Инклюзивті білім беру
жүйесінің ерекше білімді қажет
ететін балаларға ықпалы
А
лматы
қаласы,Наурызбай ауданы №184 бөбекжай-балабақшасының
дефектологы
Ысқақова Раушангүл
Зинелғабидинқызы
Қазіргі заманымыздың үлкен
мәселесі- мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктеріне
қарай, білім үрдісіне толық кіріктіру яғни әлеуметтік бейімдеу.
Бұны инклюзивті білім беру дейміз.
Дефектология ғылымы елімізде
енді танылып,дамып келеді. Инклюзивті білім беру-ерекше
мұқтаждықтары бар балалар мен қалыпты балаларды тең
оқыту.Инклюзивті білім беруде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі
бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру түсінігі жатыр.Осы бағыт
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
жағдайын қалыптастырады.Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі
балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе-инклюзивтік білім беру
болып табылады. Инклюзивтік білім беру мүмкіндігі шектеулі
балаларға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік
береді.
Инклюзивті білім беру
жүйесінің мақсатын атайтын
болсақ:
-Қалыпты балалармен тең
ұстау
-Баланың өз-өзіне сенімін
арттыру
-Қоршаған тортаға
бейімдеу
-Тең дәрежеде білім алуын
қарастыру
Дефектолагтың
мақсаты:
1. Мүмкіндігі шектеулі
балаларға уақтылы көмек көрсету жүйесін
ұйымдастыру;
2. Балалардың дүниетанымын
кеңейту,қоршаған орта туралы түсініктерін
қалыптастыру;
3. Әдіс-тәсілдерді дұрыс
пайдалана білу;
4.Балалардың жас ерекшелігіне
қарай тапсырмалар беру;
5. Ата-анамен байланыс
жасау;
Міндеті:
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту,
тәрбиелеу, түзету жөніндегі шешімдерді жас ерекшеліктеріне қарай
қолдану;
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте
коррекциялық көмек көрсету жүйесін
ұйымдастыру;
Күтілетін
нәтиже:
1. Баланың психофизиологиялық мүмкіндігі жедел
дамиды.
2. Оқудағы,өз ойларын жеткізудегі қиындықтары
жойылады, өз ойларын жеткізе алатын
болады.
3. Жағымды мінез- құлық
қалыптасады.
Инклюзивті білім беру даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында
тең құқылы болуға қолдау көрсетеді.Мүмкіндігі шектеулі балалардың
әлеуметтік- тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам
өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Басқа балалардың қол жеткізе
алатын мүмкіндіктері, ол балалардың да қолынан келетінін балаға
түсіндіруіміз қажет.Сондықтан да мұғалім-дефектолог ерекше білімді
қажет ететін оқушыларға өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруі
тиіс.

Баланың танымын
қалыптасытаратын ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық
өздерінің ойын туралы еңбектерінде өз пікірлерін қалдырған: «Ойын
баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын
баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады,
баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді,адамгершілік қасиеттері
дамиды.
Қорытындылай
келе, ерекше білімді қажет ететін
балаларға инклюзивті білім беру жүйесінің рөлі өте
маңызды.