400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика пəнін оқытуда жаңа əдіс-тəлсілдердің тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тиімді əдіс-тəсілдер
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Информатика пәнін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі»

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»

Н.Ә.Назарбаев.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.

Қазіргі заман талабындағы мұғалімнің басты мақсаты-сабақ сапасын көтеріп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, тиімді оқыту болып табылады. Сондықтан әр мұғалім сапалы білім беру үшін оқытудың тиімді әдістерін таңдау керек.

Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Оқушылардың білімді өздігінен меңгеруі арқылы қызығушылығын ояту мақсатында оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай жүзеге асады. Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп.

Олар оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Мен үшін негізгі мақсат – әр сабағымды түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.

Себебі қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Ізденімпаз, талапты;

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.

Мұны жүзеге асыру үшін түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды талап етеді. Мен қазіргі таңда информатика сабақтарында пайдаланып жүрген жаңа әдіс-тәсілдеріммен бөліскім келеді.

Сабақтың бірінші кезеңіне тоқталатын болсақ қызығушылықты ояту кезеңінде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолдану тиімді.

Тиімді оқыту мен оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Сондағана оң нәтиже көрсетеді.

Информатика сабағында «джигсо» әдісімен топпен жұмыс жасаудың тиімділігін ұсынып отырмын. Жаңа сабақта пайдаланудың тиімділігі джигсо- көлемді мәліметті оқушылардың өздігінен игеруге және бірін-бірі оқытуға, үйретуге бағытталған тиімді тәсіл. Бұл ұжымдық оқыту әдісі жаратылыстану пәндері үшін де қолдануға қолайлы тәсіл.Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы өзіндік бақылау, бағалауын дамытады, оқуға деген жауапкершілігін арттырады. Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөліп оқушылардың бастапқы топтарын анықтайды.

Информатика сабақтарында топтық-жұптық-жеке жұмысты ұйымдастыру,оқушыларды сыни ойлауына бағыттау, бағалау, алған білімдерін өмірмен байланыстырып қолдана алу бойынша берген деңгейлік тапсырмалары арқылы оқушыларды ойлауға, ізденуге, бірлесе жұмыс істеу, талқылау арқылы тақырыптың мәнін ашуға толық мүмкіндік берді.

Джигсо бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімін терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін тыңдауға үйренеді. Сыныптағы 12 оқушыны 2 топқа бөліп әрбір топқа 1-ден 6-ға дейін нөмірленген тапсырмалар таратылады. Әр топтағы оқушылар өздерінің нөміріне байланысты тапсырманы таңдап алады. Екі топқа бірдей тапсырмалар беріледі.Тапсырмаға толық жауап берген оқушы сарапшы топқа таңдалып алынады. Осылайша екі топтағы 6 оқушыдан жаңа топ – сарапшылар тобы анықталады. Осы жерде оқушыны ынталандыру үшін оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту үшін түрлі-түсті жетондармен бағалап отырамын.Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында сараланған екі топқа тапсырмалар беріледі.

Бірінші сараланған топқа беріледі. Ал екінші топқа қолдану деңгейіндегі тапсырмалар беріледі. Мұғалім бақылап уәждеу арқылы оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту үшін түрлі-түсті жетондармен бағалап отырады.

Мұғалімнің бастапқы міндеті оқушылардың сабаққа деген ынтасын, ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын дамыту. Өз ойын еркін жеткізе алмай қиналатын оқушылар да бар. Оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіруде топтық жұмыстардың пайдасының мол екеніне сабақ кезінде көзім жетті. Сонымен қатар топтық жұмыстар оқушыларды еркіндікке, шынайылыққа, әділеттілікке, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, сенімділікке бейімдейді және ең бастысы олардың сабаққа деген белсенділігі артады. Топтық жұмысты енгізу оқушыларда оң көзқарас тудырады, оқушы сабақ барысында өз ойын толық жеткізіп, мақсат қою және рефлексия дағдыларын жетілдіреді.

«Топтық жұмыс» оқушылардың белсенділігіне қалай әсер етеді?

Негізгі мақсат: Оқушылардың еңбектеріне қолдау көрсету арқылы кәсіби шеберлігін дамыту. Оқушылардың оқу әрекеттерін ұжымдық, топтық жұмыс жасауда тиімді ұйымдастыру мақсатында белсенділіктерін және білім сапасын артыру. Мұғалім мен оқушылардың белсенділігі артады, өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу, озық технологияларды меңгерген құзыретті тұлға болу үшін қажет біліммен қамтамасыз етеді. Егер осы мақсатқа негізделіп жұмыс жасасақ мынадай нәтижеге жетеміз: сыныпты топқа бөлуде қызықты тәсілдерді түрлендіріп өткізуге қол жеткізіледі. Оқушылар арасында өзара сыйластық пен құрметке негізделген қарым-қатына орнайды, тиімді араласады, мәселелерді бірлесе шеше алады. Алған ақпаратты ойластырады, талқылайды, өзгелердің пікірін түсінеді немесе теріске шығарады. Білім сапасы көтеріледі. Заман талабына сай сапалы білім береді. Әдістемелік жұмыс дұрыс жолға қойылады. Мектеп-мұғалім-ата-ана ынтымақтастық үдерісі нығайып, үштікте жұмыс жасайтын болады.

Сабақты қорытындылау кезінде маған «Егер 5 минутыңыз болса......» әдісімен кері байланыс жасау тиімді болды. Бұл әдістің тиімділігі бұл мұғалімге оқушылардың берілген уақыт ішінде тиісті нәтижеге жетпесе де, неге ұмтылатынын түсінуге көметесті.

Информатика сабағында осы әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың білім көрсеткіштері жоғарылап оң нәтижені көрсетті.

Сабақта пайдаланылған жаңа әдіс-тәсілдер бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі:

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығы оянады;

  • Оқушының ойлау қабілеті мен белсенділігі артады;

  • Өз бетімен жұмыстануға құлшыныстары көтеріледі;

  • Оқушылардың базалық білім, білік, дағдылары жетіледі;

  • Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығы мен серіктестігі қалыптасады.

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиемізбен көз жеткізе аламыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2039
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі