміз не?

Жауабы: Тапсырмалар үстелінде дәл қазір ашық тұрған терезелер мен іске қосылған Windows бағдарламалары туралы ақпарат көрініс табады.

23-cұрақ: Тінтуір /мауспен/ жұмыс дегеніміз не?

Жауабы: Тінтуір /мауспен/ жұмыс маус обьектілер мен басқару элементтерін іске келтіру үшін қолданылады. Тінтуірмен сол жақ және оң жақ батырма арқылы жұмыс жасайды.






Лекция №2

Тақырыб: Ауқымды және жергілікті желінің құрылымы

Білімділік: Компьютерлік желілері , оның тағайындалуы туралы жалпы түсінік беру. Компьютерлік желілердің классификациясымен таныстыру, жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Компьютерлік желілердің классификациясы туралы оқушыларға жалпы түсінік беру арқылы білімдерін дамыту. Олардың түрлерімен таныстыру арқылы дағдыларын қалыптастыру, Жұмыс жасау тәсілдерін үйрете отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру .

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, адамгершілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, жан-жақтылыққа, шыншылдыққа, тәрбиелеу

Әдебиет:

  1. Жапарова Г.Ә., Информатика негіздері. Оқу құралы. Алматы:Экономика, 2006-296 бет.

  2. Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Информатикадан 30 сабақ.Алматы:1999;

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ-жауап әдісі)

  • Компьютерлік графика дегеніміз не?

  • Растрлы графика деген не?

  • Растрлық графикамен жұмыс жасау құралдары?

  • Векторлық графикамен жұмыс жасау құралдары?

  • Құрал –жабдықтар?

  • Қолданылатын аспаптар?

  • Векторлық графика дегеніміз не?

III. Жаңа тақырыпты баяндау

Желі дегеніміз ресурстарды – дискілерді, принтерлерді ортақ пайдалану мақсатында бір- бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан бірнеше компьютерлер тобы.

Бірнеше (екіден артық) компьютерлерді бір-бірімен физика¬лық түрде байланыстырғанда компьютерлік желіқұры¬лады. Жалпы компью¬терлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік жаб¬дық¬тар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік програм¬малық құралдар) қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механиалық сипаттама-лары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәлі¬мет¬тер¬дің) форматтары мен кодталу жүйелерінің бір-біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтама¬сыз ету болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модель Халық-аралық стандарттар жасау ұйымы¬ның – ISO (International Stan¬dards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді.Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитек­тура­сының әртүрлі деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шейін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі –физикалық деңгей болып саналады.

Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәлімет­тердің бір-біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол (хаттама) деп аталатын арнайы стандарттар жасалған.

Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер жергілікті (LAN – Local Area Network) жәнеауқымды (WAN – Wide Area Network) деп екіге бөлінеді.

Жергілікті желі – бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі. Олардың бірі көбінесе орталық сервер (басты компьютер) рөлін атқарады. Жергілікті компьютерлік желіге қосылған әртүрлі ЭЕМ-дердің дискілеріндегі бумалар мен файлдарда орналасқан мәліметті пайдалану өз компьютеріңде орналасқан мәліметті пайдалануға өте ұқсас болып келеді. Желі ресурстарын ортақ пайдалану үшін керекті мәлімет орналасқан, осы желіге қосылған басқа бір компьютердің мәліметтер бумасын ашу қажет.

Ауқымды (ғаламдық) желілер бүкіл дүние жүзіндегі компью¬тер¬лерді немесе олардың тораптарын байланыстыруға арналған желілер түрі, олар көбінесе ғарыштық (спутниктік) байланыс арналарын пайдаланады.

Компьютерлік желілердің барлық түрлерінің атқаратын қызметі екі функциядан тұрады, олар:

- ¬аппараттық және программалық желі ресурстарының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- мәліметтік ресурстарға бірігіп ортақтаса қатынас құруды қамтамасыз ету.

Егер желіде барлық компьютерлер ортақ пайдалануға арнал¬ған арнайы бөлінген компьютер – сервер болмаса және барлық компьютерлер бірі-бірімен “тең құқықты” мүмкіндікпен мәлімет алмасатын болса, ондай желілербіррангылы (әдетте олар шағын желілер) деп аталады.

Бір мәселені шешу мақсатында жергілікті желі арқылы байланысып жұмыс істеп жатқан қызметкерлер тобынжұмысшы топтар деп атайды.

Желіге қосылған компьютерлердің құқықтарын бөлу және шектеу тәсілдері жиынын желі саясаты деп атау қалыптасқан. Желі саясатын реттеп отыру істерін желіні басқару деп атайды. Ал жергілікті желідегі компьютерлер жұмысын басқаруды ұйымдастырушы тұлға желі басқарушысы (әкімі) болып табылады.

Әртүрлі хаттамалар бойынша жұмыс атқаратын бірнеше жергілікті желілерді бір-бірімен байланыстыру үшін арнайы құралдар – шлюздар (тоғандар) қолданылады.

Мекеменің жергілікті желісін ауқымды (ғаламдық) желіге қосар кезде желі қауіпсіздігі деген ұғым туындайды. Жергілікті желі мен ауқымды желі арасында мәліметтер алмасуы кезіндегі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етубрандмауэрлар арқылы жүзеге асырылады. Желілер арасында мәлімет тасымалдауда оларды қорғау, пайдалануды шектеу істерінде брандмауэр рөлін арнайы компьютер немесе программа атқаруы мүмкін.Желідегі қызмет түрлері. Негізгі түсініктер

Виртуальды байланыс туралы түсінік. Кәдімгі пошта арқылы екі адамның қарапайым мәлімет алмасуын қарастырайық. Егер олар бір-біріне тұрақты түрде хат жіберіп, хат алып тұратын болса, олардың арасында тұтынушы (қолданбалы) деңгейінде байланыс болғаны. Бірақ олар бір-біріне хаттарын өздері алып бармайды, пошта жәшігіне сала салады, яғни тікелей байланыста емес. Олардың басқалар көмегімен мәлімет алмасу түрінвиртуальды (нақты болмағанымен елестетуге болатын) байланыс деуге болады. Өйткені біздің хатымыздың басқа жердегі танысымызға жетуі үшін өзіміз бармай-ақ, қаламыздағы пошта қызметінің басқа қаладағы поштамен байланысы болса болғаны. Біздің байланысымыз пошта қатынасы арқылы жүзеге асып, бізге өзіміз тікелей байланыста сияқты болып көрінетін, елестетуге болатын виртуальды байланыс түрін осылай деп қарастыруға болады.

Мемлекеттік пошта қызметі де өз жұмысында осындай төменгі деңгейдегі байланыс арқылы жүзеге асырылады, мысалы, хат алмасу теміржолдың пошта-багаж қызметін ұйымдастыру жолымен атқарылады. Тек осы қызмет бабының жұмысына қарап, біз екі қаланы физикалық түрде байланыстырып тұрған темір жол екенін байқаймыз.

Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі.ISO/OSI моделінде компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгей арқылы орындалатыны айтылған болатын. Енді әртүрлі құрылықтарда орналасқан компьютерлер арасында қалай мәлімет тасымалданатынын қарастырайық.

Тұтынушы алғашқы қолданбалы деңгейде өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.

Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.

Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.

Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.

Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, ол адреспен толықтырылады.

Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.

Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымал-данады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.

Виртуальды байланыс ерекшеліктері. Мәлімет жөнелткен сервер мен оны қабылдап алған клиент кмпьютері хаттамаларының әртүрлі деңгейлері бір-бірімен тікелей әрекеттеспей, олар тек физикалық деңгей арқылы байланысады. Мәліметтер бірте-бірте жоғары деңгейден төменгі деңгейге үздіксіз түрлене отырып, қосымша деректермен толықтырылады да, олар деңгейге сәйкес хаттамалар арқылы қадағаланып тексеріліп отырылады. Осындай тәсілмен екі компьютердің бір-бірімен виртуальды байланысы жүзеге асырылады. Байланыс виртуальды болғанмен, мәлімет осындай сатылар арқылы бір нүктеден екінші нүктеге түрлендіріле отырып жеткізіледі.

Желідегі қызмет түрлері. Қазіргі Интернетті пайдалану қыз­мет­­терінің барлығы да осы виртуальды байланысқа негізделген. Мәлімет­терді тасымалдау қызметі желілік деңгейдің виртуальды байланысына негізделіп, соның хаттамаларына сәйкес құрылады.

Интернет. Негізгі түсініктер

Интернет – біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген ұғымды білдіреді. Соңғы кездері оны Дүниежүзілік компью­терлік желі деп атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда Интернет бір-бірімен байланыс арналарымен біріктірілген бірнеше миллион компьютерлер­дің жиыны деп қарастыруға болады. Бірақ мұнан гөрі Интернетті белгілі бір информациялық кеңістік деп айтқан дұрысырақ болады.







Лекция №3

Тақырыб: Электронды почта қызметінің негіздері

Локальды желілер

Локальды желілер (ЛЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайымы дербес компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын компьютермен қосады (1-сурет). Локальды желідегі барлық дербес компьютерлер желілік серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдамуы және ортақ кұрылғыларды принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.

1-сурет. Клиент-серверлік үлгі

Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам карым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері: 

  • Кұжаттармен ортақ жұмыс жасау

  • құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

  • сервердегі өз жұмысын сақтау және архвтеу;

  • сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;

  • принтерлер, СD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және косымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер корының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.

Аймақтық бөлшектенген желілер

Аймақтық бөлшектенген желілер локальды желілер сияқты артықшылықтар бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін жалпылай қызмет көрсететін, модем істемесе жоғары жылдамдығы цифрлық желі арқылы коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN,Publik Switched Telephon Network) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN, Intergated Services Digigtal Network). ISDN көбінесе бейне немесе дыбыс түріндегі үлкен файлдарды тасымалдау қызметін атқарады (2-сурет).

2 сурет. Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы коммутацияланған телефон желісі арқылы жасалған аймактық бөлшектенген желілердің фукционалдылығын қосу арқылы сыртқы коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:

  • хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (е-mаil);

  • Іnternet-ке кіру.

Іnternet көпшілікке кіру мүмкіндігін жасайтын бүкіл әлем қолданушыларын деректер, дыбыс және бейне қоймаларымен қосатын ауқымды желі. Іnternet-тің негізгі функциялары электрондық пошта және зерттеулер мен қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде Іnternet қашықтан окыту жүйелері және алыстан емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық және бейне қосымшаларын қолдайды.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер түсінігі. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны өндеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден кұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің кай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысын үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қодданылады.

Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы, автоматтандырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған. 
Жалған мекен – жайлардан қорғаныс

Жіберуші жалған кері мекен – жайды көрсетіп қоюы мүмкін немесе аты хаттың жіберілу барысында өзгертілуі мүмкін, не болмаса жіберушінің өзі кімнің атынан жіберуді қаласа, соның атынан машинадағы SMTP – портпен қосылып, хат мәтінін енгізуі мүмкін болғандықтан Интернеттің электронды поштасындағы жіберушінің мекен – жайына сенуге болмайды. Бұдан электронды хаттарына қосылуға арналған шифрлеуді қолдануға арналған шифрлеуді қолдану көмегімен қорғануға болады. Бір танымал әдісі – ашық кілтпен шифрлеуді пайдалану болып табылады. Хаттың бір бағытты ХЭШ – функциясы жіберушінің құпия кілтін пайдалана отырып шифірленеді. Алушы ХЭШ – функцияның шифрін алу үшін жіберушінің ашық кілтін пайдаланады да, оны алынған хабар бойынша есептелген ХЭШ – функциямен салыстырады. Бұл хабарды шынында жіберушінің өзі жазғанына және жолда өзгертілмегеніне кепіл болады.

Ұстап қалудан қорғаныс

Электронды хаттардың тақырыбы да, мазмұны да таза күйде беріледі. Нәтижесінде хабар мазмұны оқылған немесе оны Интернет арқылы жіберу процесінде өзгертілген болуы мүмкін. Жіберушіні жасыру немесе өзгерту үшін, не болмаса хабарды басқа бағытқа бұрып жіберу үшін аты өзгертілуі мүмкін. Одан хабар мазмұны немесе ол берілетін арнаны шифрлау көмегімен қорғануға болады. Егер байланыс арнасы шифрленген болса, онда оның екі ұшындағы жүйелік администраторлары қайткенмен оқуды немесе хабарды өзгертуі мүмкін. Электронды поштаны шифрлаудың көп түрлі схемалары ұсынылған болатын, бірақ олардың бірде – біреуі көпшілікке бірдей болмады. Ең көп тараған қосымшалардың бірі – PGP. Бұрын PGP қолданылуы проблемалы болды, өйткені онда АҚШ-тан шығаруға тыйым салынуы ықпалына түсіп қалған шифрлеу қолданылды. PGP коммерциялық версия ішінде бірнеше танымал пошта бағдарламаларына арналған плашналар енеді, бұл оны электронды қол хатына қосылу үшін және клиенттерге хатты шифрлау үшін ерекше қолайлы етеді. PGP соңғы версиясы RSA ашық кілтімен шифрлау алгоритмінің лицензияланған версиясын пайдаланады

Бекіту сұрақтары 

  1. Операциялық жүйенің негізгі функцияларын айтып бер. 

  2. Пайдаланушы интерфейсінің пакеттік және диалогтық режимдері туралы айтып бер. 

  3. Графикалық және графикалық емес ОЖ туралы не білесің? Мысалдар келтір. 

  4. Графикалық интерфейстегі активті және пассивті басқару элементтері туралы айып бер. 

  5. Файл деген не? 

  6. Файлды сипаттайтын негізгі параметрлер туралы айтып бер. 

  7. Операциялық жүйенің файлдық құрылымы 

  8. FAT - таблицалар туралы айтып бер. 

  9. Операциялық жүйе дегеніміз не? 

  10. Операциялық жүйелердің қандай түрлерін білесіз? 

  11. BIOS ұғымына анықтама беріңіз. 

  12. Операциялық жүйені жүктеуші дегенді қалай түсінесіз? 

  13. Телекоммуникациялық жүйенің қызметі қандай? 

  14. Желілік қауіпсіздік 






Лекция №4

Тақырыб: Электронды почтаны пайдалану техникасы

Адрестер типі:физикалық (MAC-адрес), желілік (IP-адрес) және символдық (DNS-аты)

TCP/IP желісіндегі әр компьютердің 3 деңгейлі адресі болады:

Тораптық локальды адресі, ол құрамына осы торап кіретін бөлек желіні құру технологиясымен анықталады. Локальды желіге кіретін тораптар үшін - бұл желі адаптердің немесе маршрутизатор портының MAC-адресі болып табылады. Мысалы, 11-AO—17-3D-BC-01. Бұл адресті орталықтан басқарылатындықтан өндірушілер тағайындайды және бірден-бір адрес болып келеді. Локальды желілердің барлық технологиялары үшін MAC-адресінің 6-байтты форматы бар:үлкен 3 байты - өндіруші фирманың идентификаторы, ал 3 кіші байтты бірегей жолмен өндіруші тағайындалады. X.25 немесе frame relay сияқты глобальды желілерге кіруші тораптар үшін локальді адресті глобальды желінің администраторы қояды.

4 байттан тұратын IP адрес, мысалы 109.26.17.100. Бұл адрес желілік деңгейде қолданады. Оны компьютерлерді және маршрутизаторларды конфигурациялау кезінде администратор тағайындайды. IP адресі 2 бөліктен тұрады: желі нөмірі және торап нөмірі. Желі нөмірін администратор еркімен таңдалуы мүмкін, алайда егер желі Internet-тің құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істейтін болса, онда Internet-тің арнайы бөлімшесінің ұсынуы бойынша тағайындалады. Әдетте Internet-тің қызметтерінің провайдерлері NIC бөлімшелерінен адрестердің диапазонын алып, абоненттерінің арасында бөледі.

IP хаттамалары торап нөмірі тораптың локальды адресіне тәуелсіз қабылданады. IP адресінің желі нөмірінің өріске және торап нөміріне бөлінуі икемді және осы өрістер арасындағы шекара өздігінен белгіленуі мүмкін.Торап бірнеше IP желілерге кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тораптық желілер санына байланысты бірнеше IP адрестері болуы керек. Осылайша IP адрес бір бөлек компьютер немесе маршрутизаторды емес, бір желілік байланысты сипаттайды.

Символдық идентификатор аты мысалы post.kazsu.kz. Бұл адресті администратор тағайындайды және бірнеше бөліктерден құралады. Мысалы машина атауы, ұйымның аты, домен аты. DNS атауы депте аталынатын бұл адрес қолданбалы деңгейде қолданылады. Мысалы, FTP немесе telnet хаттамаларында.

IP адресациясы

Желілік деңгейдің басқа хаттамаларындағыдай біріккен желі арқылы IP диаграммаларының маршруттау процесіне қатысты IP адресациясының сызбанұсқасы интегралды болып келеді.

IP адресінің ұзындығы 2 немесе 3 бөлікке бөлінген 32 биттен тұрады.1-кестеде IP желілеріне арналған адрестердің форматтары көрсетілген.

Адрес екі логикалық бөліктен тұрады. Олар желі нөмірі және желідегі торап нөмірі.Ал қайсы бөлігі желі нөміріне, қайсы бөлігі торап нөміріне жатуы адрестің алғашқы биттерінің мәнімен анықталады.

Егер адрес 0-ден басталса, онда желі А класқа жатады және желі нөмірі 1 байт алады,ал басқа 3 байт желідегі торап нөмірі деп түсіндіріледі.А кластағы желілерде 1-ден 126-ға дейінгі диапазондағы нөмірлер бар. (0 нөмірі қолданылмайды, ал 127 нөмірі арнайы мақсаттарға сақталған, ол төменде айтылады). А класының желілеріндегі тораптар саны 216-дан көп, бірақ 224 аспауы керек. 

А классы 

Желі № 

Торап № 

В классы 

10 

Желі № 

Торап № 

С классы 

110 

Желі № 

Торап № 

D классы 

1110

Multicast топтық адресі 

E классы 

11110 

Сақталған 

1-кесте. IP желілеріне арналған адрестердің форматтары

Егер адрестің алғашқы екі биті 10-ға тең болса,онда желі В класына жатады және торап саны 28-216 болатын орташа өлшемді желі болып саналады. В класының желілерінде желі адресі мен торап адресіне 16 биттен, яғни 2 байттан беріледі.

Егер адрес 110 тізбегінен басталса,онда желі С класына жатады, торап саны 2-ден аспайды. Желі адресіне 24 бит, торап адресіне 8 бит арналады.

Егер де адрес 1110 тізбегінен басталса, онда ол multicast деп аталатын ерекше топтық адресті білдіріп, D класты адреске жатады. Егер пакетте бағытталу адресі ретінде D класының адресі берілген болса,онда пакет осы адресті меншіктенген барлық тораптар алуы керек.

Егер адрес 11110 тізбегінен басталса, онда ол Е класының адресі және болашақта пайдалануға сақталған.

Келесі кестеде ір желілер класына сәйкес келетін адрестер диапазоны келтірілген.

Класс

Ең кіші адрес

Ең үлкен адрес

A

01.0.0.0 

126.0.0.0 

B

128.0.0.0 

191.255.0.0 

192.0.1.0 

223.255.255.0 

D

224.0.0.0 

239.255.255.255 

240.0.0.0 

247.255.255.255 

Арнайы адрестер туралы келісімдер: broadcast, multicast, loopback

Символдық адресті ІР-адресінде көрсету: DNS қызметі

DNS (Domain Name System) - бұл Internet желісінде түйінді идентификациялау үшін иерархиялық аттар жүйесін қолдайтын бөлінген мәлімет базасы. DNS қызметі түйіннің белгілі символдық аты бойынша IР-адресті автомтты түрде іздеуге арналған. DNS IР-адресті компьютердің адресін көрсететін кестелердің статистикалық конфигурациясын талап етеді.

DNS хаттамасы қолданбалы деңгейдегі қызметтік хаттама болып табылады. Бұл хаттама симметриялы емес, онда DNS -серверлері мен DNS-клиенттері анықталған. DNS -серверлері символдық аттары мен IР-адресінің сәйкестігі жөніндегі бөлінген мәлімет базасының бір бөлігін сақтайды. Бұл мәлімет базасы Internet желісінің административті доменалары бойынша бөлінген. DNS серверінің клиенттері DNS серверінің IP адресін, өз административті доменін біледі және IP хаттамасы бойынша сұраныс жібереді, бұл сұраныста белгілі символдық атты хабарлайды және оған IР -адресті қайтаруды сұрайды.

Егерде сұралған сәйкестік DNS-серверінің мәлімет базасында сақталған болса, ол жауапты клиентке дереу жібереді, ал жоқ болса, онда ол сұранысты басқа доменді DNS серверге жібереді, ол өзі сұранысын өндей алады, немесе басқа DNS -cepвepгe жібереді. Барлық DNS -серверлер Inter­net желісінің домендерінің иерархиясьша сәйкес иерархиялы түрде біріктірілген. Клиент керекті көрсетулерді таппағанша барлық аттар серверін сұрайды. Сұраныс бойынша берілген ақпаратты аттар серверлері ылғи да кэштайтындықтан бұл процесс тездетіледі. Клиенттік компьютер өз жұмысында бірнеше DNS -серверлердің IР-адресін қолданыла алады, бұл олардың жұмысының сенімділігін артады.

DNS мәлімет базасы әр доменде (ағаш түйіні) аты бар және поддоменді ұстай алатын ағаш құрылымына ие аттардың домендік кеңістігі деп аталады. Доменнің аты осы мәлімет базасында оның туған доменіне байланысты жағдайын идентификациялайды, және де аттарындағы нүкте доменнің түйініне сәйкес бөліктерді беледі.

DNS мәлімет базасының түбірі INIC (Internet Network Information Cen­ter) орталығымен басқарылады. Жоғары деңгейдің домені әр елге бөлек беріледі, сонымен қатар ұйымдастырушылық деңгейде белгіленеді. Елдерді белгілеуде 3 әріпті және 2 әріпті аббревиатуралар қолданылады, ал түрлі ұйымдастырушылық типтерге келесі аббревиатуралар қолданылады:

com — коммерциялық ұйымдар;

edu - білімдік;

gov — үкіметтік ұйымдар;

org — коммерциялық емес ұйымдар;

net — желіні қолдайтын ұйымдар.

Әр DNS домені бөлек ұйыммен администрацияланады, әдетге ол өз доменін поддоменге бөліп, бұл поддомендерді администрациялау функцкясын басқа ұйымдарға береді. Әр домен ерекше атқа ие, ал әр бір поддомен өзінің доменінің ішінде ерекше атқа ие. Доменнің аты 63 символға дейін бола алады. Internet желісінде әр бір хост өз толық доменді атымен анықталады. Ол FQDN (fully qualified domain name) бағыты хостан түбірге дейінгі барлық домендердің атын қосады. Толық DNS -атының мысалы: citint.dol.ru

Internet-тің маршрутизациясы

Дәстүрлі түрде Internet желісінде маршрутизация құрылғысын шлюз дейді, бірақ бұл сәтсіз термин, өйткені күнделікті желілер индустриясында бұл терминнен басқа функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғыны атайды. Шлюздер (осы сәттен бастап біз оны роутер деп атаймыз) Internet желісінде иерархиялық принципке сәйкес ұйымдастырылған, Кейбір роутерлер бірдей администртивтік басшылықта және басқаруда болып отырған белгілі бір нақты желілер тобы арқылы ақпаратты ауыстыруда колданылады. Мұндай объектілерді автономды жүйе деп атайды (autonoumus system). Автономды жүйе қарамағындағы ақпаратты алмастыруда қолданатын роутерлер ішкі роутерлер (interior routers) деп аталады. Олар осы амалды орындауда түрлі ішкі хаттамаларды (interior gate way Protocol-IGP) қолданады. Ақпаратты автономды жүйелер арасында тасымалдайтын роутерлерді, сыртқы роутерлер (exterior routers) деп атайды. Ол үшін олар сыртқы роутерлер хаттамаларын қолданады

IP маршрутизацияның хаттамалары динамикалық хаттамалар. Динамикалық маршрутизация (dynamic routing) кезінде маршруттар жайлы сұраулар белгілі бір уақыт интервалы арқылы құрылғылардың программалық қамтамасыз етуімен саналу керек. Бұл процесс белгілі бір уақыт интервалы арқылы жүргізіледі. Бұл процесс желісі администратормен қойылған және де желі администраторы өзі ауыстырмағанша ауыспайтын статикалық маршрутизацияға (static routing) қарсы процесс.

IP маршрутизациясы біріккен желілер арқылы IP дейтаграммасының қозғалуының мінезін анықтайды. Сапар басында бүкіл маршрут белгісіз. Оның орнына әрбір аялдамада, дейтаграммада бар тағайындалу пункті ағымдағы түйіннің маршруттық кестесімен сәйкестіріліп, келесі тағайындалу пункті есептелінеді.

Информацияны қорғау әдістерінің бірі резервті даналарды магниттік тасушыда сақтау болып табылады, яғни файлдарды дискетгерге көшірген жөн екені алдыңғы дәрістерде айтылған болатын. Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискетке сыймайтын болса, не істеу керек? Мұндай жағдайларда информацияны құртпай, оны қысуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай қысылған файлдарды дискетте сақтап кана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс каналдары бойынша жіберуге болады.

Информацияны қысу дегеніміз - файлдағы информацияның сақтау жадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі.

Файлда информацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.

Архивтеу файл алатын кеңістік көлемдерін едәуір қыскартуға мүмкіндік береді, оларды бір компьютерден басқаға тасымалдауды елеулі жеңілдетеді, файлды дискіге көшіру уақытын кішірейтеді, бөгде адамдардың орынсыз қатынауынан (килігуінен) информацияны парольмен қорғайды және сонымен қатар файлдарды компьютерлік вирустардан бұлінуден жарым-жартылай қорғайды.







Лекция №5

Тақырыб: ІР адресі

Интернеттің теориялық негіздері

Компьютер арқылы мәлімет тасымалдау тәжірибелері 1950 жылдары басталып, ол әуелгі кезде лабораториялық эксперимент түрінде қарастырылған еді. Содан оншақты жылдар өткен соң, АҚШ қорғаныс министрлігінің Перспективалық Жұмыстар Агент¬тігі (DARPA – Defense Advanced Research Project Agency) қаржы-сына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANETдеп аталды. ARPANET желісі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының (түйіндерінің) қосылуына қарай кеңітіліп, 80 жылдарда ірілендірілген тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің нақты дүние¬ге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланылып келе жатқан TCP/IP байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау алған күні болып табылады.

TCP хаттамасы. TCP(transfer control protocol) хаттамасына сәйкес жөнелтілетін мәліметтер шағын пакеттерге (дестелерге) бөлінеді де, олардың әрқайсысы белгілі бір тәртіппен таңбаланады. Бұлай таңбалау тәсілі мәліметтерді керекті компьютерге жеткізгеннен кейін қайтадан біріктіруге мүмкіндік береді.

IP хаттамасы. IP (Internet Protocol) адрестік хаттама болып табылады. Оған сәйкес Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір ком¬пьютердің өзіндік ерекше адресі (IP-адрес) болуы тиіс. Осы адреске қарай TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет “жақын” немесе “алыс” орналасқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің “жақын” немесе “алыс” екендігін арнайы құралдар –маршрутизаторлар анықтайды.

Интернеттегі қызмет түрлері

Интернетте қызмет түрлері (баптары) өте көп, олардың әрқай­сысының өз хаттамасы болады. Олар қолданбалы хаттамалар деп ата­лады. Қолданбалы хаттамаларға сәйкес мәлімет алмасу арнайы клиенттік программалар (немесе жай клиент) арқылы орындалады.

Терминальдық режим. Интернетті алдыңғы кезде алыстағы компьютерді басқару үшін қолданған болатын, мұны Telnet қызмет бабы деп атаған еді. Алыстағы компьютерге осы жұмысқа сәйкес хаттама арқылы қосылып, оның жұмысын басқаруға болады. Мұндай басқару түрін консольды немесе терминальды басқару деп те атайды. Көбінесе Telnet қызмет бабы техникалық объектілерді алыстан басқару мақса¬тында қолданылады.

Электрондық пошта (E-Mail). Бұл жұмыспен Интернетте арнайы пошта серверлері айналысады. Сервер рөлін компьютер немесе арнайы программалық жабдықтама атқарады. Пошта серверлері әр тұтыну­шыдан (клиенттерден) мәлімет алып, оларды адрестеріне сәйкес алушы­ларға жақын орналасқан пошта серверлеріне жөнелтеді. Сондай сервер­лерде хаттар жиналып тұрады да, адресат пен сервер байланысқан кезде хаттар оны алушыға жіберіледі.

Пошта қызметі SMTP және POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәліметті компьютерден жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал екіншісі – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Тарату тізімдері (Mail List). Әдетте электрондық пошта екі компьютер арасында мәлімет тасымалдайды. Ал көптеген мәліметтер бір адамға емес, көпшілікке арналады, олар алдын ала жазылған тізім бойыншатаратылады. Мұндай тізімдер сервер­лерде жиналып тұрады, сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді таратылады.

Телеконференция қызметі (Usenet). Телеконференция қызметі келіп түскен мәліметті осы тақырыптағы конференцияға қатысушылардың бәріне, яғни белгілі бір топқа жөнелтеді. Мұндай топтар жаңалықтар тобыдеп те аталады.

Көптеген мамандар өз мамандықтарына қатысты тақырыптар аймағында өтіп жатқан телеконференциялар мәліметтерін тұрақты түрде қарап отырады. Мәліметтерді осындай тәсілмен шолып өту информациямониторингі деп те аталады..

Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді алдын ала қарап шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес келмейтіндері (көбінесе жарнамалар) алып тасталынады. Мұндай конференциялар модельденетін топтарға жатады. Модельдеуді жүргізуші модератор рөлін адам немесе алдын ала белгіленген өзекті сөздерге байланысты мәліметті сұрыптаудан өткізетін программа да атқара алады. Егер программа қолданылса, онда автоматты модерация жүргізілді деп айтылады.

World Wide Web – бұл Web-серверлерде сақталатын, өзара байланыстағы миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас информациялық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттардың бір бетіWeb-парақ деп аталады. Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген Web-парақтар жиыны Web-тораптардынемесе Web-сайттарды құрайды.

Web-парақтарды көруге арналған программалар броузерлар болып аталады. Кейде броузер сөзін браузер,көрсеткі деп те айта береді. Броузер құжатты оны жасаған автордың мәтін ішіне енгізілген арнайы командаларына сәйкес экранда бейнелеп көрсетеді. Сондай командалар тәгтер деп аталады. Тәгтер құжатты броузер арқылы қарағанда, мәтінді безендіріп форматтап береді, бірақ өздері көрінбейді. Құжат авторы тәгтерді алғаш жазған кезде оларды латын әріптерімен теріп бұрыштық жақшаларға алып отырады. Күрделі тәгтердің бұрыштық жақшаларға алынған түйінді сөздерге қосымша атрибуттары (анықтауыш, сипаттама) немесепараметрлері болады. Осындай тәртіппен құжаттың алғашқы нұсқасы тәгтермен біріктіріліп HTML тілінің ережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат экранға шыққанда тәгтерсіз тек мәтін ғана көрініп тұрады. Құжат HTML (HyperText Markup Language) - гипермәтінді белгілеу тілінде жазылатындықтан, Web – құжат HTML-құжатнемесе HTML форматындағы құжат деп айтылады.

Сонымен HTML тәгтері арқылы жазылатын Web – парақтардың ең маңызды ерекшелігі – олардың гипермәтіндік сілтемелері болуында. Мәтіннің бір сөзімен немесе суретімен басқа Web –құжатты гиперсілтеме арқылы байланыстырып қоюға болады. Осылай бір құжаттан екінші құжатқа гиперсілтеме көмегімен ауысып отыру мүмкіндігін Web-серфинг Web-навигация деп атайды.

Дүниежүзілік Web кеңістігіндегі кез келген файл адресі ресурстың ықшамдалған көрсеткіші ¬ –URL арқылы анықталады. Сонымен, Интернеттегі әрбір мәліметтің IP-адресі және URL көрсеткіші арқылы берілген домендік адресі болады. Соңғы адрес белгілі бір мағынасы бар сөз тіркесімен – символдармен беріледі.

Домен аттары қызметі (DNS). Адамдарға санмен берілген IP-адре­стермен жұмыс істеген ыңғайсыздау болады, бірақ көбінесе белгілі бір мағынасы бар домендік ат жеңіл есте қалады. Сондықтан домендік аттарды соларға сәйкес IP-адрестерге түрлендіру керек болады. Міне, осы жұмыспен домен аттары қызметінің сервері DNS (Domen Name System) айналысады.

Файлдарды тасымалдау қызметі (FTР). Файлдарды тасымалдау жұмысы желі арқылы программалық файлдарды алу кезінде, көлемді құжаттарды немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде өз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан.

IRC қызметі. IRC (Internet Relay Chat) қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісі тікелей әңгімелесіп қарым-қатынас жасауы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесінде қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және бұл жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады.

ICQ қызметі. Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмір UIN алу қажет.

Интернетке әрбір қосылған сайын сіздің компьютеріңізде тұрған ICQ программасы сіздің ағымдағы IP-адресіңізді анықтап, оны қызмет орталығына жібереді де және ол адресті сіздің әріптестеріңізге жібереді. Байланыс орнатылғаннан кейін ары қарай қатынасу IRC қызметі сияқты жалғаса береді







Лекция №6

Тақырыбы: Желіге қосу және ажырату

Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.

  • Гиннес рекордтар кітабының (2013) мәліметіне cәйкес күніне 294 миллиард email жіберіледі.

Электронды поштаның жалпы дамуы көпқолданушылық жүйелердегі қолданушылардың локальді ара-қатынысының дамуы арқылы жүрді. Қолданушылар mail бағдарламасын қолдану арқылы бір мейнфрейм (үлкен компьютер) шегінде бір-біріне хабарлама жібере алады. Келесі қадам басқа машинадағы қолданушыға хабарлама жіберу мүкіндігі болды – ол үшін машина атының көрсеткіші және машинадағы қолданушы аты қолданылады. Мекен-жай(адрес) foo!joe түрінде жазылады. Электронды поштаның үшінші қадамы үшінші компьютер арқылы хаттарды жіберудің құрылуы кезінде шықты. UUCP-адрес қолданған жағдайда қолданушы бірнеше аралықтағы машиналардан кейінгі қолданушыға дейін өзіне бағдар қосады (мысалы, gate1! Gate2! Foo!joe - арналған хат, gate1! Gate2! машиналары арқылы foo машинасына). Мұндай адресаттың кемшілігі болып, қолданушыға машина адресатының нақ жолын білуі керектігі табылады. DNS атты үлестірмелі ғаламдық жүйені пайда болуынан кейін, адресті көрсету үшін - user£example.com домендік аттары қолданыла бастады (example.com машинасындағы user қолданушысы). Мұнымен қатар бір мезгілде «машинада» ұғымының қайта қарастырылуы болды: пошта үшін бөлініп шығарылған серверлер қолданыла бастады, оған қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі болған жоқ (тек әкішілік), ал қолданушылар өздерінің машиналарында жұмыс жасайтын, мұнымен бірге пошта қолданушылардың жұмыс машиналарына емес, пошталық серверге келетін. Сол жақтан қолданушы әртүрлі желілік хаттамалар арқылы өздерінің пошталарын алатын (қазіргі уақытта үлестірімдердің арасында POP3, Imap, Mapi, веб-интерфейстер). DNS-ң пайда болуымен қатар бір мезгілдері поштаны жеткізіп тастау бағдарламаларының резервті жүйесі ойлап табылды, ал пошталық адрестегі домендік ат нақты компьютер аты болудан қалды және пошталық адрестің қарапайым фрагменті болып саналады. Доменнің қызмет көрсетуіне көптеген серверлер жауап бере алады ал бір доменнің қолданушыларының арасында ортақ ештене болмауы қажет. Сонымен қатар, басқа да электронды пошта жүйелері бар: Netmail - Фидонет желісінде, X.400-X.25 желісінде. Оларға интернеттен және пошталық шлюз арқылы қайта жүзеге асырылуы мүмкіндігі беріледі. Поштаның маршрутизациясы үшін X.25 желісіндегі DNS-де арнайы ресурсты жазу қарастырылған.

Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN) — салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар – желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б.) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.

Сервер (server)– желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

Ерекше көңілді сервер типтерінің ішіндегі – файлдық серверге (file server) (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-сервер - желідегі пайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл - үлкен сыйымдылықты оперативтік жады, қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушыларменорындалатын мәліметтер өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл -сервер ретінде мини – ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

Мәліметтер қоры сервері (database server) – мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері

- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін қолдау;

- мәліметтер қорына сұраныстарды қабылдау және өңдеу, өңдеу нәтижелерін жұмыс станциясына қайтару;

- мәліметтер қорына авторланған қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды есепке алу және сүйемелдеу жүйесін қолдау, пайдаланушылардың қатынас құру мүмкіндіктерін шектеу;

- үлестірілген мәліметтер қорын қолдау, басқа жерлерде орналасқан мәліметтер қоры серверлерімен әрекеттесу

функцияларын атқарады.

Қолданбалы программалар сервері (application server) – пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.

Қатынастық сервер (communications server) – жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізу/шығару порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.

Қатынау сервері (access server) – тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері қайтарылады.

Факс-сервер (fax server) – жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері (back up server)- файл-сервер және жұмыс станцияларында орналасқан мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін








Лекция №7

Тақырыбы: Интернетке қосылу

Мақсаты: Internet Explorer браузерімен жұмыс істеп үйрену, керек ақпаратты интернеттен алып, оны компьютерде сақтау тәсілдерін меңгеру. 
Теориялық түсініктеме: 
Желі деп ресурстарды, коммуналдық жабдықтар тобын ортақ пайдалану мүмкіндіктерін беретін жеке компьютерді біріктіруді айтады. Желі жұмыс жасауы үшін бір-бірімен сымдар арқылы байланысатын жұмыс станциялары (жеке компьютерленген желілік адаптер) және желілік программалық жасақ болуы қажет. 
Сервер - отрақ пайдалануға арналған барлық ресурстар қолданатын компьютер. 
Клиент сервер типті желі бар ресурстарды максималды қолдану мүмкіндіктерін береді.

Желілер мынандай топтарға бөлінеді:

  • Жергілікті желілер (локальные сети) 

  • Кең ауқымды желілер (глобальные сети) 

  • Интернет 

Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер тобы. Яғни, бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер жиыны. 
Ауқымды желі құру үшін көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет. Жергілікті желілерде компьютер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады 
Терминал - енгізу шығару құрылғысы. Терминал ретінде дербес компьютерді қолдана аламыз. 
Порт дегеніміз компьютерге ішкі жабдықтардың қосылуы үшін арналған логикалық-аппараттық құрылғы. Яғни, компьютердің ішкі құрылғылармен байланысқа түсуі үшін онда ақпараттарды қабылдау және тасымалдау қабілеті бар порттар болады. 
Модем дегеніміз телефон желілері арқылы компьютер арасында ақпараттарды тасымалдау құрылғысы. Тікелей жалғау кезінде компьютердің бірі – жетекші, ал басқасы қосымшалар болып табылады. 
Internet желісі

Әулеметтік пенде болғандықтан адам әрқашаңца өзі сияқтылармен араласу тәсілдері іздестіреді. Соңғы кездегі Іпіегпеі желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шыгарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

World Wide Web

World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіңді жүйе болып табылады.

Интернет желісінің негізгі қызметтері: 

        1. Электронды почта. 

        2. Файлдарды жіберу, алу 

        3. Хабарламаларды оқу 

        4. Ақпара тіздеу 

        5. Жойылған басқару (программаларды орнату, сұраныс жасау) 

        6. ЧАТ-пен әңгімелесу 

        7. Интернет арқылы ойындар ойнау 

Тапсырма: 

  1. www.yandex.ru сайтының іздеу жүйесін қолданып, «Информатика» пәніне қатысты кітаптар, рефераттар табыңыз. 

  2. Табылған материалдың біреуін компьютерге көшіріңіз. 

  3. www.rambler.ru іздеу жүйесін қолданып, Турбо Паскаль тілі бойынша теориялық материалдар іздеңіз. Оның ішінде «Массивтер» тақырыбына қатысты материалдарды компьютеріңізге сақтаңыз. 

  4. Өз жұлдызнамаңызды тауып оқыңыз. 

  5. Өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша іздеу жүргізіңіз (әншілер, суреттер, жаңалықтар т.б.). 

  6. Microsoft Internet Explorer программасының көмегімен бірнеше сайттарды ашыңыз. (Өзіңіз таңдаңыз). Сайтта берілген бір суретті Microsoft Word-қа көшіріңіз. Осы суретті жеке файл ретінде сақтаңыз. Ашық тұрған сайттарды толығымен өз компьютеріңізге сақтаңыз. 

Yandex іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі тапсырмаларды орындау: 

  1. «Математикалық логика» пәні бойынша «Тьюринг машинасы» тақырыбынан есептер тауып сақтау 

  2. MS Excel электронды кестесі бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау 

  3. MS Access мәліметтер қоры бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау

  4. Қазақстандық кез келген әшні топтың жеке сайтына кіріп, сол топ жайлы ақпарат жинақтау. 

Rambler іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауаптар жазу: 

  1. Бұрынғы Ресей президенті Б.Н.Ельциннің туған күні және туған жері 

  2. Математик Н.И.Лобачевскийдің туған жері және туған күні 

  3. Алла Пугачева қай жылы қай мектепті бітірді 

  4. Роза Рымбаеваның туған жері 

  5. Honda фирмасының негізін қалаушылар және құрылған жылы 

  6. «Beetles» тобының алғашқы концерттік гастрольдері қай жерде өтті 

  7. Филипп Киркоровтың туған жері 

  8. «Жасқанат» фестивалінің алғаш өткен жылы 

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

  1. URL адрес ресурстың қай жерде орналасқанын және оны қалай табуға болатынын көрсетеді. 

  2. Келесі бөлімдерге қос нүктемен бөлініп жазылады: 

http://сервер аты/ жолы/файл 

  1. Іздеу сервері дегеніміз Интернетте ақпаратты ізеуге мүмкіндік беретін, қолданушының сұрақтарына жауап беретін мамандандырылған сервер. 

  2. Іздеуді тақырып бойынша немесе кілттік сөз арқылы жүргізуге болады. 

  3. Мысалы іздеу өрісіне «Россия+футбол+чемпионат» осы кілттік сөздер арқылы, ресейдің футбол клубтары жайлы, өткен чемпионат жайлы ақпараттарды табуға болады. 

Әдістемелік нұсқау : Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын, не түсінгеніңізді түсіндіріңіз. 
Бақылау сұрақтары: 

  1. Желі дегеніміз не? 

  2. Интернет желісі қандай желіге жатады? 

  3. WWW қалай түсінесіз? 

  4. Internet Explorer-ден басқа қандай браузерлер білесіз? 

  5. Интернет желісінің қызметтерін атаңыз. 






Лекция №8

Тақырыбы: Ақпаратты қорғау ұғымдары

Archie - архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе.

DNS (Domain Name System) – атаулардың доменді жүйесі.

Ethernet – жергілікті желі типі. 2-ден 10 миллион bps (2-10 Mbps) дейін өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін желілерді қосуға арналған проводтар типінің әртүрлілігімен жақсы.

FTP (File Transfer Protocol)

файлдарды жіберу протоколы.

бір компьютерден екіншісіне файлдарды жіберу ережесін анықтайтын протокол.

Осы протоколға сәйкес файлдарды жіберуді қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарлама.

Internet – ауқымды компьютерлік желі.

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

Подсистақырыбы – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.

Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпараттық технология – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сападағы ақпараттар алу үшін мәліметтерді (алғашқы ақпаратты) жинау, өңдеу және жеткізу құралдары мен әдістер жинағын қолданатын процесс.

Жаңа ақпаратық технология – дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып қолданушының «достық» интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы.

Экономикалық ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – матақырыбытикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.

Телекоммуникациялар – компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары негізінде мәліметтерді дистанционды жеткізу.

Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларда жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуғабағытталған ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми - техникалық процесс.

Мейнфрейм - 512 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін оперативті жады көлемі бар үлкен ЭЕМ.

Процесс – компьютерде кез келген түрдегі мәліметтерді өңдеу функциясы.

Электронная почта – ЭЕМ желісінің пайдаланушылары арасында хаттарды сақтау және жіберу жүйесі.

Электронды есептеуіш техниканың адам қызметінің барлық жұмыс салаларында кең қолданылуы қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресстің маңызды бағыты болып табылады. Сонымен қатар ақпарат өңдеу масштабы кең көлемде ұлғаюда, яғни мүмкіндігінше үлкен көлемді мәліметтердің ақпараттық жүйелер көлеміндегі концентрациясы мен олардың өңделу процессі. Бұндай жүйенің сенімділігі мен функционалдау тұрақтылығы мәселелерімен қатар, ондағы ақпаратты циркуляциялайтын қауіпсізідікті камтамасыз ету мәселесі туындайды. Ақпарат қауіпсіздігі – жүйенің бұл берілген уақыт аралығында, яғни ақпаратты өңдеу кезінде мәліметтердің жоғалуы мен модификациясының минималды ықтималдылығын қамтамасыз ету әдісі.

Күрделі ақпараттық жүйелердің дамуы мен ұйымдастырылуы маманға мынадай талаптар қояды: мәліметтердің үлкен массивтерімен жұмыс істеу технологиясын білу, ыңғайлы қолданбалы интерфейсті құра алуы, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпарат қауіпсіздігінің матақырыбытикалық, программалық және ұйымдастырушылық әдістерінің қажеттілігі және сол әдістердің мемлекеттік және муниципалды мекемелерде, ұйымдарда және басқа да қызмет салаларында өңделуі мен қолданылуын жүзеге асыратын мамандарға сұраныс үнемі артуда.

Ақпарат қауіпсіздігінің ұымдастырылуы мен технологиясы – ол қазіргі ақпараттық технологияларын қолдана отырып ақпарат алмасу, өңдеу және сақтауда оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерінің; программалық-аппарттық, криптографиялық және ұйымдық-құқықтық әдістердің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы.

Ақпараттық қауіпсіздіктің кешенді сипаттамасыбар және ол мыналарды қамтамасыз ету керек:

ақпараттың жинау, сақтау және байланыс каналдарымен тасымалдану этаптарындағы қауіпсіздігі;

криптографиялық әдістерді қолдана отырып, байланыс каналдарындағы ақпараттың қауіпсіздігі;

ақпараттың жинау, сақтау және байланыс каналдарымен тасымалдану этаптарындағы ақпараттың бүтіндігі мен түп-нұсқасы(имитозащита);

ақпарат алмасатын жақтардың аутентификациясы(электорнды цифрлық жазуды қолданып ақпаратты алущы мен жіберушінің ақпарат түп-нұсқасын куәландыру);

ақпараттық жүйелер мен деректер базасына жолды бақылау;

ақпараттың каналдар бойынша жоғалуы мен ондағы қапарат алатын электронды құрылғылардың болу мүмкіндігін көрсететін техникалық әдістердің қорғалуы;

ақпараттық жүйелердің есептеуіш техникасының программалық өнімдерінің прпограммалық «вирустардан» қорғалуы.

Ақпарат қауіпсіздігі мәселесі адамзат жазуды үйренген кезеңнең бастап пайда болды. Бәрі білугісі келетін ақпарат әрқашан да болды. Мұндай ақпараты бар адам оны әртүрлі тәсілдермен қорғауға тырысты. Оған белгілі мысалдар келтірсек: құпияжазу(арнайы сиямен жазылған хат), шифрлеу(«тарабарлық жазу», Цезарь шифрі, басқа да ыңғайлы алмастыру шифрлері, қойылымдар).

Қазіргі жалпы компьютеризация заманында көптеген адамдардың жұмысы, тіпті өмірлері де ақпарат өңдейтін компьютерлік жүйелерінің ақпарт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әртүрлі объктілерді бақылау мен басқаруға тәуелді. Мұндай объектілерге(оларды критикалық деп атайды) телекоммуникация жүйелерін, банктік жүйелерді, атом станцияларын, әуе және жердегі транспортты басқару жүйелерін, сонымен қатар құпиялы ақпартты өңдеу және сақтау жүйелерін жатқызуға болады. Бұл жүйелердің бірқалыпты және қауіпсіз функционалдануы үшін олардың қауіпсіздігі мен бүтіндігін сақтау қажет. Қазіргі кезде құпиялы ақпаратқа кірудің мынадай мүмкіндіктері бар:

бөлмедегі немесе автомашинадағы әңгімелесулерді алдынала орнатылған «радиожучок» пен магнитофондар арқылы тындау;

телефондық, телекстік және телефакстық байланысты, радиотелефондар мен радиостанцияларды бақылау;

әртүрлі техникалық құрылғылардан ақпартты дистанциялық алу, бірінші кезекте монитордан, компьютердің баспаға шығару құрылғыларынан және басқа да электронды техникалардан;

«қызықты әңгімелер» болып жатқан бөлме терезелерінің лазерлік сәулеленуі, мысалы, телевизор, радиоқабылдағыш немесе басқа да техника детальдарының қосылып кетуіне мәжбүр ететін бағытталған радиосәулелену.

Ақпарат әлсіздігінің үш аспектісі белгіленген:

1. физикалық түрде жойылу немесе бүліну;

2. санкцияланбаған(әдейі немесе абайсызда) модификацияның мүмкіндігі;

3. ақпаратты санкцияланбаған түрде алудың қауіптілігі.

ЭЕМ-де ақпарат қорғау мәселесін қарастырып отырып, бірін-бірі толықтыратын үш негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады:

1. ЭЕМ-дегі ақпарат өңдеу технологиясының ұйымдық және ұйымдық-техникалық әдістерінің іске асуы;

2. ЭЕМ-дегі өңделетін ақпаратты санкцияланбаған түрде алу жолын блоктау;

  1. Ақпаратты санкцияланбаған түрде алу жолын техникалық әдіспен блоктау.

ЭЕМ-де ақпарат қорғау мәселесін шешуде қиындық тудыратын негізгі факторлар болып мыналар табылады:

кең көлемде қолданылуы;

функциялау қиындығының әрдайым өсіп отыруы;

дербес компьютерлердің программалық қамтамаларының әртүрлілігі, қолданушылардың әртүрлі есептеулерінің жеңіл адаптациясы.

Иілгіш магнитті дискілерді қолдану әдейі істерге(ауыстыру, ұрлап кету, жүйеге “компьютерлік вирусты” енгізу, ақпаратты санкцияланбаған түрде көшірмесін алу, ЭЕМ желілерін заңсыз қолдану) жол беретінің айтып өту жөн. Бұл бағыттағы ақпарат қорғаудың негізгі өлшемі – иілгіш магнитті дискілерді қолдануды бақылау және ұйымдастыру.

Кез келген ЭЕМ-нің жұмыс уақыты кезінде ақпаратты санкцияланбаған түрде қабылдап алатын электромагниттік аймақ пайда болады. ДК-де бұл өте қауіпті, себебі ондағы өңделетін ақпарат құрылымдық болып келеді.

Сонымен қатар ЭЕМ-де ақпарат қорғау әдістерінің бірі болып криптографиялық әдіс табылады. Олардың негізгі мақсаты – ақпартты байланыс желілерімен тасымалданған кезінде, магнитті дискілерде сақталған кезінде қорғау және жалған ақпараттың енуіне жол бермеу.

Ақпарат қорғаудың практикалық жүзеге асуы программалық, яғни шифрлеу арнайы программамен жүзеге асады, және техникалық бола алады, яғни шифрлеу алгоритмі техникалық әдістермен жүзеге асады.

Қорғау жүйесі пайдаланушыларға ресурстарды қолдану кезінде ыңғайсыздық тудырмауы керек.

Ақпарат қауіпсіздігі үшін қорғау жүйесі әрдайым мынадай қорғанысты қамтамасыз етуі керек:

мәліметтерді өңдеу жүйесін бөтен адамдардан;

мәліметтерді өңдеу жүйесін пайдаланушылардан;

пайдаланушыларды бір-бірінен;

әр пайдаланушыны өз-өзінен;

мәліметтерді өңдеу жүйесін өз-өзінен.






Лекция №9

Тақырыб:Ақпараттың қауіпсіздігі және оның құрлымы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Студентерге : Әлемнің ақпараттық бейнесі ұғымына түсінік бере отырып. Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Дамытушылығы: Танымдық қызығушылығын дамыту, салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Студенттерді сабаққа деген қызығушылығын арттыру, әдептілікке баулу, білімдерін шыңдау

Сабақ жоспары:

1. Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:

  • Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;

  • Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;

  • Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

  • Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

  • Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;

  • Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;

  • Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;

  • Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;

  • Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:

  • Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;

  • Жұмыс орнын ретке келтiру;

Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

  1. Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);

  2. Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;

  3. Дәрігер шақыру;

  4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.

І. Күйген жағдайда:

  • Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.) беру;

  • Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;

  • Зақымданған жерге суық су құю;

  • Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.

ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:

  • Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып , қырымен орналатыру керек;

  • Нашатыр спиртін иіскету керек.

ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:

  • Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер олкүрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;

  • Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;

Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар

  1. Бас жаттығуларын жасау:

  2. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;

  3. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.

  4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.

  5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.

  6. Көз жаттығуларын жасау:

Көзге арналған жаттығулар

1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,

1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет

2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.

3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.

4. 1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.

Жаңа түсініктер:

Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т. б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл - қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Ақпарат материалымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық - әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық, химия - биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

1. статистикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

3. басқарушы және мәлімет беруші;

4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі .

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Ақпараттық қоғамның негізгі талабы —ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімделу.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет - журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.







Лекция №10

Тақырыб: Зақым келтіруші бағдарламалар және оның жіктелуі

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Студенттерге компьютерлік вирустардан қорғану жолдары

туралы жалпы мағұлмат беру.

дамытушылық: Студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту.

тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Пәнішілік байланыс: Компьютелік желілер, Интернет

Пайдаланылған әдебиеттер:

негізгі М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика»

қосымша М.М.Ерекешова, М.Р.Дүзбағамбетова, З.Р.Мурзабекова,

Ж.Қ.Убаева, Н.Қ. Наурызова. «Информатика» оқу құралы.

Студент білуге тиіс: Зақым келтіруші программаларды және оның жіктелуін

Студент істей білуі тиіс: Зақым келтіруші программаларды және классификациясын 
Сабақтың құрылымды-логикалық сызбасы мен хронокартасы:

Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АӨЖ бағдарламалары және оларды пайдалануға қажетті бағдарламалық құжаттар.

Негізінде, ПҚ - әр түрлі қолданушылар үшін көп қайталап пайдалануға арналған бағдарлама. БҚ-ның қасиеттеріне көңіл аударайық.

Бағдарламаның қолданыс мүмкіндігі

Қолданыстың мүмкін мақсаттары – БҚ-дың белгілі жағдайларға бейімделе алуы (адаптация), кателіктерінің жөндетілетіндігі, өзгертіле алатындығыц (модификация)

Барлық жағдайларда БҚ-дың құрылымдылығына қатаң талап қойылады және БҚ-мен бірге ол туралы толық ақпараттың құжаты болуыф қажет.

БҚ-ды бейімдендіру ісін құжатта және көрсетілген тағайындау сценарилерінің арнаулы баптау нұсқауларының көмегімен пайдаланушы да жүргізе алады.

Туындап отыратын қателіктерді түзету үшін оларды жин,ақтап және түзетуші пакеттердіі қалыптастырып, толықтырып отыратын дамыған сервистік қызмет көрсетуші қажет. Модификация БҚ-дың спецификацияларын өзгерту мақсаттарына қажет. Бұл ретте бұрынғы спецификациялар да сақталынады. Бқ-дың осылай эволюциялық даму қасиеттері пайдаланушыға тиімді.

Бағдарламалау жүйесі - бағдарлама тілінен, компьютерден немесе интернеттен тиісті құжаттардан бағдарламаны қажетті формада дайындауға, орындауға көмектесетін бағдарламалардан тұратын жүйе.

Бағдарламаны дайындау кезеңдері.

Бағдарламаны, әсіресе күрделі бағдарламаларды дайындау кезінде модульдік принцип сақталатындықтан, бағдарлама көбінесе бірнеше бөліктерден тұратын қадамды бағдарлама болады. Әрбір құрамдық бөлік жеке дайындалып, тексеріледі. Модульдік принцип бағдарлама құрастыру жұмысын, оны түзетуді, пайдалануды жеңілдетеді де, бағдарламаға құрылымдық қасиет береді.

Бағдарламалық модуль – сақтауға, трансляциялауға, басқа да бағдарламалық модульдермен біріктіруге арналған бағдарлама немесе функция түріндегі дайын бағдарламалық фрагмент.

Модульдық құрылымды таңдағанда ескерілетін жағдайлар:

- Функционалдық – модуль анықталып және аяқталған функцияны орындауы қажет.

- Байланыссыздық - модульдің басқа модульдермен байланысы аз болуы, ал глобальды айнымалылар арқылы байланыс және жады арқылы байланыс болмағаны тіпті жақсы.

- Арнайылылықтың - модульдің кіріс және шығыс параметрлері анықталған болуы қажет.

Бағдарламалау парадигмалары. Бағдарламалау парадигмасы – бұл бағдарлама жазу стилін анықтайтын идеялар мен түсініктер жиыны. Бірінші кезекте парадигма негізгі бағдарламалық бірлікпен және бағдарламалық модулділігіне жету принципінің өзімен анықталады. Бұл бірлік ретінде анықтама (декларативті, функционалды бағдарламалау), әрекет (императивті бағдарламалау), ереже (продуктивті бағдарламалау), өтулер диаграмасы (автоматты бағдарламалау) және басқа да мәндер орындалады. Қазіргі заман бағдарламалау индустриясында бағдарламалау парадигмасы өте жиі бағдарламалаушы құрал-жабдықтармен, әсіресе бағдарламалау тілімен және қолданылатын кітапханалармен анықталады.

Бағдарламалау парадигмасы бағдарламалаушы бағдарлама логикасын қандай терминдерге сипаттайтынын анықтайды. Мысалы, императивті бағдарлмалауда бағдарлама әрекеттер реттілігі сияқты сипатталады, ал функционалды бағдарламалауда өрнек және функцияны анықтау жиыны түрінде болады. Белгілі объектіге бағытталған бағдарламалауда (ОББ) бағдарламаны өзара әрекеттескен объектілер жиынтығы ретінде қарау қабылданған. ОББ негізінен мәнісі бойынша объектіге деректер және әдістер инкасуляция принципімен және қайталанушылықпен толықтырылған императивті бағдарламалау.






Лекция №11 – 12

Тақырыб: Антивирустік қорғау әдістері. Ақпаратты қорғау әдістерін ұйымдастыру

Білімділігі: Студенттерді ақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету.

Дамытушылығы: Студенттердің есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі: Студенттерді осы тақырып бойынша информатикалық терминдерді дұрыс айта білуге үйрету.

Әдебиет:

  1. Жапарова Г.Ә., Информатика негіздері. Оқу құралы. Алматы:Экономика, 2006-296 бет.

  2. Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Информатикадан 30 сабақ.Алматы:1999;

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған «көбейуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, шағын көлемді (200 ден 5000 байтқа дейін) компьютерлік программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Адамдарға жұқпалы аурулар бөгде ауырған адамдардан жұғады. Ал компьютерге «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файл арқылы түседі. Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" білінбейді.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады.

Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүғатын" вирустар жиі кездеседі. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды.
Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда.

Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүғатын" вирустар жиі кездеседі. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды.Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда.

Кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол түрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін ВОЗ программаларына жабысады.

Қазіргі кезде 50-мыңнан астам вирус бар. Олар үш бөлікке бөлінеді:

  1. Мекендеу ортасы бойынша: Желілік, файлдық, жүктейтін.

  1. Зақымдау әдісі бойынша: Резиденттік, резиденттік емес.

  1. Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті болып бөлінеді

Ә) Кез-келген әрекеттің қарсы әрекеті болады.

  • Адамдар ауырған кезде организмде қандай өзгерістер болады?

  • Ал, компьютерлік вирусқа қарсы әрекет бола ма? / жауап/

  • Вирустың пайда болуынан компьютерде мынандай өзгерістер болады:

Біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

  • кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар;

  1. компьютердің баяу жұмыс істеуі.

  2. жұмыстың тоқталуы

  3. файлдар мен қапшықтардың жоғалуы.

  4. файлдардың өлшемдерінің өзгеруі.

  5. дискіде файлдардың санының кенеттен өзгеруі.

  6. ОЖ бос орынының өлшемінің кішіреюі

  7. компьютер жұмысының жаңылысуы.

  • Вирусты кім жасайды, олар қайдан пайда болады?

1 жолы. Оларды білікті бағдарламашылар қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін

2 жолы Антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатынан жазады.

  • Адамдардың жұқпалы аурулары әр түрлі болады. Сондықтан әсер ету дәрежесіне байланысты компьютерлік вирустар әр түрлі болады.

  • қауіпсіз

  • қауіпті

  • өте қауіпті

  • Адамдар жұқпалы аурулардан қалай емделеді? (жауаптары)

Компьютерде дәрі-дәрмектердің ролін вирустық бағдарламалар атқарады. Олардың бірнеше типтері болады:

  • детектор-бағдарламалар

  • фактор немесе доктар-бағдарламалар

  • вакцина-бағдарламалар

  • ревизор-бағдарламалар.

  • фильтр-бағдарламалар.

Ескерту! Компьютерде вирус пайда болмау үшін адам өте ұқып-ты, жауапты болу керек. Комплекстік профилактикалық қорғау шараларын қолдану қажет.

"Ауырған" дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы

антивирустік программалар қажет

Компьютерлік вирустан емдеу жолдары.

Олармен күресу үшін вирусқа қарсы программалар жазатын мамандар бар, Д.Лозинский, Д.Мостовой, А.Данилов және т.б.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді. Ең көп тараған Aids test, Skan6 Norton AntiVirus, Doctor Wep және Касперски программалары.

/Вирус жұққан флэшка немесе дискетті антивируспен «емдеп» көрсету/

ІV. Сынып жұмысы. Студенттер біз енді 2 -топқа бөлініп Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз осы бүлінген хатты қалпына келтіру.

1хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текістік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік матрицалық, сия бүріккіш.

V. Сабақты бекіту

Дебат өткізу. " Компьютерлік вирустар"

Сыныпты екі топқа бөлеміз. І топ (жақтаушы),

2 топ (даттаушы)

Осындай сұрақтар қоямыз:

  1. Компьютерлік вирустар керек пе, жоқ па?

  2. Компьютерлік вирустардың пайдасы, зияны?






Лекция №13

Тақырыб: Бағдарлама тілі туралы жалпы мағлұмат

Мақсаты: Программалау тілі және оны топтастыру, программалау тәсілдері, құрылымдық программалау, модульдік программалау ұғымдарын енгізу.

Бағдарламалау тілдеріне шолу: бағдарламалау тілдерінің тарихы.

Бағдарламалаудың негізгі құрылғылары: жоғары деңгейлі бағдарламалу тілінің семантикасы мен синтаксисінің негіздері; айнымалылар, өрнектер және меншіктеу; қарапайым енгізу - шығару; тармақталу және интерактивті операторлар 

Бағдарламалаудың парадигмдері.

Процедуралық бағдарламалау.

Модульдік және құрылымыдық бағдарламалау концепциялары. Объектіге –бағытталған бағдарламалау

Программаны машиналық код түрінде жазу. Компьютердің негізгі орындаушысы – процессор. Ол оперативті жадымен бірге жұмыс істейді: оперативті жадыдан командалар мен берілгендерді алып, командаларға сәйкес берілгендерді өңдеп, оларды жадыға сақтауға немесе басқа құрылғыларға: видеокартаға, дыбыстық картаға, принтерге, модемге және т.б. жібереді.

Pentium типті процессорлардың орындайтын қарапайым әрекеттерінің саны мыңнан асады. Процессордың әрбір әрекеті үшін арнайы команда бар, олар 0-ден 255-ке дейінгі сандармен немесе сандар тобымен жазылады.

Процессордың командалар жүйесі. Егер процессордың барлық командалары мен әр команда үшін сандық кодтар жазылған таблицаны көз алдымызға елестетсек, мұндай таблица процессордың командалар жүйесі деп аталады. Әртүрлі процессорлардың командалар жүйесі әртүрлі. Сондықтан әртүрлі компьютерлік жүйелерде жазылған программалар бір-бірінде орындалмайды, оны команда жүйесі бойынша программалық сәйкестенбеу деп атайды.

Pentium модельді процессорлардың әртүрлі буындарға жататын процессорлардың команда жүйесі бойынша сәйкестенбеуінен пайдаланушыларға қолайсыздық тумауы үшін«жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі енгізілген. Мысалы, Pentium ІІІ процессорлы компьютерлерде Pentium І процессорлы компьютерлерде жасалған программалар орындалуы керек. Ал керісінше ертеректегі буын компьютерлерінде қазіргі компьютерлерде жасалған программа әрдайым орындала бермейді.

Компьютерлік программа. Компьютерлік программа – ол орындалатын инструкциялардың реттелген тізбегі.

Программаны машиналық кодта жазу. Процессордың барлық командалары 0-ден 255-ке дейінгі мәні бар сандармен немесе осындай сандар тобымен (байттармен) көрсетіледі. Тура осы сияқты оперативті жадыдағы сандық берілгендер мен ұяшық адрестері көрсетіледі. Егер біз процессордың программамен жұмыс істеуіне қарайтын болсақ, онда тек сандардың ұзын қатарын ғана көреміз. Олардың кейбірі - командалар, кейбірі - жады ұяшығының адресі, кейбірі – берілгендер: сандар, әріптер, дыбыстар, бейне т.с.с. Мысалы: 33, 0, 1, 34, 210, 15, 238 ...

Программаны жазудың мұндай формасы машиналық код деп аталады. Бұл жалғыз ғана процессорға түсінікті программаның жазылу түрі. Өкінішке орай ол адамдардың көпшілігіне түсініксіз.

Программалау тілдері. Қазір программаны машиналық код түрінде жазу қабылданбаған. Себебі, ол өте қолайсыз. Оның орнына программалау тілдері қолданылады. Программалау тілін оқу үшін оның командалары мен қолданылу ережелерін меңгеру керек. Программалау тілдерінің командалары – операторлары деп аталады.

Программаның бастапқы коды. Программаны программалау тілінде жазуды бастапқы коднемесе программа мәтіні деп атайды.

Транслятор – программа. Программа мәтіні – ол жұмыс істеу мүмкіншілігі бар программа емес, тек қана текст. Оны оқуға болады, бірақ компьютерде орындауға болмайды. Процессор тек қана машиналық кодты түсінеді, сондықтан адам жазған программа мәтінін машиналық кодқа аудару керек. Осы жұмысты арнайы транслятор-программалар орындайды. Транслятор – программаларды компьютерге орнатып алу қажет.

Трансляторлардың түрлері. Трансляторлар – аудармашы бағдарламалар. Олар аударманы әртүрлі тәсілмен орындайды, сондықтан олар әртүрлі болады. Трансляторлардың негізгі екі түрі: компиляторлар және интерпретаторлар.

Компилятор-программалар. Олар программист жасаған бағдарлама мәтінін толығымен қарап шығады. Синтаксикалық қателерді тексеріп, белгілі бір мазмұнды анализ жасағаннан кейін барып, машиналық кодқа автоматты түрде аударады (трансляциялайды). Нәтижесінде программа жинақы әрі тез жұмыс істейтін болады. Компилятор программалардың негізгі кемшілігі – берілгендердің күрделі құрылымын өңдеуге бағытталған жұмысының көптігі.

Интерпретатор-бағдарламалар. Интерпретатор программа мәтінінен кезектегі операторды алып, оның құрылымын талдап, сонан кейін бірден орындайды (трансляциялайды). Ағымдағы оператор толық орындалып болған соң ғана келесі операторға көшеді. Егер программада бір оператор бірнеше рет кездесетін болса, оны бірінші рет кездескендей орындайды. Осы қайталанатын есептеулерді қайта-қайта орындау керектігінің салдарынан программа баяу жұмыс істейді.

Программалау тілдерінің деңгейлері. Процессордың әртүрлі типтерінің командалар жиынтығы әртүрлі. Егер программалау тілі нақты бір процессордың типіне бағытталған болса, онда ол төменгі деңгейдегі программалау тілі деп аталады. Бұл программалау тілі машиналық кодқа өте жақын және процессордың нақты командасына бағытталған. Ең төменгі деңгейдегі программалау тіліне ассемблер тілі жатады. Ассемблер тілі процессордың машиналық кодының әрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы шартты белгілермен көрсетеді. Бір машиналық инструкцияны бір ассемблер командасына бірмәнді аудару транслитерация деп аталады. Әр модельді процессорлардың инструкциялар жиынтықтарының айырмашылықтары болған соң нақты бір компьютерлік архитектураның өзіне ассемблер тілі сәйкес келеді және онда жазылған программа осы ортада ғана қолданылады. Программа жасаушының процессордың барлық мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы болғандықтан төменгі деңгейдегі программалау тілінде жасалған программа өте тиімді және шағын болады. Екінші жағынан компьютер құрылғыларын жақсы білу қажет болады, үлкен қосымшалар жасау қиындық тудырады және ол тілде жазылған программа осы ортада ғана қолданылады. Мұндай тілдер кішігірім жүйелік қосымша жасауда, құрылғылар драйверлерін жасауда, яғни негізгі қажеттілік программаның шағын болуы, әрекет тездігі және аппараттық ресурстарға тікелей қатынас болған жағдайларда қолданылады.

Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері компьютерден қарағанда адамға жақын әрі түсінікті. Нақты бір компьютерлік архитектураның ерекшеліктері ескерілмейді, сондықтан мұндай программалар осы тілдің трансляторлары құрылған басқа платформаларға оңай ауыстырылады. Түсінікті әрі күшті командалардың көмегімен жоғарғы деңгейдегі тілде программалар жасау оңай және программа жасау барысында қателер аз жіберіледі.

Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне: Fortran, Cobol, Algol, Pascal, Basic, C(Си), C++, Java тілдері жатады.

Алгоритмдік (модульдік) программалау. Алгоритм – есепті уақыт бойынша шектеулі қарапайым әрекеттер тізбегіне бөлу тәсілімен шешуді формалды жазу. Алгоритмдік программалаудың негізгі идеясы – программаны әрбіреуі бір немесе бірнеше әрекет орындайтын модульдердің тізбегіне бөлу болып табылады. Модульге негізгі талап – оның орындалуы әрқашан бірінші командадан басталып, соңғы командадан аяқталуы керек. Таңдалынып алынған программалау тілінде алгоритм берілгендерді көрсету, мәндерді есептеу, программаның орындалу тізбегін басқару командаларының көмегімен жазылады.

Құрылымдық программалау. Модульдік программалауда программа мәтіні меншіктеу операторларының сызықтық тізбегі, циклі, шартты операторлар екені белгілі. Мұндай тәсілмен бірнеше жүз код жолдарынан тұратын өте күрделі емес программаларды жазуға болады. Одан әрі программа мәтінінің түсініктілігі төмендейді, себебі көптеген бірінің ішіне бірі салынған шартты операторлар, циклдер пайда болады да, программа логикасы шатасады. Сондықтан операторлардың ұзақ сызықтық тізбегін теру және тексеру мүмкін емес. Мөлшері бойынша орташа қосымшаларды жасау үшін құрылымдық программалауқолданылады. Құрылымдық программалаудың негізі идеясы - программа құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсетіп отыруы керек. Осы мақсатта ішкі программа ұғымы енгізілген. Ішкі программалар – программа мәтінінің басқа бөліктеріне тәуелсіз, қажетті әрекетті орындайтын операторлар жиынтығы. Программа әрбіреуі программаның бір әрекетін орындайтын бірнеше ұсақ ішкі программаларға бөлінеді. Осы ішкі программаларды біріктіре отырып, соңғы алгоритмді қарапайым операторлардан емес, белгілі мағынасы бар, аяқталған код жиынтықтарынан тұратын қорытынды алгоритм құрылады. Ішкі программалардың жеке атаулары болады. Ішкі программаларды қолдану мүмкіндігі программалау тілін процедуралы тілдер класына жатқызады.

Delphi ортасы мәлеметтер қорымен жұмыс істейтің программаларды құруда BDE (Borland DataBase Engine), механизмі қолданылады. Бұл механизм деректерде өңдеу үшін Паскаль тілінде жазылған программаны мәлеметтер қорының архетектурасынан тәуелсіз орындай алады. Мәлеметтер қоры файл-серверлік, клиент-серверлік архетектураның қайсысында құрылсада өңдеуге бірдей дәрежеде қатыса алады. Бұл механизм клиент программа мәлеметтер қоры арасында байланыс орнатады.

Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және обьектілі- бағдарлы болып 3 түрге бөлінеді. «Логика» термині logos (логос) деген грек сөзінен шыққан, ол «ойлау», «түсіну», «сана» деген ұғымды береді. Ойдың мазмұны және құрылымы: ой мазмұнына қарай құбылыстардың бекелі санасындағы дәлме –дәл бейнелеуін ақиқат дейді. Ал қарама-қарсы түрін жалған дейді. Логика ғылымы ретінде негізін қалаушы ежелгі грек философы Аристотель (384-322 ж.б.з.д). Ол ең алғаш дедукция теоремасын өңдеген. Математикалық дәлелделермен математикалық сұрақтарды зертейтін ғылым. Математикалық логика пәні- предикаттарды есептеу. Негізінде бірнеше көп тілді программалау логикалық предикаттар жатыр және алгоритм теоремасы: мысалы тілдің атауы Prolog қысқаша «логикалық программмалау » деп атайды.

ОБП тілінде прграммалалардың жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олар, әсіресе Delphi программалау тілі кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Delphi -дің негізгі ерекшелігі- онда қосымша құруды компонентік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады. Компонентік тәсілдің мәнісі жеңіл: қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компонентерден жинақталады.

Ол жеткіліксіз болса, обьектіні өңдеуге арналған үстеме программа құралады. Компонентер визуалды кітапханасында (VCL- Visual Component library) жинақталған.

Компонентер панелінде түрлі класстарға тиісті стандартты компонентер өте көп пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панелге қосуына да болады.

Delphi -де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимидия, процесстерін ұйымдастыру, OLE техналогияны пайдаланады, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б іс-әрекететрді орындауға болады. Көптеген оператордың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, әдіс, класс, қасиеті ұғымдарымен еркін танысып, компонентерді пайдаланып және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

Бекіту сұрақтары:

  1. Программаны машиналық код түрінде жазуды қалай түсінесің және ол қандай негізгі құрылғымен байланысты? 

  2. Процессордың командалар жүйесі деген не? 

  3. Pentium модельді процессорлардың командалар жүйесінің сәйкестенуі деген не? 

  4. «Жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі туралы айтып бер. 

  5. Компьютерлік программа деген не? 

  6. Транслятор – программа деген не? 

  7. Трансляторлардың түрлері туралы айтып бер. 

  8. Компилятор-программалар деген не? 

  9. Интерпретатор-бағдарламалар деген не? 

  10. Программалау тілдерінің деңгейлері ұғымын түсіндіріп бер. 

  11. Төменгі деңгейдегі программалау тіліне қандай тіл жатады? 

  12. Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне қандай тілдер жатады? 

  13. Алгоритмдік (модульдік) программалау ұғымын түсіндіріп бер. 

  14. Құрылымдық программалау ұғымын түсіндіріп бер. 

  15. Ішкі программа деген не?






Лекция №14 - 15

Тақырыб: Алгоритм ұғымы Алгоритм түрлері

Мақсаты: Алгоритм ұғымымен танысу. Алгоритм құруды үйрену 
Теориялық түсініктеме:

ЭЕМ машиналық команда түрінде жазылған тек бір қарапайым арифметикалық не бір логикалық амалды ғана орындай алатын етіп құрылған. ЭЕМ арқылы ақпаратты өңдеу нәтижесін табу үшін біртіндеп орындалатын амалдар, нұсқаулар тізбегін алдын ала дайындап алу керек. Нәтиже алу үшін арнайы ереже бойынша жинақты түрде дайындалған нұсқаулар тізбегі– алгоритм деп аталады. Яғни, алгоритм – белгілі бір нәтижеге жету үшін ретпен орындалатын әрекеттер жиынтығы.

Алгоритм қасиеттері: 

1.Жалпылылық - әрбір алгоритмнің барлық деректер иыны үшін анықталуы керек. .

2.Анықтылық – алгоритмнің әрбір қадамы нақты бір амалды анықтауы немесе орындауы керек.

3.Нәтижелілік – алгоритмнің ь орындалуы, нақты нәтиже беруі. 

Алгоритмді әр түрлі тәсілдерді пайдаланып дайындау мүмкін. 
Берілгендер – информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі ЭЕМ-ге ендірілетін, шығарылатын және ішкі кодталған түрде өңделетін информация - берілгендер деп аталады.

Алгоритмнің қарапайым операцияны орындауы үшін машинаға берілген әр нұсқауы машиналық команда деп, ал командада көрсетілген сан және символ –аргумент деп аталады.

Машинаға түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған есептің алгоритмі осы есептің программасы деп, программа құру процесі – программалау деп аталады.

ақпаратты өңдеудің алгоритмін 3 түрлі жолмен құруға болады.

Алгоритмнің берілу формалары:

1) ауызша алгоритм

2) блок-схема түрінде

3) алгоритмдік тілде

Ауызша алгоритм – күнделікті пайдаланылатын сөздер мен математикалық символдарды қолданып жазылған жеке-жеке нұсаулар жиынтығынан тұрады.

Блок-схема – түрлі арнайы фигуралар, нұсқаулар арқылы программада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схема. Мұнда алгоритмде орындалатын әрекеттер геометриялық фигуралар арқылы сызылып, олардың байланыс жолдары нұсқама арқылы көрсетіледі. 
басы а) алгоритмнің басы мен соңы Соңы

б) - берілгендерді ендіру және нәтижені шығару

в)- шартты тексеру

г)- информацияны өңдеу

д) - байланыс бағыттары

Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады. Пайдаланылатын символдар – тілдің алфавитін, ережелер жүйесі-оның синтаксисін құрайды.

Алгоритмнің құрылымдық жағынан бөлінуі:

  1. Сызықтық - әрекеттер ретімен бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады. 

  2. Тармақталған – алгоритм қандай да бір шартқа байланысты тармақталып кетеді. 

  3. Циклдік – белгілі бір қадамдар қайталана беретін алгоритм. 

  4. Көмекші алгоритм – программа ішіне алдын –ала дайындалған алгоритм. 

Тапсырма: 

  1. Екі жай бөлшек берілген. Олардың бөліндісін есептейтің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз 

  2. а,b,c 3 нақты сан берілген. Ең үлкенің табатын есептің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз. 

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1-тапсырма:

Екі жай бөлшекті бөлу амалы келесі түрде орындалады.   Сондықтан бізге n,m сандарын табу керек.

Есептің алгоритмі келесі түрде болады:

Алг Бөлшектерді бөлу(нақ a, b, c, d, m, n) {Қолданушы енгізетін және алгоритм есептеп шығаратын айнымалылар типі көрсетіледі} арг a, b, c, d {Қолданушы енгізетін айнымалылар } нәт m, n {Шығатын айнымалылар } басы

Енгізу a, b,c,d

m=a*d 
n=b*c

шығару алымы=m

шығару бөлімі=n 
cоңы 
Есептің блок- схемасы
Басы a, b, c, d m=a*d

n=b*c

m,n соңы

Есептің блок- схемасы:

Бекіту сұрақтары: 

  1. Алгоритм териніне анықтама беріңіз 

  2. Алгоритмнің қандай түрлерін білесіз

  3. Алгоритмнің қасиеттерін атаңыз 

  4. «Алгоритм» терминінің шығу тарихын айтыңыз 

  5. Алгоритм қандай элементтерден тұрады? 







Лекция №16

Тақырыбы: Бағдарламалау туралы мағлұмат

Бағдарламалау (орыс. Программирование; ағылш. programming) :

1) есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған программаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтінпен;

2) компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын" программалау тілінде бейнелеу (программа жазу); программаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да Программалау деп аталады;

3) мәліметтер өндеу істерін программалық басқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін теориялық жөне практикалық қызмет. Программалау — нақты программа құрылымын жасап, оның мәліметтерді кодтап жазып оны құрастыру істері кіреді.[1]

Бағдарламалау, программалау – 1) есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе орындалатын командалар тізбегіне келтіру процесі. Ол есептерді шешу алгоритміне сәйкес бағдарлама жасаудан, оны жөндеуден және қолдану барысында жетілдіру кезеңдерінен тұрады; 2) ақпараттанудың ЭЕМ үшін бағдарлама жасау тәсілдерін, сондай-ақ оны жөндеуді және жетілдіруді зерттейтін саласы. Бағдарламалау ғылым пән ретінде теориялық Бағдармалау, жүйелі Бағдарламалау және қолданбалы Бағдарламалау болып бөлінеді. Бағдарламалаудың негізгі принциптері 1947 жылы американ ғалымдары Дж. Нейман, А. Беркс және Г. Голдстайнның еңбектерінде дами бастады.Қазақстанда алғашқы ЭЕМ-дер (“ЭВ-80-3”, “ИПТ-5” және “Урал-1”), 1960 жылы Қазақстан Ғылым АкадемиясыныңМашина және есептеу математикасы лабораториясында қолданылды. Онда кен қазбаларының мөлшері мен қорын анықтауға, астрофизика есептерін шешуге т.б. мәселелерге арналған алгоритмдер жасалып, бағдарламалар құрылды. Кейіннен фортран, алгол, паскаль, ПЛ-1, т.б. бағдарламалау тілі пайдаланылды. 1970—1990 жылыреспубликамыздың көптеген мекемелері, әсіресе жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ин-ттары жылдамдығы әр түрлі ЭЕМ-дермен қамтамасыз етіліп, бағдарлама құрастыру, жетілдіру және оны пайдалану жұмыстары одан әрі дамыды.

Бағдарламалаудың типтік жүйелері. Жұмыс істеу схемасы. Бағдарламалау жүйесі – бұл нақты бағдарламалау тілінде жаңа бағдарламаларды өңдеуге арналған жүйе. Әдетте қазіргі бағдарламалау жүйелері қолданушыларға бағдарламаларды өңдеу құралдарының қолайлы және қуатты жабдықтарын береді. Оларға жататындар:

компилятор немесе интерпретатор;

· өңдеудің интегралданған ортасы;

· бағдарлама мәндерін құру және түзету жабдықтары;

· стандартты бағдарламалар мен функциялардың көлемді кітапханалары;

· бағдарламадағы қателерді табуға және жоюға көмектесетін бағдарламалар;

· диалогтік орта;

· жұмыстың көптерезелі режимі;

· қуатты графикалық кітапханалар; кітапханалармен жұмыс істеуге арналған утилиталар;

· орнатылған анықтамалық қызмет;

· басқа да өзгеше ерекшеліктер.

Танымал бағдарламалау жүйелері - Turbo Basic, quick Basic, Turbo Pascal, Turbo C. Соңғы уақытта Windows-қосымшаларын құруға бағытталған жүйелері кең таралуда.

Жасалатын бағдарлама құрылым. Бағдарламалау жүйесінің негізгі компоненттерінің нұсқалары. Төменде бір қарапайым есепті - А= (а1, а2, ..., аn) бір өлшемді массивтің элементтерінің қосындысын табуға Бейсик, Паскаль, және Си тілдеріндегі бағдарламалары берілген.

Бейсик тілі Дж. Кемени және Т.Курстармен 1965 жылы қарапайым бағдарламаларды жазуды жеңілдететін, бастауыштарға арналған тіл ретінде құрылған. Бейсиктің көптеген қосымша тілдік құрамалары бар қарапайымнан бастап жетілген жүздеген түрлі нұсқалары бар. Бейсик өте танымал бағдарламалау тілі.

Бейсик тіліндегі бағдарлама:

10 INPUT “N=”;N

20 DIM A(N)

30 FOR I=1 TO N

40 PRINT “A(“;I;”)=”;

50 input a(i)

60 next i

70 s=0

80 for i=1 to n

90 s=s+a(i)

100 next i

110 print “сумма=”;S

Паскаль тіліндегі программа:

type mas = array [1..100] of real;

Var A:mas;

I,n:integer;

S:real;

Begin

Readln(n);

For i:=1 to 10 do

Readln(A[i]);

S:=0;

For i:=1 to 10 do

S:=S+A[i];

Writeln (‘S=’, S:8:2);

End.

Си тілі (1972 жылы Деннис Ритчи ұсынған) әдетте тек Ассемблер тілінде бағдарламалағанда қол жеткізген компьютер ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндіктері бар жоғары дәрежелі тілдің қасиеттерін біріктіреді.

Си тілін үйрену қарапайым емес және бағдарламалауда мұқияттылық қажет, бірақ ол ас тиімді және күрделі бағдарламаларды құруға ерік береді.

Си тіліндегі бағдарлама:

#include <stdio.h>

Main ()

{

Float a[100],s;

Int I,n=100;

For (i=0;i<=n;i++)

Get (a[i]);

For (i=0;i<=n;i++)

S=s+a[i];

Printf (“s=f/n”,s);

}

Баідарламалық құрал-жабдықтар дегеніміз басқа қолданбалы немесе жүйелік бағдарламалаудың дамуы немесе оларды түзету, өңдеу кезеңдерінде қолданылатын бағдарламалар. Олар өздерінің міндеттері бойынша бағдарламалау жүйелеріне жақын. Бағдарламалық құрал-жабдықтарға мысалы мыналар жатады:

- редктор;

- бағдарламаларды құрастыру жабдықтары;

- жөндейтін бағдарламалар, яғни бағдарламалардағы қателерді табуға және жоюға көмектесетін бағдарламалар;

- жиі қолданылатын жүйелік амалдарды жүзеге асыратын көмекші бағдарламалар;

- графикалық бағдарламалар пакеті және т.с.с.

Бағдарлама – нақтылы алгоритмге арналған ақпаратты өңдеу жүйесінің (АӨЖ) жекелеген белгілі бөліктерін басқаруға арнайыдайындалған мәліметтер.

Бағдарламалардың да мәліметтердің де бір түрде, яғни мәлімет түрінде бір жадыда қатар сақталуы Фон Нейман машинасының негізгі қағидасы. Мәлімет те, бағдарлама да белгілі кодтар түрінде жады да орналасады. Әрине, бағдарлама – белгілі мәліметтердің ішіндегі белгілі әрекеттерді орындау мақсатына арналған екпінді бөлігі. Процессор үшін бағдарламаның командалары оқылып, коды анықталатын, ерекше бөліктері бойынша командаға айналатын мәлімет. Басқа бір жағдайларда, мысалы, жоғары деңгейлі тілдерді (ЖДТ) өңдейтін компилятор үшін кірмесіндегі мәліметтер машина кодындағы командаларға аударылуға қажетті мәтіндер болады.






Лекция №17

Тақырыбы: Жүйе және бағдарламалау түрлері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Студентерге : Ақпараттық жүйелер және ресурстары ұғымына түсінік бере отырып, білім беру ақпараттық ресурустарымен таныстыру, ережелерін үйрету.

Дамытушылығы: Танымдық қызығушылығын дамыту, салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Студенттерді сабаққа деген қызығушылығын арттыру, әдептілікке баулу, білімдерін шыңдау

Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Ақпараттық жүйе – объектіні басқаруға қажетті ақпаратты беру мен жаңарту, сақтау, жинақтау жүйесі.

Ақпараттық жүйе компоненттері:

1. аппараттық құралдар: ЭЕМ және құрама бөліктер (процестер, мониторлар, терминалдар, периферийлік құрылғылар, дисководтар, принтерлер, контроллерлар, кабелдер, байланыс линиялары) және т.б.;

2. программалық қамтамамыз етуге: алынған программалар, негізгі, объектілі, жүктелетін модулдер, операциялық жүйелер және жүйелік программалар (компиляторлар, құрастырушылар және басқалар), утилиттер, диагностикалық программалар;

магниттік тасымалдаушылардағы тұрақты және уақытша сақталатындар, баспа архивтері, жүйелік журналдар және т.б.;

4. персонал – қызмет етуші персонал және қолданушылар.

Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты (ақпаратты өңдеу жүйесі) – қауіп-қатерге қарсы әрекеттер:

1. өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері;

2. өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері;

3. жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу қатері.

Ақпараттарды қорғаудың негізгі түсініктері

Ақпараттар, оны қорғаудың тапсырмалары тұрғысынан, жеке тұлғалар, бұйымдар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және үрдістер туралы, олардың көрініс беруінің формасына қарамай, берілетін мәліметтер. Көрініс беруінің формасына қарай ақпарат сөздік, телекоммуникациялық және құжатталған болып бөлінеді.

Өздік ақпарат арнайы орындардағы әңгімелесуде, байланыс жүйесіндегі жұмыстарда, дыбыс күшейтуде және дыбыстарды қайта жаңғыртуда пайда болады. Телекоммуникациялақ ақпарат ақпараттарды өңдейтін және сақтайтын техникалық құралдарда, сол сияқты байланыс арналарындағы олардың берілуі кезінде айналымда болады. Құжатталған ақпараттарға, немесе құжаттарға негізгі көздері көрсетілген материалдық тасушылар түріндегі ақпараттар жатады.

Ақпараттық үрдістерге ақпараттарды жинақтау, өңдеу, қорландыру, сақтау, іздеу және тарату үрдістерін жатқызады.

Ақпараттық жүйе деп ақпараттық үрдістерді жүзеге асырушы құжаттардың, құжаттар топтамасының және ақпараттық технологиялардың реттелген жиынтығын атайды.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз жеке түрде немесе ақпараттық жүйе құрамында болатын құжаттар мен құжаттар топтамасы.

Азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасалынған тиімді жағдайлар үрдісін тұтасымен алғанда ақпараттандыру деп атайды.

Ақпаратты ашық және пайдаланылуыуы шектелген деп бөледі.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?







Лекция №18

Тақырыбы: Медициналық ақпараттық жүйенің даму тарихы

Сабақтың мақсаты: 
білімділік: Студенттерге компьютерлік вирустардан қорғану жолдары

туралы жалпы мағұлмат беру.

дамытушылық: Студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту. 
тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу. 
Пайдаланылған әдебиеттер:

негізгі М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика»

қосымша М.М.Ерекешова, М.Р.Дүзбағамбетова, З.Р.Мурзабекова,

Ж.Қ.Убаева, Н.Қ. Наурызова. «Информатика» оқу құралы.

Медециналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді

Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары.

Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

• Сан
• Формула
• Мәтін

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады






Лекция №19

Тақырыбы: Медициналық ақпараттық жүйенің даму тарихы

«Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясының (МБДФ) медициналық білім беру сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу ұлттық стандарттары әзірленді және бекітілді. Инвестициялық жоба шеңберінде (2008 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы және Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің арасында қарыз туралы келісім): «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымы(ДДҰ)/Еуробюроның қолдау көрсетуімен медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша 16 ұлттық сарапшыны даярлады. Халықаралық сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік 4 медициналық ЖОО аккредиттеуден өтті.»[6]

Cурет 1.10 000 адамға шаққандағы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің саны

Ескерту- мәліметтер Қазақстан Республикаының статистиика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алнған www.stat.gov.kz.

Сонымен қатар, медициналық білімнің көптеген мәселелер шешімін таппай отыр. «Мысалы, 4 медициналық ЖОО-да университеттің жеке клиникасының болмауына байланысты болашақ дәрігерлерді науқастың төсегінің жанында толыққанды даярлау мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Медициналық білім беру ұйымдардың материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай емес. Оқытылған оқытушылар санының жеткіліксіздігіне байланысты оқу үдерісіне оқытудың интерактив әдістерін енгізу белсенді жүргізілмей жатқан байқалады.». Пациенттің қауіпсіздік қағидатары және қауіп-қатерді басқаруды оқытуда өз көрінісін табуы керек. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін одан әрі арттыру өзекті мәселелердің бірі.

«Медициналық ЖОО-ның талапкерлеріне арнайы талаптар қоюдың маңызы зор. Елімізде медициналық ЖОО-лар мен колледждердің түлектерінен тәуелсіз емтихан алу тәжірибесі де іске асырылмаған.

Әлемнің озық медициналық мектептерінің қызметін талдау 3 негізгі факторды анықтайды, олардың үйлесімі оның жетістігін қамтамасыз етті: тиісті ресурстардың болуы, талант концентрациясы (оқытушыларда, сонымен қатар студенттерде), тиімді басқару»

Білім беру ұйымдарының автономдылығын және басқарудың ашықтығын арттыру мақсатында басқарудың корпоративтік формасының қағидатын енгізумен медициналық басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидатын енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жаңа құрылым стратегиялық пайымдауды дамытуға,бюрократтық кедергілерсіз шешім қабылдауға және ресурстарды басқаруға мүмкіндік беретін инновацияларға және икемділі болуға көмек көрсетеді.

«Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың негізгі қағидаттары:

Сапа.

Құзыреттілік тәсіл.

Ғылыммен және практикамен ықпалдасу.

Икемділік.

Бәсекеге қабілеттілік.

Әлеуметтік жауапкершілік болуы тиіс.»

«Медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін даярлау сапасының критерийі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Білім беруде құзыреттілік тәсіл негізгі құзыретіне негізделген студенттер мен оқытушыларға арналған білім беру бағдарламаларының болуын көздейді. Медициналық ЖОО-ларда ғылыми қызметті дамыту арқылы ғылым мен практиканы ықпалдастыру қағидаты, білім беру қызметіне денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын тарту түлектің сапалы дайындығына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Таңдау компонентін көбейту арқылы білім беру бағдарламаларын икемді ету көпшіліктің сұранысына бағдар жасауды қамтамасыз етеді, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің басымдықтары ғылым мен техниканың жетістіктеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді.». Түлектің бәсекеге қабілеттілігі тек кәсіби ғана емес, ортаға бейімделуі тұрғысынан сол түлектің басымдықтарын қамтамасыз ететін жеке мінездемесінің жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік жауапкершілік қағидатына бірнеше бағыттар кіреді, оның ішінде қоғамда болашақтағы қажеттілікке жауапкершіліктің артуы және басқа да мүдделілік танытқан тараптармен ынтымақтастықты нығайту, үздіксіз кәсіби дамуға қолдау көрсету, білім беруде, зерттеу қызметіне және медициналық қызмет көрсетуде және т.б., сапаны қамтамасыз ету.

Сурет 2. ҚР аймақтары бойынша орта медициналық қызметкерлер саны 2015 жылғы көрсеткіш бойынша

Ескерту- мәліметтер Қазақстан Республикаының статистиика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алнған www.stat.gov.kz.

«Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беру дамыту үшін алдағы уақытқа бірнеше мақсат пен міндеттер қойылды:

1-мақсат. Медициналық және фармацевтикалық білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру

Міндеттер:

Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді басқару жүйесін жетілдіру.

Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуді қоса алғанда, медициналық білім беру ұйымдарында менеджмент жүйесін жетілдіру.

Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану.

Білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыру тетігін жетілдіру және медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

2-мақсат. Білім беру бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру

Міндеттер:

Медициналық білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттарын әзірлеу.

Білім, ғылым және практикалық денсаулық сақтаудың ықпалдасуын қамтамасыз ету.

Медициналық білім беруде әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.

Үздіксіз медициналық білім беру принциптерін одан әрі іске асыру.

Медициналық білім саласында зерттеулерді дамыту.

3-мақсат. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру

Міндеттер:

1.Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарыоқытушыларының әлеуетін арттыру жүйесін енгізу;

2.Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарыоқытушыларының еңбегін ынталандыруды жетілдіру.» [11]

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарын төмендегі кестеден көре аламыз.

Кесте 1. Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін

реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарынан келтірулер

Ескерту-мәләметтер Қазақстан Республикасының  электронды үкіметінің ресми сайтынан алынды www.egov.kz

2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері  талқыланды.

Сурет 3. Жағдайды модельдеу арқылы тәжірибелік оқыту циклі

  «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде оқу процесінің бағдары соңғы нәтижесінде бірінші кезекте сапалы-жаңа деңгейдегі медициналық білімді құруға ұмтылыспен медициналық білім үлгісі, кәсіпті бағдарланған құзыреттерді қалыптастыруда. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде, білім беру процесінің соңғы нәтижеге деген бағдары, медициналық білім берудің сапалық – жаңа деңгейін құруға ұмтылады – кәсіби біліктілікті қалыптастыруға бағытталған, оқуға деген құзіреттілік медициналық білім беру моделі жасалуда. Білікті білім беруге деген алғашқы саты ҚазҰМУ түлектерінің кәсіби біліктілік үлгісін анықтау болып табылады, ол келесі компоненттерді қалыптастырудан тұрады: когнитивті компонент: -білім, операционалды компонент: -кәсіби ілімдер, құқықтық компонент: «денсаулық қорғаушысы» т.б. денсаулық сақтау саласындағы заңдар мен нормативті құжаттарды білу; үздіксіз білім алу, . өзін-өзі жетілдіру мен ӛзіндік дамуға деген дайындық. ҚазҰМУ медициналық білім берудің үлгісін жетілдірудің келесі қадамы жеке пәндер мен оқу деңгейінің біліктілігін жүйелеу және оқу-әдістемелік бағдарламаларды құрастыру болып табылады

Денсаулық сақтау және фармация саласындағы әкімшілік-құқықтық және ұйымдастырушылық-құқықтық басқарудың әдістері мен тәсілдерін білу;

Мамандардың кәсіби білім алуының үздіксіз жалғасуы. ҚазҰМУ–дың оқу бағдарламаларды енгізудегі негізгі мақсаты, білімі халықаралық стандартқа сай келетін біліктілікке ие, бәсекеге қәбілетті маман дайындау.

Аталған бағдарлама медицина және фармация мамандарын даярлаудағы кемшіліктердің орнын толықтырады. Осыған орай, ұсынылған оқу бағдарламасы оқудағы біліктілік кӛзқарасты қалыптастырып, ғылым мен тәжірибедегі ортақ адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде кәсіби тұлға болып қалыптасуға кӛмектеседі. Бұларды енгізу оқу жүйесін оңтайлы етуге, студенттер мен оқытушыларды соңғы нәтижеге бағыттауға, тәжірибелік жұмыстарды желілдіруге, психологиялық-педагогикалық қолдау, білім алушылардың кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылатуға және жалпы алғанда оқу орнының білім сапасын кӛтеруге бағытталған. Оған қоса құрастырылған бағдарлама медицина профиліндегі мамандарға оқудың жеке траекториясын анықтауға және осы арқылы ӛз пәнінен терең білім алуға мүмкіндік береді.»

Кесте 2.С.Ж.Асфендияров атындағы «Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің» жоғары арнайы білім мамандықтары

Ескерту-мәліметтер Қазақ Ұлтық Медицина Университетінің ресми сайтынан алынды www.kaznmu.kz

«Негізгібасымдықтар:

Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.

Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.

Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.

«Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.

Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады.

Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.

Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс.

Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек.

Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.

Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.» Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.02.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі