Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интелектуалды ойын: Жүзден жүйрік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


« Жүзден жүйрік » Білімділер сайысы


мақсаты: 1) Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді

жан-жақты болуға өзіне деген сенімділік

қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.

2) Адамгершілікке, мейірімді, қамқор, дарынды озық

болуға тәрбиелеу

көрнекілігі: слайд, суреттер

түрі: сайыс

Мұғалім:

Армысыздар, қадірменді ұстаздар және оқушылар!

Бүгін біздің мектебімізде « Бастауыш - білім негізі » атты апталықта

4 -сыныптар арасында өткелі отырған « Жүзден жүйрік » білімділер сайысына қош келдіңіздер.


Қатысушы сайыскерлер бүгінгі

Бар білімін алдыңызға салады

Кім білімді оқығаны көп болса

Бұл сайыстың жеңімпазы болады


Ендеше ойынымызды бастайық


Достық пенен бірлікті етіп тұлға

Жеңіске жеткен едің талай сында

Қара қылды қақ жарып әділ қазым

Еңбегін балалардың әділ сына - деп


Әділ казы алқаларымен таныстырып өтейін.

1 Адыева А

2 Қаршығаева Н

3 Бердіғалиева Р


Ойынымыз VI - кезеңнен тұрады.


І кезең « Сәлем сөздің анасы » Таныстыру

ІІ кезең « Кім тапқыр » топтық тапсырма (әдебиеттік оқу)

ІІІ кезең « Кім білгір » Сұрақ - жауаптар ( дүниетану нәні)

ІV кезең « Кім ойшыл» топтық тапсырма ( қазақ тілі)

V кезең « Тапқыр болсаң , талас жоқ» ( үштілділік)

VI кезең « Кім білімді» топтық тапсырма (математика)

I кезең Таныстыру ( әр топ өзін таныстырады)


II кезең топтық тапсырма (әдебиеттік оқу пәні бойынша)

Бұл кезеңде әр топқа ақын жазушылардың өмірі, жазған

шығармалары айтылады. Соған қарап қай ақын екенін табу.

Және де сөздіктер беріледі. Ол сөздің қандай мағына беретіндігін айту.


  1. топ Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны . Ол өмірден ерте кеткенімен, ұрпаққа аса құнды мұра қалдырды. Оның - Туған жер, Жайық, Өркендей бер отаным,

Қарындасым Марпуға т.б өлеңдері бар.

Қасым Аманжолов ( 1911 – 1955)

Сөздік: жұқсыз - сүйкімсіз, жек көрінішті.

2 - топ Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік аса дарынды ақын.

Ол лирикалық өлеңдер жазудың шебері. Оның өлеңдерінде сөздің

сұлулығы мен ойдың асқақтығы үйлесіп тұрады.

Оның Сүйемін өскен Отаным, Отан , Нені аңсаймын, Музаға,

Наурыз , т. б өлең, шығармалары бар.

Мұқағали Мақатаев (1931 - 1976)

Сөздік: байлаулы - біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті.


3 – топ Қазақтың аса дарынды ақыны тұңғыш өлеңдер кітабы « «Шолпан» деп аталады. Оның - « Түркістан », орман патшасы, күн шығады да батады, бала мен құс деген т.б шығармалары бар.

Мағжан Жұмабаев ( 1893 – 1938)


Сөздік: жұғындап - әр жерден бір іздеп, түртінектеп.


4 – топ Дарынды ақын небары 27 жас қана өмір сүрген.

Ол мысал өлеңдерде жазады. Ол өлеңдеріндерінде күштінің

әлсізді менсінбеген іс – қылығын әшкерелейді.

Оның - Арыстан мен тышқан , Мен қазақ, Сарыарқаның

жаңбыры т. б өлеңдері бар. ( 1893- 1920)

Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Сөздік: тауқымет - бейнет, азап, ауыртпалық.


5 - топ Оның шын аты Ғабдулғани. Геолог – ғалым, академик,

минерология ғылымдарының докторы, профессор

Қаныш Сатбаев ( 1899-1964 )


Сөздік : геолог - пайдалы қазбаларды табумен айналысатын адам.


III кезең Сұрақ – жауаптар кезеңі.

Бұл кезеңде дүниетану пәні бойынша әр топқа 7 сұрақтан

қойылады

1 – топ

  1. Картада елді мекендердің жер көлемі бірнеше есе кішірейтіліп берілуін не деп атаймыз? Масштаб


  1. Адамзатқа белгісіз құбылыстардың сырын ашу үшін

қолданылатын әдіс қалай аталады? Тәжірибе.


  1. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата?

таскөмір, мұнай, газ

4 Жер бетінде ауаның бірінші жерден екінші жерге ауысуынан

не пайда болады? Жел


5 Жердің күнді толық бір рет айналып шығуына қанша уақыт

кетеді. 1 жыл

6 Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі не деп

аталады? Глобус.


7 Мұнайды арнаулы пеште қыздыру арқылы не алынады?

бензин, газ , жермай.

2 - топ

1 Адамда қанша жұп қабырға болады? 12 жұп

2 Жер бетінің жазықтықта кішірейтілген бейнесі не деп

аталады? Географиялық карта

3 Табиғаттағы көзге көрінбейтін ағзаларды, бактерияларды

бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құрылғы. Микроскоп

4 Судың жер бетін жырып, тілімдеуінен не пайда болады?

Жыра


5 Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, епті, батыл аң?

Барыс

6 Жерге ең жақын жұлдыз? Күн


7 Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы Көгалдандыру

3 - топ

1 Қазақстанның жазықтарында биіктігі 15 – 20 м болатын

қолдан үйілген төбені не деп атайды? Оба

2 Әлемдегі ең биік тау шыңы. Эверест.


3 Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді. Солтүстікті

  1. Жердің өз білігінен айналып шығуына қанша уақыт кетеді?

1 тәулік

5 Ертеде обаны не үшін жасаған?

Жау әскерін алыстан бақылау үшін

6 Шоқының биіктігі неше метрге дейін жетеді? 50 - 28 м


7 Телескоп сөзі қандай мағынаны білдіреді? Алысқа қараймын


4 - топ

1 Қазақ жерінің ең биік Хан тәңірі шыңы теңіз деңгейінен

неше метр жоғарыда жатыр? 6995м

2 Үгілу деп нені айтады?

Тау жыныстарының бөлшектенуін

3 Жерден қазып алып, адам қажетіне жарататын тау

жыныстары қалай аталады? Пайдалы қазбалар

4 Салмағы 70 кг адамның днесінде неше кг су болады? 50кг

5 Қысы - жазы басынан қар кетпейтін тау? Алатау

6 Электр тоғын жақсы өткізетін қызғылт түсті жұмсақ

металл ? Мыс


7 Ауаның түсі қандай? Түссіз, мөлдір






5-топ

1 Топырақтың тау жынысынан айырмашылығы неде?

Құнарлылығында


2 Су бетінде сырғанап жүретін қай жәндік? Суаршын


3 ара, қоңыз, көбелек жәндіктердің қай тобына жатады?

Бунақденелілер

4 Жер бетіндегі ең көп таралған зат? Су


5 Біздің еліміз қай құрлықта орналасқан ? Еуразия


6 Жауын шашынның түрлері ? қар, жаңбыр, бұршақ

7 Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты қалай

аталады? топырақ


IV кезең

Топтық тапсырма ( қазақ тілі пәні бойынша )


Әр топқа бір сөз беріледі, сол сөзді буынга бөлу, септеу, шағын

эссе жазу

Отан, Атамекен, Туған жер, Астана , Отбасы.


V кезең

« Тапқыр болсаң, талас жоқ » Жұмбақ шешу. ( үштілділік)

Бұл кезеңде жұмбақтар беріледі? Сол жұмбақтың шешуін үш тілде

айту керек.


VI кезең топтық тапсырма ( математика пәні бойынша )

  1. логикалық есептер

  2. математикалық есептер беріледі.






Қорытынды: Әділ – қазы алқаларына сөз беру. Сайыста жеңіске жеткен

топтарды марапаттау















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12