Материалдар / ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Материал туралы қысқаша түсінік
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2020
5538
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мағауова Салтанат Абайқызы

Педагог-психолог

Родина жалпы орта білім беретін мектебі

Арқалық қаласы, Қостанай облысы


ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР


Кілт сөздер: Инклюзивті білім беру, психологиялық ойындар, таным процестері, психологиялық ахуал, жаттығулар, ойындар, мүмкіндігі шектеулі, білім деңгейі.

Аңдатпа: Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар оқушыларға мектеп психологының жұмысы мағызды. Психологтар оқушыларды сүймелдеуде, қолдау көрсетуде психологиялық ойындар мен жаттығуларды үнемі пайдаланып отырады.


Неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін растап отыр. Қазіргі кезде мектептерде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге көп көңіл бөлінуде. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.

1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.

2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою

3.Сабақты жүйелі жоспарлау [1]

Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог даму мүмкіндігі шектеулі балаға біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, бақылау жүргізіп отырады. Ал сынып жетекшілер баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін даму мүмкіндігі шектеулі оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады.

Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

1. Олар ойланады.

2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланыңшығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.

3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.

4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. [2]

Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»

Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді. 

«Пілдің аяғы» жаттығуы

Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.

«Менің және анамның қолы» жаттығуы

Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:

1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.

4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.

«Көліктер» жатығуы

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту. Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді:  барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.

«Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығуы

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрді «Ия-жоқ», «Жоқ- ия» сөздерін айтады. Жаттығудан кейін талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайсысын айту қиын? [3]

Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар

Бет-әлпетті еске сақтау”  Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.

Ол қалай күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін, махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады?

Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?

Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына назар аудар.

Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орыныа қойып көр.

Қоштау” Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме.

Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайм күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалрыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн.

Саған аманшылық тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылық тілеймін” болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып қалатын болсаң, “Саған аманшылық тілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол.

Жаңа түрге ену” Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен — ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс.

Нажағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің? [4]

Ойындар түрлері

«Кімде қандай қасиет бар»

Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.

«Өзің жалғастыр….»

Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты….

Айнұр досын ренжітіп алғандай болды…

Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті….

Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауын тапсырып, соңынан баланың ойын талқылауға болады.

«Түспен ажырату»

Ойынның мақсаты: адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшінқай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.

«Баға беру»

Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

Жүргізуші баладан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі.

Бұл ойын баланың адамды тани білуіне, келбетіне қарап, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.

Ойын-пантомима

Бүл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

Мысалы, балаға түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі:

— ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аялайды;

— оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек;

— әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;

— ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласарын білмейді.

Жанұя мүшелерінің көмегімен музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.

Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастарады.

«Өз есіміңді ерекше ата»

Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы.Біздің есімдеріміз өмір

бойы бізбен бірге,олар біздің мінезімізге,сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады.

Кәнеки,өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік.Жаттығып алайық.

Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауғанемесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады. [5]

Қорыта айтқанда: Психологтар «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық. Даму мүмкіндігі шектеулі болып келген баланың көңіліне кірбің түсірмейік. Мені әр оқушының алдағы өмірі ойландырады.?

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Инклюзивті білім беру негіздері. Алматы 2019 жыл

  2. Овчарова Р.В. Практическая психология образования. – М.: Академия, 2003.

  3. Крюкова Т.Л. Отбасылық психология. – Тіл, 2005

  4. Фролова С.В. Консультативная психология: теория и практика. Учебно-метод.пособие для студентов, обучающихся по специальности «Психология». – Саратова, 2015

  5. Уалкенова Д.Х. Международный опыт развития семьи. – Астана, 2018.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ