400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Инфрматика пәніне ағылшын тілін кіріктірудің тиімді әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мен оқушылардың бірлескен жеңісі ретінде оқушылар сабақ бойы ережені сақтауға, уақытты үнемді пайдалануға, өз-өздерін бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсынысын айтуға үйренді. Біздің бойымыздағы өзгерістерге керісінше жауап ретінде сол өзгерістер оқушылардың бойынан табылып жатты. Бұндай серпінмен, әр ұстаз «мамандыққа» деген сүйіспеншілікке шынайы көзбен қараса, болашақтың ме Әрқашан осындай озық тәжірибемен жақсы шәкірт дайындап шығу әр мұғалімнің арманы. Армандар орындалып жатса оқушының да, мұғалімнің де, мектептің де, тіпті мемлекеттің болашағы жарқын болмақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Баяндама

Тақырыбы: Информатика пәніне ағылшын тілін

кіріктірудің тиімді әдістері



Информатика пәні мұғалімі:

Досаева Перизат






2018-2019 оқу жылы

Шұбарсу ауылы



Жоспар:


І. Кіріспе


1.1. Информатика пәндерін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы.


ІІ. Негізгі бөлім

2.1 . Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда CLIL әдісін қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары

2.2.Информатика пәніне ағылшын тілін кіріктірудің тиімді әдістерді қолдану жолдары

ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер





















1.1. Информатика пәндерін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы.

 

Қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі де жетіліп, жаңа қырларын ашуда. Демек бұл орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жүзеге асыруды және оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады.                 

Кіріктіріп оқыту дегенде ең алдымен сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды қарастыру маңызды екені ескеріледі. Тіл мен пәнді пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту танымдық міндеттерді, ұсыныстар жасауды, оқушының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп жағдай жасалады [1].

Жалпы білім беретін информатика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды  ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, информатика терминдерін ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамуға болады.

Сонымен бұл әдіс оқушылардың тілдік қарым-қатынас қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды және бір мезгілде екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылуы мүмкін. Сондай-ақ ағылшын тілін информатика пәндерімен  кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерін атап көрсетер болсақ. Олар:

1.      Оқушылар арысында диктанттар жүргізу;

2.      Диалогтік немесе монологтік түрде оқушыларды бір-бірімен  тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау.

3.      Жаңа мәтіндер арқылы оқушылармен жұмыстар жасау.

4.      Сөздер мен сөйлемдерді жаздыру арқылы бір-бірімен өзара тексерулер жүргізу.

5.      Қолданылған мәліметтің көлемін арттырып отыру.

6.      Оқушыларды әр түрлі терминдерді жатқа айтуға дағдыландыру [2].

Ағылшын тілі арқылы информатика пәнін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдерін қазіргі білім жүйесінде кеңінен ауқымды түрде қарастырып жатқаны мәлім.

Осыған орай жаратылыстану пәндерінің ішінде информатика пәнін ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсақ, ең алдымен оқушылардың информатика пәнінде терминдерге байланысты  сөздік қорын кеңейте отырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өмірде болып жатқан әрбір информатикалық құбылыстарды ағылшын тілінде жеткізе білуге дағдылануға үлкен мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып, нығайған шақта ағылшын тілін еркін меңгере отырып, кезкелген салада ағылшын тілін қолдана отырып қарым-қатынасты жүргізе алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір педагог ұстаздардың айқын мақсатының бірі. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұзтаздар қауымы қаншама [3].

Кіріктірілген сабақтарды ағылшын тілін толық меңгерген дайындығы жоғары дәрежеде болса, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерінің өзіде өткізе алады, бірақ қазіргі таңда жалпы орта мектептерде кіріктірілген сабақтарды пән мұғалімі мен ағылшын тілінің мұғалімі бірігіп жүргізуде.

Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Елбасымыздың осындай қанатты сөздерінің астарында үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау үшін жасөспірімдер мен жас ұрпақтқа үлкен жол көрсетуіміз керек, сондықтан біз жаратылысану пәндерін соның ішінде атап айтар болсақ информатика сабақтарын  агылшын тілінде байланыстыра оқыту арқылы сабақ барысында қосымша  берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және бәсекеге қабілетті болардай білімін толықтыруға өз көмегімізді тигізе аламыз. 

2.1 . Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда CLIL әдісін қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары .

Елбасымыз үштілді білім беру жүйесін енгізе отырып қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ал әлемдік экономикаға үйлесімді тіл ретінде ағылшын тілін меңгерту мақсатын көздеп отыр. Осы мақсатта тіл емес пәндерді ағылшын тілінде оқыту арқылы ел болашағын дамытуды көздейтініміз сөзсіз. Ағылшын тілінде оқытуда тиімді әдістердің бірі «Content and Language Integrated Learning» деп аталады.[2]

Аталған әдісті алғашқылардың бірі болып тәжірибеге енгізген Дэвид Марш атты лингвист, еуропалық профессор. Бұл әдістің ерекшелігі CLIL - информатика физика, биология химия сияқты пәндерге қолдану арқылы тілді үйретуде өте тиімді болып келеді.

CLIL әдісін қолданудың барысында мақсаты пәнді басқа тіл арқылы оқу. Ғалымдар әдістің ерекшелігі тілді жай екінші тіл ретінде мақсатсыз оқудан гөрі белгілі материалды игеру мақсатында оқу айтарлықтай нәтиже беретіндігін дәлелдеген. Бұл үйренушіге мақсаттылық және мотивация, материалды игеруге қызығушылық береді. Сондай жағдайларда CLIL  әдісі оқушының ағылшын тілін меңгеруіне көмектесе алады. CLIL әдісін пайдалану ұстаздан тіл және контентті игерту мақсатында алдын ала дайындықты талап етеді. Осы орайда CLIL арқылы сабақ өткізетін  ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Сабақ өткізу тілін игерген,яғни ағылшын тілінде өткізетін болса, ағылшын тілін кем дегенде интермедиат деңгейде білетін, сол тілде еркін сөйлеп оқушылармен қарым-қатынас жасай алатын кәсиби маман.

Ұстаз барлығын идеалды түрде білуге, басқа тілдің қыр- сырын ана тілімен тең деңгейде білуге міндетті болып есептелмейді. Өз тәжірибемде көргендей, оқушыға түсінікті қиын емес сөйлемдер мен сөз тіркестерін ұтымды пайдаланып пәнді оқыту маңызды. CLIL әдісін сабақта пайдалануда ұстаз үшін де, оқушылар үшін де бірқатар  кедергілер кездеседі:

  • Ағылшын тілінде сөйлеу кезінде қиындық тудыруы;

  • Ағылшын тілін тыңдаудағы қиындығы;

  • Оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейлерінің әр түрлілігі;

  • Ойын жеткізуде толық сөйлемдерді қолдана алмауы;

Жоғарыдағы кедергілерді жеңу үшін сыныпта қолайлы атмосфера жасай білу қажет, конфликтті немес өте қатал жағдайда тілдік қиындықтар тереңдей береді.

Сондықтан ұстаздың оқушылармен бірге білім алушы ролі мен бағыттаушы ролін қатар меңгеруі маңызды.Тыңдау және түсіну , жеңу оқушылар мен ұстаздан ұзақ уақытты талап етеді. Кейбір оқушыларда түсіну мен сөйлеу процестері қатар жүрмейді, оқушы сөйлей алуы мүмкін де тыңдаған кезде ештеңе түсінбейді. Бұл кедергілерді жеңу үшін мұғалім мәтінді аудиоларды тыңдатуына болады. Бұл үрдістер оқушылардың индивидуалдық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты болғанмен ұстаздың көмегінсіз кедергілерді жою қиынға түседі.[3] Ойын толық жеткізе алмайтын оқушылардың сөздік қорын толықтыру мен аудитория алдында сөйлеу қорқыныш сезімдері болуы мүмкін, оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу еркіндігі біртіндеп байқалады. Тәжирибе жүзінде оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қызығушылықтарына мән беру оқушының мотивациясына әсер етеді. Мысалы, 9-сынып оқушылары бағдарлама құру кезінде қиын сөздері көп мәтіндерді көргенде тез шаршап оқуға қызығушылығы жоғалады. CLIL- әдісін пайдалануда оң нәтижеге жету үшін ағылшын тілін аз мөлшерде пайдаланудан бастау оқушылардың психологиялық дайындығын арттырады. Ұстаз бірден сабақ бойы ағылшын тілінде сөйлеп, барлық сабақ материалдарын ағылшын тілінде ұсынатын болса оқушылардың қабылдау қабілетіне теріс әсерін тигізеді. Алғашында индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты көру арқылы қабылдап есте сақтап оқитын, жазу арқылы немесе дыбысты тыңдау арқылы есте сақтайтын оқушылардың ерекшеліктері болады. Көбінесе есту арқылы есте сақтауға бейім балалар ағылшын тілінде тез сөйлейді де айтылымда қатесін аз жібереді, мұндай оқушылар ән айтуға музыкалық қабілеттері бар балаларды жатқызуға болады. Жазу арқылы және көру арқылы есте сақтайтын визуалдарды словарь және дәптерді кеңінен пайдалануға бағыттау қажет. Олар мұғалім сөйлеу барысында тақтаға жазып экраннан көрсетіп отыруды қажет етеді. Күнделікті сабақта қолданылатын сөйлемдерді оқушы есту арқылы есте сақтайды, оқушыға «бүгін қандай күн» т.б терминдерді қолданып ағылшын тілінде айту олардың есту арқылы есте сақтауын дамытады. Әдісті пайдалануда қатып қалған қағида жоқ, өйткені оқушылар әр түрлі дамиды, мұғалім бір немесе үш ай аралығында сабақты толық ағылшын тілінде өткізуге ауыса алады. Алғашқы сабақтарды бастамас бұрын оқушыларды психологиялық дайындықтан өткізудің қажеттілігі бар, мінезі байсалды емес оқушылар әр түрлі себептерді айтып мұғалімнің тапсырмаларына селсоқ қарауы мүмкін, ол үшін алдымен сынып жетекші және ата-анасына қажеттіліктерді түсіндіріп айтудың маңызы бар. Оқуда дислексиясы бар, ерекше назарды қажет ететін оқушылары бар сыныптарда ата-анасына ескерту мен қосымша жұмыстар жасау қажет етіледі. Демек, оқушылардың ерекше қабілеттерін пайдалана білудің маңызы бар.

CLIL-әдісін қолданып сабақ өткізу кезінде аударма сөздік, «translator», сөздіктер қолдануға рұқсат етіледі. Оқушының мәтінді аударуына электронды нұсқадағы сөздіктерді қолдануына болады. Мысалы, Алғашқы сабақтарда 5-7 минут тақырыпқа сай ағылшын тіліндегі видео материалдарды тыңдатудан бастаған тиімді, өйткені оқушы тыңдап және көру арқылы өтетін сабақтардан кейін стреске түсу мүмкіндігі азаяды. Үй тапсырмасына тақырыпқа сай жаңа сөздер жазып келуге тапсырылса келесі сабақта жаңа сөздерді пайдалануға тапсырмалар беріледі.

CLIL әдісін қолдануда қарапайым диалог құрастыру, қысқа сөздік жазғызу, суретті әңгімелеу, ойындар ойнату, тиімді нәтиже береді.Күнделікті сабақта айтылатын. Сабақтың құрылымы бастапқыда қайталанбалы болса оқушы тәртіпке үйренеді, әдістерді де өте қарапайымнан күрделіге қарай ауыстыруға болады. Өйткені белгілі бір қайталанбалы сабақты оқушы меңгергенге дейін сол сабақта қолданылатын қарапайым сөз тіркестері мен сөйлемдерге құлақтары үйренеді. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, сабақта белгілі дәрежеде қиындықтардың да болуы мүмкін. Сонымен қатар уақыттың жетіспей қалуы, мұғалімнің жоспарының толыққанды жүзеге аспауы мүмкіндіктері болуы. CLIL сабақтары барысында қалыпты деп есептеледі. Оқушыларда барлық тіл үйренушілерге қатысты қателіктер кездеседі, жазу мен сөйлем мүшелерінің орындарының ауысуы, айту кезіндегі қателіктер, орфографиялық, синтаксистик қателер көп жіберіледі. Бастапқыда сөйлеу кедергісі бар оқушылар сабақта белсенділік таныта бастаған кезде олардың қателіктерін сөзін бөлмей сабақтың соңына қарай барып түсіндірген жөн, өйткені ең бастысы сөйлеу кедергілерін жою мақсатында жұмыс жасау деңгейінде бұл қателіктергі аса назар аудармаған жөн.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда тақырыпқа сай терминдерді видеолар мен мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте сақтауға үйретуге, мәтіндік тапсырмалар, түртіп алу әдістерін пайдалану арқылы оқытуға болады. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу — біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Сондықтан тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқыту нәтижеге жеткізеді.

2.2.Информатика пәніне ағылшын тілін кіріктірудің тиімді әдістерді қолдану жолдары

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді .

Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.
Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыра түспек.
Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:
1. Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.Мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.

2. Мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.

3. Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білу
4.Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі.

5.Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану.

6.Әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Сабақты түрлендіріп, жаңа технология элементтерін қолдана отырып өткізу оқушының сапалы білім алуына әсері мол. Ол үшін жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақтарда пайдалану өте тиімді.

Оқушылардың білімін жетілдіруде мұғалім төмендегі көрсетілген әдіс –тәсілдерді сабақта қолдану арқылы да білімін дамыту мүмкін.

«Көбелек аулау» әдісі .Тақтаға әр топтан бір оқушыдан шығады. Мұғалім сұрақты айтып болған соң , оқушы сұрақтың жауабын тез аулап алу керек.Қай топ көбелеті көп ауласа,нәтижелі ұпайға ие болады.Барлық пәндерде қолдану өте тиімді(сұрақтың жауабын табуда,жауапқа сұрақ құрастыру,елді мекендерді анықтаудат .с.с).

«QUIZ LET» -әдісі.

Бұл әдісті жүргізудің 8 тәсілі бар:

1. Үлестірме

2. Оқылым.

3. Мәтіндік жазылым

4. Тыңдалым

5. Тест тапсырмалары

6. Сәйкестендіру

7. Кім жылдам?

8. Топтық

«BOORD GAME» – үстел ойыны. Үшбұрыш әдісі арқылы жүргізіледі.

Бұл әдіс сабақтың басы мотивация кезеңінде жүргізу тиімді оқушылардан үй тапсырмасын сұаруда және үш тілде терминдерді айту кезінде қолдануға тиімді. Топтық тапсырма ретінде қолданылады.

  1. Сұрақ қояды

  2. Жауап береді

  3. Сараптайды.

«Терминдер галериясы» әдісі

Бұл әдісте мұғалім термин сөздермен жұмыс жүргізеді. Термин сөздерді оқушылар екі тілде(қазақша ,ағылшынша) айтады.

«Plickers» - әдісі

Бұл әдісте оқушыларға интерактивті тақта тест сұрақтары көрсетіліп отырады, оқушылар қолдарындағы қағаздар арқылы тестке жауап береді. Мұғалім телефон сканерімен оқушылар жауабын тексеріп, толық оқушылардың жауабын интерактивті тақта көрініп отырады. Қайсы оқушы канша тестке жауп бергенін толық көрсетіліп тұрады.

«ZipGrade» - әдісі

Б Shape2 Shape1 ұл әдіс сабақтың жиындық бақылау кезінде өте тиімді әдіс. Бұл әдісте оқушыларға жеке – жеке тест тапсырмалар және жауап парақшаларын беріледі, оқушылар тест парақшаларын бояп болған соң, мұғалім оқушылар жауабын телефон сканерімен тексеріп сол мезетте тест жауаптарын көрсетіп бағалап кетеді.



Қорытынды

Біз кәсіби тәжірибемізге төмендегідей өзгерістер енгіздік; бұрынғы оқушыларды жалықтыратын бір сарынды сабақтан қызықты, ұқсастықтарында сәл де болса айырмашылықтары бар, сабақ бойы оқушылар сөйлейтін сабақ беруге, үй тапсырмасын оқымаса ұрысып, дауыс көтеруден бас тартып, оқушылардың қызығушылығын оятып, өз еріктерімен оқуына жағдай жасай білуге, теориялық білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра өткізуге, мұғалім ретінде басымдылықпен өз бетімізше бағалаудан бас тартып, есесіне критериалды бағалауды үйретіп, өздерін сол бағалау жүйесі арқылы әділ бағалауға үйретіп өзімізді жаңашыл мұғалім ретінде сезіндік. Біздегі үлкен өзгерістерді көрген соң ба, алдымыздағы оқушылар да алғашқы бейімделу сатысынан өте отырып, оқудың жаңа түрін меңгерді. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен жеңісі ретінде оқушылар сабақ бойы ережені сақтауға, уақытты үнемді пайдалануға, өз-өздерін бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсынысын айтуға  үйренді. Біздің бойымыздағы өзгерістерге керісінше жауап ретінде сол өзгерістер оқушылардың бойынан табылып жатты. Бұндай серпінмен, әр ұстаз «мамандыққа» деген сүйіспеншілікке шынайы көзбен қараса, болашақтың мектебін елестету арман емес, шындық болары сөзсіз.

Әрқашан осындай озық тәжірибемен жақсы шәкірт дайындап шығу әр мұғалімнің арманы. Армандар орындалып жатса  оқушының да, мұғалімнің де, мектептің де, тіпті мемлекеттің болашағы жарқын болмақ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академисы Кіріктілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал Астана 2016
2.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы, Астана-2007 ж. 

3.CLIL: An Interview with Professor David Marsh, International House: Journal of Education and Development;- Англ. – Режимдоступа: http://ihjournal.com/content-and- language-integrated-learning
4.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.09.2019
949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі