Инклюзивті білім берудегі педагог-ассистенттің рөлі

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Инклюзивті білім берудегі педагог-ассистенттің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-ассистент жұмысы туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Инклюзивті білім берудегі педагог- ассистенттің ролі.


«Инклюзивті білім беру» ұғымы әділ қоғамның негізін құрайтын тұжырымнан қалыптасқан. Яғни барлық оқушы жеке қасиеттеріне немесе проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы.

Қазақстандық жүйеде инклюзивті білім беру – дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктер мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған және жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі.

2019 жылдан бастап білім беру басқармасының ұйғарымымен мектептерге жаңа маман иесін тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол маман – педагог-ассистент.

Педагог- ассистент мынадай бұзылыстары бар балаларға бекітіледі:

— партада отыра алмайтын, ары бері жүре беретін, сыныптан шығып кету қаупі бар;

— өздігінен сабаққа дайындала алмайтын, керекті оқу құралдарын таба алмайтын, сынып жұмысына қатыса алмайтын, жазу, оқу қиындықтары бар;

— мінез-құлқында бұзылыстары бар, өзімен-өзі отырып айқайлайтын, жылайтын, жанындағы балаларға кедергі келтіретін, дәптер, оқулықты жыртатын, мұғалімге кедергі келтіретін (сөзін қайталап, жанына жақындаса ұрып, заттарын ақтарып т.б.), түкіретін, терезеге, үстел үстіне секіретін, партаның астына кріп жатып алатын т.с.с ерсі қылықтары бар.

Педагог-ассистент дегеніміз - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда көмекші маман. Бір сөзбен түйіндегенде, тәрбиеленушіге негізгі іс-әрекет беруші тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы алтын көпір.

Shape1

Педагог-ассистент




Shape2 Shape3 Shape4 Shape5

  • Ол тәрбиеленушінің топта дұрыс отыруына

  • Оқу жұмыстарына

өздігінен қатыса алуына

  • тәрбиешіні тыңдауына

  • тәрбиешінің көмегін,

кеңесін қабылдай білуге көмектеседі



Педагог-ассистентің негізгі қызметтік міндеті баланы қолдау, сабақты меңгеруде балаға көмектесу, түсіндіру, оқыту.

Ерекше білімді қажет ететін баланы оқытуда ата-ана, мұғалім және педагог-ассистенттің ролі өте маңызды.

Ата-ананың ролі -100 %, тәрбиешінің ролі -50% ,педагог-ассистенттің ролі -50%

Яғни, жоғарыда аталған үш негізгі тұлғаның әрқайсысының алатын ролі ерекше. Және олар бірлескен түрде белсенді жұмыс жасағанда ғана жоғары нәтиже болмақ

Педагог-ассистент қандай құжаттармен жұмыс жасайды?

Педагог-ассистенттің жылдық жоспары

Педагог-ассистенттің жылдық есебі

Бақылау күнделігі

Ерсі қылықтар хаттамасы

Баланың еркін әрекетін бақылау хаттамасы

Педагог-ассистенттің сабақтағы бақылау хаттамасы

Ата-анамен әңгіме хаттамасы. Бала туралы ақпарат.

Баланың үйдегі жағдайы туралы хаттама.


Педагог-ассистент балаға тәртіп ережелерін құрастырады. Сабақта отыру тәртібі, мектеп ішінде жүру, балалардың ортасында өзін ұстау ережелерін балаға күнделікті айтып, визуалда түрде көрсетіп отыру арқылы оның бойына сіңіру қажет. Ереже міндетті түрде күнде оқылады, айтылады. Осылайша бала мектептегі тәртіпті ұстануға дағдыланады.

Ережелерді орындауға машықтана бастаған баланы біртіндеп топқа апаруға болады және жеке сабақта үйренген ережелерді топта көрсетуін педагог-ассистент қадағалайды.

ЕБҚ бар баламен жұмыста мына салаларды қамтиды:

Когнитивті танымдық: Білімі мен дағдыларын

Коммуникативті саласын:

қарым-қатынас жасай білуін, қарым-қатынас жасау кезінде әртүрлі жағдайдан өз бетінше шыға білуін;

эмоционалдық саласын: оқу процесіне психологиялық бейімдеуді,жақсы эмоционалдық көңіл-күйдің туындауын және оны сақтауды;

дербестігін – өзіне қызмет көрсету,психикалық жіне физикалық реттеуді дамыту тұрғысынанан анықталуы тиіс.

Ерекше баланың мектепте болуы үшін жағдайлар шын мәнінде қолайлы және оның дамуына түрткі болуы үшін педагог-ассистенттің жұмысының негізінде, балаға сену, оның жеке тұлғасына шынайы қызығушылық, оның ерекшеліктерін қабылдау, ізгі ниеттілік, шыдамдылық, жүйелілік сияқты ұғымдар жатуы тиіс. Осы міндеттерді шешкен кезде межеленген мақсатқа қол жеткізуге болады деп сенеміз. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау аясында педагог-ассистенттің қызметі пәнаралық командаға қатысушылардың барлығымен тығыз байланыстағы және өзара іс-қимыл жасаудағы өлшеусіз еңбектен тұрады. Қорыта келе инклюзияның табысты болуы, көп жағдайда, әртүрлі мамандар тобының бірлесе жұмыс жасауына байланысты.




















Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі

"Ахмер орта мектебі" КММ


















Тақырыбы: Инклюзивті білім берудегі педагог- ассистенттің ролі.
















Оқыған: педагог-ассистент Мухаева Г.А.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2025
9
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі