жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі шешу жолдары
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі шешу жолдары
Қарымсақ орта мектебі
Абдрахманова Назира Базарбаевна
Елбасымыздың 2012 жылғы 10 шілде айындағы Қазақстанның әлеуметік модернизациясы: «Жалпы ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты жолауында: «Басты мақсат мүгедек жандарды мемлекеттің бағып қағуы емес, оларға өздеріне сенім ұялатып, әлеуметтік қоғам еңбегіне пайда келтіретіндей жағдай жасау қажет» деп атап өтілген.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерінің бірі инклюзивтілік болып табылады. Балалардың білім алуға құқығы мен инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмысты жетілдіру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы» заңды қабылдады. Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.
Инклюзивті білім беру дегеніміз мүгедек пен дамуында ауытқулары бар балаларды дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті білім беру негізіне балалардың кез келген кемістігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Бірақ инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар түрлі қиыншылықтарға тап болатындығы анық.
Біріншіден, баланың отбасы жағдайындағы хал-ахуалы. Ата-ананың инклюзивті білім беру туралы түсінігінің алуан түрлілігі, баланың бұзылысына көз жұма қарауы, баланың денсаулығындағы түрлі ауытқулар мен бұзылыстарды мойындамауынан қиыншылықтар туындайды. Себебі ата-ана жалпы білім беретін мектепте оқығандықтан ұстаздардан және түзету сабақтарын жүргізетін мамандардан (логопед, дефектолог, психолог) тек қана сабақ үлгерімін талап етеді. Көп ата-ананың ұғымында бірінші орында баланың білім деңгейі тұрады. Ол үшін мамандармен бірлесе отырып, ата-анаға ағарту жұмыстарын жүргізу қажет. Ата-анаға инклюзивті білім туралы түсінік беру керек. Педагогтар арнайы мамандар бірлесе, ерекше балалар үшін қызмет жасағанда ғана «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші сонда ғана баланың сабаққа деген құлшынысы, қызығушылығы арта түседі.
Екіншіден, ұстаздар тарапынан жіберетін кемшіліктер. Инклюзивті білім кіріктірілгеннен кейін әр ұстаз инклюзивті білім жүйесін ең әуелі өзі түсінуі керек. Жылдар бойы ұстаздардың түсінігінде жақсы және нашар оқитын оқушы деген түсінік қалыптасқан. Денсаулығында ақауы бар баланың сабаққа деген қызығушылығы бола бермейді. Сондықтан үлгерім деңгейі нашар болуы да заңды. Сол себепті нашар оқитын оқушы деп есептеп, назардан тыс қалдыру біздің ортада көптеп кездеседі. Ұстаздың ойында «Баланың бәрі бірдей» деген ұғым болу керек. Дені сау балалға қарағанда мұндай балаға көп көңіл бөліп, ол бала үшін арнайы қолайлы орта қалыптастыру қажет. Сонымен қатар бұл тұста төмендегідей мәселелерді атап кетуімізге болады:
Білім беру стандартының икемсіз болуы;
Жалпы білім беретін мекеменің оқу жоспарлары мен оқыту мазмұнының ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сәйкес келмеуі.
Жалпы үлгідегі білім мекемесінің педагогикалық ұжымында арнайы даярлықтың болмауы және педагогтардың коррекциялық педагогика мен арнайы психология негіздерін білмеуі.
Жалпы білім беретін мекемеде мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктеріне материалдық-техникалық жабдықтардың жеткіліксіз болуы (пандустар, лифтілер, арнайы оқу, оңалту, медициналық жабдықтар, арнайы жабдықталған оқу орындары және т.б. болмауы).
Бұл мәселелер айтарлықтай шартты түрде сау және мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуін қиындатады. Осыған орай балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту процесінде педагогтар жеке жұмысында қосымша қиындықтар туындайды. Бұл қиындықтарды шешу және алдын алу үшін жалпы білім беретін мекеме қазірден бастап келесі міндеттерді оырндауы қажет:
Жалпы білім беру жүйеіндегі инклюзивті білім беру процесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдірілуін қамтамасыз ету.
Жалпы білім беру мекемесіндегі инклюзивті білім беруге қабілетті кәсіби даярланған педагогтар мен мамандардың білім беру процесін қамтамасыз ету.
Инклюзивті білім беруде бағдарламалық-әдістемелік құралдар әзірлеу (оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, қажет болған жағдайда – арнайы оқулықтар және жұмыс дәптерлері)
Қашықтықтан оқытуды білім берудің құзыретті құралы ретінде жүзеге асыруды белсенді қолдану.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасы мен білім беретін мекеме арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Үшіншіден, балалар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыра білетін мұғалімнің шеберлігіне және жетелеуші тәрбиешінің көмегі мен қолдауына байланысты болады. Орталарына келген ерекше баланы дұрыс қабылдап, мазақтау, кемсіту сияқты түрлі келеңсіздіктерге жол бермеулері керек. Денсаулығындағы түрлі ақауы бар баланың жан-дүниесі де нәзік келеді. Білім мен тәрбиені, екі түрлі танымды бір арнаға тоғыстыру көп еңбекті, мұғалім мен жетелеуші тәрбиешінің бірлесе жұмыс жасауын қажет етеді. Әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму мүмкіндігі әртүрлі деңгейде екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі оқу материалдарын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, аранйы коррекциялық түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болды.
Демек, әр қоғам мүшесі мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға кіріктіруді қабылдауы мен мойындауы - бұл барлық қоғамды қайта тәрбиелеудің күрделі және ұзақ үрдісі. Инклюзия - дүниені танудың бір бөлігі болатын, ерте жастан жаңа ұрпақты тәрбиелеу. Оның негізгі мәні – мүмкіндігі шектеулі баланың өмір әрекеті мен еңбек қабілеттілігі қоғамның ережелері мен жағдайларына бейімделмейді, керісінше, дамуында ауытқуы бар баланың мүмкіндіктерін қоғам түсінетін және есепке алатын қоғамның қажетті талаптармен қамтамасыз ету.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы
Мовкебаева З.А. Роль высших учебных заведений в модернизации процеса образования лиц ограниченными возможностями в развитии// Вестник КазНПУ имени Абая (Серия «Специальная педагогика». - № 1-2 (28-29). – 2012. – С. 34-38.
Оралканова И.А. балаға бағдарланған оқытудың белсенді әдістерін қолдану

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген