Нуртаева Лаура
Узакбаевна
Ақтөбе қаласы №8 орта
мектеп
Тарих пәнінің
мұғалімі
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ –ЗАМАН
ТАЛАБЫ
Қазіргі таңда барлық
әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке
сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім
беру.
Инклюзивті білім беру — жалпы білім берудің
даму үдерісіндегі әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай
бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына
қол жеткізу. Ол, инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі
бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды
игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын
құндылықты-бағдарланған орта. Осы орайда, Ақтөбе қаласындағы №8
орта мектебінде инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндетін
орындау жұмыстары да кең көлемде жүзеге асырылып келе жатыр. Ерекше
білім беруді қажет ететін тұлғаларға сабақ беретін педагогтарымыз
«Инклюзивті білім беру» курстарынан өтіп, сабақ жоспарларында
арнайы тапсырмалар дайындап, мүмкіндіктерді қарастырып жұмыс
жасауда. Бұл ерекше білімді қажет ететін тұлғалармен
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсету педагогтардың даярлығынан көре
аламыз.Инклюзивті білім берудің
мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен
бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне
қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып
табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар
құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе
көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі
шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым
ісәрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту –
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір
адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім
шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар
құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала
үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын
әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын
кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын
ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің
дамуы.лючить
звук
Инклюзивті оқыту балаларды оқу
үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ
берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың
оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда
ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Ата-аналар, мұғалімдер іс-әрекетінде бірлестік, жүйелілік болса
ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді. Мүмкіндігі
шектеулі балаларға ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр
педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға
бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын ашуға мүмкіндік туғызады,
әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен
қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына кірістіреді.
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында
–тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) ,
жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал
екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы
топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды,
жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары
бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына
енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар
көрсетеді. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік
береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және
ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше
қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы
білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу
үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ
берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың
оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда
ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да
өзгереді.
Бүгінде мектебімізде нәтижелі
жұмыстардың арқасында қазір мұндай оқушылар өзін бірқалыпты
ұстайды. Еңбегіміз еш кетпей, оң нәтиже беруде. Балаларынан
өзгеріс байқаған ата-аналар алғысын
айтуда.
Инклюзивті білім беру
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім
беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке,
қайырымдылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Бұл бағытты мектеп те,
өзге ата-аналар да қолдайды. Өйткені, бала – адам баласының Алладан
алған ең үлкен нығметі, ұрпағының жалғасы, көз қуанышы. Оның
құқығын тапталмай, физикалық мүмкіндігін бөліп-жармай, бір деңгейге
қою – біздің міндет.