жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Интелектуалды ойын: Анамның тілі - Аяулы үні
« Анамның тілі – аяулы үні » интелектуалды ойыны.
Тақырыбы: « Анамның тілі - аяулы үні »
мақсаты: 1) Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді
жан-жақты болуға өзіне деген сенімділік
қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.
2) Адамгершілікке, мейірімді, қамқор, дарынды озық
болуға тәрбиелеу
көрнекілігі: слайд, суреттер
түрі: сайыс
Мұғалім:
Армысыздар, қадірменді ұстаздар және оқушылар!
Бүгін біздің мектебімізде Мәңгілік ел болашағы – блімді ұрпақ атты апталықтың, 1-сыныптар арасындағы « Анамның тілі – аяулы үні » интелектуалды ойынына қош келдіңіздер.
Қатысушы сайыскерлер бүгінгі
Бар білімін алдыңызға салады
Кім білімді оқығаны көп болса
Бұл сайыстың жеңімпазы болады
Ендеше ойынымызды бастайық
Достық пенен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едің талай сында
Қара қылды қақ жарып әділ қазым
Еңбегін балалардың әділ сына - деп
Әділ казы алқаларымен таныстырып өтейік.
1
2
3
Ойынымыз V - кезеңнен тұрады.
І - кезең « Сәлем –сөздің анасы » Таныстыру
ІІ – кезең « Қас қағым сәт » сұрақ - жауаптар (әр топқа 3 сұрақ)
ІІІ –кезең « Кім тапқыр» Адасқан әріптерден сөз құрау
ІV – кезең « Кім ойшыл » Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап
V – кезең Логикалық тапсырмалар ( Топтық жұмыс)
Мұғалім: Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
1а , 1ә,1б,1 в, 1г
Әр топ өзін таныстырады.
ІІ – кезең « Қас қағым сәт » сұрақ – жауаптар
Ойналайық азырақ, уақытымызды үнемдеп, кім шығады қанеки, жауабын мен білем деп!
Ойынымыздың келесі кезеңі сұрақ – жауап бөлімі әр топқа 3 сұрақтан қойылады.
Сауат ашу және математика пәндері бойынша сұрақтар қойылады.
1а - сыныбының сұрақтары:
-
Кітап сөзінің бас әрпі
2 Ү дыбысы қандай дыбыс?
3 кереге сөзінде неше буын бар?
1ә – сыныбының сұрақтары:
-
Ә дыбысынан басталатын сөздер ойла?
-
Жүзік сөзіне сөйлем құра?
-
Нан сөзінде қанша дауысты дыбыс бар?
1б – сыныбының сұрақтары
-
Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
-
Алма сөзінде а дыбысы қанша рет кездесіп тұр?
3 Кесе сөзінде қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс бар?
1в – сыныбының сұрақтары
1 Бұлт сөзінде неше дауыссыз дыбыс бар?
2 Санауда 21 ден кейін қай сан келеді?
3 Шаршының неше бұрышы бар?
1г – сыныбының сұрақтары
1 Қар сөзіне сөйлем құра?
2 Сөйлем неше сөзден тұрады?
3 У дыбысы қандай дыбыс?
Ән: 0 ә сынып оқушысы Бақтығали Муслиманың орындауында «Ақ мамам»
ІІІ кезең « Кім тапқыр» Адасқан әріптер
Сандарды тиісті әріптерімен бірге ретімен орналастыру арқылы адасқан әріптерден сөз құрау.
1 а сыныбы
5 1 3 2 4
у б з ұ а
1 ә сыныбы
16 11 14 12 15 13 17
ш ө е р к м і
1б сыныбы
13 10 8 11 9 12
м к к т ө е
1в сыныбы
22 20 23 21
ы ы с д
1г сынбыны
8 10 6 9 7
р к к і ө
ІV кезең « Кім ойшыл» Дұрыс буынға бөлінген сөзді табу.
1 а сыныбы
Инелік
-
ине - лік
-
и – нелік
-
и – не - лік
1 ә сыныбы
Егінші
-
егі - нші
-
егін – ші
-
е – гін - ші
1 б сыныбы
Телефон
-
тел – ефон
-
теле – фон
-
те – ле – фон
1 в сыныбы
Бұлт
-
б – ұлт
-
бұ – лт
-
бұлт
1 г сыныбы
Тыңайтқыш
-
тың – айт - қыш
-
т - ыңайт – қыш
-
ты – ңайт - қыш
V кезең Логикалық тапсырмалар
Әр топқа 1 тапсырма беріледі
Би: 0 а сынып оқушысының орындауында
Тауды биік деме сен ,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың.
Дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Сөз кезегі әділ қазы алқаларына.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген