Материалдар / Инновациялық әдіс –тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

Инновациялық әдіс –тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек.Жас мамандарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
383
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Омиржанова Жансулу Сапаровна


Эссе


Инновациялық әдіс –тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту


«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі

жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек.

Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет»

деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Бүгінгі таңда еліміздің болашағы кемел болу үшін, мектепте білім нәрімен оқушыларды сусындатып жүрген ұстаздар сындарлы ойланып, жан-жақты болу қажет. Заман талабына сай ұстаздар да жаңалықтарға толы болу керек деген ойға келемін. Оның дәлелі, бүгінгі күннің сыни ойланатын оқушылары. Басқа дамыған елдер қатарына қосыла мақсатында еліміздің тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев арнайы Жаңартылған оқу бағдарламасын енгізді.

Жаңартылған оқыту оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы заңында: «Жаңартылған мазмұн шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемшарттық жүйесі енуде, ол өңірдің, мектептің орналасқан жеріне және оқыту тіліне қарамастан оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және тең бағалауды қамтамасыз етеді» делінген. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.

Мен өз жұмысымда осы ұстанымды ұстай отырып, өз алдыма мынадай мәселені қойдым: Озық технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық ой-өрісі кең, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны қалыптастыру. Аталмыш мәселемнің шешуін табу үшін өзіме мынадай мақсат қойдым: инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту.

Осы мақсатымды жүзеге асыру мақсатында 2020-2021 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатта жазылғандай дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидаларын өз алдыма міндет ретінде алып отырмын:

  • тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

  • тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу және ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

Менің ойымша аталмыш міндеттер жүзеге асу үшін, ең алдымен мұғалімнің өзі жаңашыл болу қажет. «Жаңашыл ұстаз қандай болу керек?» деген сұраққа мен былай жауап берер едім. Ең алдымен ұстаз оқушылармен тіл табыса алу қажет. Сабақ басталған кезде жағымды ахуал туғыза білген жөн. Ұстаз әр баланың жүрегіне табар жолды іздеп, сол жолмен оқушымен бірге жүрсе, өз шәкіртін білімнің биік шыңына шығара алады. Бірақ бұл жол оңайлыққа түспесі анық. Қарапайым дәстүрлі сабақ өткізген уақытта, бүгінгі күннің оқушылары сабақ барысында жалығып кетеді. Сондықтан сабақ барысында әр түрлі жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізсең, оқушылар қызығушылығын көрсетіп, өз ойларын еркін жеткізе алады. Мен өз сабағымда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды сыни ойлауға жетелеймін. Негізінен сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл – иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену. Проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысынан оқу - тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.

Менің сабағымда көбіне қолданып жүрген әдіс – тәсілдерім:«Шың», «Серпілген сауал»,«Венн диаграммасы», «Постермен жұмыс», «Бес жолды өлең», «Адасқан әріптер» . 6-сыныпта ертегілерді өткен кезде «Шың» әдісі арқылы поэмадағы жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді анықтап,мінездеме берді. Әдебиет сабағында жиі қолданатын әдіс – «Бес жолды өлең». Жаңа сабақты түсіндірер алдында не қортынды жасағанда ең тиімді . 5 – сыныпта өткен Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінде мен «Кейіпкерлермен кездесу» әдісін қолдандым. Шығарма кейіпкерлерімен кездесе алсаңдар тек екі сұрақ қоя аласыңдар, өздерің туралы және ол туралы.Сендер қандай қояр едіңдер?Ол қалай жауап беререді деп ойлайсыңдар? Бұл әдісті 5 – сынып оқушылары тез түсініп өздерінің сұрақтарын дайындап және кейіпкердің берер жауабын дайындап қойған болатын.Бұл әдісте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады деп ойлаймын. «Миға шабуыл » әдісі үй жұмысын тексерген кезде пайдасы зор. «Сәйкестендіру» әдісін қазақ тілі сабағынан ереже өткен кезде пайдаланамын 9-сыныпта «Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолданып, кері байланыс жасатамын. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

Қызығушылықты ояту

Мағынаны ашу

Ой толғаныс

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай мәселелерге қол жеткізеді:

Оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай береді;

Басқаларды тыңдай білуге, кезкелген жауапқа сыйластықпен және түсінікпен қарауға үйретеді;

Өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;

Керек кезінде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;

Ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылады, сабаққа қызығушылығы артып,балалардың белсенділігі өте жоғары болады;

Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады . Сабақ соңында кері байланыс жасап, әдіс-тәсілдерден соң қалыптастырушы бағалау қолданамын . Жаңашыл, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу үшін, жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді қолданған жөн болар деп ойлаймын. Нақты сын тұрғысынан ойлау технологиясының сабағымда қолданған элементтеріне тоқталатын болсам, Венн диаграммасы арқылы мұғалім оқушыға бағыт береді, оқушы ары қарай өз ойымен өрбітеді. Мен сабағымда «Ақынға тән қасиеттер» деп тақтаға жаздым, ары қарай оқушылар өздері ассоциация жасады. Өз ойларын ортаға салып, тақтаға жазды. Бұл тәсіл оқушылардың өздеріне ізденуге түрткі болады деген ойдамын. Оқушы өз бетімен білім алуға ынталанады . Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында да көрсетілгендей оқушылар білімдерін күнделікті өмірде қолданып, мектептен алған тәжірибені иеленіп және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануы қажет.

Жоғарыда айтылған міндеттерді іске асыру барысында, оқушыларым да, өзім де түрлі жарыстарға қатысып, жетістіктерге жетудеміз. Жетістіктеріме тоқталып кететін болсам: 2016-2019 оқу жылында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Сөз шеберлері» байқауында ІII орынды иеленгені үшін 8-сынып оқушысы Жұмахмет Қарақат мадақтамамен марапатталды.

«Тілші -әдебиетшілер» байқауы бойынша III орын иеленгені үшін 8-сынып оқушысы Совет Құралай марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мен «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жоба аясында өткізілген «Менің кішкентай Отаным !» атты 9-11 сыныптар арасында аудандық эссе сайысына қатысып, Мұқатай Ақжүніс II орын иеленді. Жеңімпазды дайындағаным үшін аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен өзім де марапатталдым. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық Абай және Мағжан оқуларының аудандық кезеңіне оқушыларым қатысып, 8-сынып оқушысы Совет Құралай жүлделі I орынды, 9-сынып :Жұмахмет Қарақат жүлделі І орынды, 8--сынып оқушысы Мұқатай Ақжүніс жүлделі І орынды иеленді. 9-сынып оқушысы Жұмахмет Қарақат облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Маған жетекшісі ретінде Алғыс хат табысталды.Облыстық кезеңде Совет Құралай II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақын ,қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М.Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жыр жұлдызы Мағжан поэзиясы –ұлттық руханият негізі» атты халықаралық әдеби байқауының «Өлең менің Шолпаным,Айым,Күнім» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен Жұмахмет Қарақат марапатталды .2017 жылы облыстық «Жазушылар» номинациясы бойынша Мұқатай Ақжүніс II дәрежелі дипломға ие болды.

Республикалық, облыстық сайттарға ашық сабақтар мен мақалалар жариялап тұрамын. 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналына «Сын есім» атты ашық сабақ , «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» сыныптан тыс іс –шара жарық көрді. Аудандық « Есіл таңы » газетіне де мақалаларым шығып тұрады. Елбасының алтын бесігі, ырыстың кіндігі саналып келе жатқан ауыл туралы аудандық «Есіл таңы » газетіне «Ауылым –алтын бесігім » атты мақалам жарияланды.

Ерікті дегеніміз-әрбір жастың ,әрбір азаматтың қоғамға қосатын үлесі. Осыған орай ауылымыздың жастары мектепке сыйлық тарту етті. Аудандық газетке «Сыйапаты мол сыйлық» атты мақала жарияланды.

«Пән мұғалімдеріне жаңа технологияларды сабақтарында тиімді пайдалану» атты ұстаздармен бірігіп жинақ шығарылған болатын. Бұл жинақтың ішінде сыныптан тыс жұмыстар біріктірілді.

Оқушының шыңдалу жолында тынбай еңбегім үшін, мен алғыс хатпен марапатталдым. Осы оқу жылы «Мектепішілк тәрбиелік іс-шаралар» атты әдістемелік құрал құрастырып басылымға шықты. Аталмыш әдістемелік құралда мектеп мұғалімдері өткізген сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар жазылған, бұл құралды басылымға шығару себебіміз: әріптестерімізге бала бойында патриоттық, рухани-адамгершілік, этно-мәдени, сауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуге көмегін тигізер деген сенімдеміз.

Аталмыш оқу жылында қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың білім сапасына тоқталып кететін болсам, жалпы оқушылардың білім сапасы жақсы, сабақ барысында оқушылар белсенділік көрсетеді, жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде оқушылар БЖБ,ТЖБ жазып, өз білімдерін көрсетуде.











Сабақты әртүрлі әдіс –тәсілдерді қолданып ,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық .Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақты  да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң ,ұлылыққа жетесің»деп данышпан ақындарымыз айтпақшы ,барлығымыз бірге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай  өтеміз деген ойдамын. Әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай болатын ,ең алдымен ұлттық жаңа әдістемелердің бүр жаруына ,оның өркендеп,тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып,нығаятынына нық сенемін .

Қорыта келгенде бүгінгі күннің оқушылары заман талабына сай ең алдымен сыни ойланулары қажет. Сонымен қатыр ашық, өз ойын жеткізе алатын шығармашыл болғаны дұрыс. Мұғалім оқушының Л.С.Выготксий зерттеген жақын арада даму аймағына да көңіл бөлуі қажет. Ауылдан шыққан балалар көбінесе тұйық, ұялшақ, өз ойын еркін айтуға сенімсіз болады. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқушы жан-жақты, өз ойын еркін жеткізетін, шығармашыл болуы қажет. Мен өз еңбек жолымда осы ұстаным бойынша жұмыс істеу барасындамын. Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылу үшін, ең алдымен инновациялық ойларға толы оқушы тәриелеуіміз керек. Осы жолда мектеп ұстаздары тынбай еңбектеніп, өз шәкірттері биік шыңдардан көріне берсе, әр мұғалім үшін бұл жетістік деген ойдамын. Мен өз оқушыларымды сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта да ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, сыни ойлауға тәрбиелеймін. Еліміздің кемел болашағы –сыни ойланатын, ізденімпаз жастардың қолында. Осындай жастарды тәрбиелеу – мектеп ұстаздарының қолында. Біздің міндетіміз елінің болашағын ойлайтын патриот, білімді жастарды тәрбиелеу.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР Білім туралы Заңы, 2012 жыл

  2. Әдістемелік нұсқау хат, 2020жыл

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2017 жыл

  4. http:ppt-online.org

  5. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, 2017жыл

  6. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ