Материалдар / "Инклюзивті білім беруде дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Инклюзивті білім беруде дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы: Оқушылардың бүкіләлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясындағы «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» құндылығын насихаттай отырып, экологиялық проблемалардың шешу жолдарын үйрету және қоршаған ортаны сақтауға үйрету, Отанға деген құрметке баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
312
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Жекеменшік «Мақсат» балабақша

Меңгерушісі Ж.Р. Жапсарбаева











«Туған өлкем Қазақстан »

Тәрбие сағатты










Тәрбиеші:Алдамжар А .















2022 жыл


Күні:23.10.21

Тақырыбы:  «Отаным Қазақстан »


Мақсаты:«Бақыт», қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру;
Адами қасиеттерін дамыту;
Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Шарлармен безендіру,видеороликтер,слайдтар,суреттер;
 Балалар, біз бүгін сіздермен «Біз бақытты баламыз» атты ашық сабағымызды. Бұл шарада балалар сендердің өнерлеріңмен, белсенділіктеріңді танып, білеміз.

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол-балалық кезі. Ата-анасының жанында,ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайта келмес, сағынышқа толы кезеңі.-Балалар, қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?

-өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.

- Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Үлкендерді көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.

Достармен бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Інжу
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз?!
Жасмин


Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Құралай
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Азиза


Балаларға сол бақыт,
Болса Отаным аман-сау.
Арнай
Басын бұлтқа байлатып,
Тұрса биік Алатау.
Амина


Күлім қағып көкте күн,
Тал шыбықтай көктедім.
Жасмин
Әлдилейді апамдай,
Мейірімді мектебім.
Кәусар


Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз
Әдемі
Білім қуған баламыз,
Біз бала боламыз.
Ербұлан

Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін рмзашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.

Қорытынды:
- Сонымен бақыт дегеніміз - ой арманның орындалуы, қуанышты сәттердің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы балалық шағымыз екен.Бүгінгі «Біз бақытты баламыз» атты ашық сабағымыз өз мәресіне де келіп жетті. Қош сау болыңыздар!



Тақырыбы: Қазақстан Туган өлкем

Мақсаты: Балаларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар. Жүрісі:

Тәрбиеші: Қадірменді қонақтар! «Туған жер-тал бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

Тәрбиеші: Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

1 - бала: Қазақстан - туған өлкем.

Жер көппе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге

Жалауыңды желге желпем.

2 - бала: Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалғып.

Құшақтап бір өзіңді туған далам.

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

3 - бала: Тасып жатқан өзендер жағасынан.

Сары белде сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге.

Қазақтың қасиетті даласынан.

Тәрбиеші: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

4 - бала: Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені тапқан.

5 - бала: Сұлу дала!

Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным.

О туған жер, тамашасың, көркемсің.

Тәрбиеші:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

6 - бала: Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,

Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.

Мендағы ұлың едім, өзің тектес,

Алысқа несібесі шашыраған.

7 - бала: Табиғат қызығам сан суретіңе,

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.

Тәрбиеші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.

8 - бала:

«Қазына қара жерде» дейді қазақ,

Күн көрген осы жерден біраз алып.

Жер - анадан үзіліп кете алмаған,

Кемеңгер небір дана, небір алып.

9 - бала: Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,

Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.

Кенің барма, жоқ болса жарлысың,

Кенің болса келешегің зор сенің.

Тәрбиеші: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.

10 - бала: Топырақтан өмір иісі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесімен беретін

Жақсылық та топырақтан шығады.

11 - бала: Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Ән «Туған ел» Бейнебаян тамашалау. «Маңғыстау жері»

Тәрбиеші: Адай Маңғыстау мынау - құмдауыт аймақ, құмды аймақ!

Шаруасы көшкен ойынан малын қырға айдап!

Ұлдары тентек ер салынбаған асаудай,

Қыздары көркем, құлпырған жүзі гүл жайнап!

Маңғыстау мынау - жыр менен таңы атқан Жер

Қашаған, Түмен , Сәттіғұлдарың жатқан жер!

Қос сөздей болып тарихта қалған жаңғырып,

Есейген орда - Абыл мен Ақтан, Ақтангер!

Маңғыстау - кім – кімді де қызықтырып, әкететін, терең тарихты өлке. «Жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды бір рет көріңіз»,- деген Н. Андрусов. К. Паустовский болса: «Маңғыстауға барған сапарымды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге болар еді. Мен еш жерде мұндай жұлдыздар нөсерін, олардың көз шаршатар жарқылын көргенім жоқ. Жұлдыздар Маңғыстауға ұшып келіп жатқандай сезіледі», деп бағалады. Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», шытырман оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі – киелі мекен. Осы өлкенің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу - бүгінгі біздер сіздердің міндетіміз.

Би. «Туған жер»

Тәрбиеші: Балалар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе? 1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары. 2. Ел іші алтын бесік 3. Жері байдың елі бай 4. Елің – панаң, жерің - анаң 5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас 6. Өз елің - алтын бесігің 7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша. 8. Туған жердің түтіні де тәтті. 9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне 10. Туған елдей ел болмас Туған жердей жер болмас.

Қорытынды. Өтебай Тұрманжанов

1бала: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

2бала:Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

3бала: Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Хор: «Атамекен».

Осымен «Туған жер, тал бесігім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.




ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

Мақсаты: Спорттық білімдерін тереңдету және бекіту, ойын тәртібін сақтап, сапта өздерін еркін ұстауға баулу, спортқа қызығушылығын арттыру, балалардың өзара достық қатынаста болуы және жолдастарының жетістігіне қуана білуге тәрбиелеу, денсаулығын арттыру.

Қажетті құралдар: Топ  іші мерекеге сай безендірілген  эстафеталық заттар, түрлі-түсті жалаушалар, шарлар, балық, доптар.

Қазақстан Республикасының Гимні

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан, мәдениетті дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының балабақшаның борышы мен міндеті екені баршаға мәлім. Бүгінгі «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерінің  қатысуымен өткелі отқан спорттық сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Балпан  және Ботақан  командалары бүлдіршіндеріне ойын барысында ептіліктерін көрсетіп спорттық жеңістің биік шыңынан көрінулеріне тілектеспіз.

Жүргізуші: Көңіл қойып қараңыз.

Жалындап тұр ғой баламыз.

Жарыссын қане екі топ

Қол соғып қарсы аламыз.

Ортаға жасыл киім киген «Ботақан» командасымен, Сары киім киген «Балапан» командасын ортаға шақырамыз.

2 топ ұрандарымен таныстыру.

Әділқазы бағалар

Балалардың сайысын

Ешкімің жоқ алалар

Жеңімпаз болу үлкен сын- деп, сайысымыздың әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстыруға, рұқсат етіңіздер!

Әділқазылар алқасының төрайымы:

Бүгінгі ойында сіздерге әділ бағасын беретін қазылар мен таныстырып өтейін.

  1. Балабақша меңгерушісі: Р. Қарымсақова

  2. Балабақша әдіскері: Н. Сәнкебаева

  3. Дене тәрбие жетекшісі: А.Төлегенова

Енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

Жарыс 5 кезеңнен тұрады.

  1. Жалауша мен кедергілер арасымен жүгіріп нысананы айналып келу.

  2. Кедергілер арасымен допты домалатып, нысананы айналып келу.

  3.  Үлкендердің көмегімен «Аққала » жасау.

  4. Кедергілер арасымен  еңбектеп жүру,қайтарда допты алып келу.

  5. Белгіленген уақытпен «балық» аулау.

Ойынды бастамас бұрын денемізді шынықтырып жан — жақты жаттығу жасап алайық.

  1. Бір қатармен жүру, жүгіру.

  2. Аяқтың ұшымен жүру.

  3. Шеңберге тұрып демалу жаттығуын орындау.

(Ку- ка-ри-ку 3рет)

Сайыс басталады:

Міне, осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы сайыс жеңімпаздарын анықтағанша, ойынға қатысушы бүлдіршіндеріміздің  спорттық биін тамашалайық.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Бұл сайыста болады екен кімдер мықты. – дегендей ендігі сөз кезегін әділқазы алқаларына берейік.

Жеңімпаз топты анықтап мадақтау. Сыйлықтарын табыс ету.

Жүргізуші: Бәріміздің тілегіміз балалардың бір-бірімен достық қатынаста болып, бақытты балалық шақтарын көңілді, қызықты өткізу. Міне бүгінгі өткізілген көңілді сайыс осының айғағы іспетті. Бүлдіршіндер және ұжым мүшелері аспандарыңыз ашық, күндеріңіз жарқын болсын деген ақ тілектермен сайысымызды аяқтаймыз.



Тақырыбы: Өмір қауіпсіздігі

Мақсаты: Балаларға өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қауіпті жағдайға кез бола қалғанда өзін ұстай білуге үйрету. Қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Үйде және балабақшада қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз денсаулықтары мен қауіпсіздіктеріне мән бере қарауға ұқыптылыққа, ептілікке, қырағылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қауіпті жағдай тудыратын заттар мен құбылыстар бейнеленген суреттер. Ойыншық күшік, сіріңке, тарақ, ине, жіп, пышақ, қайшы, компьютер, айна, кітап, үтік, теледидар.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға байланысты тақпақ, өлең, әңгіме оқу.

Сөздік жұмыс: Қауіпсіздік тоқ, электр тоғы, өткір және үшкір заттар.

Билингвальді компанент: Теледидар- телевизор, Пышақ- нож, Қайшы- ножница, үтік-утюк, сіріңке- спичка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!