ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шымкент университеті
ӘОЖ 37.018.1:001.895 Қолжазба құқығында
Тогизбаев Арман
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
6М010300 – «Педагогика және психология»мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
Ғылыми жетекші:
п.ғ.к
Шымкент, 2017
МАЗМҰНЫ
|
|
РЕЗЮМЕ |
3 |
|
|
Нормативтік сілтемелер |
5 |
|
|
Анықтамалар |
6 |
|
|
КІРІСПЕ |
7 |
|
1. |
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
14 |
|
1.1 |
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мәні мен ерекшеліктері |
14 |
|
1.2 |
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың хал-күйі |
34 |
|
1.3 |
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың теориялық моделі |
44 |
|
2 |
МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУ |
49 |
|
2.1 |
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттары |
49 |
|
2.2 |
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамыту әдістемесі |
58 |
|
2.3 |
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері |
68 |
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
81 |
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
83 |
|
|
ҚОСЫМШАЛАР |
91 |
РЕЗЮМЕ
Тема диссертации: Педагогическое сотрудничество школы и семьи в развитии инновационного образования
Объем диссертации: 96 стр.
Количественные данные об иллюстративных материалах:
Таблицы – 13
Иллюстрации – 6
Цель исследования: Определить педагогические условия для развития инновационного образования посредством сотрудничества школы и семьи, разработать методику.
Объект исследования: процесс развития инновационного образования в системе сотрудничества школы и семьи.
Предмет исследования: педагогические условия развития инновацинного образования в системе сотрудничества школы и семьи.
Степень новизны исследования:
- определена сущность и особенности развития инновационного образования в системе сотрудничества школы и семьи;
- выявлены и обоснованы педагогические возможности развития инновационного образования в системе сотрудничества школы и семьи;
- определены и теоретически обоснованы педагогические условия сотрудничества школы и семьи в развитии инновационного образования;
- разработана и эксперментально проверена методика совместной работы
школы и семьи в развитии инновационного образования.
Практическая значимость исследования: разработанные учебно-методические материалы и рекомендации по совершенствованию сотрудничества школы и семьи, направленные на развитие инновационного образования, внесенные изменения и дополнения в содержание работы школы с родителями учащихся, программа семинара-тренинга для родителей «Педагогические новшества в школе и организация учебной работы детей в семье», результаты полученные в ходе исследования могут быть использованы в практике общеобразовательных школ, в системе подготовки и повышения квалификации педагогических кадров в вузах.
Апробация и внедрение результатов исследования осуществлена в ходе опытно-экспериментальной работы, а также в виде научных сообщений и докладов в международных научно-практических конференциях в городах Шымкент (2012,2013,2014 гг.), Алматы (2014г.), Чебоксары (2013г.), публикацией научных статей в республиканских научно-педагогических журналах «Ізденіс.Поиск» (2014г., №1/1), «Қазақстан жоғары мектебі» (2014г., №2).
SUMMARY
Thesis: Pedagogical cooperation of school and family in development of innovative education
Thesis volume: 96 p.
Quantitative data on illustrative materials:
Tables – 13
Illustrations – 6
Research objective: To define pedagogical conditions for razvitiya innovatsionny education by means of school and family cooperation, to develop a technique.
Object of research: development of innovative education in system of cooperation of school and a family.
Object of research: pedagogical conditions of development of innovatsinny education in system of cooperation of school and a family.
Degree of novelty of research:
- the essence and features of development of innovative education in system of cooperation of school and a family is defined;
- pedagogical possibilities of development of innovative education in system of cooperation of school and a family are revealed and proved;
- pedagogical conditions of cooperation of school and family in development of innovative education are defined and theoretically proved;
- it is developed and ekspermentalno the collaboration technique is checked
schools and families in development of innovative education.
Practical importance of research: the developed educational and methodical materials and recommendations about improvement of cooperation of school and the families aimed at the development of innovative education, the made changes and additions in the content of work of school with parents of pupils, the program of a seminar training for parents "Pedagogical innovations at school and the organization of study of children in a family", results received during research can be used in practice of comprehensive schools, in system of preparation and professional development of pedagogical shots in higher education institutions.
Approbation and introduction of results of research is carried out during skilled and experimental work, and also in the form of scientific messages and reports in the international scientific and practical conferences in the cities of Shymkent, (2012,2013,2014), Alma-Ata (2014), Cheboksari (2013), the publication of scientific articles in republican scientific and pedagogical magazines "Izdenis. Search" (2014, No. 1/1), "Kazakhstan zhogary mektebі" (2014, No. 2).
Нормативтік сілтемелер
-
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. 27.07.2007 ж.
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамы қарай 20 қадам. 10.07.2012 ж.
-
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.18.06.2010 ж.
-
Қазақстан Республикасындағы оқушы-жастарды тәрбиелеудың 2012-2016 жж. арналған тұжырымдамасы.
Анықтамалар
Отбасы – бұл жұбайлар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің, жауапкершілік пен қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады.
Тәрбие – оқушылардың сана-сезімін дамыту, мінез-құлық дағдыларын реттеу, қалыптастыру, аға-ұрпақтардың тәрбиесін меңгерту, оларды өмір мен еңбекке даярлау.
Оқыту – мұғалім мен оқушының іс-әрекетінде білім беру мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін, өзара байланысқан бірізді жүйе.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту – оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екіжақты, біртекті процесс.
Білім беру – оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас.
Білім беру – білім, білік, дағдылар қалыптастыру арқылы шығармашылық ой жүргізуін дамыту.
Даму – төменнен жоғарыға қарай, қарапайымнан күрделіге қарай жүру.
Білім беру жүйесі – оқытудың құрамды бөліктері арасындағы мызғымас байланыс.
Білім технологиясы – жалпы білім беру үрдісін ұйымдастыру әдістері, құралдары, ұйымдастыру принциптеріне байланысты ұғым.
Оқыту технологиясы – әдістер жиынтығы және оқу материалдарын өңдеу, болжау, өзгерту құралдары; оқу үрдісінде қажетті техникалық және ақпарат құралдары арқылы ұстаздың шәкіртіне әсер ету тәсілдері деп те қарастырылуда.
Технология – грек тілінен аударғанда «techne» сөзі – өнер, шеберлік, ұсталық, біліктілік дегенді білдірсе, «logos» сөзі – ілім, ғылым.
Инновация – жаңаның туындауы, дамуын түсіндіреді; жаңалық енгізу, жаңғырту – оқу-тәрбие үрдісін жақсартып, жетілдіру үшін педагогика жүйесіне жаңалық ендіру; оқу-тәрбие жұмысын, мектеп жұмысының барлық бағыттарын жаңарту, жаңалықтар жасау және енгізу арқылы мектепті дамытуға бағдарланған іс-шаралар.
Педагогикалық процесте инновация – оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, оқытушы мен студенттің бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу.
Инновациялық білім беру – бұл педагогикалық жаңалықтарды (жаңа идеялар, тұжырымдамалар, әдіс-тәсілдер, құралдарды) тиімді пайдалануға негізделетін оқу-тәрбие үрдісі.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы – мектеп пен оқушылар ата-аналарының балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту міндеттерін шешудегі өзара әрекеттесуі; отбасы тәрбиесін мектептің педагогикалық-психологиялық қолдауы және педагогикалық қызметтің түрлі салаларына ата-аналардың белсенді қатысып, көмек көрсетуі.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «Білім беру жүйесінде Қазақстан халқының үштен бір бөлігі.... Бұл жерде ең негізгісі, атап айтқанда білім беру жүйесінде біздің балаларымыз өседі, қалыптасады және үлкейеді. Бұл әрбір отбасыны қайғыртады» [1].
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «жеке тұлғаның дамуын, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың тұпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады» делінген [2].
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы әрқашанда жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды шарты болып келген. Дәстүрлі «мектеп-отбасы» ынтымақтастығы мектептің оқушылар тәрбиесідегі жетекші, отбасының жетектелуші рөліне негізделіп келген. Оқушының өзіндік даму мен қалыптастырудың субъектісі ретінде мойындайтын, гуманистикалық ұстанымдарға негізделетін қазіргі білім беру парадигмалары мектеп пен отбасы ынтымақтастығында отбасының да белсенді позициясын қажеттейді. Отбасы мектептің оқушылар тәрбиесіндегі серіктесі деп бағаланады. Отбасының қолдауынсыз мектептің көптеген маңызды міндеттері орындалуында қиындықтар пайда болады. Бұл тек оқушылар тәрбиесіне тән емес, бәлкім мектептің инновациялық дамуына да тиісті екендігін қазіргі педагогикалық тәжірибе делелдейді.
Қазіргі жалпы білім беретін орта мектеп шынында да инновациялық үрдістер алаңына айналды. Мектептің өзіне, негізгі қызмет бағыттарына, оқу-тәрбие үрдісіне, педагог мамандардың кәсіби қызметіне, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіне күнделікті енгізіліп отырған педагогикалық жаңалықтар бір ғана мектептің мәселесі емес. Педагогикалық жаңалықтар оқушы психологиясына әсер етеді. Оқушылардың алатын білімдеріне ғана емес, іс-әрекет құрылымына, тәсілдері мен құралдарына да өз әсерін тігізеді. Бұл өз кезегінде баланың отбасындағы тәрбиесі мен оқу жұмысына да ықпал етеді. Сол себепті ата-аналардың мектептегі инновациялық білімнің тек тұтынушылары болуы жеткіліксіз екендігі байқалады. Ата-аналардың тікелей қатысуынсыз педагогикалық жаңалықтарды таңдау, сараптау, енгізу, оның тиімділігін жан-жақты бағалау әрдайым толыққанды деу мүмкін емес.
Қазақтың ұлы ағартушылары Абай Құнанбаев [3], А.Байтұрсынов [4], М.Жұмабаев [5], Қ.Б.Сейталиевтің [6] педагогикалық мұраларында отбасы тәрбиесінің бүгінгі таңда да өзекті болған көптеген мәселелері қарастырылған.
Ұлы педагогтар К.Д.Ушинский [7], А.С.Макаренко [8] В.А.Сухомлинский [9] еңбектерінде отбасы мен мектеп ынтымақтастығы және оны мектеп дамуы міндеттерімен өзара байланысы мәселесі де көрініс алған.
Инновациялық білімнің теориялық-әдіснамалық аспектілері қарастырылған ресейлік және отандық ғалымдар В.П.Беспалько [10], О.В. Заславская [11], М.В.Кларин [12], А.М.Лобок [13], Б.П.Мартиросян [14], Д.А.Метелкин [15], С.Поляков [16], О.Г.Красношлыкова [17], П.П.Семенов [18], Р.Х.Шарипов [19], Н.М.Савина [20], В.С.Лазарев [21], В.А.Сластенин [22], В.П.Симонов [23], К.Ангеловски [24] т.б. еңбектерінде зерттелінген.
Отандық ғалымдар Ш.Т.Таубаеваның [25], Р.Р.Масырованың [26], Ж.А.Қараевтың [27], А.Шалабаеваның [28], Г.Т.Мусабекованың [29], М.М.Жанпейісованың [30], К.Бұзаубақованың [31], 3.Арысбаеваның [32], С.Көшімбетованың [33], Б.Қалапбергенованың [34], П.К.Искакованың [35] және т.б. зерттеулерінде инновациялық білім беру мәселелері қарастырылады.
Отбасы тәрбиесінің теориялық негіздері Г.Н.Волков [36], Ю.П. Азаров [37], С.В.Хайкин [38], А.Э.Измайлов [39], отандық педагог-ғалымдар Х.Арғынбаев [40], С.Кенжеахметов [41], С.А.Ұзақбаева [42], А.А.Қалыбекова [43], С.Қ.Қалиев [44], Қ.Бөлеев [45], А.Қуралулы [46], С.С.Тілеуова [47], Ә.Табылды [48], З.Әбілова [49], С.Ғаббасов [50], А.А.Қалыбекова [51;52;53], Ж.Қоянбаев [54], Ж.Ж.Наурызбай [55], М.Т.Баймұқанова [56], Р.Төлеубекова [57], А.О.Исабекова [58], В.Б.Садақбаева [59], Қ.Т.Әтемова [60], Ж.С.Хасанова [61], А.С.Магауова [62] және т.б. зерттеулерінде қарастырылған.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мәселелеріне арналған еңбектер – Н.Е.Щуркова [63], Т.М.Афанасьева [64], И.А.Хоменко [65], Ю.Б.Гиппенрейтер [66], Т.Симакова [67], Л.И.Амирханян, И.Ю.Кокаева [68], В.А.Ахметшина [69], Т.А.Куликова [70], Дж.Нельсен [71], С.П. Акутина [72], В.М.Брюхова [73], Н.Н.Быстрова [74], Д.В.Григорьев [75], С.З.Бойматов [76], қазақстандық ғалымдар А.А.Қалыбекова [77], К.Ж.Қожахметова [78], И.Сманов [79], Ж.С.Хасанова [80], И.А.Корнилко [81] және т.б. зерттеулері біздің зерттеу жұмысымыз үшін қызығушылық оятады.
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасының ынтымақтастығы мәселелерінің қазіргі таңда тек кейбір аспектілері Г.И.Журавлёва [82], М.Зиятова [83], Т.В.Кружилина [84], Н.П.Мальтиникова [85], М.Н.Недведская [86], Н.Ш.Алметов [87], А.А.Сулейменова [88] т.б. жұмыстарында қарастырылған. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы жүйесінде инновациялық білімді дамытуға арналған арнайы педагогикалық зерттеу жұмыстары әлі де тапшы.
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерді және педагогикалық іс-тәжірибені талдау қазіргі таңда мектепте инновациялық білімді дамытуда мектептің отбасымен өзара ынтымақтастығын нығайтуға деген қажеттілікпен осы мәселенің педагогикалық тәжірибеде жеткілікті деңгейде көрініс таппағандығы, ғылыми-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етілмегендігі арасындағы қарама-қайшылық туындағандығын делелдейді.
Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып магистірлік диссертациялық жұмыс тақырыбын “Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы” деп атауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау, әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперименттік негіздеу.
Зерттеу нысаны: мектеп пен отбасының ынтымақтастығы жүйесінде инновациялық білімді дамыту процесі.
Зерттеу пәнi: мектеп пен отбасының ынтымақтастығы жүйесінде инновациялық білімді дамытудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушыларға сапалы білім беру мен саналы тәрбие берудегі мектеп пен отбасының өзара біріккен әрекеті мектептегі инновациялық үрдістерде белсендіруге бағытталып, инновациялық білімді дамытудағы ынтымақтастық мақсатты және жоспарлы түрде жүзеге асырылса, онда оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды ендірудың тиімділігі арта түседі, өйткені инновациялық білім беруге ата-аналар тарапынан қолдау көрсетілуі және олардың мұғалімдермен бірлескен жұмысы балалардың инновациялық білімдік ортаға бейімделуі, олардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің оңтайлы ұйымдастыру мүмкініктерін арттырады.
Зерттеудің мiндеттерi:
1. Инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мәні мен ерекшеліктерін айқындау.
2. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының инновациялық білімді дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау.
3. Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттарын анықтау және негіздеу.
4. Мектеп пен отбасының инновациялық білімді дамытуға бағытталған өзара әрекеті әдістемесін әзірлеу және оны эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістерде белсенді қатысуы және отбасы тәрбиесінің оқушыларды инновациялық білім алуларына бағдарланғандығы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының инновациялық білімді дамыту факторына айналдырады.
Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне: философия, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдардың тұжырымдары, гуманистік ілімдер, педагогикалық инноватика саласындағы жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың тұжырымдамалары; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; мектеп пен отбасы ынтымақтастығына байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; жоғары сынып оқушылардың оқу-тәрбие процесін бақылау; оқушылармен, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу; арнайы курстар өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін, тиімділігін тәжірбиелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау; оларды математикалық-статистикалық жағынан өңдеп қорытындылау.
Зерттеу көздерi: отандық, шетел ғалымдарының мектеп пен отбасы ынтымақтастығы туралы еңбектері; ресми құжаттар (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, қаулы-қарарлар, баяндамалар және т.б.); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің нормативті құжаттары, педагогикалық инноватика және мектеп педагогикасы саласындағы зерттеулердің материалдары; мектепте инновациялық білімді дамыту, отбасы мен мектеп ынтымақтастығын ұйымдастырудың озық тәжірибесі; мектептің педагогикалық іс құжаттары.
Зерттеу кезеңдерi:
Бiрiншi кезеңде (2012 ж.екінші жартысы -2013 ж.бірінші жартсы) - зерттеу мәселесі бойынша материалдар жиналды, жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының ғылыми-теориялық негіздері айқындалды. Мектеп пен ата-аналар бірлескен жұмысы арқылы инновациялық білімді дамытудың хал-күйі зерттеліп, тәжірбиелік-педагогикалық бағдарламалары айқындалды.
Екiншi кезеңде (2013 ж. екінші жартысы-2014 ж.бірінші жартысы)- инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының теориялық моделі жасалынды және оның тиімділігінің педагогикалық шарттары анықталды. Инновациялық білімді дамыту бағытындағы мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі әдістиемесі әзірленді. 2013/2014 оқу жылының басынан базалық мектептерді тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Үшiншi кезеңде (2014 ж.бірінші жартысы) эксперимент нәтижелерi мен теориялық бiлiмдердi пысықтау, жинақталған материалдарды талдау мен сараптау негiзiнде магистірлік диссертациялық жұмыс бір жүйеге келтіріліп, ғылыми талап пен ережелерге сай магистірлік диссертацияның жалпы мазмұны айқындалып, жобасы түзілді;
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қарабастау жалпы орта мектебі. коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың әр түрлі кезеңерінде 72 мектеп әкімшілігі қызметкерлері, 120 мұғалімдер мен сынып жетекшілері, 540 ата-аналар қатысады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мәні мен ерекшеліктері айқындалды;
- мектеп пен отбасы ынтымақтастығының инновациялық білімді дамытудағы мүмкіндіктері анықталды және негізделді;
- инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттары анықталып, теориялық негізделді;
- мектеп пен отбасының инновациялық білімді дамытуға бағытталған өзара әрекеті әдістемесі әзірленіп педагогикалық эксперимент жүзінде тексерілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: инновациялық білімді дамытуға бағытталған мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту бойынша оқу-әдістемелік материалдар мен ұсыныстар жасалды. Мектептің оқушылар ата-аналарымен жұмысы мазмұнына қосымшалар жасалып енгізілді. Сынып жетекшілеріне арналған «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамыту» атты арнайы семинар бағдарламасы, ата-аналар үшін «Мектептегі педагогикалық жаңалықтар және отбасында баланың оқу жұмысын ұйымдастыру» семинар-тренингтің әдіснамалық әзірлемелері жасалынды. Зерттеу жұмысында алынған нәтижелерді жалпы білім беретін мектептердің оқушылар ата-аналарымен іс-тәжірибесінде, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлауда, педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі іс-тәжірибесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы ата-аналарды мектептегі инновациялық іс-әрекетке белсене қатысуларын қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыруға даярлығын қалыптастыру мақсатындағы педагогтардың мақсатты және жүйелі іс-әрекеті деген тұжырым;
- инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы ата-аналардың мектептің өмірі мен қызметіне, оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық инновациялар енгізудың маңызы, мазмұны және тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру, инновациялық іс-әрекетте белсенді қатысуларына қол жеткізу, отбасында бала тәрбиесі мен оқу жұмысын мектептегі инновациялық білім беру жағдайлары мен талаптарына сәйкестендірумен ерекшеленеді;
- мектеп пен отбасы ынтымақтастығының инновациялық білімді дамытудағы мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісіне енгізілетін педагогикалық инновациялар отбасы, ата-аналар тарапынан қажетті деңгейдегі қолдау табуымен, нақтылы өзара пайдалы іс-қимылдарды жүзеге асырумен сипатталады;
- инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттарының негіздемесі;
- мектеп пен отбасының инновациялық білімді дамытуға бағытталған өзара әрекеті эксперимент жүзінде тексерілген әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi: зерттеу объектiсiндегi негiзгi тұжырымдардың әдiснамалық тұрғыда дәйектi дәлелденуiмен, зерделеу назарына iлiккен теориялық материалдарды объективтi тұрғыда талдаумен, алға қойған мақсаттарға сай пайдалануымен және зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлдi.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерiн сынақтан өткізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми мақалалар түрінде «Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамыту» («М.Әуезов оқулары – 12: Қазақстан білім қоғамы жолында: ғылым, білім және мәдениет дамуындағы инновациялық бағыттары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектері, Шымкент, 2012ж., 54-56 б.), «Мектепшіл инновациялардың отбасы тәрбиесіне әсері» («Жас ғалымдардың инновациялық идеяларының ғылымның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Шымкент, 2013ж., 44-46 б.), «Технология использования дидактического потенциала народной педагогики» (ІІ Всероссийский Ярмарка образовательных технологий (с изданием сборника материалов) «Образовательный потенциал», г.Чебоксары, 2013г.), «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамыту әдістемесі» («Ізденіс» Қазақстан Республикасы халықаралық ғылыми журнал-қосымшасы, №1(1)/2014, Алматы қ., 289-295 б.), «Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттары» («Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым, №2/2014, Алматы қ., 216-220 б.) ғылыми журналдарында жарық көрген.
Диссертацияның құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, объектісі, жетекші идеясы, пәні, ғылыми болжамы, практикалық маңызы, ғылыми жаңалығы, зерттеу жұмысының сенімділігі, дәйектілігі және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты обьектісі, пәні, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, болжамы, практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен дәйктілігі және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.
«Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының теориялық-әдіснамалық негіздері» атты 1-бөлімде инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі және мектептердің іс-тәжірибесіндегі хал-күйі анықталған. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың теориялық моделі ұсынылған.
«Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамыту» деп аталатын 2-бөлімде инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттары негізделген, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамыту әдістемесі ұсынылып, оның тиімділігін бағалау бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері берілген.
Қорытындыда зерттеу мәселесі бойынша негізгі нәтижелер мен қорытындылар тұжырымдалды; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі, сонымен қатар зерттеу мәселесінің перспективалары белгіленеді.
Қосымшада тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жекелеген материалдары ұсынылады.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мәні мен ерекшеліктері
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің инновациялық тәртіппен дамуы мектеп қызметінің маңызды бағыты – отбасымен өзара әрекеттесуге өз әсерін тигізеді. Қазірде мектеп өмірінің инновация кірістірілмейтін бірде-бір бағыты жоқ. Бұл жалпы мектетің мақсат мен міндеттері, негізгі жұмыс бағыттарынан бастап, мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі позициясы, оқыту мен тәрбиелеу мазмұны, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формалары мен әдістері, оқыту құралдары, оқушылар білім сапасы мен тәрбиелегендігін тексеру мен бағалау т.б. бағыттарға қатысты. Дегенмен, мектепшіл инновациялық үрдістер тек оқушыларға ғана емес, олардың ата-аналарына да ықпал ететіндегін педагогикалық тәжірибе айқын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін дамытудың басымдық міндеттері қатарында «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
міндеті алға қойылған.
Мектептегі әрбір педагогикалық жаңалық тікелей ма, жанама ма оқушы тұлғасына әсер етеді, өйткені түбінде педагогикалық инновациялар мектептің түбегейлі мақсаттары – өскелең ұрпаққа қазіргі заман талаптарына сай білім мен тәрбие беру, оларды өмір мен еңбекке даярлау, тұлғаны жан-жақты дамытуды болжайды. Оқушыларға әсер ететін инновациялар олармен ұдайы тығыз қарым-қатынаста болатын ата-аналарға да ықпал етпеуі мүмкін емес.
Біріншіден, ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, сауаттылығына қойылатын талаптар инновациялық білім беру жағдайларында алда қайда арта түседі. Өзіндік педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттырмайтын ата-ана инновациялық білім беру жағдайында оқытын және тәрбиеленетін баламен толыққанды әсерлесуге дайын болмай қалады.
Екіншіден, инновациялық білім берудің әсері нәтижесінде бала психологиясында, оның негізгі іс-әрекет түрлері мазмұны мен формаларында болатын өзгерістерге баланың бейімделуі ата-ананың қажетті көмегін талап етеді.
Үшіншіден, инновациялық білім беру жағдайында мектеп педагогтарының ата-аналармен өзара әрекеттесуге қажетсінуі әрқашанғыдан да жоғары болады.
Төртіншіден, ата-аналар мектептегі инновациялық білім беруді дамытуда белсене қатысулары талап етіледі, өйткені олар мектеп педагогтық ұжымы атқаратын қызметтің басты тұтынушылары болып табылады. Ата-аналарды инновациялық үрдістерді жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау мен бағалауда белсене қатысуға тарту өзекті мәселеге айналады.
Мектепшіл инновацияның отбасы тәрбиесіне әсері мына алғышарттармен анықталады:
- білім берудың жаңа парадигмалары оқушыны педагогикалық үрдістің толыққанды субъектісі, өзін-өзі дамытушы тұлға деп қарайды;
- отбасының қоғамдағы әлеуметтік беделінің өзгеруі, отбасының тәрбиеге ерекше мән берілуі, яғни отбасының мектептің бала тәрбиесіндегі шынайы серіктесіне айналуы;
- отбасылық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың қайта жаңғыруы, оның мектептегі тәрбие жүйелеріне ықпалының артуы;
- инновациялық білім беру жағдайында мектептегі білімдік ортаның өзгеруіне байланысты отбасының балаларды оған бейімделуге қолдау көрсету қажеттігі;
- білім беру мазмұнының, оқулықтардың күрделенуі, оларды меңгеруде балаларға ата-аналар тарапынан көмек қажеттігі;
- білім берудегі инновациялық технологиялардың кеңінен енгізілуі, сол себепті баланың оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру мен дамытуға сұраныстың күшеюі, отбасында баланың оқу жұмыстарын ғылыми негізде, сауатты да сапалы ұйымдастыру қажеттілігі;
- оқушылар оқу еңбегі сипатының өзгеруі, жаңашылдықтардың бала психикасы мен денсаулығына әсері мәселесініің туындауы, бұл мәселені шешудегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы;
- инновациялық дамудағы мектептің жаңа талаптарына сай ата-аналардың педагогикалық мәдниеті деңгейіне талаптардың артуы;
- оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жаңа формаларын пайдалану.
Алайда, мектептегі педагогикалық үрдістің бір жүйесінің өзгеруі әлбетте онымен тікелей әрекеттесетін басқа да буынның өзгерістерінен туындайды. Біздің зерттеуімізде бұл буын – отбасы болып табылады. Мектептегі инновациялар онымен өзара әрекеттесудегі басқа бір жүйе – отбасы тәрбиесінің де жаңа сапалық деңгейін пайда болуына ықпал етеді.
Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі көптеген факторлармен анықталады:
-
отбасының әлеуметтік жағдайы;
-
ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынастарының сипаты;
-
ата-аналардың педагогикалық мәдениеті және олардың инновацияларға деген қатынасы;
-
балалардың мектептегі инновацияларды қабылдауы.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді теориялық талдау [9; 12; 24] және озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу педагогикалық инновациялардың отбасы тәрбиесіне әсері мәселесі кешенді түрде, негізінен «мектеп-отбасы» ынтымақтастық жүйесінде педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі тұрғысынан зерттелуі тиіс. Бұл мәселені зерттеуге басқа ғылым салалары мамандары мен тәжірибешіл мамандарды тарту да оң нәтижелер береді.
Тағы да бір мәселе – ата-аналардың мектептің инновациялық білім беру жүйесіне, ондағы балалардың даму жағдайларына деген қызығушылықтарын арттыру. Баланың инновациялық білім беру жүйесіндегі субъектілік позициясы тек оқу-танымдық іс-әрекетті қозғамайды. Сондай-ақ, оқушының адамгершілік-эстетикалық, еңбек, дене, демалыс салаларын да қамтыды. Жалпы ата-аналардың баланың шығармашылық қабілеттеріне деген қатынасы да өзгереді. Отбасы этнопедагогикасының дидактикалық мүмкіндіктері өзгереді. Жаңашыл әдістермен қатар отбасы тәрбиесі тәжірибесінде ғасырлар бойы қолданылып келген халық педагогикасы құралдары кеңінен пайдалана түседі.
Инновациялық білім беру жағдайында отбасы үздіксіз білім берудің бастау сәтіне айналады. Отбасының балаларды мектепте оқуға даярлаудағы, мектептің кезекті буындарында оқуын қолдаудағы, тұлғаның өмір бойы білім алуына ынталандырудағы орны мен рөлі алда қайда артады.
Зерттеу мәселсі бойынша әдебиеттерді талдау кейбір авторлардың отбасы тәрбиесін технологияландыру туралы пікірлерді алға тартуы да бос сөз еместігі байқалады [16; 18]. Инновациялық білім тек мектепте ғана емес, отбасында баланың оқу жұмысы мен оның тәрбиесін ұйымдастыруға технологиялық тұрғыдан келуді талап ететін уақыт алыс еместігін болжау мүмкін.
Шығармашыл, ізденімпаз педагогикалық ұжымдар, мұғалімдер мен сынып жетекшілері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге қол жеткізеді. Олар қолдайтын жаңашыл тәсілдер ата-аналармен жұмыс түрлерін де қамтитын болады.
Жалпы, инновациялық білім баланың санасы мен мінезін өзгертеді, мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі сипатына, одан әрі отбасы тәрбиесіне ықпал етеді. Инновациялық білім оқушыларды үздіксізі білім алуға даярлаудың дәстүрлі тәсілдерін байытады. Ал ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістерде қатысу белсенділігі артып, мектептегі білім сапасына қызығушылығы дамыды.
К.Ангеловски [24], М.В.Кларин [12], В.Я.Ляудис [89], М.М.Поташник [90], С.Д.Поляков [16], Т.И.Шамова [91], О.Г.Хомерики [92], Н.Г.Юсуфбекова [93], В.И.Загвязинский [94], П.И.Пидкасистый [95], А.И.Пригожин [96], Н.Д.Никандров [97]; В.А.Сластенин [22]; Л.С.Подымова [98], Т.Н.Галич [99] және т.б. еңбектерінде мектептегі инновациялық үрдістер зерттелінген.
Отандық педагог-ғалымдар Ш.Т.Таубаева [25], Н.Н.Нұрахметов [100], С.Н.Лактионова [101], Қ.Әбдіғалиев [102], А.Мырзағарина [103], П.К.Искакова [35], А.Қ.Шарапат [104], Ж.А.Қараев [27], Г.К.Нұрғалиева [105], К.Бұзаубақова [106], С.Д.Мұқанова [107], Г.А.Бахрамова [108], А.Қ.Даменова [109] және т.б. еңбектерінде инновациялық білім беру мәселелері зерттелінген.
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау “инновация» ұғымына көптеген анықтамалар бар екендігін көрсетеді. «Инновация» ұғымы – «жаңалық, жаңару, техникалық және технологиялық ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс-жүзінде қолдансы» ретінде сипатталады [100]. Авторлардың басым көпшілігі «инновация» ұғымына «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс-тәсілдер» деп түсінік берген.
Отандық педагог-ғалымдардың арасында Н.Нұрахметов алдымен «инновация» ұғымына қазақша мән-мағына беруге ұмтылған. Осы тұрғыдан Н.Нұрахметов былай деп жазады: «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» [100].
Педагог-ғалым К.Құдайбергенова «инновация» ұғымына анықтама бере, «инновация» - жаңарту, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «новшество» - жаңалық, «инновационный процесс» - жаңарту үдерісі деп анықтама берген [110].
Ғылыми әдебиеттерде «инновация» ұғымы педагогикалық пәндерге жаратылыстану-техникалық пәндерден келгендігі атап өтіледі. Мысалы, техника, өнеркәсіп, экономика т.б. ғылым салаларында «инновация» ұғымы қоғамдық пәндерден қалайда алдын қолданыла бастаған. Білім саласына «инновация» ұғымы өткен ғасырдың 70-80 жылдарында қолданыс таба бастады. Оның себептері білім беру саласының технологияландырылуы, білімнің ғылымыға деген қажеттілігінің күшеюуі болып табылады.
Сондай-ақ, педагогика саласында «инновация» ұғымына анықтама беруде өзіне тән ерекше қырлар да бар екендігін ескеру қажет. Бұл тұрғыда педагог-ғалым П.К.Искакова өте дұрыс жазады: «Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделген жаңалықтарды. Материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе, ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды; жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спронтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады» [35, 12-б].
А.Қ.Даменова «иновациялық үрдіс» ұғымына анықтама беріп, оны «жаңалықтарды жасау, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану» деп сипаттайды. Автор «Инновация дегеніміз – білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі» деп мінездейді. Оның пайымдауынша, «инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады» [109, 11-б].
Біздің зерттеуіміз үшін «инновациялық білім» ұғымының мәнін ашу маңызды. «Инновациялық білім» ұғымы қазіргі педагогикалық әдебиеттерде «инновациялық білім беру үрідіс» немесе жай «инновациялық үрдіс» ұғымдары түрінде де қолданылады.
П.К.Искакованың диссертациялық жұмысында білім берудегі инновациялық үрдістерге жан-жақты сипаттама берілген. Автор қазіргі уақытқа дейін педагогикалық әдебиетттерде инновациялық үрдістер алты кезеңдерге бөлінетіндігін атап өткен (Кесте 1)
Кесте 1 - Инновациялық білім беру үрдісінің кезеңдері
|
Инновациялық білім беру үрдісінің кезеңдері |
Кезеңдердің жалпы сипаттамасы |
|
1-кезең. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі |
Іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу |
|
2-кезең. Ойлап табу кезеңі |
Қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу |
|
3-кезең. Жаңалықты енгізу кезеңі |
Ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады |
|
4-кезең. Жаңалықты тарату кезеңі |
Жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді |
|
5-кезең. Жаңалықтың үстемдік ету кезеңі |
Жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үрдісі қарастырылады |
|
6-кезең. Жаңалықты қолданылу аясын қысқарту кезеңі |
Жаңалық жаңа өніммен алмастырылады. |
«Инновациялық білім беру үрдісі» ұғымына П.К.Искакованың берген анықтамасы да қызығушылық тудырады. Автор, «инновациялық білім беру үдерісінің мән-мағынасы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді» деп жазады [35, 12-б].
С.Көшімбетова инновациялық білім берудың мынандай ерекшеліктерін атап өткен:
- үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
- оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
- мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;
- үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
- көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабыладау эмоциясына әсер ету [33, 113-б].
Қ.Қараева инновациялық білім беру үрдісі жайында тоқталып, «оқыту үрдісінде пән бойынша ғылыми мағлұматтармен хабардар етудің және оларды зерттеу жолдары туралы берілетін әдістемелік кеңестер пәнге деген қызығуды арттырады, табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарастарын қалыптастырады, білім, білік және дағдыны қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйретеді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде пән бойынша алған білімін толықтыра түседі, өз бетінше дәлелді тұжырымдар жасауға бейімделеді және сол пәннің қоғамдағы, адамзат алдында тұрған сан-салалы өзекті мәселелерді шешудегі маңызын түсінеді» деп жазады. Автор «инновациялық үрдіс» ұғымына мынадай анықтама берген: «Инновациялық үрдіс – білім беру жүйесін жаңарту және дамыту, сонымен қатар қоғамның, әлемнің оқытушысы қажеттілігінен туындаған үрдіс [111, 10-б].
Инновациялық білім беру құралдарына Қ.Қараева аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер-мултимедиалық құралдар, электрондық оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер, медиатехника, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық веб-сайт және т.б. кірістіреді [111, 10-б]. Әрине, автор мұнда тек ақпараттандыру технологияларына негізделген инновациялық білім беруді қарастырған.
Инновациялық технологияларды қолдану тәсілдері мәселелеріне арналған еңбегінде Б.Қалапбергенова [112] инновациялық оқытудың ерекшеліктерін ажратып көрсеткен:
- жеке тұлғаға бағдарланған технологияларды оңтайлы қолдану арқылы инновациялық білім берудің дамуы;
- ғылыми мектеп негіздеріне сай кәсіби құзыретті мамандар даярлау жүйесін жасау;
- кәсіби білім беру және инновациялық қызметті кіріктіру қабілеттілігі;
- оқу орынының отандық және шетелдік өзекті ортамен ынтымақтастық инфрақұрылымын дамыту;
- оқу орнында жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді дамытуда бәсекелестік қалыптастыру;
- жаңа мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру құрылымын және басқару мен өзін-өзі басқару әдістерін жасақтау [112, 54-б].
Қорыта келе, инновациялық білім беру ұғымына анықтама беруге әрекет жасадық.
Инновациялық білім беру – бұл педагогикалық жаңалықтарды (жаңа идеялар, тұжырымдамалар, әдіс-тәсілдер, құралдарды) тиімді пайдалануға негізделетін оқу-тәрбие үрдісі. Педагогикалық жаңалықтардың оқыту үрдісінің құрамдастарына жеке немесе кешенді әсері жағдайындағы оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық қызметтерін іс-жүзіне асыру.
Біздің зерттеу жұмысымыз инновациялық білім беруді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мәселесіне арналған. Сондықтан, зерттеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау өз кезегінде мектеп пен ата-аналар ынтымақтастығы мәселесінің теориялық ережелерін айқындауды қажеттейді.
Жоғарыда айтылғандай, қазіргі таңда өскелең ұрпақ тәрбиесінің ауқымы кең, ал талабы күннен-күнге жоғарылап барады. Бұл өз кезегінде ата-аналардың бала тәрбиесіне, оның біліміне жауапкершілігін арттырып, олардың педагогикалық мәдениет деңгейін тағы да жоғарылатуды қажет етеді. Отбасы тәрбиесінің жеке тұлға тәрбиесіне ықпалы ерекше. Сол себепті отбасы тәрбиесі мәселесі ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдардың зейін ортасынан ешқашанда артта қалмаған. Философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде отбасы тәрбиесі жан-жақты зерттелінген. Дегенмен, диалектика заңдар тұрғысынан ешқашан отбасы тәрбиесі мәселесі толық, егжей-тегжейіне дейін зерттелуі мүмкін емес. Өткені қоғамның дамуы, жаңа шынайылықтар, жаңа талаптар отбасы тәрбиесінің тұрақты қырларының да өзгерістерге ұшрауына себеп болуы мүмкін.
Мысалы, педагогикада тек соңы 20 жыл көлемінде отбасы тәрбиесі мәселелеріне арналған іргелі зерттеулер жүргізіліп, салмақты монографиялар жарық көрді, диссертациялық жұмыстар қорғалды.
Қазақстанның ірі педагог-ғалымдары А.А.Қалыбекова [43;51;52;53], Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев [54], Е.Е.Шестернинов [113], Р.Төлеубекова [57], Қ.Қабдықайыров [114], Ж.Әбиев [115], Қ.Т.Атемова [60] және т.б. еңбектерінде отбасы тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық және көптеген қолданбалы аспектілері қарастырылған. Авторлар қазақтың ұлттық сана-сезімін, ұлттық менталитетін ескере отырып қазіргі қазақстандық қоғам талаптарына сай жеке тұлға тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі мәселелерін зерттеген.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген ғалым Қ.Т.Атемова отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер ететіндігін атап өтеді:
Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.
Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған тәрбиелік шаралар арқылы әсер етеді [60, 66-б].
Қ.Т.Атемова ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір білімдер мен қабілеттер қажет екендігін атап өтеді. Автор «бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудің бүгінгі күнгі бірден-бір ошағы – мектеп. Бұл ең алдымен, ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыру бүгінгі сынып жетекшісінен терең білімділікті қажет етеді» деп жазады [60, 66-б].
Ғалымның пайымдауынша «бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады. Біріншісі, отбасының мектеппен ынтымақтастықта әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата-аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектептерге оқуға береді. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қоса әлемдік жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын кіріктіру және т.б. жүзеге асырылады.
Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлықпен қарауы орын алуда. Бұл көрініс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысқа келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне қатысты аз оқитындығы және т.б. арқылы айқындалады» [60, 67-б].
Инновациялық білімді дамытуда отбасы мен мектеп ынтымақтастығы міндеттерін шешу үшін ең алдымен педагогикалық ұжымның, мектеп мұғалімдерінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық педагогикалық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сол себепті қазіргі таңда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі инновацияшыл тәжірибелер жөніндегі ақпараттарды жаңа білім беру мен тәрбиелеу технологияларын дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі педагогикалық үрдіс, мұғалім – оқушы, мұғалім – ата-ана арасындағы қарым–қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Мектеп мұғалімдері қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі білім беру практикасының маңызды мәселелерінің бірі.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен озық педагогикалық іс-тәжірибені талдау оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық білім берудің тиімділігінің педагогикалық шарттарын айқындауға мүмкіндік береді:
- педагогикалық ұжым мен мұғалімдердің инновациялық ізденістерінің қажеттілігі;
- педагогикалық үрдіс ұйымдастырушыларының (мектеп басшылары, педагогтар мен ата-аналардың) инновациялық әдіс-тәсілдер туралы білімнің болуы;
- инновациялық әдістерді меңгеру;
- педагогикалық жаңалықтың өмір сүру сатыларын меңгеру;
- инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану тәсілдерін меңгеру;
- оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдалануды ұйымдастыру;
- инновациялық іс-әрекетті ынталандыру, оған қажетті жағдайлар жасау;
- инновациялық педагогикалық іс-әрекетті бақылау, реттеу, талдау және болжау;
- инновациялық педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың озық тәжірибелерін пайдалану;
- инновациялық білім берудың нәтижелерін талдау және бағалау, жаңа сатыларын болжау (Сурет 1).

Сурет 1. Оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттарының өзара жүйелік бірлігінің моделі
Инновациялық білім беру үрдісі бірнеше кезеңдерден тұрады (Н.В.Горбунова [116]):
Бірінші кезеңде мұғалім педагогикалық жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, содан соң педагогикалық жаңалықтардың ішінен қажеттісін таңдап алып, оны пайдалану туралы шешім қабылдайды.
Екінші кезеңде, яғни педагогикалық инновацияны іс-жүзіне асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрады, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, педагогикалық жаңалықты енгізуіне кедергі жасау мүмкін болған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды жүргізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, педагогикалық жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізудің психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтап, оны таратуға ұсынады.
Инновациялық білім беру үрдісін болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелері талданады. Озық педагогикалық тәжірибені ғылыми талдау негізінде зерделеуге, қазіргі кезеңдегі педагогика ғылыми; әсіресе оның жаңа саласы – педагогикалық инноватика жетістіктерімен танысуға болады.
Инновациялық білім беру үрдісінде мұғалімдер инновациялық іс–әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық тұрғыдан ойлауға, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым–қатынасын қалыптастыруға, ата-аналармен осы бағытта дұрыс байланыстар орнату жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді.
Мектепте инновациялық білім беруді дамыту педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімдердің оған даярлығы, яғни инновациялық технологияларды меңгергендігі, оларды нақтылы педагогикалық жағдайларды тиімді пайдалана білу дағдыларымен айқындалады. Тек инновациялық білім беруге даяр мұғалімдері болған мектеп қана ата-аналарды осы бағытта ынтымақтастыққа толыққанды тарта алады.
Мектеп мұғалімдері озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы педагогикалық баспасөз материалдарымен танысып жаңашыл педагогтар, инновациялық технологиялар авторлары әдістемелерін талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл технологияларын сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік тәсілдерін шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, мектептегі инновациялық білім беру ата-аналар тарапынан қажетті қолдау табуы – мектептің инновациялық білім берудегі бүкіл іс-қимылдарының нәтижелілігін маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық жаңалықтың өмір сүруі, әрине мектеп басшылығының талапшылдығына, ұйымдастырушылық қабілеттеріне, жалпы айтқанда мектептегі педагогикалық менеджментке де байланысты.
Ата-аналарды мектепшіл инновациялардың белсенді қатысушыларына айналдыра алған мектеп ұжымдары ең алдымен мектеп басшылығы мен сынып жетекшілерінің отбасымен осы бағытта тығыз байланыстар орната алғандығын дәлелдейді. Мектеп ата-аналар комитеттерінің оқу комиссиялары, содан соң сынып деңгейіндегі ата-аналар комитеттері тек тәрбиелік бағытта емес, инновациялық білім беру бағытында да жұмыс істеуге кіріседі. Бұған бірінші кезекте мектеп басшылары, содан кейін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері кіріседі.
Мектеп пен отбасы жас ұрпақты тәрбиелеудің ең басты қатысушылары. Отбасының жеке тұлға дамуына әсері оның мүшелері туысқандық байланыстарымен анықталады, ал мектептің бала тәрбиесіндегі рөлі оның ресми беделімен анықталады [1].

Сурет 2 – Мектептегі инновациялық білім беру үрдісі кезеңдері
Отбасы адамның туған ошағы, кім-кімге болса да қымбат ұғым. Отбасы ғасырлар бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп өмір сүретін мекені. Отбасында бала алғашқы тәрбиені қабылдап, алғаш рет өмірлік қажетті білімдер мен біліктерді меңгереді. Сол себепті отбасы бала тәрбиесі үшін маңызды әлеуметтік орта деп бағаланады.
Отбасында қалыптасқан жағымды мінез-құлық үлгілері мен моральдық құндылықтардың жиынтығы баланың адамгершілік негіздерді игеруіне мүмкіндік береді.
Отбасында бала болашақ отағасы, өз Отанының азаматы ретінде қалыптасады.
Отбасы мектептің оқу мен тәрбие жұмысындағы сенімді серіктесі. Сондықтан отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі әрекеттері өзара тығыз байланыста болады, себебі оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбиесі көп жағынан ата-аналар мен педагогтардың біріккен жұмыстарының қалай жолға қойылғандығымен анықталады.
Отбасында баланы қоғамның моральдық құндылықтарына сай дұрыс тәрбиелеу әрбір ата-ананың борышы. Отбасының негізгі міндеттері қатарына баланың тіршілік әрекетін дұрыс ұйымдастыру жатады. Оған – күн тәртібі, баланың міндеттері, оған қойылатын талаптар, үй еңбегіне қатынасы, оқуы, сабақтан тыс бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасылық өмірдің тәрбиедегі үлгі, өнегесінің баланың дүниетанымын дұрыс қалыптасуына көп әсері бар. Ата-ананың дүниеге, болмысқа қатынасы, өзара қарым-қатынасы, мүдделері, қоғамға әділдігі мен шыншылдығы, жеке басының қамы, өзімшілдігі т.б. бала тәрбиесіне етер әсері ұшан теңіз.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау отбасы тәрбиесіне ықпал ететін мынадай жағдайларды атауға мүмкіндік береді:
- отбасының құрамы және құрылымы (оған сәйкес отбасылар толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы жанұя, бір немесе көп ұлттан құралған жанұя болуы мүмкін);
- отбасының әлеуметтік, тіршілік ортасы: білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, күнкөріс көзі, материалдық әл-ауқаты, ауылдық, қалалық жанұя;
- отбасының мәдени құрамы: күнбе-күнгі мәдени тіршілігі, күн тәртібі, бос уақытын өткізу түрлері, кітапхана, теледидар, музыкалық аспаптарды меңгере білуі, спорттық қатынасы, отбасылық дәстүрлері;
- отбасылық ішкі өзара қарым-қатынастар: отбасындағы психологиялық көңіл-күй, көзқарастық бірлік пен айырмашылық, өз міндеттеріне қатынасы;
- қоғамдық өмірге көзқарасы: еңбекке, қоғамдық міндеттерге, әлеуметтік тәрбие институтарына көзқарасы, қатынасы;
- отбасының тәрбиелік мүмкіншілігі: балаларды тәрбиелеуде қолданылатын әдістер, ата-аналардың педагогикалық мәдениеті [117].
Ұлы Абай былай жазып кеткен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-ана, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде қайсысы жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Қорықпақ пен сүймек – от пен су сияқты. Ол екі зат әсте бір жерге жуымайды. Адам сүйген адамының ғана ақылын ұғынады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл адамға дарымайды» [3].
XX ғасырдың ұлы педагогтары А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинскийлердің педагогикалық мұраларында отбасы тәрбиесі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.
А.С.Макаренко «Балаңыздың тәрбиесі жөнінде біреуден ақыл сұрауыңыз, өз балаңызды жақсы танымағаныңыз. Алдымен жақсы танысаңыз, содан кейін кеңес алыңыз»-деп жазады [8, 55-б].
А.С.Макаренко тәрбиеде ата-ана беделінің бірнеше түрлерінде атап көрсетеді: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Менмендік беделі», «Арақашықтық беделі», «Тақуалық беделі» т.б. [8, 9-б].
Отбасы тәрбиесіндегі сәтсіздіктер негізінен отбасы тәрбиесінің жетекшілері–ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығының жеткілікті дәрежеде еместігі себебінен екендігін педагогика тарихындағы ұлы тұлғаларда, қазіргі педагогикалық зерттеулерде толық дәлелдейді.
Отбасы мектептің сенімді серіктестерінің бірі. Отбасы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жақсаруына, мазмұнның жаңаруына әрдайым мүдделі. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларға білім мен тәрбие беретін арнайы білім беру ұйымы. Мектепте оқушыларға білім мен тәрбие беру саласында арнайы педагогикалық білімі бар, кәсіби құзыретті, қоғам талаптарына сай оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын қажетті деңгейде ұйымдастыра алатын педагог мамандар жұмыс атқарады.
Сондықтан мектеп педагогтары мектептің микроауданында, мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, білім берудің қоғамдық міндеттерін ата-аналармен ынтымақтастықта іс-жүзіне асырады.
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының бірнеше түрі болады. Оның ең кең таралған түрі – ата-аналардың жалпы жиналысы. Әдетте бұл жыналысқа мектеп директоры басшылық жасайды. Дәстүрлі ата-аналар жиналысында мектепке байланысты күнбе-күнгі өмір мәселелері, демалыс, оқушылардың бос уақытын қалай өткізу керек, кәсіптік бағдар беру, жанұя тәрбиесінің кейбір мәселелері талқыланады, тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылып бегіленеді [118].
Мектептің ата-аналармен ынтымақтастығының тағы да бір кең таралған түрі – педагогтардың оқушылардың жанұясына баруы. Ондағы негізгі мақсаты – оқушылардың тұрмысымен танысу,олардың жұмыс орнын көру, оқушылардан басқа үйінде қандай кітаптары бар, ата-аналарының білімі, жұмыстан кейін қызығып айналысатын жұмысы, жалпы жанұяның хал-ауқаты, бала тәрбиесіне көзқарасы, олармен тәрбие туралы пікір алмасуы, әңгімеге тартып, тәрбие туралы кеңес беру [119]. Сонымен қатар, педагогикалық насихат, ата-анаға білім беру – мектеп мен отбасы өзара ынтымақтастығының дәстүрлі кең таралған формалары қатарына жатады.
Отбасы тәрбиесі – балаларға ата-аналар және басқа да отбасы мүшелерінің оларды тәрбиелеу мақсатындағы әсері үрдісі.
Отбасы баланың дене және рухани дамуында жетекші рөл атқарады және оған терең әсер етеді. Өйткені отбасы бір мезгілде баланың мекендеу ортасы да, тәрбиелеуші орта да болып қызмет етеді. Әсіресе адамның алғашқы өмірі жылдарында отбасының ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдардан алде қайда жоғары болады.
Отбасы:
-
Басқа тәрбиелік әсерлерге қарағанда балаға күшті тәрбиелік ықпал етеді, бірақ жасымен байланысты әлсізденеді, дегенмен жоғалмайды;
-
Отбасы баланың бойында одан басқа ешбір жерде қалыптастырылмайтын қасиеттерді тәрбиелейді;
-
Тұлғаны әлеуметендіруді жүзеге асырады;
-
Дәстүрлер, әдет-ғұрыптардың сабақтастығын қамтамасыз етеді;
-
Қоғамның мүшесін, азаматты, отағасын, патриотты тәрбиелейді;
-
Адамның өмір жолына ықпал етеді.
Отбасының негізгі қызметтері:
-
Ұрпақты өндіру, шаруашылық жүргізу, оның мүшелерінің қажеттіліктерін қамтамассыздандыру.
Отбасылық тәрбиенің факторлары
-
Отбасылық дәстүрлер (өзара бірін-бірі түсіну, құрмет, қолдау, көмек, өзара ықпалдасу);
-
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және оның адамгершілік-психологиялық жағдайы;
-
Отбасының өмірлік қызметінің қоғамға тәуелділік дәрежеі;
-
Отбасының түрі;
-
Отбасының құрамы;
-
Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті [120].
Отбасылық дәстүрлер
-
Жалпы халықтық мейрамдар (Жеңіс мейрамы, Наурыз, Қазақстан халқы бірлігі күні, Егеменділік күні т.б.);
-
Отбасылық мейрамдар (шілдехана, түсау кесер, сүндет той, неке тойы т.б.);
-
Әдет-ғұрыптар
Отбасында балаларды қанағаттанарсыз тәрбиелеудің себептері
-
Кейбір отбасылардың экономикалық жағдайының төмендегі;
-
Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі;
-
Отбасында әйелдерге жүктеменің жоғарылығы;
-
Ер кісілердің отбасының ішкі проблемаларына аз көңіл бөлуі;
-
Ата-аналардың балалардың тек материалдық қажеттіліктерінің қамтамассыздығына көңіл бөлуі;
-
Ұрпақтар арасындағы дау-жанжалдардың болуы;
-
Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастің әлсіздігі.
Бала тәрбиесіне орай отбасылар бөлінеді:
-
Балаларды құрметтейтін отбасылар;
-
Көңілшек отбасылар;
-
Материалдық бағдарланған отбасылар;
-
Қырқысушы (ошпенді отбасылар);
-
Қоғамға қарсы отбасылар.
Отбасында бала тәрбиесіның мазмұны
-
Дене тәрбиесі;
-
Ақыл-ой тәрбиесі;
-
Адамгершілік тәрбиесі;
-
Эстетикалық тәрбие;
-
Еңбек тәрбиесі.
Отбасында бала тәрбиесіның әдістері
-
Сендіру (түсіндіру, кеңес, иландыру);
-
Жеке үлгі;
-
Мадақтау (мақтау, сыйлықтар, балалар үшін қызықты болашақ);
-
Жазалау (айыздан айыру, достықтан бас тарту, дене жазасы);
Отбасы тәрбиесінің құралдары:
-
Сөз;
-
Фольклор;
-
Ата-аналардың абыройы;
-
Еңбек;
-
Оқу;
-
Табиғат;
-
Отбасылық тұрмыс жағдайы;
-
Салт-дәстүрлер;
-
Әдет-ғұрыптар;
-
Пікірлер;
-
Отбасындағы рухани және моралдық жағдай;
-
Газет пен журналдар;
-
Күн тәртібі;
-
Әдебиет; ойындар мен ойыншықтар;
-
Физкультура мен спорт;
-
Мейрамдар;
-
Белгілер;
-
Реликвиялар.
Отбасы мен мектеп өскелең ұрпақты тәрбиелеудың басты қатысушылары болып табылады. Отбасының балаларға әсері туысқандық байланыстарымен анықталады. Мектептің бала тәрбиесіндегі рөлі оның ресми өкілеттілігімен анықталады [43; 53].
Мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілердың қызмет міндеттеріне оқушылардың ата-аналарымен ұдайы байланыс жасау, оқушылардың тұрмыстық жағдайы, дербес ерекшеліктерін зерттеу жатады. Осы мақсатпен сынып жетекшілері:
-
оқушылардың үйлеріне барады;
-
ата-аналарды мектепке әңгімелесуге шақырады.
Оқушының үлгерімі, оның мектептегі, үйдегі, көшедегі, қоғамдық орындардағы мінез-құлқы туралы мәліметтерде жүйелі алмасу оқушының оқуға, еңбекке, ересек адамдарға, құрдастарына, өзіне деген қатынасы туралы объективті түсінік алуға, демек оны тәрбиелеу бойынша біріккен іс-әрекеттің жаңа міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мектеп ата-аналардың педагогтық мәдениетін арттыру бойынша жұмыстарға үлкен көңіл бөледі. Мектепте ата-аналарға педагогикалық білім беру бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады – дәрісбаяндар мен әңгімелер, кеңестер, тренингтер, семинарлар, ата-аналар конференциялары, дөңгелек үстелдер т.б. Бұл сабақтар ата-аналарды педагогикалық білімдермен қаруландыру мақсаттарын көздейді [121].
Кейбір мектептерде ата-аналар университеттері ұйымдастырылған. Олар қоғамдық негізде жұмыс атқарады. Мәдениет үйлері, клубтар, мектептен тыс және жалпы білім беру мекемелерінің жанында жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті – тыңдаушыларды бала тұлғасын қалыптастырудың жолдары туралы ең қажетті (минимум) білімдермен қаруландыру, олардың тәрбиелік іс-әрекеттерін белсендіру. Универсиет сабақтарында отбасы тәрбиесі мәселелері этика, психология, құқық, гигиена, физиология мәселелерімен бірге қарастырылады. Оқу 1-2 жыл, тоқсанда бір рет, 2-3 сағат сабақтар жүргізіледі.
Ата-аналарды өз кезегінде мектептің жұмысына мәнді үлес қосады. Олар мектеп кабинеттері мен шеберханаларды, сынып бөлмелерін жабдықтарға, көрнекті құралдар мен аспаптарды жасауға жәрдем береді.
Ата-аналар өнімді еңбекті ұйымдастыруға, үйірмелер мен спорт секциялар жұмысын жүргізуге көмек көрсетеді. Мұғалімдермен бірге кәсіби бағдар жұмыстарында, экскурсияларды ұйымдастыруда қатысады, оқушылармен әңгімелер өткізеді.
Ата-аналар ашық сабақтарға, сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларға қатысып, өздерінің сын пікірілерін білідіреді, мектептегі оқу-тәрбие үдерісітерін жақсарту бойынша кеңестер мен ұсыныстарын білдіреді.
Мектеп балаларды тәрбиелеудегі үздік көрсеткіштерге қол жеткізген, педагогтарға оқушылармен жұмыстарда белсенді көмек көрсететін ата-аналарды мадақтайды [122].
Ата-аналар жұртшылығының іс-әрекетін белсендіруші және бағыттаушы, мектеп мен отбасы ынтымақтастығын нығайтушы ресми орган – мектептің ата-аналар комитеттері. Ата-аналар комитеті оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру, оқушылар тұлғасын қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында отбасы, мектеп және жұртшылықтық тығыз байланысы және ылғи байланыстарын қамтамасыз етеді. Мектеп ата-аналар комитеті жалпы мектептік жыналыста (мектеп конфренциясында) 1 жылға, жыналыс белгілеген кезде сайланады. Комитет құрамынан төраға және хатшы таңдалады. Комитет торағасы педагогикалық кеңестің мүшесі болады. 20-дан артық сыныптары бар мектепте ата-аналар комитетінің президиумы сайланады. Комитет жұмысы жалпы білім беретін мектептің ата-аналар комитеті туралы Ержеге, мектептің жұмыс жоспарына, ата-аналар жиналыстары шешімдеріне, педагогикалық кеңестің, директордың ұсыныстарына сәйкес жұмыс жүргізеді.
Мектеп ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері:
-
отбасының балалар тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру;
-
ата-аналарды мектептің өмірінде белсенді қатысуға тарту;
-
ата-аналардың педагогикалық білім алуын ұйымдастыру;
-
мектеп оқушылар арасындағы жағымсыз әдеттердің, қараусыздықтың, қылмыскерліктің алдын алу және жою;
-
оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту;
-
мектептің шаруашылық және материалдық-техникалық базасын нығайту.
Мектеп ата-аналар комитетінің құқықтары:
-
мектеп әкімшілігімен бірлестікте тиісті органдарға мектеп ісіне кейбір мәселелерде көмек көрсетуді ұстану;
-
директор және педагогикалық кеңестің қарауына тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
-
директор, оның орынбасарлары, сынып жетекшілерінің мектеп жұмысының жағдайы мен болашағы туралы баяндамаларды тыңдау, ата-аналарды қызықтыратын сұрақтарға түсініктеме алу, ата-аналардың отбасы тәрбиесі туралы хабарламаларын тыңдау;
-
үздік ата-аналарды марапаттау туралы ұсыныстар жасау;
-
отбасыларға/балаларға материалдық көмек көрсету мәселелері.
Терең және мақсатты жұмыс жүргізу үшін мектеп ата-аналар комитеті ата-аналар белсенділерінен уақытша және тұрақты комиссиялар құрайды: жалпы білім беруді іске асыру; ата-аналарға білім беру; денсаулық сақтау; спорт-сауықтыру жұмыстары; мәдени жұмыстар; материалдық жағдайы төмен отбасыларға көмек.
Мектеп ата-аналар комитеті жоспары бір жылға құрастырылады. Ол мектеп алдында тұрған міндеттер, оның қызметінің нақтылы жағдайларына сәйкес анықталады.
Сыныптарда сынып ата-аналар комитеттері құрастырылады. Олар ата-аналар комитеті туралы Ержеге, ата-аналар жиналыстары шешімдеріне, сынып жетешілерінің ұсыныстарына сай жұмыс жүргізеді. Сынып ата-аналар комитеттері атқарылған жұмыстар туралы сынып ата-аналары және мектеп ата-аналар комитеті алдында есеп береді [123].
Мектептің отбасылармен жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
-
Оқушылар ата-аналарымен ұдайы байланыста болу;
-
Оқушылардың отбасылық өмір жағдайларын зерделеу;
-
Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
-
Оқушыларның отбасылық тәрбиесінде ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету;
-
Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру;
-
Ата-аналарды мектептің тәрбиелік ісіне белсене қатысуларына қол жеткізу;
-
Оқушының мектептегі, мектеп аумағындағы,отбасындағы күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыруда ата-аналармен біріге жұмыс істеу [1, 239-б.].
Мектептің ата-аналармен жұмыс формаларын шартты түрде дәстүрлі және инновациялық формаларға бөлу мүмкін:
Дәстүрлі формалар:
-
Ата-аналар жыналыстары;
-
Лекциялар;
-
Әңгімелер;
-
Кеңестер;
-
Ата-аналар конференциялары;
-
Кездесулер (мамандар, тәжірибелі ата-аналармен);
-
“Жас ата-аналар клубтары” жұмысы.
Инновациялық формалар:
-
Ата-аналармен психологиялық тренингтер;
-
Бала тәрбиесі проблемалары бойынша дөңгелек үстелдер;
-
Видеолекциялар;
-
Ата-аналар лекторийлері;
-
Ата-аналардың біріккен әлеуметтік-педагогикалық жобалары;
-
Мектеп ата-аналар қорлары;
-
“Ата-анам және мен” байқаулары;
-
“Біздің отбасы” көрмелері;
-
“Мектеп ата-аналар мониторингі” қызметі; [123; 128].
Педагог ұжымның ата-аналармен жұмыс әдістерін үш топқа бөлуге болады:
-
Баланың отбасылық өмірін және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін зерттеу әдістері (бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу, интервью т.б.);
-
Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру әдістері (түсіндіру, баяндау, пікірталас, жаттығулар, педагогикалық жағдаяттарды талдау, проблемалық әдіс, “миға шабуыл әдісі”, көрсету, іскерлік ойындар, топтық жоба; презентациялау т.б.);
-
Мектептің ата-аналармен біріге жұмысын ұйымдастыру әдістері (сабақтарды біріге талдау, бірлесе жоспарлар құру, кабинеттерді жабдықтау, үйірме жұмыстарын бірігіп ұйымдастыру, экскурсиялар, кеңестер, пікір алысулар, өзара есеп беру, жұмыс нәтижелерін ұжымдық талдау т.б.).
Мектеп инновациялық даму жолында екендігін ескеретін болсақ, бұл жағдайларда ата-аналармен жұмысты жаңа сапалық деңгейге көтеру мәселсі туындайтындығы әйгілі. Өйткені отбасымен тығыз қарым-қатынассыз мектеп өзіндік инновациялық даму міндеттерін толық атқаруы мүмкін емес. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстың тиімді жолдарын анықтау мәселесінің көкейкестілігі тағы да артады [124].
Инновациялық дамудағы мектептің отбасымен жұмысын жаңартудың маңызы мына себептермен анықталады:
-
Мектеп жүйесінің барлық бөліктеріне жаңалықтардың енгізілуі мектеп жұмысының негізгі бағыттарының бірі – ата-аналармен, отбасымен жұмысты да жаңаша құруды қажет етеді;
-
Оқушыларға білім беру мен оларды тәрбиелеудің жаңа мақсаттары, міндеттері белгілі дәрежеде “мектеп-отбасы” ынтымақтастығына әсерін тігізеді.
-
Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудің пассивті объектісі емес, белсенді субъектісі ретіндегі жаңаша көзқарас отбасы тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қайта қарауды қажеттейді;
-
Мектептің өзгеруі, жаңа деңгейі отбасылық тәрбиенің де, ата-аналар педагогикалық мәдениетінің тағы да жоғары деңгейін талап етеді;
-
Мектепшіл инновациялық оқыту және тәрбиелеу мазмұны, іс-әрекет тәсілдері оқушы тұлғасы арқылы, ата-аналарға педагогикалық білім беру арқылы отбасы тәрбиесіне біртіндеп кіре бастайды;
-
Бала тәрбиесіндегі озық отбасылық тәжірибе, халықтық салт-дәстүрлер мектептегі инновациялық тәрбие жүйесінен кең орын алады.
-
Мектеп менеджерлері ата-аналарды мектеппен ынтымақтастыққа тартудың тиімді тәсілдерін іздестіреді, қолданады;
-
Шығармашыл, ізденімпаз мұғалімдер мен сынып жетекшілері ата-аналарды мектептің тәрбие міндеттерін бірігіп шешуге тартады;
-
Ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы тұрақты әдетке айналады [132; 135; 138].
Инновациялық дамудағы мектептің отбасымен жұмысын жаңартудың мәселелеріне мыналарды кірістіру мүмкін:
-
Ата-аналардың мектеп өмірінде қатысу белсенділігінің төмендігі;
-
Ата-аналардың мектептегі инновацияларға сәйкес отбасында балаларды тәрбиелеуге жеткілікті дәрежеде дайын еместігі;
-
Отбасында бала тәрбиесіне, оның өзіндік білім алуын ұйымдастыруға аз уақыт бөлінуі;
-
Ата-аналардың мектептің жұмысына, әсіресе мұғалімге деген көзқарасының әр қашанда оң еместігі;
-
Отбасында баланың өмірлік қызметін, бос уақытын ұйымдастырудың спонтандық сипаты;
-
Ата-аналардың балалармен бірлескен әрекеттерінің (еңбек, мәдени-тынығу жұмыстары, спорт т.б.) тым аз ұйымдастырылуы;
-
Отбасында баланың дене және рухани салуаттылығына, жан-жақты дамуына қажетті материалдық-психологиялық ортаның жасалынбағандығы;
-
Отбасы тәрбиесіның күшті жақтарын бала тәрбиесінде жеткілікті пайдаланбау (ұлттық тіл, халық ауыз әдебиеті үлгілері, прогрессившіл салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар);
-
Көпшілік ата-аналардың баланы тек материалдық қажеттіліктерін қамтамасыздандырумен шектелуі. Отбасында рухани-адамгершілік тәрбиенің тек қана баланың күнделікті бақылауы арқасында жүзеге асырылуы.
-
Мектептің отбасымен жұмыс мазмұны, формалары мен әдістерінің ескіргендігі;
-
Мектептің “тұтынушылық” позициясы;
-
Мектептің отбасыға бала тәрбиесіндегі “жетектелуші” буын ретіндегі көзқарасы;
-
Кейбір мұғалімдерның кәсіби шеберлігіне ата-аналардың күмәнмен қарауы;
-
Педагогтардың ата-аналармен қарым-қатынас мәдениетінің жеткіліксіздігі;
-
Ата-аналармен жұмыстарда формализмның күштілігі;
-
Баланың білімін, мінез-құлқына баға беруде педагогтар мен ата-аналар позицияларының келіспеушілігі;
-
Мектептің отбасы тәрбиесінің құдыретін менсінбеуі;
-
Ата-аналар жұртшылығы алдында мектептің беделін түсіретін әр түрлі көріністер [127; 137].
Инновациялық дамудағы мектептің отбасымен жұмысын жаңартудың мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ, онда мынандай тұжырымарды ұсынуымыз мүмкін:
-
Отбасымен жұмысқа шығармашылық тұрғыдан келіп, оның жаңашыл мазмұнын, формалары мен тәсілдерін жасау және пайдалану;
-
Әр бір деңгейде ата-аналармен жұмысты жоспарлау, іске асыру және нәтижелерін бағалауда ата-аналардың белсенді қатысуларына қол жеткізу;
-
Ата-аналардың мектепшіл тәрбиеге пайда келтіру мүмкіндіктерін зерделеу негізінде оларды оқу-тәрбие жұмыстарына кірістіру тәсілдерін қолдану;
-
Ата-аналарды мектеп жұмысына тартудың, олардың жауапкершілігін арттырудың әр түрлі тетіктерін қолдану;
-
Мектептің отбасымен ынтымақтастықта оны өзімен бірдей партнер ретінде қарауы;
-
Педагогтардың ата-аналар жұртшылығы алдындағы беделін арттыру шараларын қарастыру;
-
Педагогтардың ата-аналармен жұмыстың жаңашыл технологияларын меңгеруі;
-
Отбасылардың бала тәрбиесіндегі озық тәжірибесін зерделеу және насихаттау;
-
Баланың мінезіне деген көзқарастардағы педагогтар мен ата-аналар арасындағы айырмашылықтарды азайту, ....нүктесін табу;
-
Мектептің оқушылар тәрбиесіндегі жетістіктерін ата-аналар арасында кеңінен насихаттау, балаларының оң дамып-өзгеруін сезінулеріне қол жеткізу;
-
Ата-аналардың педагогикалық білімдерге құмарлығын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл болуге деген қажеттіліктері мен ұмтылыстарын ынталандыру [129; 133; 136].
Мектеп басшылары мен сынып жетекшілерімен сұхбат мектептің қарқынды инновациялық дамуы кезінде ата-аналардың мектеп өмірінде қатысу белсенділіктері әлі де болса төмен екендігін көрсетеді.
Ата-аналарды мектеп өмірінде белсенді қатысуларын қамтамасыздандырудың жолдары:
-
Ата-аналар ішінде ең белсенділерді анықтау және оларды мектеп жұмыстарына тарту;
-
Ата-аналарды мектеп жұмысына қызықтыру тәсілдерін қолдану (балалары қатысатын іс-шараларға шақыру, мектептің күшті жақтарын айқын көрсету, ерекше жетістіктерге қол жеткізген оқушыларды үлгі ретінде көрсету, ең белсенді ата-аналарды марапаттау, “Менің балам оқитын мектепке үлесім” ата-аналар акциясын өткізу, қиын отбасыларға көмек беру арқылы оларды мектеп жұмысына тарту, мектеп ата-анамен отбасына не беретіндігін айқын сезінуге жағдай жасау) [134].
Әдетте көптеген ата-аналар «Мен мектеп жұмысына қатысамын. Мектеп маған не береді?», - деген сұрақ қояды. Тәжірибелі сынып жетекшілері ата-аналармен жұмыстың әр түрлі формаларын ұйымдастыру барысында олармен қарым-қатынас тәсілдерін шеберлікпен қолдана отырып, ата-аналарды өзіндік мынандай қорытындылар жасауға бағдарлауы керек. Яғни, «Мектеп маған не береді», дегенде:
-
Баламның мектептегі ахуалы туралы шынайы мәлімет аламын.
-
Отбасында баламен қалай жұмыс істеу керектігі туралы білікті мамандардан білім мен кеңес аламын;
-
Баламды тәрбиелеудегі өзгелерге айта алмайтын проблемаларымды мұғаліммен ғана бөлісе аламын;
-
Баламның құрдастарының ата-аналарымен қарым-қатынас жасаймын, олардың тәжірибесін үйренемін;
-
Білім ордасындағы ең жаңа нәрселерді көремін, білемін, бұл менің өзімді де дамытады;
-
Баламның келешегі, дұрыс кәсіп таңдау туралы проблемаларды мұғалімдермен дұрыс шеше аламын;
-
Баламның келешегі – бұл менің келешегім, менің ертенгі күнім. оны қалай тәрбиелесем, ертеңгі күнім солай кешеді. Сондықтан Мен мектептен нені алуді емес, мектепке, тұра айтсам мектепке емес балама не беремін деп ойлауымның уақыты келді [122; 125; 131].
«Мектеп – бұл кіші қоғам. Отбасы мектепшіл білім мен ұжымдық тәрбиені беруге әлсіз. Баламның келешегі – бұл менің келешегім, менің ертенгі күнім. Оны қалай тәрбиелеймін, ертеңгі күнім солай кешеді. Сондықтан да, мен мектептен нені алуді емес, мектепке, тұра айтсам мектепке емес, өзімнің балама не беремін деп ойлауымның уақыты келді ғой»,-деген ой әр бір ата-ана үшін қалайда сенімге айналуы керек [126; 130].
Қорыта келе, мектептің инновациялық даму жағдайында педагогикалық ұжым мен жеке педагогтардың ата-аналармен жұымсын жаңа сапалық деңгейге көтеру, яғни оның жаңа мүмкіндіктерін, түрлерін, әдістерін қолдану қажеттігін есепке алу керек.
1.2 Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың хал-күйі
Мектепте инновациялық білімді дамыту ата-аналармен жұмысты жаңа сапалық деңгейге көтеруді қажеттейтіндігін бүгінгі таңда мектеп басшылары, мұғалімдердің басым көпшілігі мойындап отыр. Егер де мектептегі жаңашыл идеяларды ендіру үрдісі отбасы тарапынан жеткілікті қолдау таппайтын болса, онда инновациялық білімді дамыту бағытындағы ұмтылыстар күтілетін нәтижелерді бермейді.
Баланың мектепке, оқуға, мұғалімге деген қатынасын қалыптастыруда ата-аналардың, отбасылық тәрбиенің рөлі жоғары. Сондықтан инновациялық білімді дамытудың барлық бағыттары, белгілі дәрежеде ата-аналардың педагогтық мәдениеті, педагогикалық сауаттылығына тәуелді болады.
Педагогикалық мәдениет ата-аналардың бала тәрбиесі мәселелері бойынша біліктілігі, отбасы тәрбиесін ұйымдастырудың деңгейі, жалпы тәрбие үрдістеріне деген көзқарастарымен анықталады [12; 126].
Мектепте инновациялық үдерістер ата-аналар тарапынан қажетті қолдау тапқан жағдайда оның күтілетін нәтижелер беруі туралы сөз болуы мүмкін. Оқушының оқуға деген ынта-жігері, үй тапсырмаларын тиянақты орындауы, өзіндік білім алуы, әрине отбасында білімге деген ата-аналардың көзқарасы, сондай-ақ баланың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру үшін жасалынған жағдайларға да тәуелді.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердегі инновациялық үдерістер мектеп өмірлік қызметінің барлық бағыттарын қамтыды. Педагогикалық жаңалықтар мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруға, пәндік оқу бағдарламаларға, оқытудың түрлері, формалары мен әдіс-тәсілдеріне, құралдарына, оқушының оқу жұмысын және оның нәтижелерін бақылау жүйесінде көрініс табады. Педагогикалық жаңалықтар мұғалімнің іс-әрекеті мазмұны ғана емес, оның тұлғасында да көрінеді. Бұл, өз кезегінде, мектеппен өзара әрекеттесу жағдайындағы ата-аналардың сана-сеізіміне де әсер етепеуі мүмкін емес.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың хал-күйін талдау мақсатында біз алдымен ата-аналардың мектепшіл инновацияларға қатынасын анықтауды мақсат еттік. Яғни,
- жалпы мектеп реформаларына, қазіргі мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізіліп отырған жаңалықтардың мәні мен маңыздылығын, олардың негізгі мазмұнын ата-аналар қаншалықты түсінеді?
- ата-аналардың инновациялар туралы білімдері мен оған деген оң көзқарастарын қалыптастыру үшін мектеп педагогикалық ұжымы тарапынан қандай нақтылы жұмыстар жүргізілуде?
Сондай мақсатпен біз Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы мектептерінде ата-аналармен арнайы анкета жүргіздік (Қосымша А). Жалпы анкеталық сұраумен мектептердің бастауыш, негізгі және жоғары буындары оқушыларының 1750 ата-аналары қатысты. Әр түрлі жас буындары оқушылары ата-аналарына анкеталарды ұсынуда сәйкес жастағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үрдістеріне инновацияларды енгізудің ерекшеліктері де ескерілді.
Анкета жауаптарының шынайылығы мен дәлелділігін анықтау мақсатында оқушылардың ата-аналарымен, сондай-ақ сынып жетекшілері және мектеп басшыларымен қосымша әңгімелесу де жүргізілді.
Анкета сұрақтарына ата-аналардың жауаптары олардың басым көпшілігі жалпы мектептегі инновацияларды қолдайтындығын көресетеді. «Мектепшіл инновациялардың сапалы білім мен саналы тәрбие үшін маңыздылығын қалай бағалайсыз?» деген сұраққа ата-аналардың 43,2% «өте маңызды» деп жауап берген болса, 27,5% «маңызды» деп жауап берген. 22,4% респондеттердің пікірінше мектеп оқу-тәрбие үрдістеріне педагогикалық жаңалықтардың жүйелі енгізілуі «маңызды емес», 6,9% ата-аналар «жауап беруге қыналамын» деген. Осы сұраққа жауап ата-аналардың басым көпшілігі мектепшіл инновациялардың оқушылар тұлғасын қалыптастыру мен дамытудағы рөлі мен маңызын жеткілікті дәрежеде пайымдамайтындығын көрсетеді.
«Мектеп оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды жаппай енгізілуі себептері неде деп ойлайсыз?» деген сұраққа ата-аналардың берген жауаптарынан да олардың көпшілгінде қазіргі мектептің инновациялық дамуы туралы жеткілікті білімдер қалыптаспағандығы байқалады. Оған ата-аналар «бұл жоғарының, білім және ғылым министрлігінің бұйрығы», «қазіргі қоғамда жаңғырту үдерістері мектептің де жаңғыруын қажеттейді», «мектеп мұғалімдері жаңа оқыту тәсілдерін меңгеруде, соны оқытуда қолданулары тиіс», «сабақтарда жаңа оқулықтар пайдалануда», «мектептерде компьютерлер, интерактивті тақталар кеңінен пайдаланылады, солар педагогикалық жаңалықтар» деген жауаптарды жазған. Бірақ ата-аналар негізінен мектептегі педагогикалық инновациялардың түпкі мақсаттарын нақтылы көрсете алмаған.
«Мектептің өміріне және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үрдістеріне соңғы жылдары енген қандай жаңалықтарды білесіз?» деген сұраққа ата-аналардың берген жауаптары мынандай:
- мектептің жылдық жұмыс жоспарын бекітуде жаңашыл жұмыс бағыттары мен тәсілдерін ендіру (78,2%);
-
гимназия, лицей сыныптарының құрастырылуы (75,3%);
-
тестілеудің жаппай қолданылуы (72%);
-
жаңа оқулықтардың енгізілуі (55,2%);
-
компьютерлер мен ақпараттық құралдар (44,3%);
-
интерактивті тақталар (47,2%);
-
жаңа оқыту әдістері (49,4%);
-
пәндерді мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту(39,1%);
-
жаңа оқу пәндерінің енгізілуі (ата-аналар «Өзін-өзі тану», «Экономика», «Акмеология» сияқты пәндерді атап өткен) – 27,4%);
-
сабақта пікірталастар, іскерлік ойындарды пайдалану (18,2%);
-
мұғалімнің аз түсінідіріп, оқушылардың өздігінен оқу жұмыстарына көп көңіл болу (17,5%);
-
оқушылардың шығармашылық жұмыстары, эссе жазу, әр түрлі презентациялар дайындауы (15,9%);
- жоғары оқу орындарының және мектепке арнайы шақырылған басқа мектептердің мұғалімдері сабақ өтуі (13%);
- мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы органдарының жұмысы (12,5%);
- электронды мектеп (9,5%);
- мектеп және сынып ата-аналар комитеттері жұмысының жаңашыл тәсілдері (12,5%).
«Мектеп өміріне педагогикалық жаңалықтар қай бағыттарда ендіріледі?» деген сұраққа ата-аналардың жауаптары олардың мектепшіл инновациялар бағыттары туралы білімдері де үстіртін екендігін көрсетеді. Анкеталауда қатысқан 35%-дан астам ата-аналар мектепшіл инновациялардың бірде бір бағытын анықтай алмаған. 27% ата-аналар «пәндік сабақтардың оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа білім беру тәсілдерін пайдалану», 23% ата-аналар «мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру», 49% респонденттер «жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды пайдалану», 39% - «оқушыларды тәрбиелеуде оларды жазалаудан бас тартып, ізгілік тәсілдерін пайдалану» деп жазған.
«Мектепшіл инновацияларда ата-аналардың орыны мен рөлі қандай болуы керек?» деген сұраққа 67,2% ата-аналар мұнда ата-аналар белсенді қатысу қажет екендігін, мұғалімдер мен мектеп басшылығына мейлінше көмек көрсетуі қажет екендігін атап өтеді. 25,1% ата-аналар, керісінше – «педагогикалық жаңалықтар енгізу мұғалімдердің проблемасы, мектепте оқыту мен тәрбиелеу олардың міндеті» деп есептеген. Тек, 7,7 % ата-аналар педагогикалық жаңашылдықтарды енгізуді мектеп ата-аналармен бірлесе істеуі керектігін, мұнда өзара әрекеттесусіз мектепшіл инновациялар күтілетін нәтиже бермейтіндігін, отбасы тәрбиесі де мектептегі жаңалықтарға сәйкес жүзеге асырылуы тиістігін атап өткен.
Біздің зерттеулеріміз ата-аналардың мектептегі инновациялық үдерістерде қай дәрежеде белсенді қатысуда екендігі туралы эмпирикалық мәліметтер алуға да мүмкіндік береді. «Мектеп жұмысына білімдік жаңалықтар таңдау және енгізуде тікелей қатысқан жағдайларыңызды атаңыз?» деген сұраққа ата-аналар:
-
мектептің жылдық жұмыс жоспарын бекітуде жаңашыл жұмыс бағыттары мен тәсілдерін ендіруде (74%);
-
гимназия, лицей сыныптарын құрастыруда (69,5%);
-
«Ұш тұғырлы тіл» бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру, оның сапасын қадағалауда (33,7%);
-
үйде оқушылардың шығармашылық жұмыстары, эссе жазу, әр түрлі презентациялар дайындауына көмек көрсету (7,9%);
-
мектеп және сынып ата-аналар комитеттері жұмысының жаңашыл тәсілдерін енгізуде (12,5%).
Ата-аналардың жоғарыдағы сұраққа жауаптары олардың мектептегі инновациялық процестердің тек кейбір бағыттарына қатысқандығы, дегенмен бұл көрсеткіш ата-аналардың аз ғана пайызын құрайтындығын делелдейді.
Ата-аналардың мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне педагогикалық жаңалықтар ендіруге қолғабыс көрсету бағытыныдағы іс-әрекеті көбінесе мектеп басшылығы мен мұғалімдердің бастамасы бойынша, олардың өтініштерімен жүзеге асырылатындығы мәлім болды. Жалпы білім беретін мектептің статусының өзгеруі (лицей немесе гимназия мектебіне айналуы), сыныптарды комплектациялау жұмыстары, пән сабақтарына қатысып оларда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану тиімділігін зерделеу, мектеп ата-аналар жұмысының жаңашыл формалары мен әдістерін меңгерту сыңары педагогикалық инновация жұмыстары бағыттарында ата-аналар көбірек белсенділік танытады.
Атап айтқанда, зерттеу жұмыстары ата-аналардың мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне педагогикалық жаңалықтар ендіруге қолғабыс көрсетуі мектептегі инновациялық үрдістер мазмұнының негізгі бағыттарын – мысалы мектептің инновациялық даму стратегиясын құрастыру, жаңа басқару тәсілдерін енгізу, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын меңгерту және оқу-тәрбие үрдісіне ендіру, оқушылардың педагогикалық үрдістегі субъектті позициясын қаматамасыз ету т.б. сияқты өзекті бағыттарын қамтымайтындығын пайымдау қиын емес.
Бұның негізгі себебі ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырудың мектептің инновациялық дамуындағы мектеп пен отбасы өзара әрекеттесуіне негізделмеуі болып табылады. Сыртынан ата-аналарға мектепшіл инновациялар, яғни мектеп өміріне, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үрдістеріне қандай жаңалықтар енгізіліп отырғандығы туралы жалпы мәліметтер беріледі. Бірақ, түбінде ата-аналар мектепшіл инновациялардың маңызын, мәнін, бағыттарын, тәсілдерін жеткілікті дәрежеде пайымдамайды. Мектеп педагогикалық инновацияларды ендіруде ата-аналардың көмегіне сүйенбейді. Ата-аналар өз кезегінде мектепшіл инновацияларға қолғабыс көрсетпейді. Ал отбасында оқушылардың оқу жұмысы мен тәрбиесін ұйымдастыруда мектептегі түбейгейлі өзгерістер, жаңалықтар ескерілмейді. Сондықтан мектепшіл инновациялар әр қашанда да өзінің күтілетін нәтижесін бермейді.
Мектепте инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жағдайын зерделеу мақсатында мектеп басшылары (директорлар, олардың оқу жұмысы, тәрбие жұмысы және инновация жөніндегі орынбасарларымен) арнайы анкеталар жүргізіліді. Анкета сұрақтары ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі және отбасы тәрбиесінің инновациялық білімге бағдарануы деңгейін бағалау бойынша мектеп басшыларының ойларын білуге арналған (Қосымша Ә).
Анкета сұрақтарына Шымкент қаласы, Сайрам және Мақтаарал аудандарының мектеп директорлары және олардың орынбасарлары (жалпы 53 адам) қатысты. Мектептер әкімшілігі өкілдерінің анкеталар сұрақтарына жауаптары 2-кестеде берілген:
Кесте 2
|
р/с |
Сұрақтар |
Жауаптар |
|
1. |
Мектептегі инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың орны мен рөлі қаншалықты маңызды деп есептейсіз? А. Жоғары В. Жалпы, маңызды С.Айтарлықтай маңызды емес, инновацияларды мектеп дамытады Д. Мүлдем маңызды емес |
44,1% 24% 7,3% |
|
2. |
Мектептегі инновациялық үрдістерде оқушылардың ата-аналары қаншалықты белсенді қатысады? А. Өте белсенділік танытады В. Жалпы, белсене қатысады С. Кездейсоқ, мектеп басшылығының сұранысымен Д. Қатыспайды |
|
|
3. |
Мектептегі инновациялар туралы ата-аналардың білімі қандай? А. Мектептегі инновациялар туралы қажетті және толық білімдері бар. В. Мектептегі инновациялар туралы шамалы біледі. С. Мектептегі инновациялар туралы білмейді |
|
|
4. |
Мектептегі инновациялық үрдістерде ата-аналар қатыса ма? А. Ұдай, жүйелі түрде. В. Кездейсоқ қатысады. С. Қатыспайды |
|
|
5. |
Мектептегі инновациялық үрдістердің қай бағыттарында ата-аналар көбірек белсенділік танытады? - мектептің жұмыс жоспарларын құру, стратегиялық даму бағыттарын анықтауда; - жаңа педагогикалық технологияларды таңдау және ендіруде; - пән сабақтарын оқытудың тиімді әдістемелері мен технологияларын ендіруде; - жаңа буын оқулықтарын тәжірибелік сынақтан өткізу және оқу үрдісіне енгізуде; - тәрбиелеудің жаңа технологияларын ендіруде; - мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, олардың еңбегі сапасын бақылауда; - оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін қолдануда; - оқытудың техникалық және ақпараттық құралдарын ендіруде; - мектепті қоғамдық негізде басқаруда. |
|
|
6. |
Мектеп әкімшілігі ата-аналардың инновациялық белсенділігін қалыптастыру бағытында қандай іс-шараларды жүзеге асыруда?
|
|
|
7. |
Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығы мектепте инновациялық білімді дамытуда олардың белсенді қатысулары үшін жеткілікті ма? А. «Ия» В. «Жалпы, жеткілікіті» С. Жеткілікті емес Д. Жоқ |
|
Мектеп басшыларын анкеталаудың нәтижелері мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қазіргі таңдағы жағдайы мектепте инновациялық білімді дамытуға мүмкіндік бермейтіндігін көрсетеді. Негізінен, оның себептерін тек ата-аналардың педагогика инновациялар туралы білімі аздығы және онда өздерінің рөлін күшейтудің қажеттігі туралы түсініктері жетіспеуден іздеу дұрыс емес. Мектеп басшыларының белгілі бөлігі (24%) мектептегі инновациялық үрдістерде ата-аналардың рөлін дұрыс бағаламайды. Ал мектеп әкімшілігі ата-аналардың белсене қатысуынсыз мектепті инновациялық бағытта дамытуын қамтамасыз етіп болмайтындығын түсінгенімен тәжірибеде бұл бағытта мақсатты жүмыстарды жүргізбейтіндігі мәлім болды. Ата-аналардың инновациялық білімін арттыру, мектептің инновациялық дамуында өзара әрекеттесуге тарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілмейді.
Мектептегі инновациялық үрдістердің тек кейбір бағыттарында ғана (мектептің жұмыс жоспарларын құру, жаңа буын оқулықтарын тәжірибелік сынақтан өткізу және оқу үрдісіне енгізу, мектепті қоғамдық негізде басқаруда) ата-аналардың қатысуын байқау мүмкін.
Мұғалімдер, сынып жетекшілерімен жүргізілген анкеталар сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінде және сынып тәрбие жүйесін инновациялық дамытуда ата-аналардың белсенділігін анықтау мақсатында құрастырылып, өткізіліді (Қосымша Б).
Анкетада сынып жетекшілеріне «Өткен оқу жылында сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуге қандай жаңалықтар енгізілді?» деген сұраққа олардың берген жауаптары негізінде төмендегі тізімді құрастырдық:
-
оқушылар білімін бағалаудың мектепішілік мониторинг тізімі;
-
оқытудың Кембридж тәсілі негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
-
оқушылар корпоративті мәдениеті ережелері;
-
кейбір пәндерді өзге тілдерде (орыс, ағылшын) оқыту;
-
сын тұрғысынан ойлау тәсілдері;
-
ата-аналардың пән сабақтарына қатысуы, мектепте оқушылардың үй тапсырмаларын орындауын сынып жетекшісімен бірге қадағалау;
-
мектеп ата-аналар университетінің жұмыс істеу;
-
сынып тәрбие жоспарын құруда ата-аналар белсенділерінің қатысуы;
-
мектепте сыныптар арасында үлгерім және мектепішілік оқушылар ережелерін орындау бойынша жарыстың өткізілуі және оның жеңімпаздарын марапаттау;
-
оқушылардың ғылыми жобаларға («Кіші академия») және басқа да интеллектуальді байқауларға қатысуы.
Сынып жетекшілерінің анкетаның бірініші сұрағына жауаптары бір оқу жылы көлемінде сынып деңгейінде ендірілген педагогикалық инновациялар айтарлықтай көлемді екендігін көрсетеді. Біздің зерттеуіміз үшін осы жаңалықтардың ендірілуінде ата-аналардың қатысуы көбірек қызық болғандығынан біз екінші сұрақты «Сыныптағы оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтар енгізуде ата-аналардың қатысуын қалай бағалар едіңіз?» деп қойдық.
Сынып жетекшілері ата-аналар белсенділері тобы сынып тәрбие жұмысы жоспарын құруда, сонымен қатар соңғы уақытта пән сабақтарына жиі қатысып отырғандығын, оқытудың жаңа технологиялары туралы мұғалімдермен ой бөлісіп отырғандығын жазады. Сыныптағы тәрбиелік іс-шараларда да ата-аналар белсене қатыса бастаған. Ата-аналар сыныптағы тәрбие жұмысы технологияларын пайдалану тәжірибесімен шамалы болса да танысқан. Бірақ, респондеттердің басым көпшілігі (74,7%) ата-аналардың инновациялық белсенділігі әлдеқайда төмен екендігін көрсеткен. Педагогтар мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мектепшіл инновацияларды дамыту бағытында мүмкіндіктерінен өте аз пайдаланылып отырылғандығын мойындайды. Мектеп әкімшілігі мен педагогтар ұжымының қазіргі талаптарға орай педагогикалық жаңалықтарды енгізу бағытындағы жұмыстары ата-аналар тарапынан жеткілікті қолдау таппай отырғандығын анкета сұрақтарына жауап берген сынып жетекшілерінің тіпті бәрі атап өтеді.
Сынып жетекшілеріне «Педагогикалық инновацияларды пайдаланудағы қиындықтар мен кедергілер неде?» деген сұраққа оңтайлы материалдық жағдайлардың болмауы, инновациялық дамуды ақпараттық сүйемелдеудің толық еместігі, ата-аналар тарапынан қолдаудың болмауы, инновацияларды игеруге және пайдалануға уақыт жетіспеуі, мектеп педагогтар ұжымы арасында инновацияларды пайдалану мәселесінде ауызбіршіліктің болмауы сияқты себептер атап өтілген.
Сынып жетекшілері мектепте инновацияларды ендіруді табысты болуы ата-аналардың педагогикалық жаңалықтарды таңдау, игеру және ендіру үрдістерінде белсенді қатысуы, сонымен қатар отбасында бала тәрбиесінің мектептегі инновациялық үрдістерге сәйкес болуымен байланыстырады.
Ата-аналардың мектепшіл инновацияларға деген қатынасы мен инновациялық үрдістердегі белсенділігін анықтау мақсатында оқушылардың ата-аналарымен арнайы анкеталар жүргізілді (Қосымша В). Анкета сұрақтары ата-аналардың мектепшіл инновациялардың маңыздылығын пайымдауы, мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне педагогикалық жаңалықтар ендіруге қолғабыс көрсетуі, отбасында балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мектептегі педагогикалық жаңалықтарға қалай бағыт бағдар алуын анықтайды.
Ата-аналардың анкета сұрақтарына жауаптары шартты түрде төрт деңгей – «жоғары», «жеткілікті», «орташа» және «төмен» деп бағаланды.
«Мектепшіл инновациялардың маңыздылығы неде?» деген сұраққа ата-аналардың тек 4,1% 4-5 жауап көрсеткен, ал 13,1% ата-аналар 3-4 жауап берсе, 41,3% ата-аналар тек 1-2 белгілерді анықтаған, 41,5% ата-аналар мектепшіл инновациялардың маңыздылығын төмен деңгейде пайымдайтындығын танытады. Мысалы, сұрақтарға ата-аналардың жауаптары: «білім сапасын арттырады», «жаңа әдістерді ендіреді», «жаңа оқулықтар пайдаланылады», «мұғалімдер жаңа әдістермен оқытады», «оқушылардың өздері ізденетін болады», «жауап беруге қыналамын», «дәстүрлі әдістер де жаман емес еді» т.б.
«Мектепшіл инновациялардың мәні мен бағыттары туралы нелерді білесіз?» деген сұраққа 7,7% ата-аналар 5-6 бағыттарды атап өткен. 3-4 бағыттарды атаған ата-аналар 19,2% құрастырған. 22,9% респондеттер тек 2-3 бағытты көрсеткен болса, қалған 50,2% ата-аналар 1-2 немесе бірде-бір бағытты атамаған. Ата-аналардың осы сұрақтарға жауаптары: «мектептің жұмыс бағыты өзгереді», «гимназия, лицей мектебіне айналады», «мұғалімдердің біліктілігі жоғарылады», «сабақтарда және әдістер пайдаланылады», «жаңа оқу жабдықтары пайдаланылады», «ақпараттандыру құралдары кеңінен таралады», «оқушылар жаңаша тәсілдермен оқыды», «жаңа бағдарламалар мен оқулықтар қолданылады», «компьютерлік технологиялар қолданылады», «электронды мектеп болады», «білімдерді бағалау жаңаша түрде болады» т.б.
«Мектепшіл инновацияларда ата-аналардың орны мен рөлін қалай бағалар едіңіз?» деген сұраққа 13,5% ата-аналар «белсенді болу керек» деп жауап берсе, 27,4% «ынтымақтастықты тағы да нығайту керек» деген жауапты берген. 32,3% ата-аналар үшін «Мектепшіл инновациялар негізінен мектеп басшылығы мен мұғалімдердің ісі, қажет жерде бізде көмек беруіміз мүмкін» деген жауапті береді. Ата-аналардың 26,8% үшін мектепшіл инновацияларда ата-аналар үшін тіпті қатысты емес.
«Мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне педагогикалық жаңалықтар ендіруге қолғабыс көрсетесіз бе?» деген сұраққа 5,6% ата-аналар «әрқашанда», 16,6%
«Көбінесе жағдайларда», 38,8% ата-аналар «кейде», 39% ата-аналар «ешқашанда» деген жауапты береді. Яғни, ата-аналардың көпшілік бөлігі мектепшіл инновацияларда өздерінің орыны мен рөлін төмен бағалайды.
Инновациялық үрдістерді дамытуда ата-аналардың мұғалімдермен өзара әрекеттесуін анықтау мақсатында қойылған сұрақ «Мектептің жұмысына жаңалықтар ендіруде мұғалімдермен байланыстар жасайсыз ба?» деген сұраққа 3,4 % ата-аналар - «Ия, әрқашанда», 12,6 % «Көп жағдайларда», 18,3% ата-аналар «Кейбір жағдайларда», 65,7 % ата-аналар «Ешқашан» деп жауап береді. Яғни, ата-аналардың басым көпшілігі педагогикалық инновацияларды ендіруде мектеппен тығыз байланыста емес.
Мектепшіл инновацияларға сай өзіндік педагогикалық сауаттылығын арттыруды тексеру мақсатында жүргізілген анкета сұрақтарына ата-аналардың жауаптары да қызығушылық оятады. Мысалы, «Соңы оқу жылында мектеп өміріне қандай жаңалықтар енгізілгендігі туралы не білесіз?», «Өзініңіздің педагогикалық біліміңізді арттыру мақсатында қандай іс-шараларға қатыстыңыз?», «Қандай бағыттарда жаңа білімдерді меңгердіңіз?» сияқты сұрақтар қойылды.
Осы сұрақтарға жауаптарды қорыта келе, мектепшіл инновацияларға сай ата-аналардың өзіндік педагогикалық сауаттылығын арттыру деңгейлері анықталып, 12,2% ата-аналар «Жоғары», 19,1% «Жеткілікті», 46,7% «Орташа», 22% «Төменгі» деңгейде екендігі айқындалды.
Отбасында балаларды тәрбиелеу мен оқу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетудің инновациялық бағыттылығын анықтау үшін анкетада «Сіз отбасында балаларды тәрбиелеуде мектетегі жаңалықтарды ескересіз бе?», «Отбасында балалардың оқу жұмыстарын ұйымастыруға көмек көрсетесіз ба?», «Балалардың оқу жұмыстарын ұйымастыруда мектептегі педагогикалық жаңалықтарды ескересіз бе?» деген сұрақтар қойылды. Ата-аналардың жауаптары тек 6,7% ата-аналар отбасында балаларды тәрбиелеу мен оқу жұмыстарын ұйымастыруға көмек көрсетудің инновациялық бағыттылығының жоғары деңгейін, ал 20,3% жеткілікті, 38,8% орташа деңгейін көрсететіндігі анықталды. 34,2% ата-аналар балалардың оқу жұмыстарын ұйымастыруға кездейсоқ мән беріп, мектепшіл жаңалықтарға бағыт-бағдар алмайтынын танытты.
Кесте 3 – Ата-аналардың мектепшіл инновацияларға деген қатынасы мен инновациялық үрдістердегі белсенділігі
|
Көрсеткіштер |
Деңгейлер |
|||
|
Жоғары |
Жеткілікті |
Орташа |
Төменгі |
|
|
Мектепшіл инновациялардың маңыздылығын пайымдау |
4,1% |
13,1% |
41,3% |
41,5% |
|
Мектепшіл инновациялардың мәні мен бағыттарын түсіну |
7,7% |
19,2% |
22,9% |
50,2% |
|
Мектепшіл инновацияларда ата-аналардың орны мен рөлін пайымдау |
13,5% |
27,4% |
32,3% |
26,8% |
|
Мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне педагогикалық жаңалықтар ендіруге қолғабыс көрсету |
5,6% |
16,6% |
38,8% |
39 % |
|
Мұғалімдермен өзара әрекеттесу |
3,4 % |
12,6 % |
18,3 % |
65,7 % |
|
Мектепшіл инновацияларға сай өзіндік педагогикалық сауаттылығын арттыру |
12,2 % |
19,1% |
46,7% |
22% |
|
Отбасында балаларды тәрбиелеу мен оқу жұмыстарын ұйымастыруға көмек көрсетудің инновациялық бағыттылығы |
6,7 % |
20,3 % |
38,8% |
34,2% |
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың қазіргі жағдайын зерттеудің нәтижелері мына қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
1. Оқушылар ата-аналарының мектептегі инновациялар, олардың оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамытудағы мәні мен маңызы туралы түсініктері осы бағытта «мектеп-отбасы» ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік бермейді.
2. Мектептегі инновациялық үрдістер ата-аналардың белсенді қатысуынсыз жүзеге асырылады, сондықтан отбасылар тарапынан жеткілікті қолдау таппаған.
3. Қазіргі отбасында баланың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру мен оны тәрбиелеу мектептегі жаңашылдықтар, олардың оқушыға қоятын жаңа талаптарына сәйкес келмейді.
4. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі олардың мектептегі инновацияларға нақтылы көмек көрсетулеріне жол ашпайды.
5. Көптеген жағдайларда мектеп басшылығы мен педагогтар ата-аналардың инновациялық үрдістердегі белсенділігін арттыру бағытында мақсатты және жоспарлы жұмыс жүргізбейді.
6. Мектептегі инновациялық үрдістерді белсендіруде мектеп пен ата-аналардың өзара әрекеттесуі педагогикалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандырылмаған (басымдықтары, педагогикалық шарттары әлі де айқындалмаған, әдістемесі жасалынбаған).
1.3 Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың теориялық моделі
Мақсаты: мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
1) ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновацияларға деген оң қатынасы мен қызығушылықтарын қалыптастыру;
2) ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновациялар туралы білімдерін қалыптастыру және оларды дамытуға нақытылы көмек көрсетулеріне қол жеткізу;
3) отбасы тәрбиесін мектепшіл инновацияларға бағдарланғандығына қол жеткізу.
Педагогикалық шарттары:
а) ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудың оқушы тұлғасын қалыптастыру үшін маңыздылығын және ондағы өзіндік орны мен рөлін пайымдауы.
ә) ата-аналарды мектепте инновациялық білімді дамытуға белсенді қатысуға даярлау бойынша педагогтардың мақсатты іс-әрекетін ұйымдастыру;
б) инновациялық білімді дамытуда мектеп пен ата-аналардың біріккен іс-әрекетін жүзеге асыру;
в) отбасы тәрбиесінің және балалардың үйдегі оқу жұмыстарының мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығы;
Мазмұны (бағыттары):
1. Ата-аналарды инновациялық білімді дамытуда мектеппен серіктестікке мотивациялау бойынша жұмыстар;
2. Ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновациялар туралы білімдерін қалыптастыру;
3. Мектепте инновациялық білімді дамытуға ата-аналардың қатысуы;
4. Отбасы тәрбиесінің мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығын қамтамасыз ету.
Ұйымдастырудың формалары:
-
Ата-аналар жиналыстары;
-
Ата-аналар лекторийлері;
-
Әңгімелесулер;
-
Кеңестер;
-
Семинар-тренингтер;
-
Ата-аналар конференциялары;
-
Озық отбасы тәжірибелерін презентациялау;
-
Кездесулер;
-
Аузекі журналдар;
Әдістері мен тәсілдері:
-
әңгімелесу;
-
дәріс;
-
көрнекіліктерден пайдалану;
-
дербес және топтық шығармашылық жұмыстар;
-
рөлдік және іскерлік ойындар;
-
кейс-стади;
-
топтық жоба;
-
жағдаяттарды талдау;
-
сұрақ-жауап әдісі;
Құралдары:
-
мектептің инновациялық іс-тәжірибесі туралы видеоматериалдар;
-
ақпараттандыру құралдары;
-
слайдтар, презентациялар;
Нәтижелілігін өлшеу (диагностиклау)
Кесте 4 - Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы нәтижелілігін өлшемдері мен көрсеткіштері
|
Өлшемдер |
Көрсеткіштер |
|
Ата-аналардың педагогикалық инновацияларға деген қатынасы мен қызығушылықтары |
- мектептегі педагогикалық инновациялардың маңызын түсіну; - мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың рөлі мен орнын пайымдау; - мектептегі педагогикалық инновацияларға деген қатынас; - педагогикалық инновацияларға қызығушылықтың болуы. |
|
ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновациялар туралы білімдері |
- мектептің даму мақсаттары мен бағыттары туралы түсініктердің болуы; - мектептің өміріне, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге енгізілетін педагогикалық жаңалықтардың бағыттарын білу; - мектептегі педагогикалық инновациялар туралы өз көзқарастарын негізді және делелді сипаттай білу. |
|
Мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың белсенділігі |
- мектептің инновациялық дамуын жоспарлау және жүзеге асыруда қатысу; - сыныптағы инновациялық үрдістерге қолғабыс көрсету; - мектепшіл инновациялар бағытында білім алу; - педагогикалық жаңалықтарды ендіруге мейлінше көмек беру; - педагогикалық жаңалықтарды ендіру үрдісін ұйымдастыру, бақылау және нәтижелерін ұжымдық талдауда қатысу. |
|
Отбасы тәрбиесінің мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығы |
- мектептегі педагогикалық жаңалықтардың бала психологиясына және оның оқу еңбегіне әсерін зерделеу; - отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда мектептегі педагогикалық жаңалықтарды есепке алу; - баланың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру және бақылауда мектептегі жаңа талаптар, оқыту мазмұны мен технологияларын ескеру; - отбасы тәрбиесінде баланың білім алудағы және тәрбиедегі өзіндік субъектті позициясын есепке алу. |
Кесте 5 - Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы деңгейлері
|
Деңгейлер |
|
|
Жоғары |
Ата-аналар педагогикалық инновацияларға деген оң қатынаспен үлкен қызығушылықтар танытады. Инновациялық білімді дамытуда мектепке өз бастамасымен, жан-жақты көмек көрсетеді. Мектеп пен жүйелі біріккен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Отбасыдағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру мектептегі инновациялық білімге толық бағдарланған. |
|
Жеткілікті |
Ата-аналар педагогикалық инновацияларға деген оң қатынас танытады. Жалпы, педагогикалық инновацияларға деген қызығушылықтары байқалады. Инновациялық білімді дамытуда мектеп басшылығының сұранысымен мейлінше көмек көрсетеді. Мектеп пен кездейсоқ біріккен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Отбасыдағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру мектептегі инновациялық білімге бағдарланған. |
|
Орта |
Ата-аналар көбінесе педагогикалық инновацияларға деген оң қатынас танытады. Жалпы, педагогикалық инновацияларға деген қызығушылықтар аз байқалады. Инновациялық білімді дамытуда мектеп басшылығының сұранысымен кейде көрсетеді. Мектеп пен кей бір жағдайларда біріккен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Отбасыдағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру мектептегі инновациялық білімге үйлеспейді. |
|
Төменгі |
Ата-аналар педагогикалық инновацияларға деген теріс қатынас танытады. Жалпы, педагогикалық инновацияларға деген қызығушылықтары көрінбейді. Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен серіктестікті қаламайды. Отбасыдағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру жүйелі емес, мектептің бүгінгі талаптарын ескермейді. |
Нәтижелері: ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістерде белсенді қатысуы; отбасы тәрбиесі мен мектептегі инновациялардың үйлесімділігіне қол жеткізу.
2 МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУ
2.1 Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттары
Қазіргі мектепте инновациялық білімді дамыту мектеп пен ата-аналар педагогикалық өзара әрекеттесуінің басымдықтарының бірі болуы қажеттігін жоғарыда қарастырылған ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибелік материалдарды жан-жақты талдау толық дәлелдейді. Отбасының қолдауынсыз мұғалім оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мақсаттары мен міндеттерін, жаңашыл білім беру мазмұныны, ең тиімді педагогикалық технологияларды да қолдаудың ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізе алмайды.
Әсіресе, білім берудің жаңа парадигмалық ұстанымдары оқушының оқыту мен тәрбиелеу үрдістеріндегі субъектті позициясын мойындайды. Оқушы өзін-өзі дамытатын, өзіндік білім алатын тұлға болуы керек. Бұл өз кезегінде оқыту мен тәрбиелеу тек мектеп қабырғасымен шектелмеуін талап етеді.
Біздің зерттеулеріміз қазіргі отбасылардың айтарлықтай көпшілігінде ата-аналар баланың үйдегі оқу жұмыстарын орындауына, өз бетімен білім алуына мән бермейді. Ал мектепте білім беру мазмұны жылдан жылға күрделеніп баруда. Оқушы меңгеруі тиіс болған білімдер көлемі артуда. Енді мектептің негізгі жұмыс бағыты да өзгеріп, білім беру стратегиясы мұғалімнің жетекші рөлінан педагогикалық үрдістің зейін ортасына оқушы тұлғасын қою мен ерекшеленіп отыр. Оқушыға тек білім беру емес, оны үздіксіз, өз бетінше білім алуға даярлау міндеті алға қойылған.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі түбегейлі өзгерістер, мектептің инновациялық даму тәртібіне көшу сөзсіз оның бала тәрбиесіндегі басты серіктесі – отбасы тәрбиесін де сәйкес жаңа мазмұнмен байытуды талап етеді. Инновациялық даму сатысындағы мектеп ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жаңа деңгейін қажеттейді. Ата-аналар мектептегі инновациялық үрдістерді сырттан байқаудан оның қатысушыларына айналуы керек. Сонымен бірге, үйде балаларға тәрбиелік және диактикалық әсерлерді инновациялық үрдістерге сәйкесінше қайта құрастыруы қажет.
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының «векторлары» туралы тоқталатын болсақ (3-сурет), бұл бір жағынан мектептен отбасыға бағытталған. Яғни, инновациялық даму сатысындағы мектептің оқушы (бала) тұлғасына әсері, бала арқылы оның отбасының тәрбиелік қызметіне әсері.
Екіншіден, мектептің мектеп пен отбасы ынтымақтастығының негізгі формасы – ата-аналармен жұмыс арқылы отбасы тәрбиесін инновациялық білімді дамыту міндеттерін жүзеге асыруға тарту;

Сурет 3 - Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының «векторлары»
Үшіншіден, мектептің инновациялық даму міндеттеріне сәйкестендірілген отбасы тәрбиесінің жаңартылған мазмұны, әдістері;
Төртіншіден, ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістерге әсері (мектептің инновациялық дамуын жоспарлау, жаңа буын оқулықтарын енгізу, жаңашыл оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері мен технологияларын таңдау және енгізуді қадағалау, білім беру сапасын мониторинглеу және талдау, нәтижелерді қорыту т.б. ата-аналардың белсенді қатысуы).
Зерттеу барысында инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы талданып, оны жетілдірудың кейбір мүмкіндіктері анықталды және олар педагогикалық шарттар түрінде тұжырымдалды.
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының педагогикалық шарттары ретінде біз мыналарды ажратып көрсетеміз:
а) ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудың оқушы тұлғасын қалыптастыру үшін маңыздылығын және ондағы өзіндік орны мен рөлін пайымдауына қол жеткізу.

в) отбасы тәрбиесінің және балалардың үйдегі оқу жұмыстарының мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығы.
Жоғарыда атап өтілген педагогикалық шарттардың мазмұнын ашуға әрекет жасаймыз.
а) ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудың оқушы тұлғасын қалыптастыру үшін маңыздылығын және ондағы өзіндік орыны мен рөлін пайымдауына қол жеткізу.
Инновациялық білім жаңашыл мақсаттар және міндеттерге бағдарланған, жаңашыл мазмұнмен байытылған, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық түрлері, формалары, әдіс-тәсілдері мен құралдары арқылы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінің жаңашыл ұстанымдарына негізделетін, нәтижелері білім беру үрдісіне жаңа тұрғыдан бағаланатын білім. Инновациялық білім оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамытуды жаңа, жоғары сапалық деңгейге көтеруі тиіс. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне енгізілетін әрбір үлкен немесе кіші жаңалық түбінде оқушы тұлғасын дамыту мақсатын көздейді. Сондықтан бұл инновациялық білімнің мәні мен маңызын ата-аналар дұрыс түсінуеріне қол жеткізу керек.
Педагогикалық инноватика саласындағы зерттеулер барлық педагогикалық жаңалықтар ата-аналар ғана емес, тіпті педагогтар ұжымы тарапынан да дұрыс қабылданбайтындығын көрсетеді.
Мектеп мұғалімдерінің белгілі бір бөлігі ескіше жұмыс істеуді жақтайды. Басқа бір бөлігі жаңалықтарды дұрыс қабылдағанымен оның тиімділігіне күмәнсірейді. Бұл, өз кезегінде мектептің инновациялық дамуына кедергілер жасайды. Ең зор педагогикалық әдістер, құралдар да, егерде ол мұғалімдер тарапынан дұрыс қабылданбайтын болса, жақсы көрсетікштер бермейді. Сондықтан ата-аналардың да педагогикалық инновацияларға күмәнді қарауы пайда болуы мүмкін.
Инновациялық білім педагогтардың жұмысын оңтайландырады. Бірақ, педагогикалық жаңашылдықтар негізінен оқушы тұлғасына, оны дамытуға, оқыту мен тәрбиелеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталады. Инновациялық білім оқушының сапалы білім алуына, саналы тәрбиесіне оңтайлы білімдік және тәрбиелік орта қалыптастырады. Ата-аналар мұны жақсы түсінулері керек.
Мектептегі педагогикалық инновациялар бір мезгілде оң нәтижелер бермейді. Кейбір жағдайларда, әсіресе алғашқы кездерде жаңа оқыту мазмұны, әдістері теріс нәтижелер беруі мүмкін. Баланың инновациялық білім беру мазмұнына, жаңа оқыту тәсілдеріне бейімделуі қиын кешуі мүмкін. Мысалы, Сайрам ауданы мектептерінде көп тілді оқыту жүйесін ендіру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың алғашқы кезеңіңде пәндерді екінші, үшінші тілдерде оқыған балалардың сабақтардағы үлгерімі біраз төмендеген. Бұған оқушылардың ата-аналары алаңдаушылық білдірген. Бірақ, пәндерді өзге тілдерде оқу дағдыларын меңгергеннен соң оқушылардың үлгерімінде бетті оң өзгерістер байқалған.
Ата-аналар арасындағы түсіндіру жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілетін педагогикалық инновациялардың оң нәтижелер беруіне әсер етеді. Мысалы, Отандық жаңа буын оқулықтарын жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибесіне ендіру. Оқулықтардың сапа жағынан төмендігі, әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрастырылмағандығы, олардағы әр түрлі қателіктердің көптігі педагогтарды да ашуландырады. Оқулықтардың мазмұны күрделі, тіпті орташа деңгейдегі үлгерім көрсететін оқушылардың өз бетінше білім алуларына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар да оқулықтар сапасына қанағаттанбайтындықтарын айтады. Бірақ, жаңа буын оқулықтарының бір жетістігі – оқушылардың өз бетінше ізденіп білім алуларына бағытталғандығын ата-аналар дұрыс түсінулері керек.
Инновациялық білімді дамытудың оқушы тұлғасын қалыптастыру үшін маңыздылығын ата-аналар дұрыс түсінуі үшін:
1) ата-аналар мектепте неге, қандай педагогикалық жаңалықтар енгізіліп отырғандығын білуі;
2) бұл жаңалықтар бала үшін не беретіндігін пайымдаулары;
3) дәстүрлі әдістермен салыстырғанда педагогикалық жаңалықтардың ұстамдықтарын;
4) педагогикалық жаңалықтарды ендірудың жетістіктерімен қатар, оның оң нәтижелер беруіне кедергілер, қиындықтарды білуі керек.
Ата-аналар өздерінің мектептегі инновациялық білімді дамытудағы орынын жақсы түсінулері керек. Ең алдымен ата-аналар тарапынан сәйкесінше қолдау көрсетілмейтін болса, мектеп өміріне енгізілетін педагогикалық жаңалықтар өздерінің оң көрсеткіштерін бермейді.
Ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістердегі орны:
1) мектептің инновациялық дамуының стратегиялық міндеттерін анықтауда және жоспарлауда ата-аналар белсенділерінің қатысуы;
2) пәндік сабақтарға және сыныптан тыс тәрбие жұмысына ендірілетін педагогикалық жаңалықтарды таңдау, оларды ендіру үрдісін қадағалауда;
3) оқушыларды жаңашыл педагогикалық ортаға психологиялық даярлауда, оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтар енгізілген жағдайлардағы іс-әрекетке бейімдеуде мұғалімдерге көмек көрсетуде;
4) отбасындағы тәрбиелік іс-әрекет пен оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыруды мектептегі инновациялық үрдістерге бағдарлауда айқындалады.

Мектептегі инновациялық білімді дамытуда отбасымен өзара әрекеттесу ата-аналарды оған арнайы даярлауды талап етеді. Егер де белсенді ата-аналар мектептегі инновациялық үрдістердің стратегиясын анықтауда, жоспарлау және ұйымдастыруда қатысатын болса, ата-аналардың көпшілік бөлігі сынып көлемінде педагогикалық жаңалықтар ендіру үрдісінде мұғаліммен әрекеттесуі, сонымен қатар отбасында балаларды инновациялық білім ортасында оқуға дайындауы қажет болады. Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары – ата-аналар жиналыстары, әңгімелер, кеңестер, ата-аналар лекторийлерімен қатар педагогикалық ағарту жұмыстарының жаңашыл түрлері – семинар-тренингтер, пікірталастар, отбасылық тәжірибе алмасулар, педагогикалық мәселелерде ұжымдық шешу, педагогикалық жағдаяттарды талдау, кейс-стади, рөлдік ойындар, эссе, портфолио, жобалар жасау, интерпретация т.б. пайдаланылуы мүмкін.
Ата-аналарды мектепте инновациялық білімді дамытуға белсенді қатысуға даярлаудың мазмұны бірінше кезекте оларды педагогтармен өзара әрекетесуге қызықтыруды, мотивациялауды көздейді. Біздің зерттеулеріміз көптеген жағдайларда мектеп басшылығы мен педагогикалық ұжымдар (сынып жетекшілері) ата-аналарды мектеппен бірге жұмыс істеуге тартуда қиналатындығын көрсетеді. «Ата-аналар мектептегі жыналыстарға толық келмейді, педагогтардың өзара әрекеттесу бойынша бастамаларын әр қашанда да қолдамайды», - деген пікірілерді мектеп директорларынан да, оның тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларынан да, тіпті сынып жетекшілерінен де жиі есту мүмкін.
Жаппай жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың ата-аналары неге мектепке келмейді, тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатыспайды, сабақтарға кірмейді? Не үшін педагогтармен өз балаларын тәрбиелеудегі серіктестіктен қашады?
Оған бір ғана жауап айту мүмкін? Мотивация жетіспейді? Мектеп әкімшілігі де, сынып жетекшілері де ата-аналар үшін әрі қызықты, әрі пайдалы жұмыс формаларының орнына бір қалыпты, баланың үлгерімі мен тәртібін талдайтын сынып жыналыстарымен шектеледі. Ата-аналар мектеп пен өзара әрекеттесуден қанағаттанбайды. Педагогтардың кеңестері іс-жүзіне асырылмайды.
Педагогтар бірінші кезекте инновациялық білім оқушы үшін оңтайлы білімдік ортаны қалыптастыратындығын, сонымен бірге оған жаңа талаптар қоятындығын, жаңа педагогикалық міндеттер мен талаптар оқушы арқылы оның ата-анасына да жаңа тәрбиелік міндеттер қоятындығын ата-аналарға сендіруі керек. Педагогикалық сендіру әдістері нақтылы фактілерге, дәлелдерге негізделуі тиіс. Ата-аналар мектеппен өзара әрекеттесуде педагогтардан насихаттар алу емес, реал тапсырмалар алуы және бірге іс-әрекет жасауы қажет.
Жалпы ата-аналарды мектеп пен инновациялық білімді дамытудағы өзара әрекетесуге мотивациялау тәсілдері:
- ата-аналарға инновациялық білімнің озық үлгілерін реал сабақтар арқылы көрсету;
- инновациялық білімнің артықшылықтарын дәлелдеу;
- ата-аналардың мектеп тәжірибесіне енгізілген және оң нәтижелер берген педагогикалық жаңалықтар туралы білімдерін қалыптастыру;
- ендіру жоспарланып отырған педагогикалық жаңалықтармен таныстыру, олар туралы ата-аналармен ой бөлісу;
- ата-аналарды инновациялық білімді дамытудағы педагогтармен өзара әрекеттесуге тартатын қолжетімді тапсырмалар беру және оны орындау нәтижелерін ата-аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау.
Ата-аналарға мектептегі инновациялық үрдістер туралы қарапайым, тәжірибелік сипаттағы, жалпы түсініктер беру қажет. Әрбір ата-ана мектептегі жаңалықтар, олардың бағыттары, жұмыс істеу тетіктері туралы қарапайым білімдерді алулары керек.
Ата-аналарды мектепте инновациялық білімді дамытуға белсенді қатысуға даярлау бір мезгілді жұмыс емес. Үздік мектеп ұжымдары ата-аналармен жүйелі жұмыстарды тек қағаз жүзінде емес, тәжірибе жүзінде де жүргізеді. Мысалы, Шымкент қаласындағы Ю.Сареми атындағы № 107 мектеп-гимназияда ұйымдастырылған «Ата-аналар университеті» оқушылар ата-аналарын мектептің инновациялық білімдік ортасын дамытуға тартудың үлгісі бола алады.
Ата-аналар университетінің мақсаты: мектептің отбасымен тиімді өзара әрекеттесуін, ынтымақтастығын нығайтуда ата-аналарды педагогикалық білімдер, іскерліктер және дағдылармен қаруландыру.
Ата-аналар университеті
-
Қоғамдық негізде жұмыс атқаратын өзіне тән оқу орындары;
-
Кезінде білім беру ұйымдары, кәсіподақ комитеттері, “Білім” қоғамы ұйымдары тарапынан ұймдастырылған;
-
Мәдениет үйлері, клубтар, мектепке дейін және мектептер жанында ұйымдастырылған.
Негізгі міндеттері:
-
ата-аналардың тәрбиеші ретіндегі құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту;
-
ата-аналарды бала тәрбиесі туралы ең қажетті білімдермен қаруландыру;
-
ата-аналардың тәрбиелік іс-әрекетін белсендіру.
Университет тыңдаушылары:
-
аталар;
-
аналар;
-
Әжелер мен аталар;
-
жас келін-күйеулер.
Міндетті белгілері:
-
Оқу жоспарына сай жұмыс жүргізуі;
-
Үлгілі бағдарламасының болуы;
-
Тыңдаушылардың тұрақты құрамы.
Әдетте 3-6 факультеттерден құралады:
-
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу факультеті;
-
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу факультеті;
-
Жасөспірімдерді тәрбиелеу факультеті;
-
Жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу факультеті;
-
Жастарды отбасылық өмірге даярлау факультеті;
-
Ата-аналар белсенділері факультеті;
-
Оқу мерзімі – 1-2 жыл;
-
Сабақтар айына/әр тоқсанда бір рет, 2-3 академиялық сағат жүргізіледі;
-
Мұнда педагогикалық теория тәжірибемен ұштасады;
-
Университет аяқталғаннан соң арнайы куәлік (сертификат) беріледі.
Ата-аналар университетінде қолданылатын әдістер:
- баяндама жасау;
- рефераттарды қорғау;
- педагогикалық мәселелерді шешу;
- күрделі жағдаяттарды талқылау;
- рецензиялау;
- пікірталас;
- сұхбат;
- «миға шабуыл” т.б.
Ата-аналар университеті бағдарламасының мазмұны:
-
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы: ата-аналар білім сапасына жауапкер ма?
-
Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы: пайдаланылмай отырған мүмкіндіктер;
-
Бала тәрбиесіндегі қателіктер: алдын алу және жою;
-
Ұлттық тәрбие: халық педагогикасы отбасы қызметінде;
-
Балаларды қандай құндылықтарға қарай бағыттаймыз?
-
Ел ардақтайтын бала мінез-құлқы үлгілері;
-
Баламен дұрыс қарым-қатынас жасаудың тәсілдері.
Мектеп ата-аналар университеті дәрістері мен семинар-тренингтерін ғылыми кеңесші ата-аналар белсенділерімен алғашқы сабақты жүргізеді. Соңынан сыныптардағы сабақтарды ата-аналар белсенділері, тәжірибелі ата-аналар жүргізеді. Мектеп директоры, оның орынбасарлары, сынып жетекшілері сабақтардың ұйымдастырылуы мен сапалы өткізіліуіне қажетті көмек көрсетеді.

Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен ата-аналардың біріккен іс-әрекетін жүзеге асыру мектеп әкімшілігі мен педагогтардан тараптар осы бағытта нақтылы қандай міндеттерді атқару мүмкіндігін анықтауды талап етеді.
Мектеп әкімшілігі және педагогтар ұжымы:
- педагогикалық жаңалықтарды таңдайды, талдайды, оларды мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мүмкіндіктерін қарастырады, жоспарлайды және ендіру үрдісін ұйымдастырады;
- инновациялық білім берудің оқушылар үлгерімі мен тәрбиесіне әсерін ұдайы мониторингілейді, бақылайды, қажетті өзгерістер ендіруді қамтамасыз етеді;
- педагогтардың инновациялық іс-әрекетіне қажетті жәрдем көрсетеді, оны бақылайды;
- инновациялық үрдістерге қажетті өзгерістер енгізеді;
- инновациялық үрдістердің оқушылар денсаулығына, психологиясына әсерін анықтайды;
- ата-аналарға мектептегі инновациялар және оларды ендірудің барысы, нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді ұсынады;
- педагогикалық инновацияларды таңдау, оларды ендіруді жоспарлау, қолдану нәтижелерін талдауға ата-аналардың қатысуын қамтамасыз етеді;
- ата-аналарға отбасында балаларды тәрбиелеу, олардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыруды тиімді тәсілдерін меңгертуді қамтамасыз етеді;
- ата-аналар белсенділерімен бірге инновациялық үрдістерді жандандыру, озық мұғалімдерді материалдық және моральдық ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
Ата-аналар:
- мектептің инновациялық дамуын жоспарлауда өзіндік пікірлерін, ұсыныстарын айтады;
- мектеп басшылығы мен педагогтардың педагогикалық жаңалықтарды ендіруде байланысты ұсыныстарына қолдау көрсетеді;
- мектеп әкімшілігі өкілдері, мұғалімдер, сынып жетекшілері, мектеп психологтары т.б. қызметкерлердің инновациялық білімді дамыту, педагогикалық жаңашылдықтарды ендірудің барысы және нәтижелері туралы есептерін тыңдайды;
- мектеп әкімшілігі, педагог қызметкерлер мен ата-аналар комитеттері ұйымдастыратын педагогикалық ағарту жұмыстарының түрлі формаларына қатысу арқылы мектептегі инновациялық білімнің сипаты, оны дамытудағы «мектеп-отбасы» ынтымақтастығы мазмұны туралы қажетті білімдер алады;
- баланың инновациялық білімдік ортаға бейімдеуде мұғалімдерге қажетті көмек көрсетеді;
- пән сабақтарына қатысып жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі туралы өз пікірлерін білідіреді;
- сынып оқушыларымен тәрбиелік жұмыстарда қатысады, тәрбие технологияларын пайдаланудың тиімділігін бағалайды;
- балаларымен мектептен тыс тәрбиелік іс-шараларда бірге қатысады;
- отбасында баланың өмірін сауатты ұйымдастыру, оның дамуына қажетті әлеуметтік-психологиялық және материалдық орта қалыптастыруға ерекше назар аударады;
- баланың отбасындағы тәрбиесі және оның үйдегі оқу тапсырмаларын орындау, қосымша білім алуын ұйымдастыруға дер кезінде және педагогикалық мақсатқа сай көмек көрсетеді, ал қажет болғанда бұған педагог мамандарды да тартады.

Отбасы тәрбиесі ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделеді. Отбасы тәрбиесінің өзегі – халық педагогикасы екендігі мәлім. Ана тілі, халық ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық өнер, ұлттық шаруашылық-мәдени дәстүрлер, ойындар мен ойыншықтар әрбір қазақ отбасында балаларды тәрбиелеудің ең мықты тәрбиелік құралдары болып келген. Халық дидактикасы – жаңылтпаштар, жұмбақтар, ителлектуалды ойындар, қазақтың ауызша есебі т.б. балаларда оқу икемділікітері мен дағдыларды қалыптастыруда кең пайдаланылған.
Атап айтқанда, бүгінгі таңдағы мектепшіл инновациялар, оқушылар меңгеруі тиіс ақпарат көлемінің артуы және күрделенуі, білім берудің жаңашыл ұстанымдары мен технологиялары отбасы тәрбиесіне де ықпал етпеуі мүмкін емес. Қазіргі мектеп тіпті эксперимент алаңына айналып кеткен. Әр оқу жылында, тоқсанда, аптада, тіпті әр сабақта бала өзі үшін жаңалықпен кездеседі.
Инновациялық білім бала психологиясына айтарлықтай әсер етеді. Баланың педагогикалық жаңалықтарға бейімделуі көп жағдайларда оңай кешпейді. Сыныпта 30-40 оқушымен жұмыс істейтін, барлық балаларға шамалы бірдей темппен сабақ өтетін, дербес жұмыс үшін аз уақыты болатын мұғалім балаға қажетті дәрежеде көмек бере алмайды. Бала күннен күнге тек сабақ мазмұнын түсінбей барады, бәлкім үлгермейтіндер қатарынан орын ала бастайды.
Педагогикалық инновация баланың оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі позициясын өзгертеді. Оқыту үрдісі қарқыны, оқушының танымдық қабілеттері мен сапаларына талап күшейеді. Осы жағдайларда баланың оқудағы үлгерімі, тәрбие үрдісіндегі іс-әрекеттің түрлеріне кірістірілуі ата-аналардың қолдауын талап етеді.
Мектептегі педагогикалық жаңалықтар туралы жақсы түсініктері бар, мұғалімдермен үнемі байланыста болған ата-аналар ғана қазіргі жағдайда өз балаларының сапалы білім алуларын қолдай алады.
Отбасы тәрбиесінің және балалардың үйдегі оқу жұмыстарының мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығын қамтамасыз ету үшін ата-аналар:
- мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы жаңа өзгерістерге сай отбасында баланың дамуы, білім алуы мен тәрбиесі үшін қажетті психологиялық, материалдық жағдайлар жасауы;
- баланың отбасындағы өмірін жоспарлы болуына, уақытты дұрыс пайдалануға әдеттендіруі;
- баланы оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге және дамытуға ынта-жігерін арттыру мүмкіндіктерін кең пайдалануы;
- балалары қандай пәндерді оқытатынын, олардың үлгерімі, жетістіктері мен артта қалуларының түпкі себептерін білуі; мұғалімдермен ақпарат алмасуы;
- баланың пән сабақтары бойынша тапсырмаларын орындауын күнделікті бақылауы, қажетті кеңестер беруі, қиын жағдайларда мұғалімдерге нақтылы ұсыныстар жасауы;
- балада оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру мен дамытуға ерекше назар аударуы, оны үй жағдайларында өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыруға, бақылауға, танымдық қиындықтарды дербес жеңуге үйретуі қажет.
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының біздің зерттеуімізде анықталған педагогикалық шарттары тек кешенді түрде пайдаланылған жағдайда ғана оң нәтижелер беруі мүмкін. Анықталған педагогикалық шарттар мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамытудың әдістемесін жасауға негіз болды.
2.2 Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамыту әдістемесі
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамытудың зерттеу барысында жасалынған әдістемесі негізгі төрт міндеттерді көздейді:
- ата-аналарды мектептегі инновациялық білімді дамытуға деген мотивациясы мен қызығушылықтарын қалыптастыру;
- ата-аналардың мектептегі инновациялық білім туралы түсініктерін қалыптастыру;
- мектептің ата-аналармен инновациялық үрдістерді дамытудағы өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
- отбасында балалар тәрбиесі және олардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыруды мектептегі инновациялық үрдістерге сәйкестендіру.
Осы міндеттерде жүзеге асыру мектептің ата-аналармен инновациялық білімді дамытудағы өзара әрекеттесуінің мазмұнын әзірлеуді және жасалынған мазмұнды іс-жүзіне асыру бойынша нақтылы жұмыс формалары мен әдістерін анықтауды қажет етеді.
Инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мектеп және сынып ата-аналар комитеті жұмыс жоспарларына, сонымен қатар мектептегі тәрбие жұмысы жоспарына, сынып жетекшісі жылдық іс-жоспарларына кірістірілді. Ата-аналармен жұмыс жоғары деңгейде жолға қойылған мектептерде, мысалы Қарабастау жалпы орта мектебінде ата-аналар университеті іс-жоспарына инновациялық білімді дамыту бойынша нақтылы іс-шаралар енгізілді.
Инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны жекелеген іс-шаралардан тұрмайды, себебі онда бұл бағыттағы жұмыс еш қандай нәтиже бермейді. Сондықтан мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері тарапынан іс-жүзінде асырылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен жоспарлылығына қол жеткізуге әрекет жасалынды.
Мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында «Инновациялық білімді дамыту» бөлімі кірістіріліп, оның мазмұны 6-кестеде көрініс тапқан.
Кесте 6 – Инновациялық білімді дамыту бойынша мектептің ата-аналармен жүргізетін іс-шаралары
|
Жүргізілетін жұмыстар |
Орындау мерзімі |
Жауапты лар |
Өткізу түрі |
Күтілетін нәтижелер |
|
1. Мектепте оқу жылында енгізілетін педагогикалық жаңалықтар туралы мәлімет беру |
Тамыз конференциясы |
Мектеп директорының инновация бойынша орынбасары |
презентация |
Ата-аналардың инновациялар туралы хабардар болуы |
|
2. Мектептің инновациялық жұмыс жоспарларымен қысқаша таныстыру |
Мектеп ата-аналар конференциясы |
Директордың оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасарлары |
Баяндама; Пікір алмасу |
ата-аналардың оқу және тәрбие жұмысы жоспарлары туралы пікірлерін тыңдау және қажетті жоспарларға түзетулер енгізу |
|
3. Сынып оқушылары ата-аналарына инновациялық білімнің мәні мен маңызын, бағыттарын түсіндіру |
Қыркүйек 2013 жыл |
Сынып жетекшілері, сынып ата-аналары белсенділері |
Сынып ата-аналары үшін семинар-тренинг |
Ата-аналардың инновациялық білімді дамытуға қолғабыс көрсетуге мотивациялау |
|
4.«Инновация лық білімдік орта және оқушы тұлғасын дамыту мәселелері» |
Қазан 2013 жыл |
Инновация бойынша директор орынбасары, сынып жетекшілері, мектеп және сынып ата-аналар комитеті |
Дәріс, пікір алмасу |
Ата-аналардың инновациялық білімнің бала психологиясына әсері, оны жаңашыл білімідік ортаға бейімдеудегі отбасының міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру |
|
5. Ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістерде қатысуы |
Қазан 2013 жыл - сәуір 2014 жыл |
Директордың орынбасарлары, мектеп және сынып ата-аналар комитеттері торағалары, сынып жетекшілері |
Эксперимент сыныптарындағы сабақтарға қатысу, сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және ұжымдық талдау |
Ата-аналарды оқытудың және тәрбиелеудың жаңашыл тәсілдері туралы ой-пікірлерін білу |
|
6. Мектептегі инновациялық білім және отбасы тәрбиесі |
Қараша 2013 жыл |
сынып ата-аналар комитеттері төрағалары, сынып жетекшілері |
тренинг |
Ата-аналарды отбасында балалардың үй оқу тапсырмаларын орындауды оңтайлы ұйымдастыруға, жаңашыл білім беру талаптарына орай балаларды тәрбиелеуге қажетті іскерліктер және дағдылармен қаруландыру |
|
7. Мектептегі инновациялық білім үрдісін мониторинглеу нәтижелері |
Желтоқсан 2013 жыл, мамыр 2014 жыл |
Директордың орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері |
Мектеп және сынып ата-аналар комитеттері мүшелерінің алдында директор орынбасарларының, әдістемелік бірлестіктер төрағаларының есебі |
Ата-аналардың мектептегі инновациялық білім үрдісі барысы және аралық, қорытынды нәтижелері туралы мәлімет алуы |
|
8. Отбасында баланың оқу жұмысын ұйымдастыру: озық тәжірибелер |
Қаңтар 2014 жыл |
Сынып жетекшілері, ата-аналар комитеттері белсенділері |
Дөңгелек үстел |
Ата-аналардың оқушыларды мектептегі инновациялық біліміге даярлау дағдыларын қалыптастыру |
|
9. Жаңашыл мектеп және отбысында бала тәрбиесі |
Наурыз 2014 жыл |

пірікталас |
Инновациялық білімге бағдарланған отбасы тәрбиесін қалыптастырудағы ата-аналардың іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру |
|
10. Мектептегі инновациялық білімді дамытудың нәтижелері және ата-аналармен жұмыстың жаңа оқу жылындағы міндеттері |
мамыр 2014 жыл |
Директордың орынбасарлары, мектеп және сыныптар ата-аналар комитеттері торағалары |
Қорытынды конференция |
Мектептегі инновациялық білімді дамытудың оқу жылы бойынша нәтижелері және ата-аналармен ынтымақтастық бағытындағы жұмыс қорытындылары жасалынып, инновациялық білімді дамытудың жаңа міндеттері қойылады |
Мектепте оқу жылында енгізілетін педагогикалық жаңалықтар туралы мәлімет беру мектеп ұжымының тамыз конференциясыда мектеп директорының жалпы есебінде көрініс табады. Директор өз баяндамасында қысқа да нұсқа, нақтылы, конференцияға қатысып отырған ата-аналар үшін де түсінікті түрде жаңа өткен оқу жылында мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қандай педагогикалық жаңалықтар енгізілгендігін, олардың оқушылар білімі сапасы мен саналы тәрбиесіне қалай әсер еткендігі туралы нақтылы фактілерге негізделген мәліметтерді береді. Директордың баяндамасындағы кейбір мәліметтер оның орынбасарларының сөзінде толықтырылуы мүмкін. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында мектеп алдында тұрған міндеттерді ашып көрсетуде баяндамашылар міндетті түрде инновацияларға ерекше тоқталуы қажет. Конференция қатысушылары, әсіресе ата-аналар мектептің жаңа оқу жылындағы инновациялық дамуы бағыттары туралы жалпы түсініктер алуына қол жеткізу керек.
Мектептің инновациялық жұмыс жоспарларымен қысқаша таныстыру мектеп ата-аналар жалпы конференциясында жүзеге асырылады. Мұнда мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары мектептің жұмыс тәртібіне, оқу-тәрбие үрдісіне, пән сабақтарын оқытуға енгізілетін инновациялар туралы баяндама жасайды. Тәрбие ісі жөнінідегі директор орынбасары оқушылар тәрбиесінің алдағы міндеттері және оларға жаңашыл тұрғыдан келу туралы мәлімет береді. Инновация бойынша орынбасар әріптестерінің баяндамаларын толықтырады. Мектеп ата-аналары комитетінің оқу комиссиясы торағасы да ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы міндеттері және жұмыс мазмұны туралы мәліметтер береді. Баяндамалар тыңдалғаннан соң ата-аналар мектептің жұмыс бағыттарындағы енгізілетін педагогикалық жаңалықтар туралы өз пікірлерін айтады. Конструктивті пікірлер ескеріліп, жоспарға қажетті тузетулер енгізіледі.
Сынып оқушылары ата-аналарына инновациялық білімнің мәні мен маңызын, бағыттарын түсіндіру арнайы семинар-тренингтер өткізу жолымен жүзеге асырылады. Семинар-тренингтер тәжірибелі мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан өткізіледі. Тренинг сабақтары ата-аналардың өздері белсенділік танытып, әр түрлі жаттығуларды орындау барысында инновациялық білімнің мәнін ұғынулары, оның оқушы тұлғасы дамуында қаншама маңызды екендігін пайымдайды. Ата-аналардың мектепшіл инновацияларға бірдей оң көзқарастары болуы мүмкін емес. Мысалы, біздің Сайрам және Мақтаарал аудандары мектеп оқушыларының ата-аналарымен жүргізген зерттеулеріміз ата-аналардың 40-50% «баяғы кеңестік білім жүйесі оқушыларға сапалы білім берген», «мектептегі тәрбие жүйелерінің тәрбиелік күші аз», «оқулықтар мүлдем сапасыз», «білім беруді ақпараттандыру оқушыларды жалқау етіп қойды», «мектепте жекеменшік оқу орындарын бітірген мұғалімдер толып жатыр, олар пәнді де білмейді, дұрыс сабақ та бермейді», «балаларымыз құры тест жаттаудан әрі өтпейді» сияқты пікірлерді білдірді. Ата-аналардың 25-30% «мектепке қайта-қайта жаңалықтар енгізе бермеу керек» деп айтады.
Әрине, соңғы он жылдықтарда білім беру саласына қаншама жаңалықтар енгізілді. Тіпті білім саласы «глобальді эксперимент» алаңына айналды. Әрбір жаңалық мектеп басшылары үшін де, мұғалім үшін де, оқушыға да, ата-анаға да оңай шаруа емес. Оны қабылдау, ұғыну, қолдану аз еңбек, күш-қуат талап етпейді. Тіпті «мода» үшін, өзгелерден артта қалмау үшін жаңалықтар енгізу де байқалатын болды.
Дегенмен, ғылым, техника, жалпы өмір қарқынды дамып отырған қазіргі заманда инновациядан бас тартып, «тыныш» өмір сүруді қалайтын қоғам, мектеп ұзаққа жетпейтіні мәлім. Мәселе сол жаңашылдықтар, талаптар арасынан ең қажетті, ең тиімді, ең оңтайлысын таңдай білу және сауатты пайдалана білу. Тренингтерде біз ата-аналардың санасына дәл осы пікірлерді жеткізуге әрекет жасадық.
Тренингтердегі жаттығулар ата-аналарға мектепшіл педагогикалық инновациялардың негізгі бағыттарын түсіндіруге де бағдарланды. Ата-аналар шағын топтарға бөлініп, «Жаңа мұғалім», «Білім берудің жаңа мазмұны», «Оқытуды жаңаша ұйымдастыру», «Жаңа оқыту әдістері», «Оқушылар білімін жаңаша бағалау» жобаларын жасады.
«Жаңа мұғалім» жобасы ата-аналардың көзімен инновациялық білім беру жағдайында мұғалім тұлғасы қандай болуы керектігін сипаттайды. Ата-аналар мұғалім тұлғасына тән дәстүрлі білімдер, ептіліктер, тұлғалық сапалармен қатар жаңашыл білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды, қабілеттер мен тұлғалық сипаттарды бейнелеуі тиіс.
«Білім берудің жаңа мазмұны» жобасында ата-аналар мектептегі оқу пәндері тізімі, олардың бөлімдері және тақырыптары, оқулықтар мен оқу құралдары және оларды жаңғырту туралы өз пікірлерін білдіреді.
«Оқытуды жаңаша ұйымдастыру» жобасы мектептегі қазіргі сабақ және басқа да оқытуды ұйымдастырудың формалары, оларды жетілдіру, сабақта оқушының оқу жұмысын қалай жақсы ұйымдастыру мүмкіндігі, жалпы «мектепте оқыту қандай ұйымдастырылуы керек?» мәселесі туралы ойларын тұжырымдайды.
«Жаңа оқыту әдістері» жобасы бойынша жұмыс істейтін ата-аналар оқытудың әдістері мен тәсілдері, оларды жетілдіру туралы презентация даярлайды. «Қалай оқыту керек?» мәселесі тек мұғалімнің проблемасы емес екендігін, ата-аналар да үйде балаларына үй тапсырмаларын орындауда көмек көрсетуде сондай мәселемен кездесетіндігі мәлім болады.
«Оқушылар білімін жаңаша бағалау» жобасын орындайтын ата-аналар тобы мектептегі бес балды бағалау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірлерін көрнекті түрде ұсынады. Мектепте оқушылар білімін бағалау жүйесін жетілдіру қажет деген тұжырымға негізделе өзіндік ұсыныстарын жасайды.
Ата-аналар, әрине профессионал педагогтар емес. Жобаларды орындауда олар кейбір танымдық қиындықтармен кездеседі. Кеңесші мұғалім (тренер) оларға тек бағыт-бағдар беруі, мәеслені егжей-тегжей түсіндірмеуі керек, өйткені, ойлар ата-аналардың өздерінен шығуы керек. Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мәселелерін қамтитын ата-аналар жобалары, негізінен ата-аналардың мектепте балаларының білім алу процесіне сындарлы көзқарастарын сипаттайды.
«Инновациялық білімдік орта және оқушы тұлғасын дамыту мәселелері» тақырыбындағы интербелсенді дәріс ата-аналардың инновациялық білімнің бала психологиясына әсері, оны жаңашыл білімдік ортаға бейімдеудегі отбасының міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатын көздейді. Дәріс мектеп директорының орынбасарлары немесе мектеп психологы тарапынан жүргізіледі. Дәріс мазмұны заманауи мектеп үшін өмірлік қажеттілік – педагогикалық инновацияның оқушылар психологиясына, олардың дамуы мен қалыптасуына әсері мәселесін жан-жақты ашып беруі керек.
Кеңінен қарағанда, әрбір инновация оқушыны дамыту, оны тұлға ретінде қалыптастыруға қызмет етуі керек. Бірақ жаңалықтар әрқашанда күтілетін нәтижелерді бермеу, кейбір жағдайларда теріс эффект беруі де мүмкін. Жаңалықтарға ұмтылу – балаға тән қасиет. Танымдық қызығушылық – сапалы білімнің негізі. Оқушы әр сабақта өзі үшін қалай да бір жаңалық ашады. Білім берудегі жаңалықтар оқу-танымдық іс-әрекетті тағы да оңтайлы, тиімді етуі, танымдық іс-әрекет деңгейін көтеруі керек.
«Оқушының оқу үрдісіндегі субъективті позициясына, оның өз бетінше ізденуіне, логикалық ойлауын дамытуға бағытталған инновацияшыл оқыту әдістері неге теріс эффект береді?», - деген сұрақ мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландырады.
«Дәстүрлі оқыту оқушының есіне бағдарланған, оқушы тек құры қағидаларды жаттап алады, білімдерді меңгереді, бірақ ойланбайды, ізденбейді» деген пікір педагогикада соңғы жылдары кеңінен таралған. Дегенмен, тәжірибе дәстүрлі оқытусыз оқушының өздігінен іздендіретін жаңашыл әдістерді қолдау белгілі қиындықтар тудыруы мүмкіндігін көрсетеді.
Ата-аналар үшін интербелсенді дәріс мазмұны мектептегі жаңашыл оқытудың оқушыға қоятын жаңа талаптары және оларға сәйкес отбасында ата-аналар тарапынан атқарылатын жұмыстар туралы болады.
Жаңашыл білім беру оқушылардан нелерді талап етеді?
- оқушылар түрлі ақпарат көздерімен жұмыс дағдыларын меңгерген болулары тиіс;
- оқытудың қарқыны жоғары жағдайда жылдам оқу, жазу, есептеу, сызу т.б. оқу жұмысы имкеділіктері мен дағдыларын жете меңгерген болуы керек;
- танымдық қиындықтарды жеңу икемділіктері қалыптасқан болуы керек;
- оперативті есі дамыған болуы керек;
- логикалық ойлау қабілеттері дамыған болуы керек;
- өз оқу жұмыстарын ұйымдастыра алатын болуы керек;
- өзіндік оқу жұмысын бағалай білетін болуы керек.
«Біздің балаларымыз бұған дайын ба?», - деген сұрақ туады. Білім дәрежесі жоғары балалар, әрине даяр болуы мүмкін. «Ал басым көпшілік балалар ше?», Егер «жоқ» десек, онда бұған кім кінәлі?
Оқу дағдылары мен икемділіктері оқу еңбегінде қалыптасады. Бұл мектепте оқушының негізгі жұмыс түрі. Инновациялық білім мұғалімнің рөлін азайтып, оқушының белсенділігін арттырады. Бірақ, сабақтан тыс уақытта, үйде өз бетінше оқу жұмысымен ұдайы шұғылданбайтын оқушы оқу дағдылары мен икемділіктерін жеткілікті деңгейде меңгермейді.
Инновациялық білім отбасында баланың оқу жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Ата-аналар оқушылардың үй тапсырмаларын орындау тәсілдерін терең меңгерген болуы керек. Дәріс ата-аналарды осы бағыттағы жұмыс мазмұнымен таныстырады. «Баланың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру» атты ата-аналар үшін арнайы дайындалған нұсқау беріледі.
Ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістерде қатысуы мектепте педагогикалық жаңалықтарды таңдау, оқып-үйрену, оны оқу-тәрбие үрдістеріне ендіруде ата-аналардың белсенділігін қамтамасыз етудің формалары, әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Бұл жұмыс алдымен мектеп басшыларының мектеп ата-аналар комитеті белсенділерімен біріккен іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы, оқу комиссиясы жетекшісімен бірігіп ата-аналарды инновациялық жұмыстарға тартудың негізгі бағыттары анықталады. Сынып жетекшілері сыныпта сабақ беретін мұғалімдер және әдістемелік бірлестіктер төрағаларымен бірге ата-аналарды инновациялық жұмыстарға тарту мақсатындағы нақтылы іс-шараларды белгілейді.
Бірніші кезекте ата-аналарды мектептің өміріндегі, педагогикалық ұжымдағы жаңалықтар, олардың мақсаты мен маңызы, бағыттары мен мазмұны туралы ата-аналарға түсінікті түрде білімдер беру қолға алынады. Мұнда мектеп ата-аналар университеті сабақтарының маңызы зор. Әрбір ата-ана қазіргі таңдағы мектеп инновациялық тәртіпте дамуы қажеттілігі, оның баланың оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа – субъектілік позициясын қамтамасыз ететіндігі, мұғалімнің орны мен рөлі, жаңашыл оқыту технологиялары туралы түсінік алуына қол жеткізу керек. Ата-аналардың зейінін мектепшіл инновациялардың бала психологиясына әсеріне, отбасында оған қажетті көмек беру керектігіне де аудару керек. Оқу бағдарламаларының күрделенуі, оқушыдан өздігінен ізденуді талап ететін оқулықтардың ендірілуі, өзін-өзі тәрбиелеуге ерекше назар аудару, оқытуды ақпараттандыру т.б. сөзсіз отбасы тәрбиесінің осы жаңалықтарға бағыт-бағдар алуын талап етеді.
Ата-аналар мектепте қай бағыттарда жаңалықтар енгізілетіндігін біліп қана емес, оларға сәйкес баламен үйде тәрбиелік және дидактикалық жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс. Отбасы тәрбиесі де мектепшіл инновацияларға сәйкес мазмұн жағынан өзгеріске ұшырауын ата-аналар жақсы пайымдаулары керек.
Сонымен қатар, мектепте педагогикалық жаңалықтарды таңдау және ендіруде ата-аналардың пікірін білу де өте маңызды. Ата-аналардың мектепшіл инновацияларды таңдау және ендіруге «сарапшы» ретінде қатысуы, инновацияларға жан-жақты баға берудің тағы да бір жаңа бағыты болып табылады. Педагогикалық инновациялар отбасы тәрбиесі міндеттері тұрғысынан бағаланады. Өкінішке орай, қазіргі таңда балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қандай педагогикалық жаңалықтарды талдау және пайдалану мәселесін мектеп бір жақты шешеді, отбасы мүдделері мен мүмкіндіктерін бәлкім толық ескермейді. Сондай-ақ, ата-аналар мектептің және жеке мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттерін бағалауда қатысуы да мектептегі инновациялық білім беруге жаңаша мазмұн, мән, мағына береді.
Мектептегі инновациялық білім және отбасы тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі әрқашанда халықтың көпғасырлық педагогикалық идеялары мен тәжірибесіне негізделіп келген, отбасының түріне, ата-аналардың педагогтық мәдениетіне, отбасының хал-күйіне т.б. байланысты болған. Баланы әлеуметтендіруде отбасы тәрбиесінің мәні мен маңызын төмендетпей, қоғамдағы, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының серіктесі болған мектептегі түбегейлі өзгерістер отбасы тәрбиесінің сипатына елеулі әсер ету мүмкіндігін ескерту қажет.
Жаңашыл білім беру жағдайында, инновациялық білім ортасында оқытын баланың білімі, ой-өрісі, сана-сезімі де өзгеше болады. Ол инновациялық білімнің жаңа талаптарына бейімделеді. Оқуға, мұғалімге, мектепке, білімге деген жаңаша көзқарас қалыптасады. Әрине, бұл өзгерістер мектеп пен бала тәрбиесінде өзара әрекеттесетін отбасы тәрбиесі үшін де жаңа міндеттер жүктейді. Ата-аналардың иннвациялар мәселесінде білімді де білікті болуын, отбасындағы тәрбиеде оған сай өзгерістер кіргізуін талап етеді. Инновациялық даму сатысындағы мектепте оқытын баланың отбасы тәрбиесі дәстүрлі отбасы тәрбиесінен ерекше қырлары айқын бола бастайды.
Ата-аналар да отбасында белгілі дәрежеде инновациялық тәрбие мен білім беруді қолдайтын нақытылы іс-қимылдарды жүзеге асырады.
Мектептегі инновациялық білімге сай отбасы тәрбиесінің ерекше қырлары неде?
Біріншіден, мектептегі инновациялық білімге сай отбасы тәрбиесі баланың мектептегі инновациялық білімдік ортаға бейімделуіне қолғабыс көрсететін, ата-аналар тарапынан қолдау жасайтын тәрбие.
Екіншіден, мектептегі инновациялардан хабардар болған мектепте педагогикалық жаңалықтарды ендіруде белсенділік танытатын педагогикалық мәдениет, сауаттылығы үздіксіз дамытын ата-аналардың балаларға тәрбиелік ықпалы.
Үшіншіден, баланың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу субъектісі ретіндегі жаңа позициясын отбасылық тәрбиесіндегі көрінісі.
Төртіншіден, отбасы тәрбиесіндегі, баланың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңашыл әдіс-тәсілдер (Сурет 4).
Мектептегі инновациялық білім үрдісін мониторинглеу нәтижелері.
Инновациялық білім беру жағдайында мектептегі оқу-тәрбие үрдісін мониторинглеу педагогикалық жаңалықтарды таңдау, оқып-үйрену және тәжірибеге ендірудің маңызды құрамдасы болып табылады. Мониторинг мектептегі инновациялық үрдістерді басқарудың ең мәнді педагогикалық құралы. Дегенмен, педагогикалық жаңалықтарды ендіру үрдісі нәтижелерін мониторинглеу ата-аналардың қатысуынсыз жүзеге асырылатын, мектептің ішкі жұмыс бағыты ретінде қаралады. Ата-аналар инновациялық үрдістердің нәтижелерін талдауда қатысқан жағдайларда да бұл жұмыс көбірек формальді көрініс алады.
Мысал үшін, жалпы мектеп (август) конференциясы мектеп педагогикалық кеңесінде мектептегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелері қарастырылып, мұнда, әрине ата-аналар да қатысады. Сондай-ақ, сыныптағы оқушылардың үлгерімі
Мектептегі инновациялық білімге сай отбасы тәрбиесінің ерекше қырлары
-
баланың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу субъектісі ретіндегі жаңа позициясын отбасылық тәрбиесіндегі көрінісі
-
мектептегі инновациялардан хабардар болған, мектепте педагогикалық жаңалықтарды ендіруде белсенділік танытатын педагогикалық мәдениет, сауаттылығы үздіксіз дамытын ата-аналардың балаларға тәрбиелік ықпалы.
-
мектептегі инновациялық білімдік ортаға бейімделуіне қолғабыс көрсететін, ата-аналар тарапынан қолдау жасайтын тәрбие
Сурет 4 - Мектептегі инновациялық білімге сай отбасы тәрбиесінің ерекше қырлары
мен тәрбиеленгендігінің хал-күйі ата-аналар жиналыстарында қарастырылатындығы мәлім. Бірақ, бұлардың бәрі «Нақтылы педагогикалық жаңалықтар қалай нәтижелер берді?», деген сұраққа жауап бола алмайды. Мысалы, мектепте оқушылардың білімін электронды есепке алу және бақылау жүйесі енгізілген болса, онда бұл педагогикалық инновацияның «тәуелсіз сарапшылар» – ата-аналар тарапынан қалай бағаланатындығы маңызды мәселе. Мектеп басшылары мен педагогтар, негізінен бұл мәселені мектепшіл параметрлер тұрғысынан бағалайды. Ал, ата-аналар бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесі мүмкінідіктері тұрғысынан баға береді.
Сондықтан, мектептегі инновациялық үрдістерді мониторинглеу ата-аналардың қатысуымен болуы керек деген тұжырым жасаймыз. Ата-аналар әрбір педагогикалық жаңалықтың бала психологиясына, оның денсаулығына, үлгеріміне, тәрбиесіне әсері туралы дәлеледі мәліметтер алуы, бұл инновацияны одан әрі пайдаланудың тиімділігі туралы шешім қабылдауда белсене қатысулары керек.
Инновациялық білімді дамыту бойынша мектептің ата-аналармен жүргізетін кешенді іс-шаралары ата-аналардың мектепте педагогикалық жаңалықтарды ендірудегі белсенділігін арттыруға, сонымен бірге отбасы тәрбиесін инновацияшыл даму тәртібіне сәйкес құрастыруына бағытталады.
Біздің зерттеуіміздің тәжірибелік-эксперименттік бөлімі зерттеу барысында жасалынған инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы әдістемесінің тиімділігін тексеруге арналады.
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының зерттеу барысында әзірленген әдістемесі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіліп, оның тиімділігі анықталды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Шымкент қаласы, Сайрам ауданы және Мақтаарал ауданы мектептерінде жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде 175 мектеп әкімшілігі қызметкерлері, 120 мұғалімдер мен сынып жетекшілері, 540 ата-аналар қатысты.
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінен ата-аналардың мектептегі педагогикалық жаңашылдықтарды ендірудегі инновациялық белсенділігі және отбасында мектепшіл инновацияларға орай бала тәрбиесі, балалардың үй тапсырмаларын орындауын оңтайлы ұйымдастыруларымен сипатталатындығын ескере, педагогикалық эксперимент оқушылардың ата-аналарымен жүргізілді.
Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мына критерийлерімен өлшенді:
1) Ата-аналардың педагогикалық инновацияларға деген қатынасы мен қызығушылықтары;
2) Ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновациялар туралы білімдері;
3) Мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың белсенділігі;
4) Отбасы тәрбиесінің мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығы.
Осы критерийлерге сәйкес инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының 4 деңгейі анықталды:
Жоғары деңгей - Ата-аналар педагогикалық инновацияларға деген оң қатынас пен үлкен қызығушылықтар танытады. Инновациялық білімді дамытуда мектепке өз бастамасымен жан-жақты көмек көрсетеді. Мектеппен жүйелі біріккен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Отбасыдағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру мектептегі инновациялық білімге толық бағдарланған.
Жеткілікті деңгей - Ата-аналар педагогикалық инновацияларға деген оң қатынас танытады. Жалпы, педагогикалық инновацияларға деген қызығушылықтары байқалады. Инновациялық білімді дамытуда мектеп басшылығының сұранысымен мейлінше көмек көрсетеді. Мектеппен кездейсоқ біріккен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Отбасыдағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру мектептегі инновациялық білімге бағдарланған.
Орта деңгей - Ата-аналар көбінесе педагогикалық инновацияларға деген оң қатынас танытады. Жалпы, педагогикалық инновацияларға деген қызығушылықтар аз байқалады.
Инновациялық білімді дамытуда мектеп басшылығының сұранысымен кейде көрсетеді. Мектеппен кейбір жағдайларда біріккен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Отбасыдағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру мектептегі инновациялық білімге үйлеспейді.
Төменгі деңгей - Ата-аналар педагогикалық инновацияларға деген теріс қатынас танытады. Жалпы, педагогикалық инновацияларға деген қызығушылықтары көрінбейді. Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен серіктестікті қаламайды. Отбасындағы тәрбие, оқушылардың үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру жүйелі емес, мектептің бүгінгі талаптарын ескермейді.
Мектептің әр үш сатысы (бастауыш, негізгі және орта) сыныптары ата-аналарынан 4 топтан таңдалып алынып, олардың екі тобы эксперимент топтарына, екі тобы бақылау топтары ретінде анықталды. Бақылау және эксперимент топтарына кірген ата-аналардың жалпы педагогикалық мәдениеті туралы сынып жетекшілерінен мәлімет алынып, олардың шамалы бірдейлігіне қол жеткізілді. Жалпы бақылау тобында 273, эксперимент тобында 267 ата-аналар болды.
Эксперимент екі кезеңден тұрды:
I-кезең. Эксперименттің анықтау кезеңінде жоғарыдағы 4 критерий бойынша бақылау және экспермент тобындағы ата-аналардың инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі анықталды. Бұл критерийлер негізінде инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бастапқы деңгейлері туралы тұжырымдар жасалынды.
II-кезең. Эксперимент топтарында инновациялық білімді дамытуда ата-аналар белсенділігін арттырудың зерттеу барысында жасалынған әдістемесі пайдаланылды. Ата-аналардың инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен өзара ынтымақтастығын нығайту бойынша мақсатты және жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Бақылау топтарында ата-аналардың педагогикалық жаңалықтар енгізудегі мектеп пен өзара әрекеттестігі дәстүрлі тәсілдермен жүргізілді. Эксперименттің қалыптастыру кезеңі соңында бақылау және эксперимент топтарындағы ата-аналармен арнайы сауалнамалар, тесттер, әңгімелесулер жүргізілді. Сондай-ақ, мектеп басшылары мен тәжірибелі мұғалімдерден құрастырылған сараптамалық топ ата-аналардың инновациялық белсенділігін бағалады. Экперимент нәтижелері өңделіп, сәйкес қорытындылар жасалынды.
Ата-аналардың педагогикалық инновацияларға деген қатынасы мен қызығушылықтарын анықтау эксперименттің анықтау кезеңінде пайдаланлған анкетаға (Қосымша В) ата-аналардың жауаптарының орташа сандық көрсеткіштері анықталды (Кесте 7).
Кесте 7 - Ата-аналардың педагогикалық инновацияларға деген қатынасы мен қызығушылықтары
|
Көрсеткіштер |
Бақылау тобы (БТ) |
Эксперимент тобы (ЭТ) |
|||
|
анықтаушы эксп. |
қалыптасты рушы эксп. |
анықтаушы эксп. |
қалыптасты рушы эксп. |
||
|
мектептегі педагогикалық инновациялардың маңызын түсінеді |
17,2% |
20,4% |
18,4% |
85,2% |
|
|
мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың рөлі мен орнын пайымдайды |
26,9% |
27,2% |
24,7% |
88,6% |
|
|
мектептегі педагогикалық инновацияларға оң деген қатынас танытады |
22,2% |
25,2% |
19,9% |
92,2% |
|
|
педагогикалық инновацияларға қызығушылығы айқын көрінеді |
12,3% |
14,3% |
14,1% |
78,8% |
|
«Ата-аналардың педагогикалық инновацияларға деген қатынасы мен қызығушылықтары» критерийі бойынша анкеталау нәтижелері бақылау және эксперимент тобында анықтаушы эксперимент кезеңінде ата-аналардың педагогикалық инновацияларға деген қатынасы мен қызығушылықтары барлық көрсеткіштер бойынша шамалы бірдей болғандығын көрсетеді. Мысалы, мектептегі педагогикалық инновациялардың маңызын түсінетін ата-аналар саны әр екі топта шамалы бірдей (17,2% және 18,4%). Дегенмен, қалыптастыру экспериментінің соңындағы нәтижелерге сай эксперимент тобында бұл көрсеткіш 85,2% дейін көбейген, ал бақылау тобында тек 20,4% құрастырады.
Эксперименттің басында мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың рөлі мен орнын дұрыс пайымдайтын ата-аналар саны бақылау және эксперимент топтарында сәйкесінше 26,9% және 24,7% құрастырса, эксперимент соңында бұл көрсеткіш 27,2% және 88,6% болған.
Мектептегі педагогикалық инновацияларға оң деген қатынас білдіретін ата-аналардың саны да эксперимент соңында тек эксперименттік топта оң өзгеріске ұшыраған. 25,2% ден 92,2% дейін көбейген. Бұл көрсеткіш бақылау тобында айтарлықтай өзгермеген (22,2% және 25,2%).
Педагогикалық инновацияларға қызығушылығы айқын көрінетін ата-аналар саны эксперименттің анықтау кезеңінде әр екі топта 12,3% және 14,1% құрастырса, эксперименттің соңында эксперимент тобындағы ата-аналар саны 78,8%-ге көбейген. Ал бақылау тобында аз ғана өзгеріс болған (14,3% ).
Демек, ата-аналардың педагогикалық инновацияларға деген қатынасы мен қызығушылықтары критерийі бойынша эксперимент тобындағы ата-аналарда елеулі өзгерістер байқалады.
Ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновациялар туралы білімдерін анықтау мақсатында олармен арнайы жасалынған тест жүргізілді. Тест сұрақтары мектептегі педагогикалық жаңалықтарды енгізудің мақсаттары мен міндеттері, бағыттары, соңғы жылдары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген педагогикалық жаңалықтар туралы, олардың тиімділігі мәселелерін ашып көрсететін сұрақтарды қамтыды. Ата-аналардың тест сұрақтарына жауаптары 8-кестеде берілген.
Ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновациялар туралы білімдерін тестілеу нәтижелері «мектептің даму мақсаттары мен бағыттары туралы түсініктері бар» көрсеткіш бойынша ата-аналрдың саны эксперименттің қалыптастыру кезеңінде бақылау және эксперимент топтарында сәйкесінше 18,8% және 20,1% құрайтындығын көрсетеді. Ата-аналардың инновациялық белсенділігін арттырудың арнайы әдістемесі қолданылған эксперимент тобында эксперименттің қалыптастыру кезеңінде бұл көрсеткіш 87,4%-ге көбейген. Ал бақылау топтарында эксперименттің соңында тек 23,4% құрайды.
Кесте 8 - Ата-аналардың мектептегі педагогикалық инновациялар туралы білімдері
|
Топтар Көрсеткіштер |
Бақылау тобы |
Эксперимент тобы |
||
|
анықтаушы эксп. |
Қалыптасты рушы эксп. |
анықтаушы эксп. |
қалыптасты рушы эксп. |
|
|
мектептің даму мақсаттары мен бағыттары туралы түсініктері бар |
18,8% |
23,4% |
20,1% |
87,4% |
|
мектептің өміріне, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге енгізілетін педагогикалық жаңалықтардың бағыттарын біледі |
24,1% |
26,6% |
22,9% |
83,3% |
|
мектептегі педагогикалық инновациялар туралы өз көзқарастарын негізді және делелді сипаттай біледі |
9,3% |
13,4% |
8,4% |
71,4% |
Мектептің өміріне, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге енгізілетін педагогикалық жаңалықтардың бағыттарын білетін ата-аналар эксперимент басында әр екі топта шамалы бірдей болған (24,1% және 22,9%). Эксперименттің соңында бұл көрсеткіштің артуын тек эксперимент тобындағы ата-аналар көрсете алған (83,3%).
Мектептегі педагогикалық инновациялар туралы өз көзқарастарын негізді және делелді сипаттай білетін ата-аналар анықтау кезеңінде бақылау және эксперимент топтарында 9,3% және 8,4% болған. Эксперименттің қалыптастыру кезеңі соңында сәйкесінше инновациялар туралы өз көзқарастарын негізді және делелді сипаттай білетін ата-аналар саны 13,4% және 71,4% болған. Демек, мектептегі педагогикалық инновациялар туралы өз көзқарастарын негізді және делелді сипаттай білетін ата-аналар саны эксперимент топтарында ғана айтарлықтай көбейген.
Мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың белсенділігі мектеп басшылары және сынып жетекшілері үшін арнайы жасалынған сараптамалық парақтар қолдану жолымен анықталды. Оның нәтижелері кестеде берлген (Кесте 9).
Мектептің инновациялық дамуын жоспарлау және жүзеге асыруда қатысатын ата-аналар саны эксперимент басында әр екі топта азшылықты құрастырған (6,6% және 7,1%). Эксперимент соңында мектептегі инновациялық үрдістерді жоспарлау және ұйымдастыруда белсенділік танытатын ата-аналар эксперимент тобында 62,2% жеткен, ал бақылау тобында 8,1% ғана құрастырған.
Кесте 9 - Мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың белсенділігі
|
Топтар Көрсеткіштер |
БТ |
ЭТ |
||
|
анықтаушы эксп. |
қалыптасты рушы эксп. |
анықтаушы эксп. |
қалыптасты рушы эксп. |
|
|
мектептің инновациялық дамуын жоспарлау және жүзеге асыруда қатысу |
6,6 % |
9,2% |
8,1% |
62,2% |
|
сыныптағы инновациялық үрдістерге қолғабыс көрсету |
10,2% |
15,1% |
11,3% |
72,2% |
|
мектепшіл инновациялар бағытында білім алу |
21,1% |
25,2% |
19,4% |
92,2% |
|
педагогикалық жаңалықтарды ендіруге мейлінше көмек беру |
7,1% |
10,2% |
6,6% |
66,8% |
|
педагогикалық жаңалықтарды ендіру үрдісін ұйымдастыру, бақылау және нәтижелерін ұжымдық талдауда қатысу |
5,8% |
9,9% |
6,4% |
62,1% |
Эксперименттің анықтау кезеңінде сыныптағы инновациялық үрдістерге қолғабыс көрсететін ата-аналар бақылау және эксперимент топтарында сәйкесінше 10,2% және 11,3% болса, қалыптастырушы эксперименттің соңында бұл көрсеткіш 15,1% және 72,2% болған. Яғни, инновациялық үрдістерге қолғабыс көрсететін ата-аналар саны эксперимент тобында айтарлықтай артқан.
«Мектепшіл инновациялар бағытында білім алу» көрсеткішіне келсек, эксперимент басында бақылау тобындағы 21,1% ата-аналар мектеп оқу-тәрбие үрдісіне енгізілетін педагогикалық жаңлықтар туралы білімдер көрсеткен. Бұл көрсеткіш эксперимент тобындағылардың 19,4% құрастырған. Дегенмен, эксперимент соңында педагогикалық жаңалықтар туралы білімдерді бақылау тобындағы ата-аналардың 25,2%, ал эксперимент тобындағы 92,2% көрсете алған. Бұл эксперимент тобындағы ата-аналардың мектептегі педагогикалық жаңалықтар туралы кеңінен хабардар болғандығын айқындайды.
«Педагогикалық жаңалықтарды енгізуге мейлінше көмек беру» көрсеткіші бойынша, эксперименттің анықтау кезеңінде бақылау тобындағы 7,1%, эксперимент тобындағы 6,6% ата-аналар мектеп пен сынып оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық инновацияларды енгізуге көмек көрсетіп келгендігі анықталған. Ал эксперименттің қалыптастыру кезеңінің соңында бақылау тобындағы 10,2%, эксперимент тобындағы 66,8% ата-аналар мектептегі инновацияларға әсершіл көмек көрсеткен.
«Педагогикалық жаңалықтарды ендіру үрдісін ұйымдастыру, бақылау және нәтижелерін ұжымдық талдауда қатысу» көрсеткіші бойынша – эксперимент басында бақылау және эксперимент топтарында сәйкесінше 5,8% және 6,4% ата-аналар мектепке педагогикалық инновацияларды енгізу үрдістерінің белсенді қатысушылары болған. Экперименттің соңында бақылау тобында бұл көрсеткіш - 9,9%, ал эксперимент тобында 62,1% көрсеткен. Яғни, эксперимент тобында педагогикалық жаңалықтарды ендіру үрдісін ұйымдастыру, бақылау және нәтижелерін ұжымдық талдауда қатысатын ата-аналардың проценттік саны айтарлықтай артқан.
Қорыта келе, эксперименттің қалыптастыру кезеңі соңында тек эксперимент тобындағы ата-аналардың мектепте инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың белсенділігін арттыруға қол жеткізілген.
Отбасы тәрбиесінің мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығын анықтау үшін ата-аналарға сауалнамалар пайдаланылды. Ата-аналардың балаларымен үйдегі оқу және тәрбие жұмысытары мектептегі инновациялық біліммен қаншалықты үйлесетіндігі бірнеше көрсеткіштер арқылы бағаланды (Кесте 10).
«Мектептегі педагогикалық жаңалықтардың бала психологиясына және оның оқу еңбегіне әсерін зерделеу» көрсеткіші бойынша ата-аналардың проценттік көрсеткіштері эксперименттің бастапқы кезеңінде бақылау және эксперимент тобында сәйкесінше 4,3% және 5,1% екендігін білдіреді. Яғни, ата-аналардың тек азғынтай бөлігі мектептегі өзгерістердің өз балалары психологиясына әсерін байқауға тырысады. Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайтудың арнайы жасалынған әдістемесі пайдаланылғаннан соң бұл көрсетікш эксперимент тобында 68,2% дейін көтерілген. Яғни, енді ата-аналар мектептегі жаңалықтардың балаларға әсері мәселесіне арнайы көңіл бөле бастаған. Ал бақылау тобындағы ата-аналар мектептегі педагогикалық жаңалықтардың бала психологиясына және оның оқу еңбегіне әсерін зерделеуге әлі де жеткілікті мән бермейтіндігі мәлім болған (9,2%).
«Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда мектептегі педагогикалық жаңалықтарды есепке алу» көрсеткіші бойынша ата-аналардың ұсынылған сауалнамаға жауаптары былай: эксперименттің басында бақылау тобыдағы 8,9%, эксперимент тобындағы 7,7% ата-аналар отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда мектептегі педагогикалық жаңалықтарды есепке алатындығын білдірген. Қалыптастыру экспериментінің соңында жүргізілген анкеталау нәтижелері бақылау тобында бұл көрсеткіш 14,2%, ал эксперимент тобында айтарлықтай - 71,8% артқандығын дәлелдейді.
«Баланың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру және бақылауда мектептегі жаңа талаптар, оқыту мазмұны мен технологияларын ескеру» көрсеткіші бойынша анкеталау нәтижелері эксперименттің анықтау кезеңінде үй тапсырмаларын орындауды ұйымдастыруда балаға көмек беруде жаңа талаптарды ескеретін ата-аналар бақылау және эксперимент топтарында сәйкесінше 9,3% және 8,8% құраса, эксперименттің соңында 15,1% және 73,4% болғандығын дәлелдейді.
«Отбасы тәрбиесінде баланың білім алудағы және тәрбиедегі өзіндік субъектті позициясын есепке алу» критерийі бойынша эксперимент басында бақылау тобындағы 8,2% ата-аналар үйдегі бала тәрбиесі мен өзіндік оқу жұмысында баланың өзіндік позциясын мойындаған болса, эксперимент соңында бұл көрсеткіш аз ғана өзгеріп 9,6% құраған. Ал эксперимент басында эксперимент тобындағы ата-аналардың 11,1% баланың субъектілік позициясын мойындаса, қалыптастыру кезеңінің соңында бұл көрсеткіш 76,8% құраған.
Демек, эксперимент тобына кіретін ата-аналардың басым көпшілігі отбасыларында бала тәрбиесі мектептегі инновациялық білімге бағдарланған.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі әдістемелері пайдаланылған бақылау топтарында шамалы өзгерістер болмағандығы көрінеді.
Егер де әр екі топта эксперимент басында ата-аналардың жоғарыдағы барлық көрсеткіштер бойынша проценттік сандары шамалы бірдей екендігін ескеретін болсақ, онда эксперимент тобындағы ата-аналардың инновациялық белсенділігіндегі оң өзгерістер біздің зерттеуміз барысында жасалынған және тәжірибелік-эксперименттік тұрғыдан тексерілген әдістеменің пайдаланылуы нәтижесі деп айтуға болады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының инновациялық білімді дамытуға бағдарланғандығы мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне және оның іс-әрекетінің басқа да бағыттарына педагогикалық жаңалықтар ендірудің нәтижелілігіне оң әсер етті. Керісінше, инновациялық өзгерістерді жоспарлау, ұйымдастыру және нәтижелерін талдауға ата-аналарды кеңінен тарту өз кезегінде отбасы тәрбиесіне де оң әсер ететіндігін көрсетеді.
Кесте 10 – Отбасы тәрбиесінің мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығы
|
Көрсеткіштер |
БТ |
ЭТ |
||
|
анықтаушы эксп. |
қалыптасты рушы эксп. |
анықтаушы эксп. |
қалыптасты рушы эксп. |
|
|
мектептегі педагогикалық жаңалықтардың бала психологиясына және оның оқу еңбегіне әсерін зерделеу |
4,3% |
9,2% |
5,1% |
68,2% |
|
отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда мектептегі педагогикалық жаңалықтарды есепке алу |
8,9% |
14,2% |
7,7% |
71,8% |
|
баланың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру және бақылауда мектептегі жаңа талаптар, оқыту мазмұны мен технологияларын ескеру |
9,3% |
15,1% |
8,8% |
73,4% |
|
отбасы тәрбиесінде баланың білім алудағы және тәрбиедегі өзіндік субъектілік позициясын есепке алу |
8,2% |
11,1% |
9,6% |
76,8% |
Жалпы, эксперименттің анықтау кезеңі нәтижелері бақылау және эксперимент топтарында ата-аналардың мектептгі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі туралы мынандай нәтижелерді көрсетті (Кесте 11).
Кесте 11 – Ата-аналардың мектептгі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі (эксперименттің анықтау кезеңі нәтижелері)
|
Деңгейлер топтар |
Ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділік деңгейлері |
|||
|
Жоғары |
Жеткілікті |
Орта |
Төменгі |
|
|
БТ |
5,1% |
11,4% |
37,2% |
46,3% |
|
ЭТ |
4,7% |
12,9% |
33,1% |
49,3% |
Анықтау кезеңі нәтижелері әр екі таңдамаларда ата-аналардың инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі айтарлықтай бірдей – қанағаттанарсыз жағдайда екендігін көрсетеді. Мысалы, инновациялық білімді дамытуда жоғары дәрежеде белсенділік танытқан ата-аналардың проценттік көлемі бақылау топтарында тек қана 5,1% құрайтын болса, эксперимент топтарында оның проценттік саны.
Инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі жеткілікті дәрежеде болған ата-аналар бақылау топтарында 11,4% құраса, эксперимент топтарындағы сәйкес көрсеткіші 12,9% құрайды. Бақылау топтарында 37,2%, ал эксперимент топтарында 33,1% ата-аналар мектептегі инновацияларда белсенділіктің орташа деңгейін көрсеткен. Сонымен қатар, бақылау топтарындағы 46,3% ата-аналар, эксперимент топтарындағы 49,3% ата-аналардың инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі төмен деңгейде екендігі байқалады.
Эксперименттің анықтау кезеңі нәтижелерін қорыта келе, ата-аналар инновациялық білімді дамытудағы белсенділік танытпай отырғандығы, сондықтан мектепшіл инновациялар тек мектеп басшылығы және мұғалімдердің ынта-жігері, отбасының көмегінсіз жүзеге асырылып отырғандығын тұжырымдауға болады. Мұның себептерінен оқушының педагогикалық жаңалықтар әсеріне бейімделеуі тек мектепте ғана жүзеге асырылады, оқудағы танымдық қиындықтарды жеңуде үйде ата-аналардың көмегіне әр қашанда сене алмайды, өйткені ата-аналар оған даяр емес. Тіпті мұғалімдер де ата-аналардың инновацияларды ендірудегі көмегіне мұқтаж екендігі байқалады. Ата-аналардың қолдауын таппайтын педагогикалық жаңалықтар көбінесе күтілген нәтиже бермейді.
Эксперименттің қалыптастыру кезеңінде инновациялық білімді дамытудағы ата-аналар белсенділігін арттырудың зерттеу барысында жасалынған әдістемесі негізінде эксперимент тобындағы ата-аналармен мақсатты жұмысы іс-жүзінде асырылды. Ата-аналармен инновациялық білімді дамыту бағытындағы жұмыстың негізгі мазмұны:
1. Мектепте оқу жылында енгізілетін педагогикалық жаңалықтар туралы мәлімет беру;
2. Мектептің инновациялық жұмыс жоспарларымен қысқаша таныстыру;
3. Сынып оқушылары ата-аналарына инновациялық білімнің мәні мен маңызын, бағыттарын түсіндіру;
4. «Инновациялық білімдік орта және оқушы тұлғасын дамыту мәселелері» тақырыбындағы дәріс, пікір алмасу;
5. Ата-аналардың мектептегі инновациялық үрдістерде қатысуы;
6. «Мектептегі инновациялық білім және отбасы тәрбиесі» тақырыбындағы семинар-тренинг;
7. Мектептегі инновациялық білім үрдісін мониторинглеу нәтижелерін талдау;
8. Отбасында баланың оқу жұмысын ұйымдастыру: озық тәжірибелер;
9. «Жаңашыл мектеп және отбысында бала тәрбиесі»;
10. Мектептегі инновациялық білімді дамытудың нәтижелерін талдау және ата-аналармен жұмыстың жаңа оқу жылындағы міндеттерін бірлесіп анықтау.
Инновациялық білімді дамытудағы ата-аналар белсенділігін арттырудағы іс-шаралар мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, негізінен сынып жетекшілері тарапынан экспериментатордың ұсыныстарына сәйкес жүргізілді. Жұмыстың негізгі формалары ретінде мектеп және мектеп ата-аналар конфренциялары, сынып мәжілістері, кеңестер, семинар-тренингтер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, сынып ата-аналарының конференциялары ұйымдастырылды. Бақылау топтарындағы жұмыстар дәстүрлі әдістемелер бойынша жүргізілді.
Эксперименттің қалыптастыру кезеңі соңында сауалнамалар, тестілеу, эксперттік сараптама әдістері көмегімен бақылау және эксперименттік топтағы ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсендігі деңгейлері анықталды (Кесте 12).
Кесте 12 – Ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі деңгейлері (эксперименттің соңында)
|
|
Ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі деңгейлері |
|||
|
Жоғары |
Жеткілікті |
Орта |
Төменгі |
|
|
БТ |
7,1% |
15,3% |
39,3% |
40,3% |
|
ЭТ |
34,7% |
32,6% |
25,4% |
7,3% |
Эксперименттің қалыптастыру кезеңі нәтижелері эксперимент тобында ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі деңгейлері бақылау топтарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылағандығын көрсетеді. Егерде бақылау тобында инновациялық білімді дамытуда жоғары деңгейдегі белсенділік көрсеткен ата-аналар 7,1% ғана құраса, эксперимент топта бұл деңгейдегі ата-аналар саны 34,7% дейін көбейген. Немесе жеткілікті деңгейдегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі көрсеткен ата-аналардың проценттік есебі де эксперимент тобында көбейгендігі байқалады (эксперимент тобында - 15,3%, бақылау тобында - 32,6%). Ал орта және төменгі деңгейдегі инновациялық белсенділікті танытқан ата-аналардың проценттік саны бақылау тобында азғана өзгергендігі (39,3% және 40,3%), эксперимент тобында шамалы азайғандығы (25,4% және 7,3%) көрінеді. Эксперименттің анықтау және қалыптастыру кезеңдеріндегі ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділік деңгейлері салыстырмалы мәліметтері кестеде берілген (Кесте 13).
Кесте 13 – Ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділік деңгейлері бойынша салыстырма мәліметтер
|
топтар Деңгей лер |
Бақылау тобы |
Эксперимент тобы |
|||
|
Анықтау эксп. |
Қалыпт. эксп. |
Анықтау эксп. |
Қалыпт. эксп. |
||
|
Жоғары |
5,1% |
7,1% |
4,7% |
34,7% |
|
|
Жеткілікті |
11,4% |
15,3% |
12,9% |
32,6% |
|
|
Орта |
37,2% |
39,3% |
33,1% |
25,4% |
|
|
Төмен |
46,3% |
40,3% |
49,3% |
7,3% |
|
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстың соңғы нәтижелерін талдау, оқыту процесінде ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі көрсеткіштерімен деңгейлерінде сандық және сапалық өзгерістер болғандығын көрсетті (Сурет – 5).

Сурет – 5. Бақылау топтарында ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі деңгейлері (эксперимент басында және соңында)

Сурет – 6. Эксперимент топтарында ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудағы белсенділігі деңгейлері (эксперимент басында және соңында)
Сонымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері инновациялық білімді дамытудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының зерттеу барысында анықталған педагогикалық шарттарын және олардың негізінде жасалынған әдістемесінің тиімділігін дәлелдейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туғызды:
1. Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы мәселесінің зерттелу деңгейін айқындау үшін психологиялық - педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер мен әдебиеттерге жасалынған талдау қазіргі мектептің инновациялық дамуында ата-аналардың белсенділігі мәселесі әлі толық шешімін таппаған өзекті проблема екендігін дәлелдейді.
2. Инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы ата-аналардың мектептің инновациялық дамуында белсенді қатысуы, сонымен қатар отбасы тәрбиесі мен балалардың үйдегі оқу тапсырмаларын орындауын ұйымдастыруды мектептегі инновациялық білімге бағдарлануымен сипатталады.
3. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының инновациялық білімді дамытудағы мүмкіндіктері мектеп оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізуде оқушылар ата-аналарының белсенді қатысуы, отбасы тәрбиесінің мектепшіл инновацияларға бағдарланғандығы арқылы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, педагогикалық жаңалықтардың бала психологиясына әсерін оң бағыттаумен анықталады.
4. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді теориялық талдау және озық педагогикалық іс-тәжірибені зерделеу нәтижесінде инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын қамтамасыз ететін мынандай педагогикалық шарттар анықталды және негізделді:
- ата-аналардың мектептегі инновациялық білімді дамытудың оқушы тұлғасын қалыптастыру үшін маңыздылығын және ондағы өзіндік орны мен рөлін пайымдауына қол жеткізу;
- ата-аналарды мектепте инновациялық білімді дамытуға белсенді қатысуға даярлау бойынша педагогтардың мақсатты іс-әрекетін ұйымдастыру;
- инновациялық білімді дамытуда мектеп пен ата-аналардың біріккен іс-әрекетін жүзеге асыру;
- отбасы тәрбиесінің және балалардың үйдегі оқу жұмыстарының мектептегі инновациялық білімге бағдарланғандығына қол жеткізу.
5. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері ұсынылған педагогикалық шарттар және олардың негізінде жасалынған мектеп пен отбасының инновациялық білімді дамытуға бағытталған өзара әрекеті әдістемесінің тиімді екендігін көрсетті.
6. Зерттеу барысында жасалынған инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар, сынып жетекшілеріне арналған «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамыту» атты арнайы семинар бағдарламасы, ата-аналар үшін «Мектептегі педагогикалық жаңалықтар және отбасында баланың оқу жұмысын ұйымдастыру» семинар-тренингтің әдіснамалық әзірлемелері облыстың бірнеше мектептері педагогикалық іс-тәжірибесіне енгізілді.
7. Ұсынылып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның көптеген салаларын қамтып шығу мүмкін емес, сондықтан қарастырып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Осыған сәйкес зерттеу болашағы біздің ойымызша, төмендегідей мәселелерді қарастыру бағытында дамуды қажет етеді:
- инновациялық білімді дамытуда мектеп пен ата-аналардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруда сынып жетекшісінің қызметі;
- «отбасы-мектеп» ынтымақтастық жүйесінде балалар дарындылығын дамыту;
- инновациялық білімнің оқушылардың оқу мотивтеріне оң әсерін күшейтуде педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамы қарай 20 қадам // Егемен Қазақстан, 2012, 10 шілде.
-
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 маусым.
-
Абай Құнанбаев. Қара сөздер.- Алматы: Ел, 1993.
-
Байтурсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы,1989. – 222 б.
-
Жумабаев М. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым, 1992.– 195 б.
-
Сейталиев Қ.Б. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы (1920-1991 жылдар): пед. ғылымдары докторы.... автореф. - Алматы, 1998. − 47 б.
-
Ушинский К.Д. Собрание сочинений. Т.2. - М., 1988. С– 365.
-
Макаренко А.С. О «Книге для родителей». Соч. в 7-ми т. Т.4. - М., 1957.-184 с.
-
Сухомлинский В. А. Родительская педагогика. Новосибирск: Западно-Сибирское книжное издательство, 1985.- 224 с.
-
Беспалько В.П. Обучение и образование с участием компьютеров.- М.: Российская академия образования, 2002.
-
Заславская О.В. Инновации в сфере воспитывающего обучения…//Завуч.-2008.-№2.-с.16
-
Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках.- М.: Арена, 1994.- 221 с.
-
Лобок А.М. Возможное сетевое взаимодействие инновационных школ// Школьные технологии.-2008.-№1.-с.49-60
-
Мартиросян Б.П. Повышение качества инновационной деятельности в образовательных учреждениях// Педагогика.-2008.-№7.-с.25-32
-
Метелкин Д.А. Апробация инновационных педагогических инициатив// Школьные технологии.-2005.-№2.-с.92-97
-
Поляков С. Инновационные проблемы деятельности классных руководителей национального проекта « Образование»// Воспитательная работа в школе.-2008.-№7.-с.46-50.
-
Красношлыкова О.Г. Организация инновационной деятельности образовательного учреждения// Завуч.-2002.-№7.-с.89
-
Семенов П.П. Концепция воспитательной системы и организация учебно-воспитательной деятельности современного инновационного учреждения// Классный руководитель.-2003.-№1.-с.29
-
Шарипов Р.Х. Концепция инновационного образования// Методист.-2008.-№8.-с.54-58
-
Савина Н.М. Обучение педагогических кадров в условиях сетевого взаимодействия как базе инновационности// Школьные технологии.-2008.-№1.-с.73-77
-
Лазарев В.С. Направления и задачи совершенствования инновационной деятельности в образовании// Педагогика: научно-теоретический журнал РАО, 2013.- № 3.-С.2-14.
-
Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика:инновационная деятельность. – М.: ИЧП Изд-во, «Магистр». 1997. С-224.
-
Симонов В.П. Педагогический менеджмент: ноу-хау в образовании.- М., 2009.
-
Ангеловски К. Учителя и инновации. – М.: Просвещение, 1991.-159 с.
-
Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования: научный фонд и перспективы развития/Ш.Т.Таубаева, С.Т.Лактионова.-Алматы:Ғылым.-2001, кн.1.-296 б.
-
Масырова Р.Р. Тенденции развития инноваций в среднем общем образовании Казахстана: автореф. ... доктор пед. наук. − Туркестан, 2008. - 45 с.
-
Караев Ж.А. Активизация позновательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения.: Дисс…док. пед…наук. – Алматы. 1994. С-217.
-
Шалабаева А. Инновациялық технологияларды тиімді пайдалану// Сынып жетекшісі, 2008.- № 1.- Б.23-26.
-
Мусабекова Г.Т. Формирование готовности будущих учителей к инновационной деятельности в общеобразовательной школе // Автореф. дисс...доктора пед.наук. – Шымкент, 2010.- 46 с.
-
Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы.- Ақтобе, 2006.
-
Бұзаубақова К. Инновациялық педагогикалық технологияны меңгерейік // Қазақстан мектеби, 2006.- № 10.- Б. 58-60.
-
Арысбаева 3. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері// Қазақстан мектебі, 2007.- № 1.- Б. 69-71.
-
Көшімбетова С. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары// Пед.ғыл.канд...дисс...- Тараз, 2004.- 113 б.
-
Қалапбергенова Б. Инновациялық технологияларды тиімді қолдану тәсілдері// Қазақстан мектеби, 2010.- № 9.- Б. 53-55.
-
Искакова П.К. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру // Пед.ғыл.канд...дисс. автореф.- Түркістан, 2008.-25 б.
-
Волков Г.Н. Этнопедагогика.- М.: академия, 2002.-212 с.
-
Азаров Ю.П. Семейная педагогика.- М.: Просвещение, 1989.
-
Хайкин С.В. Организационные основы взаимодействия образования учащихся и семьи// Педагогика: научно-теоретический журнал РАО, 2012.- № 4.- С.75-82.
-
Измайлов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. – М.: Педагогика, 1991. – 186 с.
-
Аргынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 125 б.
-
Кенжеахметов С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы, 1994. – 151 б.
-
Узакбаева С.A. Тамыры терең тәрбие. Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.
-
Қалыбекова А.А. Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы.-Алматы: Баур, 2011.- 488 б.
-
Қалиев С., Имашева А. История и теоретические основы казахской этнопедагогики.- Алматы: КазЖенПУ, 2009.-224 с.
-
Болеев К. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайын-дау: теориясы мен практикасы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2001. – 304б.
-
Қуралулы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. -Алматы, Сөздік-Словарь, 1998. – 218 б.
-
Тілеуова С.С. Этнопедагогика: оқу құралы.- Шымкент: ХҚТУ, 2009.
-
Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы. –Алматы: Білім. 2004. -288 б.
-
Әбілова З. Этнопедагогика. -Алматы:ҚӘТУ. 1997.- 260 б.
-
Ғаббасов С. Халық педагогикасы негіздері.- Алматы: Әл Фараби, 1995.- 463 б.
-
Қалыбекова А.А., Айтжанова А.Б. Возможности использования народных традиций в воспитательной работе со школьниками // Сб. Тезисов научно-практической конф. «Молод(жь в развитии науки и техники»
-
Қалыбекова А.А. Дидактические возможности народной педагогики в семейном воспитании// Материалы 2-ой международной конф№ молодых ученых.- Шымкент: ЮКГУ, 2004.- С.98-100.
-
Қалыбекова А.А. Роль казахских народных традиций в семейном воспитании // В сб. Международной научно-практич. Конференции «Психология родительства и семейного воспитания».- Курган, 2004.- С.58-60.
-
Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі.-Алматы: Рауан, 1990.- 234 б.
-
Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты (Оқушыларға мәдени этникалық білім беру). -Алматы: Ана тілі. 1995. -192 б.
-
Баймұқанова М.Т. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.- Астана: Парасат әлемі, 2005.- 180 б.
-
Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. - Алматы, Рауан, 1994. – 135 б.
-
Исабекова А.О. Қазақ этнопедагогикасында қыз балаларын тәрбиелеудің педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд...автореф.- Алматы, 2006.- 32 б.
-
Садакбаева В.Б. Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері// Педагогика және психология магистрі акад. Дәрежесін алу үшін дисс. Реф.- Қызылорда, 2012.- 25 б.
-
Әтемова Қ.Т. Әлеуметік педагогика.- Алматы, 2013.
-
Хасанова Ж.С. Подготовка воспитателей к изпользованию народной педагогики в нравственном воспитании дошкольников. Дис. канд.пед.наук – Алматы, 1995. С– 69.
-
Мағауова А.С. Подготовка будущего учителя к использованию прогрессивных традиций народной подготовки в учебно-воспитательном процессе общеобразовательной школы: Дис...канд...пед...наук.– Алматы, 1995. С – 161.
-
Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиций культуры.- М.: Педагогический поиск, 1998.
-
Афанасьева Т.М. Семья.- М.: Просвещение, 1985.
-
Хоменко И.А. Семья как педагогическая система и партнёр школы // Народное образование. – 2009. – №8.– С. 123 – 127.
-
Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком.- М.: Че РО, 2003.
-
Симакова Т. Современная семья и образование: на пути к партнёрству / Т. Симакова // Народное образование. – 2009. – №9. – С. 214 – 219.
-
Амирханян Л.И, Кокаева И.Ю. Семья и школа как партнёры // Начальное образование.–2007.–№2.–С.9–14.
-
Ахметшина В.А. Психолого-педагогические аспекты работы с родителями // Справочник классного руководителя. – 2007. – №1. – С. 65 – 73.
-
Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание.- М.: Академия, 1999.
-
Нельсен Дж.и др. 1001 совет родителям по воспитанию детей от А до Я.- М.: Крон-Пресс, 1995.
-
Акутина С.П. Воспитание - семья и школа / С.П. Акутина // Классный руководитель. – 2006. – №7. – С. 26 – 43.
-
Брюхова В.М. Партнёрство семьи и школы / В.М. Брюхова. – М.: Чистые пруды, 2007. – 32 с.
-
Быстрова Н.Н., Плаксина Ю.С. Система сотрудничества семьи и образовательного учреждения по повышению компетентности родителей: методические рекомендации по реализации условий взаимодействия субъектов в образовательном учреждении как системы развития родительской компетентности. – М.: АПКиППРО, 2010.-44с.
-
Григорьев Д. В., Кожурова О. Школа и родители: социальное партнёрство // Воспитательная работа в школе. – 2009. – №1. – С. 47 – 51.
-
Бойматов С.З. Педагогические основы взаимодействия школы и семьи по формированию общественного образа жизни у подростков: Автореф.дис... канд.пед.наук. - Худжанд, 2002.-19 с.
-
Қалыбекова А.А. Теоретические и прикладные основы народной педагогики КАЗАХОВ. Алматы. БАУР, 2005.-200 с.
-
Қожахметова К. Мектептiң ұлттық тәрбие жүйесi: теория және практика. – Алматы: Білім. 1998. – 112 б.
-
Сманов І., Онғарбай А., Оразымбетова Б. Отбасы және мектептің ынтымақтастығы. - Шымкент: Оқу құралы. А.Ясауи атын. ХҚТУ. 2005. –60 б.

Корнилко И.А. Педагогические условия совместной работы школы и семьи по воспитании младших школьников средствами народной педагогики // Дисс... канд.пед.наук.-Шымкент, 2007.-135 с.
-
Журавлёва Г.И. Совместная работа школы и семьи в деле обучения и воспитания детей // Школа. – 2002. – № 1. – С. 60 – 66.
-
Зиятова М., Ларина В. Диагностика взаимодействия семьи и школы // Директор школы. – 2007. – №9. – С. 83 – 87.
-
Кружилина Т.В. Педагогизация сознания родителей учащихся общеобразовательной школы // Начальная школа плюс До и После. – 2002.- №10.–С.39-42.
-
Мальтиникова Н.П. Школа и родители (технология психолого-педагогического взаимодействия) // Начальная школа плюс До и После. – 2008.–№8.–С.85–89.
-
Недведская М.Н. Основы педагогического взаимодействия школы и семьи: учебно-методическое пособие. – М.: АПК и ППРО, 2006. – 148 с.
-
Алметов Н.Ш. Народная педагогика как педагогическое новшество в инновационных процессах в школе // Поиск, 2008.- № 4.
-
Сулейменова А.А. Использование идей народной педагогики казахов в процессе обучения младших школьников.- Шымкент: ЮКГУ им. М.Ауэзова, 2014.- 136 с.
-
Ляудис В.Я Методика преподования психологии. – М., 2000. – 396 с.
-
Поташник М.М. Инновационные школы России: становление и развитие. М., Новая школа, 1996.
-
Шамова Т.И. Воспитательная система школы: сущность, содержание, управление.- М.: ЦГЛ, 2005.- 200 с.
-
Хомерики О.Г. Системное управление инновационными процессами в общеобразовательной школе: дис. ... канд. пед. наук. - М., 1995. -150 с.
-
Юсуфбекова Н. Г. Общие основы педагогической инноватики. Опыт разработки теории инновационных процессов в образовании. - М., 1991.
-
Загвязинский В.И. Педагогические творчество учителя.-М.: Педагогика, 1987.-160 с.
-
Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся.-М.: Педагогика, 1972.-184 б.
-
Пригожин А.И. Инноватика - зачем она? // Пробл. теории и практики упр. -1988. -№ 2. -С.6-10.
-
Никандров Н.Д. Педагогика в системе обществознания.//Современная педагогика, 1998, №6. с.41-44.
-
Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. – М., 1997. – 224 с.
-
Галич. Т.Н. Развитие креативности в условиях инновационного обучения: дисс. ... кандидата пс. наук. − Казань, 1999. − 174 с.
-
Нұрахметов Н.Н. Ұлттың педагогика тарихының білгірі, әрі көшбасшысы - сексеннің сеңгіріндегі - Серағаң кітабында. - Алматы, 2009-51б
-
С.Н.Лактионова., Таубаева Ш.Т., Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. – Алматы: Научно-издательский центр "Ғылым", 2001. − 296с.
-
Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология // Қазақстан мектебі, 2001.- № 2.- Б.13.
-
Мырзағарина А. Инновациялық білім беру бәсекеге қабілетті маман дайындаудың бірден бір жолы// Тәрбие құралы 2012.-№16-5б.
-
Шарапат А.Қ. Педагогикалық инновацияны басқару негізінде ұлттық гимназияның үлгісін жетілдіру . Алматы , - 2005. -30б.
-
Нургалиева Г.К. Технология мониторинга образовательных систем: Монография.- Алматы: РЦИО, 2006.- 132 с.
-
Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Монография.- Алматы, 2006.
-
Мұқанова С.Д. Модернизация системы среднего общего образования Республики Казахстан в контексте международных тенденций развития среднего образования // Открытая школа. − 2005. −№ 12. - С. 8-10.
-
Бахрамова Г.А. Формирование инновационной деятельностой учителей в процесса организаций методической работы в школе: автореф. Дисс. ..канд.пед.наук.- Шымкент, 2010.- 26 с.
-
Даменова А.Қ. Жоғарғы сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім беру. Түркістан , -2003. 20-30б.
-
Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 2008, 30-32 б.
-
Қараева Қ. Педагогикалық жаңа технологиялар тиімділігі // Қазақстан мектебі, 2010.-№12.-9-13 б.
-
Қалапбергенова Б. Инновациялқ технологияларды тиімді қолдану тәсілдері //Қазақстан мектебі, 2010.- № 9.
-
Шестернинов Е.Е. Креатизация образования как фактор развития инновационного потенциала муниципальной образовательной системы: автореф. ...канд.пед.наук. / Тверской гос.университет, 2000. –25 с.
-
Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004.
-
Әбиев Ж. «Педагогика» Дарын, 2004ж.
-
Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / под ред. Н.В.Горбуновой. −М.: Новая шк., 1995. -107 с.
-
Непрерывное образование: состояние, проблемы и перспективы. - Алматы, РБК им. Алтынсарина, 2000.
-
Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру (оқу құралы). - Алматы, РБК, 1995.
-
Нағымжанова Қ.М. Бастауыш сынып мұғалімнің оқу процесіндегі инновациялық іс-әрекеті. - Өскемен: Медиа–Альянс, 2004.
-
Байдельдинова Г.К. Методика изучения семьи. Алматы, 1989
-
Перфилевская Д.И. Содружество школы, семьи и общественности. Курск, 1970
-
Ниязова А.М. Методика исследования взаимодействия школы, семьи и общественности в воспитании учащихся. М., 1976
-
Асанов Н. Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқарудың педагогикалық негіздері. – Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2004.
-
Бочалова В.Г. Воспитание учащихся по месту жительства. М.:Просвещение, 1987
-
Информатизация системы образования. - Астана, 2001, 22 – 23 тамыз
-
Сағындықұлы Е. Педагогика. Дәрістер курсы. Алматы, 1999
-
Баймұқанова М.Т. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: оқу құралы/М.Т.Баймұқанова; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.-Астана: Парасат әлемі баспасы, 2005.-180б.
-
Бөлеев Қ. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие: оқу құралы/Қ.Бөлеев, Л.Н.Ибраимова; Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.-Алматы: Нұрлы әлем, 2008.-156 б.
-
Жиенбекова А.А. Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс: 5В090500-Әлеуметтік жұмыс маманд. студ. үшін семинар сабағын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау/А.А.Жиенбекова, М.Ж.Саухамбаева.-Шымкент: ОҚМУ, 2012.-26 б.
-
Халитова І. Әлеуметтік педагогика: оқу құралы / І.Халитова.-2-ші бас.-Алматы: Білім, 2007.-200 б.
-
Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының ролі: Барлық педагогикалық мамандықтар үшін оқу құралы/Қ.Т.Әтемова.-Алматы: Ғылым, 2002.-118 б.
-
Аблязимова Н.М. Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд. ... дис.: -Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010.-167 б.
-
Бакирова Г.А. Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд. ...дис.: - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010.-152 б.
-
Данияров Т.А. Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын сыныптан тыс жұмыстарда инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру: пед.ғыл.канд.дис. ... автореф.-Түркістан: Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, 2009.-24 б.
-
Сихынбаева Ж.С. Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд. ... дис. автореф.: - Түркістан: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009.-22 б.
-
Узахова А.С. Жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамытудың педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд. ...дис.автореф.: - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010.-25 б.
-
Зиямухамедова С. Новая педагогическая технология: Теория и практика: Учебно-методическое пособие/С.Зиямухамедова, Б.Зиямухамедова.-Ташкент, 2002.-116 б.
-
Качанова Е.Ю. Инновационно-методическая работа библиотек: Учебное пособие/ Е.Ю.Качанова: науч.ред. А.Н.Ванеев: ХГИИК.- СПб.: Профессия, 2007.-336 с.
ҚОСЫМШАЛАР
ҚОСЫМША А
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН САУАЛНАМА
Мақсаты: Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы инновациялық білімді дамытудың хал-күйін талдау мақсатында алдымен ата-аналардың мектепшіл инновацияларға қатынасын анықтау
1. «Мектепшіл инновациялардың сапалы білім мен саналы тәрбие үшін маңыздылығын қалай бағалайсыз?»
-
өте маңызды
-
маңызды
-
маңызды емес
-
жауап беруге қиналамын
2. Мектеп оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды жаппай енгізілуі себептері неде деп ойлайсыз? (өз жауаптарыңызды жазыңыз)
________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Мектептің өміріне және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үрдістеріне соңғы жылдары енген қандай жаңалықтарды білесіз? (астын сызыңыз)
-
мектептің жылдық жұмыс жоспарын бекітуде жаңашыл жұмыс бағыттары мен тәсілдерін ендіру;
-
гимназия, лицей сыныптарының құрастырылуы;
-
тестілеудің жаппай қолданылуы;
-
жаңа оқулықтардың енгізілуі;
-
компьютерлер мен ақпараттық құралдар;
-
интерактивті тақталар;
-
жаңа оқыту әдістері;
-
пәндерді мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту;
-
жаңа оқу пәндерінің енгізілуі (нақтылы көрсетіңіз);
-
сабақта пікірталастар, іскерлік ойындарды пайдалану;
-
мұғалімнің аз түсінідіріп, оқушылардың өздігінен оқу жұмыстарына көп көңіл болуі;
-
оқушылардың шығармашылық жұмыстары, эссе жазу, әр түрлі презентациялар дайындауы;
-
жоғары оқу орындарының және мектепке арнайы шақырылған басқа мектептердің мұғалімдері сабақ өтуі;
-
мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы органдарының жұмысы;
-
электронды мектеп;
-
мектеп және сынып ата-аналар комитеттері жұмысының жаңашыл тәсілдері.
-
Мектеп өміріне педагогикалық жаңалықтар қай бағыттарда ендіріледі? (атап өтіңіз).
-
Мектепшіл инновацияларда ата-аналардың орыны мен рөлі қандай болуы керек?
-
ата-аналар белсенді қатысу қажет
-
педагогикалық жаңалықтар енгізу мұғалімдердің проблемасы, мектепте оқыту мен тәрбиелеу олардың міндеті
-
ата-аналар педагогикалық жаңашылдықтарды енгізуді мектеп ата-аналармен бірлесе істеуі керек
-
Мектеп жұмысына білімдік жаңалықтар таңдау және енгізуде тікелей қатысқан жағдайларыңызды атаңыз?
-
мектептің жылдық жұмыс жоспарын бекітуде жаңашыл жұмыс бағыттары мен тәсілдерін ендіруде;
-
гимназия, лицей сыныптарын құрастыруда;
-
«Ұш тұғырлы тіл» бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру, оның сапасын қадағалауда;
-
үйде оқушылардың шығармашылық жұмыстары, эссе жазу, әр түрлі презентациялар дайындауына көмек көрсету;
-
мектеп және сынып ата-аналар комитеттері жұмысының жаңашыл тәсілдерін енгізуде.
ҚОСЫМША Ә
Мектеп басшылары (директорлар, олардың оқу жұмысы, тәрбие жұмысы және инновация жөніндегі орынбасарлары) үшін
САУАЛНАМА
Мақсаты: Мектепте инновациялық білімді дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жағдайын зерделеу.
1. Мектептегі инновациялық білімді дамытуда ата-аналардың орны мен рөлі қаншалықты маңызды деп есептейсіз?
А. Жоғары
В. Жалпы, маңызды
С. Айтарлықтай маңызды емес, инновацияларды мектеп дамытады
Д. Мүлдем маңызды емес
2. Мектептегі инновациялық үрдістерде оқушылардың ата-аналары қаншалықты белсенді қатысады?
А. Өте белсенділік танытады
В. Жалпы, белсене қатысады
С. Кездейсоқ, мектеп басшылығының сұранысымен
Д. Қатыспайды
3. Мектептегі инновациялар туралы ата-аналардың білімі қандай?
А. Мектептегі инновациялар туралы қажетті және толық білімдері бар.
В. Мектептегі инновациялар туралы шамалы біледі.
С. Мектептегі инновациялар туралы білмейді
4. Мектептегі инновациялық үрдістерде ата-аналар қатыса ма?
А. Ұдай, жүйелі түрде.
В. Кездейсоқ қатысады.
С. Қатыспайды
5. Мектептегі инновациялық үрдістердің қай бағыттарында ата-аналар көбірек белсенділік танытады?
- мектептің жұмыс жоспарларын құру, стратегиялық даму бағыттарын анықтауда;
- жаңа педагогикалық технологияларды таңдау және ендіруде;
- пән сабақтарын оқытудың тиімді әдістемелері мен технологияларын ендіруде;
- жаңа буын оқулықтарын тәжірибелік сынақтан өткізу және оқу үрдісіне енгізуде;
- тәрбиелеудің жаңа технологияларын ендіруде;
- мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, олардың еңбегі сапасын бақылауда;
- оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін қолдануда;
- оқытудың техникалық және ақпараттық құралдарын ендіруде;
- мектепті қоғамдық негізде басқаруда.
6. Мектеп әкімшілігі ата-аналардың инновациялық белсенділігін қалыптастыру бағытында қандай іс-шараларды жүзеге асыруда?
-
арнайы дәрістер ұйымдастыру;
-
семинар-тренингтер өткізу;
-
ата-аналар үшін кеңестер;
-
ата-аналар университеттері жұмысы;
-
жеке дербес кеңестер.
7. Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығы мектепте инновациялық білімді дамытуда олардың белсенді қатысулары үшін жеткілікті ма?
А. «Ия»
В. «Жалпы, жеткілікіті»
С. Жеткілікті емес
Д. Жоқ
ҚОСЫМША Б
Мұғалімдер, сынып жетекшілеріне арналған
САУАЛНАМА
Мақсаты: сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінде және сынып тәрбие жүйесін инновациялық дамытуда ата-аналардың белсенділігін анықтау
1. Өткен оқу жылында сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуге қандай жаңалықтар енгізілді?
2. Сыныптағы оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтар енгізуде ата-аналардың қатысуын қалай бағалар едіңіз?
Жоғары
Жақсы
Орташа
Төмен
3. Педагогикалық жаңалықтарды енгізу бағытындағы жұмыстары ата-аналар тарапынан жеткілікті қолдау таба ма?
«Ия»
«Жоқ»
«Жауап беруге қыналамын»
4. Педагогикалық инновацияларды пайдаланудағы қиындықтар мен кедергілер неде?
5. Мектепте инновацияларды ендіруді табысты болуы ата-аналар тарапынан қандай жұмыстарды талап етеді?
ҚОСЫМША В
Ата-аналардың мектепшіл инновацияларға деген қатынасы мен инновациялық үрдістердегі белсенділігін анықтау үшін
САУАЛНАМА
-
Мектепшіл инновациялардың маңыздылығы неде?»
-
Мектепшіл инновациялардың мәні мен бағыттары туралы нелерді білесіз?
-
Мектепшіл инновацияларда ата-аналардың орны мен рөлін қалай бағалар едіңіз?
-
Мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне педагогикалық жаңалықтар ендіруге қолғабыс көрсетесіз бе?
Әрқашанда
Көбінесе жағдайларда
Кейде
Ешқашанда
-
Мектептің жұмысына жаңалықтар ендіруде мұғалімдермен байланыстар жасайсыз ба?
Ия, әрқашанда
Көп жағдайларда
Кейбір жағдайларда
Ешқашан
-
Соңы оқу жылында мектеп өміріне қандай жаңалықтар енгізілгендігі туралы не білесіз?
-
Өзініңіздің педагогикалық біліміңізді арттыру мақсатында қандай іс-шараларға қатыстыңыз?
-
Қандай бағыттарда жаңа білімдерді меңгердіңіз?
-
Сіз отбасында балаларды тәрбиелеуде мектетегі жаңалықтарды ескересіз бе?
-
Отбасында балалардың оқу жұмыстарын ұйымастыруға көмек көрсетесіз ба?
-
Балалардың оқу жұмыстарын ұйымастыруда мектептегі педагогикалық жаңалықтарды ескересіз бе?
61
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз