жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖОБАЛАР ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖОБАЛАР ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі уақытта адамның жетістігі өз іс-әрекетін болашаққа мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету үшін керекті ресурсты тауып және оны жүзеге асыра білуімен, қойылған мақсаттарға жеткендігін бағалай білу қабілетімен анықталады. Бүгінгі таңда мектептерде оқушылардың жобалық ойлау қабілетін дамытуға барынша жағдай жасалуда. Дегенмен, әлі күнге «жоба» ұғымын әркім әрқалай түсінеді. Жалпы мағынада жоба деп әртүрлі жанрдағы жұмыстарды айтуға болады: ол қарапайым тапсырманы орындау нәтижесі немесе үлкен ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі болуы да мүмкін. Әдетте, жоба жұмысы оқушының алдына проблема түрінде анықталған мақсат ретінде қойылады. Осы проблеманы шешу арқылы жоба авторы өз көзқарасын, ұстанымын көрсетеді, қажетті ресурстарды қолданады, өз уақытын тиімді қолдануды үйренеді.
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы. Жоба дайындауда кездесетін ең алғашқы қиындық – жұмыстың мақсатын анықтау және сол арқылы өз алдына мәселе қоя білу. Сондықтан алғашқы қадамда оқушыға міндетті түрде мұғалімнің көмегі қажет болады. Мұғалім оқушылармен бірлесіп «Мен бұл жобаны не үшін дайындаймын?» деген сұраққа жауап іздейді. Ол үшін оқытудың әртүрлі әдістерін қолдануына болады. (Мысалы, ассоцация, ми шабуылы т.б.) Осылайша, жоба мақсаты анықталады. Одан әрі, осы мақсатқа жету үшін не істеу қажет деген сұрақ туындайды. Бұл мәселені шешу арқылы оқушы өз жұмысының нақты тапсырмаларын анықтайды және осы тапсырмаларды орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Осы мәселелерді анықтап алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге болады. Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады.
Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
- тәжірибелік құндылықтары болуы;
- оқушылардың өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы;
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
- оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
- оқушылар арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Жобалар әдісінің
мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен
салыстырғанда):
Жобалар әдісін
педагогикалық технологиялар ретінде айтатын
болсақ, онда бұл технология
зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің
мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек
шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім
алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық
технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және
құрылымдалған компоненті болып табылады.
Жобалар әдісінің танымалдығы
нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың
тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз
етіледі. «Жоба» сөзі информатика
пәнінің оқытушыларына анағұрлым жақын. Информатикада жоба
дегеніміз, жұмыстың нәтижесін презентациясымен қандай да бір
проблеманы дербес түпкілікті зерттеу түсінігі – бұл әрине,
компьютерлік бағдарлама. Бірақ, қазіргі жағдайда қоғамда
оқушылардың біліміне ғана жоғары талап қоймайды, оның дербес жұмыс
істей білуіне, проблеманы немесе түрлі мәселелерді жан-жақты
қарастыра білуіне талап қояды, біздің барлығымыз оқу қызметінің
жаңа формасын іздеу қажеттігіне ұшырасамыз. Жобалау әдісі оқушының
мүддесін есепке ала отырып, танымдық қасиеттерін, шығармашылық
мүмкіндіктерін арттырады. Жобалау әдістері серіктестікте
оқытуда (cooperative learning) әлемнің көптеген елдерінің білім
беру жүйесінде кеңінен
таралуда.
Жобалар әдісін жүзеге асыруда мұғалімдерге үлкен мүмкіндік беретін бағдарламалардың бірі - “Intel болашақ үшін оқыту” бағдарламасы.
“Intel болашақ үшін оқыту” - бүкіләлемдік мұғалімдерді біріктіретін және өз мамандығының нағыз шеберін дайындауда жылдам қарқынмен өсіп келе жатқан бағдарлама. Бұл бағдарлама мұғалімнің педагогикалық және жаңа ақпараттық технологияларды жетік әрі терең меңгеруіне, сабақ өткізу барысында пайдаланатын оқу материалдарын, жоба жұмыстарын дайындауда оқушылардың өз бетімен ізденуіне көмек береді.
Бағдарламаның негізгі идеясы: Оқушылардың бойында ХХІ ғасыр адамына қажетті білім, білік және құндылықтарға негізделген құзіреттілікті дамыту мақсатында ақпараттық және білім беру технологияларын тиімді қолдана білу.
Мемлекеттік педагогикалық практика кезінде біз болашақ ұстаз ретінде өз сабақтарымызда әртүрлі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды қолдана білдік. Мен өз бетімше жобалар әдісін меңгердім және 8-классқа «Сандар тарихы және санау жүйелері» тақырыбында жоба жұмысын жүргіздім. Жоба 3 аптаға жоспарланды. Жобаның қысқаша жоспары төменде келтірілген.
Жоба тақырыбы: «Сандар тарихы және санау жүйелері»
Жоба мақсаты: сандардың тарихы мен санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру. Санау жүйелерін мүмкіндіктерін үйрету. Есеп шығару арқылы, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Сандардың шығу тарихы туралы ақпарат алды.
Санау жүйелерінің түрлерін білді;
Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды үйренді;
Жұмысты жеке және топпен жоспарлап, бағалай алады;
Алған мәліметтерді талдай алады;
Өз-өзін және топты бағалауды меңгереді.
Жазбаша, ауызша, мультимедиалық байланысты қолдана алады;
Жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезінеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Е.Ы.Бидайбеков, Д.Н.Исабаева, Н.Т.Ошанова IntelR «Болашақ үшін оқыту» XXI ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе», 2010ж
Имжарова З.У., Ахметова А.У., Имжарова Ж.Н. Сын тұрғысынан ойлау- білім алу үрдісінде. Оқу- әдістемелік құрал З.У.Имжарованың редакциялауымен: Ақтөбе қаласы, 2009ж., -104б.
«Информатика негіздері» №1, 2012 ж «Сабақта жобалық әдісті қолдану»
Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық. – Алматы: - Атамұра,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген