жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Инновациялық технологияларды балабақшада қолдану
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНУ
Юнусова Назгул Смагуловна
Алматы облысы
Көксу ауданы
«Кәусар бөбек жай балабақшасы» ҚМҚК
Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, әрі деңгейі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде инновациялық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.
Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар мынадай: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты – дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Мен өзімнің іс-тәжірибемде «Ойын технологиясын» қолданамын. Себебі ойын-баланың қызметі. Бала ойнай отырып ойлауға, жан-жағын танып білуге үйренеді. Сондықтан мен қандай әдіс-тәсілді қолдансам да , баланың ойнай отырып, тақырыпты меңгеруіне ерекше көңіл бөлемін.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Оқу қызметі : Аппликация.
Тақырыбы :Көгалда серуендеген балапандар.
Мақсаты : Үй құстары туралы білім беру.Балапан туралы түсініктерін қалыптастыру.Ұқыптылыққа және бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік :Үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері.
Сөздік жұмыс:балапан,
Әдіс-тәсіл: түсіндіру,сұрақ жауап,әңгімелесу,мадақтау,ғажайып сәт.
Билингвальді компонент:балапан-цыпленок-chick,сары-желтый-yellow,көгал-лужайка-lawn.
Оқу қызмет Кезеңдері |
Педагогтың қызметі. |
Балалардың қызметі |
Мотиватциялық қызығушылық |
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Күніміз сәтті өтсін. Кел,балалар күлейік. Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады. Күліп өмір сүрейік. Ал,балалар бір-бірімізге қарайық,күлейік. |
Амандасады.
Шаттық шеңберіне тұрып;өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде неше ай болады? -Қазір қай ай? -Ауа райы қандай екен? Ғажайып сәт. -Балалар,бүгін бізге қонақ келе жатыр екен.Қане дауысына қарап қандай қонақ екенін табайық./ тауықтың дауысы естіледі/ Тауық кіреді. -Балалар қонаққа келген тауық өте мазасызданып тұған сияқты,не болғанын тауықтан сұрап көрейік. Балалардың назарын тауыққа аудару. Тауық тәрбиешіге қыт-қыт деп сыбырлайды. -Балалар тауық менің құлағыма неге мазасызданып тұрғанын айтты. Бізге келе жатып балапандарынан адасып қалыпты,тауықтың балапандарын табуға көмектесейік.Ол үшін біз саяхатқа шығамыз. Саяхатқа ауылымыздың жанынан жүретін пойызға отырып барамыз. -Балалар ,біздің ауылымыз қалай аталады? Иә,біздің ауылымыз Айнабұлақ деп аталады. Бұл жер тарихи жер.Осы жердеТүркістан -Сібір темір жолы түйіскендіктен алтын қазық қағылған. /пойыз дыбысын қосу/ -Ал, балалар пойызымыз да келіп қалған сияқты қане, саяхатқа шығайық,дайынбыз ба?.Біз саяхат барысында бірнеше аялдамаға тоқтаймыз және тапсырмаларын орындаймыз 1 аялдама.Үй құстары. /бейнеролик көрсету/. -Балалар сонымен үй құстарына нелер жатады екен? Балаларға үй құстарын көрсете отырып,аялдамаға қыстыру. Ал,енді балалар пойызымызға отырып,саяхатымызды жалғастырайық. /пойыз дыбысын қосу/ 2-аялдама /Көңілді әуен/ Сергіту жаттығуы. Енді ары қарай балапанымызды іздестіруді жалғастырайық. 3-аялдама /Көгал/
-Келе жатып көгалда серуендеп жүрген балапандарды кездестіреді. /тауық қуанып балапандарына барады/ -Балалар,қараңдаршы нелермен кездестік. -Балапандар қайда жүр? -Тауық тәрбиешілерге қыт-қыт деп дыбыстайды. -Жарайсыңдар,балалар,сендер өте мейірімді екенсіңдер,анасына балапандарын табуға көмектестіңдер.Сендерге тауық рахмет айтып жатыр. Билингвальды компонент цыпленок-chick,сары-желтый-yellow,көгал-лужайка-lawn. Енді пойызымызға отырып саяатымызды жалғастырайық. /пойыз дыбысын қосу/ 4-аялдама./шығармашылық жұмыс/ Жеке жұмыс. Бүгін біз үй құстарымен таныстық енді осы көгалдағы балапандарды жапсырайық. Балапанның түсі қандай,олар қалай дыбыстайды.Балапанды жапсыру үшін алдымен желімді жағып, қағазға жапсырамыз.Желім үстел үстіне және киімдерге тиіп кетпеу керек.Желімді ауызға салуға болмайды.Сосын жасыл түсті қағаздан қиылған көгалды жапсырамыз.Міне балалар қараңдаршы «көгалда серуендеген балапанды» жапсырдық. 5-аялдама /мадақтау/ Көрме ұйымдастыру. Балалардың жұмысын қарап мадақтау.
|
Жыл мезгілін айтады. Айдың атын,ауа-райын айтады.
Тауық екенін дауысынан таниды.
Балалар тауықпен амандасады.
Қызығушылық танытады.
-Айнабұлақ. Зейін қойып тыңдайды.
Дайын екендерін айтады.
Тауық,қаз,үйрек,әтеш
Сергіту жаттығу орындау.
-Көгалда.
Қайталайды
Балапанды ақ қағазға жапсырады.
Балалар сыйлықтарын алады. |
Рефлекциялық күзетушілік |
-Балалар, бүгін бізге қандай қонақ келді? -Біз тауыққа не үшін көмектестік. -Балапанның түсі қандай? |
Тауық. Балапанды табуға Сары |
Нені біледі:үй құстары туралы,олардың немен қоректенетінін,адамдарға деген пайдасын,үй құстарының түрлерін,олардың дыбысталуын.
Игереді:балапанның жұмыртқадан шығатынын.
Меңгереді:балапанның дене мүшелері туралы түсініктерді және оны дұрыс жапсыруды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Бала мен балабақша» журналы № 11,2017 жыл
http://bilimdiler.kz/balabaksha/15272-mektepke-deyingi-bilim-berude-innovaciyalyk-tehnologiyalardy-koldanu.html
Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген