жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Инновациялық өзгерістерге дайын тәрбишінің психологиялық портреті
Баяндама тақырыбы: Инновациялық өзгерістерге дайын тәрбишінің
психологиялық портреті
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік
ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен
даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде дербес танылуы Отандық білім берудің алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойып отырғаны белгілі. Қай кезде болмасын ізгі мақсаттарға, асыл мұраттарға жету ізденістер мен
шығармашылық әрекеттер және инновациялық технологияларды тәжірибеде
тиімді пайдалануға да тікелей байланысты болмақ.
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім
беру саласының ең негізі талабы: кең дүниетанымдық көзқарас, толық
құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға қалыптастыру. Қоғамда
«орындаушы» адамнан гөрі «шығармшылық» адамға деген сұраныстың көп
екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Әсіресе, білім саласында қызмет
ететін адамдар, оның ішінде тәрбиешілер шығармашылықпен жұмыс жасай
білулері керек деген талап қояды.
Мектепке дейiнгi ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешінің шығармашылығын дамыту үшін шығармашылықтың ең жоғарғы деңгейде қалыптасуын қамтамасыз ету шарт. Өйткені тәрбиеші балалардың тәрбиелеу мен білім беру іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында: олардың шығармашылықпен дербес әрекет етуін, қарапайым тәжірибелер жасай білу әдістерімен таныстыру, олардың өздерін жетілдіруге жол ашу, өзін-өзі және құрбыластарын бағалай білу т.б күрделі мақсаттарды көздейді. Соған байланысты балаларды іс-әрекетке қызықтыра білу, олардың қызығушылықтары мен танымдық түрткілерін анықтау, өздеріне деген сенімділік тудыру сияқты міндетерді тәрбиеші тек қана педагогикалық іскерлік дағдылар мен өзінің шығармашылығының арқасында және ғылымының негізін игеруі арқылы жүзеге асырады.
Тәрбиеші Ғалым ретінде - өз пәнін жеттік білуі;
- сабақты өткізуде инновациялық технологияларды пайдалану
әдістемесін меңгеруі;
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік шығармашылық іскерлігі;
- шығармашылық шеберлік;
- іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейі;
-ұйымдастырушылық шеберлігі;
- балалармен қарым-қатынас мәдениеті;
- талап қоя білу қабілеті.
- ғылымның зерттеу әдістерін меңгеруі;
- балалардың оқу-зерттеу іс-әрекеттерін қалыптастырудың
әдістемесін игеруі;
- кең дүниетанымдық көзқарас;
- кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқарас;
- балалардың оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы шығармашылығы;
- балалармен ізгі ниетпен қарым-қатынас жасау;
- ғылыми ізденіске құлшыныстың болуы.
Кестеде көрсетілген мектепке дейiнгi ұйымдарда инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешінің шығармашылығын дамытуда жетекші тұлғаның кәсіби-педагогикалық және ғылыми ізденушілік қабілеттері бірігіп, тәрбиешіге осы іс-әрекеттің түрін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші ретінде ол оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып,
балаларға қарапайым-зерттеу іс-әрекеті туралы мағлұмат бере алады. Ал ғалым ретінде зерттеу жұмыстарын жүргізудің жолдары, зерттеу әдістері орынды пайдалана білу сияқты оқу-зерттеу іс-әрекетін тиісті бағытта қалыптастыруға қажетті білімдерді меңгеруі маңызды.
Сонымен қатар тәрбиеші тек осы мүмкіндіктерді игеруі тағы да жеткіліксіз, оған қоса, оларда төмендегідей тұлғалық қабілеттері болуы шарт: балаларға деген шексіз сүйіспеншілік, қарым-қатынас жасай алу, ізгілік, талап қоя білушілік, кеңпейілділік, әділеттілік, рухани байлық, адалдық, оқушымен тең дәржеде қарым-қатынас орната алушылық т.б.
Осыған байланысты А.И. Савенков педагогтың іс-әрекеті оң нәтиже беруі
үшін келесі ережелерді сақтағаны дұрыс дейді:
осы жұмысты жүргізуге әрқашан шығармашылық тұрғысынан келіңіз;
қатал нұсқулар беруден аулақ болыңыз;
балалардың өз тарапынан шыққан ұсыныстарды қолдаңыз;
бағалауға асықпаңыз;
олар өздері жасай алатын немесе жасауға үйрене алатын нәрселерді олар
үшін жасамаңыз т.б.
оқушыны өз бетінше әрекет етуге үйрету;
нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;
талқылау кезінде баға беруге асықпау.
Тәрбиеші балалардың білім мазмұнын меңгертуде инновациялық
технологияларды пайдалану барысында бұл үдерістің оқыту мен тәрбиелеу
үдерісінің айырмашылығын түсініп, қарым-қатынас жасауда «субъкт-объект»
бағытында емес, «субъект-субъект» бағытын ұстануы маңызды. Яғни, баланы «әріптесі» ретінде қабылдап, тікелей нұсқаулар мен бұйрықтар беруден алшақ бола отырып, олардың өз ойын, пікірін, жасқанбай, қысылмай айтуын қадағалау, қарым-қатынаста демократиялық стилді басшылыққа алу. Тәрбиешінің осындай әрекеті балалардың бойында өздеріне деген сенімділік, өздерін-өздері бағалай біліушілік, ойларын еркін жеткізу, жауапкершілік сияқты сезімдер мен қатар іс-әрекетке қызығушылықтарын арттырады. Балалармен жүргізілетін кез-келген жұмыстың табысты болуының 80% қарым-қатынас стиліне тәуелді екендігін осы уақытқа дейін көптеген педагог-зерттеушілер дәлелдеп келгені белгілі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы шығармашылықты дамытуда төмендегідей мәселелерді ескеру қажет:
шығармашылық жұмыс жасау дегеніміз міндетті түрде жаңа нәрсе ойлап
табу емес екендігін түсіну;
бар білімді, білікті тиімді жолдар арқылы дамыту. Соған байланысты
педагогикалық іс-тәжірибелермен танысып, озығын таңдай алу;
осы мақсаттарды жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу жүргізу;
оқыту мен тәрбиелеудің оқушының жан-жақты дамуына бағытталып,
адамгершілік құндылықтардың қалыптасуын назардан тыс қалдырмау;
оқытудың мақсаттарын түгел шешуге бағытталған іс-әрекет, яғни бір
уақытта оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселелерін қамту.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы шығармашылықты дамытуда оқытудың білімдік, тәрбиелік,
дамытушылық мақсаттарын қатар жүзеге асыруды көздейді.
Білімнің толықтылығы – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық
технологияларды пайдалануға қатысты барлық ұғымдар мен түсініктерді
меңгеру, теориялық және әдістемелік жағынан дайындығы.
• әрбiр бiлiм беру сатысында баланың жас ерекшелiгi мен психологиялық даму деңгейiн ескерiп отыру;
• дамытушылық және бiлiм беру орталықтарының педагогикалық талаптарға
сай жабдықтау;
• әлеуметтiк және денсаулық сақтау сипатындағы мүмкiндiктердi толық шешу;
• қоғамдық пайдалы iс-әрекеттердi дұрыс ұйымдастыру;
• оқшылардың оқу үлгерiмiн жетiлдiру, ынта-ықыласын арттырып отыру;
- инновациялық педагогикалық технологияларды оқып үйрену және оны
тәжiрибеде пайдалана бiлу;
Инновация - бiлiм деңгейiнің көтерiлуiне жағдай туғызады. Кейiнгi кезеңде
ғалымдар өз зерттеулерiнде оқу тәрбие iсiне жаңалықтарды енгiзiп, тарату
мәселесiн қарастырады. Авторлардың көбi педагогикалық инновацияның негiзгi мiндетi енгiзiлiп отырған жаңалықтарды топтау, жiктеу деп санайды.
мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының педагог мамандары кәсіби
шеберлігін шыңдап, осы заманға лайықты жаңа көзқарастармен ой–пікірлердің жаңашылдығын назардан тыс қалдырмауы шарт
Инновациялық іс–әрекеттің бағыты: – балалардың салауатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулығын нығайту, физикалық және психикалық дамуына
жағдай жасау, өмірін қорғау.
Педагогтар мен мамандардың кәсіби дамуы – мектепке дейінгі жастағы
балалардың біртұтас дамуын кіріктірілген педагогикалық үдеріс ретінде
қарастыру. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес біліктілікті арттыру
жүйесін жаңғыртуда төмендегі мәселелер басшылыққа алынды:- тәрбиеші, педагогтар мен басшылардың біліктілігін арттыру мен қайта
даярлауды жаңа білім мазмұны мен оқыту әдістемесінің, технологиясындағы
өзгерістерді ескере отырып, жүзеге асыру;
- инновациялық технологияны, ізденгіштікті, зерттеушілікті, шығармашылық
іс-әрекетті, ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологияларын игерген,
көптіліді меңгерген, кәсіби құзіретті маман даярлау;
- педагогикалық білім беру мазмұнын жетілдіру, барлық деңгейлер
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, оны тереңдету және кәсіби
бағдарын күшейту;
- педагог-мамандарды білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы өнімді
кәсіби әрекетке дайындау.
Инновациялық өзгерістерге дайын тәрбишінің
психологиялық портреті
Құндылық бағыттары
Қарым-қатынас стилі
Демократикалық
Либералды
Авториталық
3. Өзін-өзі бағалау
4.Субъективтік бағалау
5.Психоэмоционалдық жағдайы
Бірінші кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің басым бағыттарына инновациялық технологияларды пайдалана білу құзіреттілігі жатады. Мұнда білім беру саласындағы жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде қарапайым ойын-зерттеу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыруы, түрлі тіршілік проблемаларын немесе жағдайларын сапалы және табысты шешу әрекетін қамтамасыз ете алуы, жеке тәжірибеге енген жан-жақты білімі, икемділігі, дағдысы, қабілеттер жүйесі, кәсіби біліктілік деңгейін арттыру көзделеді. Осыған орай, балабақшада тәрбиешілерге жалпы әдістемелік кеңестер беріліп, зерттеу жүргізуді арнайы педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастырады.
Бала тәрбиесi - бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл",- деген еді Мағжан Жұмабаев. Демек, ұлттық тәрбие - аса қастерлі ұғым. Алайда қазақы тәрбие дегенді қазір әркім әртүрлі түсінеді. Ал бұл - ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды.
Тәрбиешілер ұжымы заманауи білім беру технологияларын қолдануда баланың дамуын, әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін негізгі мәселе деп қарастырады Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі
Бақшадағы бала биікке самғар мұзбалақ қыран құстың балапаны іспетті, оған ерекше күтім, жан жылуы керек. Егер баптаушысы білімді, білікті, мейірімді болса, ол қара қанат балапанның қанаты бақша «ұясында» қатайып, «мектеп» деген белеске барғанда, сол жерге қонғанда тегеуріні мықты болады. Ал мықтылығы – оның дүниетанымында, сауаттылығы мен адамгершілігінде. Егер де мен әр баланы талаптандыра білсем, бұл үлкен бақыт қой, себебі «талпынған бала – талпынған құстай, құмары қанбас, алысқа ұшпай» демекші, бұл балалар – әрбір тәрбиешінің еңбегіндегі бір-бір асу ғой …
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген