Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инновациялық білім беру мектеп қабырғасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономикадан реферат жазуға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Н Айдарханова

«Н.Крупская орта мектебі» КММ Жарма ауданы Шалабай ауылы

Инновациялық білім беру мектеп қабырғасынан басталады

Білім беру –қоғамның алға жылжуын қамтамасыз етеді.Білім беру сапасы-бұл жаңа өмір сапасы.Республикадағы білім беру реформасы-инновациялық технологияларды енгізу үрдісі,оқытудың жаңа технологияларын іздеу.Оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды бір жүйеге қоюдың жолдарын қарастыру қажет. Ең алғаш инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов.Ол инновация,инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау,меңгеру,қолдану және таратуға байланысты бір бөлік қызметі деп жазды. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе бәсекеге қабілетті білім беретін мамандар дайындап,өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту жолдарын ең алдымен мектеп қабырғасынан бастаған жөн. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын,әдістерін,технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген,білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.Мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Инновациялық технологиялардың мектептегі білім сапасын арттыру:

Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

Міндетті деңгейдегі білім қалыптастыра отырып,мүмкіндік деңгейлерін ашу;

Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру,мектеп жағдайына бейімдеу;

Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Инновациялық білім беру тұлғалық таяну,іргелі білім беру,шығармашылық бастама,жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалануды білдіреді. Себебі,білімнің бастау бұлағы деп мектеп қабырғасын аламыз.Сабақтың өтуі мұғалімнің үнемі іздену,ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану,оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Инновациялық білім беру тұлғалық таяну,іргелі білім беру,шығармашылық бастама,жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалануды білдіреді. Қазіргі заман жағдайында білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын,оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе,икемділік пен бейімділік беру қажет.Тек осылай,бәсекеге қабілетті,шығармашыл маман даярлау процесінде мамандарды инновациялық іс-әрекетке кәсіби даярлығын қалыптастыруға болады.Үшінші мыңжылдықтың ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпаратты мәлеметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін,талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр.Ал, бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек.Білім берудің қазіргі көздеп отырған мақсаты-білім алып,білік пен машыққа қол жеткізу ғана емес,сол қалыптасқан білім негіздері арқылы қоғамның өзгергіштік қасиетіне қарай кәсіби біліктілікке дайындау.Сондықтан қазіргі уақытта білім берудің дәстүрлі жүйелері өзгеріске ұшырап,мемлекет тарапынан білім беруді түбегейлі жаңартудың жолдары қолға алынып жатыр.Бұл жалпы білім беретің мектептерді 12 жылдық және дистанциялық оқыту жүйелеріне көшіру шаралары.Сондықтан да, әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,ізденпаздыққа,шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Бұл міндеттерді шешу үшін оқу орны ұжымдарының әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжіребеге,жаңа қарым –қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Сондықтан-да әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерді,әр-түрлі тәжіребелер жөніндегі мағлұматтарды,жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап,дұрыс пайдалана алу керек.

Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру үшін төмендегі жағдайлардың болуы шарт:

  • Білім беру мекемелері басшыларының инновацияны енгізудің құндылығын түсіну;

  • Мектептің материалдық-техникалық базасын күшейту;мектептегі компьютерлердің санын көбейту,оны түгелдей интернет жүйесіне қосу;

  • Мектептегі әдістемелік жұмыстарға жаңаша бағыт беру,әр мұғалімнің шығармашылығын арттыратындай ізденіс жұмыстарын жүргізу;

  • Әрбір мұғалімнің шағармашылық мүмкіндігін ашу;

  • Жаңа идеясы бар шығармашылық қабілеті жоғары маманның болуы;

Мектептің озық іс-тәжіребелерін жеке веб-сайттар арқылы тарату,

пайдалану.

Бұрынғы оқушы тек тындаушы,орындаушы болып келсе,ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.Өйткені,осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.

Оқу үрдісіне осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп,зерттеп,тиімділігіне оқытып,өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек.Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде.Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс-тәсіліне,шеберлігіне қарай жүзеге асады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Жаңа педагогикалық технологиялар-болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құралы//Ізденіс-Алматы,2007-№4

Практикалық сабаққа арналған оқу құралы құрылымы хақында//Үшінші мыңжылдықтың оқулығы:жасау,шығару және тарату.III-халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары,Алматы 5-7 маусым 2003 жыл.

Ж.А.Караев.педагогикалық технологиялар ұғымының мәні. «Республика ұстаздары»,31 қаңтар 2004 жыл.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12