Материалдар / Информатика пәнінен саббаққа өзіндік талдау

Информатика пәнінен саббаққа өзіндік талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып.Сабақтың тақырыбы «Компьютерлік графика» бөліміндегі «Растрлық және векторлық кескіндерді салыстыру»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2023
1049
30 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика пәні мұғалімі Бургамбаева М.А-ның сабаққа өзіндік талдауы.

20.12.2022ж. 5-сыныпта «Информатика» пәнінен сабақ өтті. Сыныпта барлығы 7 оқушы, қатысқаны 7 оқушы,оның 5уі «5»-ке, 1уы «4»-ке, 1уі «3»-ке оқиды, сыныптың пән бойынша білім сапасы 87%.

Сабақтың тақырыбы «Компьютерлік графика» бөліміндегі «Растрлық және векторлық кескіндерді салыстыру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 5.2.2.4- растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Осыдан алынған сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі

Көптеген оқушылар: растрлық және векторлық графиканың ұқсастығы мен айырмашылығын топтастырады

Кейбір оқушылар: салған суреттердің айырмашылықтарын жазады

-Сабақтың басында оқушылар түгенделіп, сабақ мақсаты хабарланды. Бұл сабақтың маңызы ашып айтылды.

- Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңіне назар аудардым: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, мотивациялау мақсатында «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргіздім және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырдым. Оқушыларды сабақтағы жетістік критерийлерімен таныстырдым, бағалау парақтарын таратып бердім. - Алдыңғы білімді қайталау мақсатында үй тапсырмасын «Өткенге шолу» әдісі арқылы тексердім. Мұнда оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсірді. Жауап берген оқушылар: Болат Елдос, Ермекқызы Інжу, Найманғазы Нұрәли, Қалиақар Камилла, Калиакперова Сабинаны 1 баллмен бағаладым.

- Оқушылар 1-тапсырманы орындауда «Талдау» әдісі арқылы топтық жұмыс жасап, растрлық және векторлық графиканы салыстыру кестесіне сала отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын топтастырып, қорытынды тұжырым жасады. Бұл тапсырманы 6 баллмен бағаладым.

2-тапсырма жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс жасады. Бұл тапсырма векторлық кескін салу редакторында үш түрлі сурет салу. Оқушылар тапсырманы орындап, бағалау критериилеріне байланысты суреттерді салуда қайсысы қиын, қайсысы оңай болғандығын түсіндірді. Бұл тапсырма бойынша Айдынбекұлы Олжас, Сайлаухан Айхан, Қалиақпар Камилла 1баллмен, Болат Елдос, Ермекқызы Інжу, Найманғазы Нұрәли, Калиакперова Сабина 2 баллмен бағаланды. Кері байланыс алынды.

Сабақ мақсатына жетуде дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды (интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаландым.

- Оқушының сабақты түсіну деңгейін анықтау мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасалды, талданды.

-Үйге берілген тапсырмаға түсіндірме жасалып, ЕБҚ оқушыларға жекелей тапсырмалар берілді.

Сабақтың екінші бөлімінде бөлім бойынша жиынтық бағалау алдым.


-Сабаққа қойылған мақсат толығымен орындалды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ