Материалдар / Интеллектуалды ойын " Ой мен Ойын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды ойын " Ой мен Ойын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ойната отырып ойлануға баулу, топта жұмыс істеуге дағдыландыруОлардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтың әрбір бөлімі бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2018
719
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интеллектуалды ойын " Ой мен Ойын"

«Ой мен ойын» сайысының айналымдары және ережесі


1 айналым «Таныстыру»  (әр топтың басшысы өзінің тобының атауын және не себепті ол атауды таңдағандарын түсіндіруі тиіс).

2 айналым «Көп сөйлеме» (сөйлемей қимылмен түсіндіру керек, әр оқушы)

3 айналым «Сөз жұмбақ» (әріп тарату)

4айналым «Естіп қойма» (топ басшысы құлаққаппен әуен тыңдап тұрады, 3 қатысушысы сөз айтады, қолдары байлаулы)

5 айналым «Суреттер сөйлейді» (мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіру)

6 айналым «Хронология» (сандар суреттің жауабы екеуін сәйкестендіру)

7айналым: Бағалау, марапаттау


Сынып: 9 «а», 9 « ә»

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойната отырып ойлануға баулу, топта жұмыс істеуге дағдыландыруОлардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтың әрбір бөлімі бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту


Сабақтың көрнекілігі: суреттер, портреттер,АК,әріптер


Сабақтың барысы


Айғаным: Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен құрметті ойыншылар!

Жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында өткелі тұрған «Ой мен ойын» танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді көрсетіп, ортаға салыңыздар.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын VІ айналымнан тұрады. VII айналым бағалау, марапаттау.

Олай болса ойынымызды бастайық

Альмира: 1 топ мүшелерін таныстырады.Ал топ өз кезегінде капитандарын тағайындап, Топтың атын, ұранын айтады.

Айғаным: 2 топ мүшелерін таныстырады. Ал топ өз кезегінде капитандарын тағайындап, Топтың атын, ұранын айтады.

Айғаным: Қызықты мәлімет айтсам бола ма?

Білесіңдер ме? Ең алғаш кім интернетті ойлап тапқанын

Жоқ, білмеппін, ол кім екен?

-Тим Бернес Ли

-Рақмет, сенің арқанда білетін болдым

Альмира:  WIFI-ді кім шығарғанын?

-Жоқ, білмеппін, ол кім екен?

-Ол ағылшын ғалымы ВИК ХЕЙЗ екен

Айғаным : Бірақ біздің келесі бөлімде ойыншыларымызға интернеттің де WIFI дың да қажеті болмайды, тек өте сақ болып мұқият бақыласа болғаны.

Ендеше келесі бөлім: «Көп сөйлеме»

Альмира: Бұл бөлімде әр ойыншыға 1мин уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде өзіне көрсетілген сөзді топ мүшелеріне сөзсіз заттың қимылын түрін көрсету арқылы жасырады. Әр табылған сөзге 10 ұпай беріледі.


Мектеп ( кітап, парта, қоңырау, бор, күнделік)

Отан ( Ту, Әнұран, теңге, Қазақстан картасы, Президент)

Үй ( дастарқан, теледидар, отбасы, ұялы телефон,

Салт-дәстүр (бесік, беташар, тілашар,тұсаукесу)

Жануарлар (қоян, тауық, түйе, жылқы, бұзау)

Өсімдіктер (гүл, жапырақ, тамыр, сабақ, бәйшешек)


Айғаным: Білесің ба біздің ойында бәрін жасауға болады.

Альмира: Ия тіпті жасырылған сөздердің әріптерін ұстауға да болады.

Ендеше келесі бөлім: «Сөз жұмбақ»

Айғаным: Бұл бөлімде ойыншыларымыздың көздері арнайы маскамен жабылады. Әр ойыншыға әріп ұстатылады. Жүргізуші жасырған сөзді сол әріптерден құрастырып табу жүктеледі. Бұл кезеңде ойыншыларға әр табылған сөзге 20 ұпайдан беріледі. Бұл кезеңде ойыншыларымызға 2 минут уақыт беріледі.

  1. Грузиядағы ең танымал шырын дайындайтын жеміс (Анар)

  2. Басы жалпақ, көзі тостақ қосмекенді (Бақа)

  3. Оның ісі шала (Бала)

  4. Бұл нәрсе КВН-шілердің айтуынша Қызылордада жоқ (Ағаш)


  1. Жігітке жетеу болсада жетпейді (Өнер)

  2. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен)

  3. Отбасындағы әйелдің орны (Ошақ)

  4. Мал дәрігерлері практикада ..... тамырынан кисель дайындап, оны іші өткен малға ішкізеді. Ол көл, өзен жағалауларында, батпақты жерлерде жиі өседі (қоға)


Келесі айналым «Естіп қойма» топ басшысы құлаққаппен әуен тыңдап тұрады, 3 қатысушысы сөз айтады, қолдары байлаулы.

мишық

Сиыр

шырша

жылқы

ұлпа

Су

өкпе


тал

жылан

Пальма

ядро

жүрек

жасуша

дәнек


Альмира :  сен сурет салғанды ұнатасың ба

Айғаным: Ия ұнатамын. Оны неге сұрадың

Альмира: Бұл өте жақсы. Өйткені суретті жақсы салатын адамдардың интеллектісі жоғары болады екен. Олай болса ойыншыларымыздың интеллектілерімен қатар сурет салу шеберліктерін де анықтайтын уақыт келген сияқты.

Ендеше келесі сайыс: «Суреттер сөйлейді»

Айғаным : Бұл сайыста әрбір ойыншыға мақал беріледі. Берілген мақалды топ мүшелеріне сурет арқылы түсіндіруі тиіс. Әрбір ойыншыға 1 минут уақыт беріледі. Әрбір табылған мақалға 30 ұпай беріледі.




1.Білім инемен құдық қазғандай

2. Мектеп- кеме

Білім – теңіз

3. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

4. Ит тойған жерінде

Ер туған жерінде


  1. Жігітті намыс өлтіреді

Қоянды қамыс өлтіреді

  1. Жылы жылы сөйлесең жылан інінен шығады

  2. Отан үшін отқа түс күймейсің

  3. Бір тал кессең он тал ек


Альмира: келесі кезең «Хронология». Бұл кезеңнің тапсырмасы фотосуреттерде. Ұсынылған фотосуреттердің жауаптары екінші тақтада ұсынылған сандарда. Ойыншылардың мақсаты 1 минут ішінде фотосуреттер мен сандардың дұрыс сәйкестіктерін табу. Әрбір дұрыс сәйкес жауапқа 10 ұпайдан.

  1. Микроскопты алғаш рет ғылыми зерттеу жұмысына қолданған ғалым және қай жылы? (Р.Гук 1665жыл)

  2. Хормосома теориясын ашқан Т.Морган қай жылы өмір сүрді? (1866-1945)

  3. Биология терминин неміс ғалымы Т.Руз қай жылы енгізді? (1997жыл)

  4. Ең алғаш рет ашылған қорық? Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Ақсу-Жабағалы (1926жыл)

  5. Мезозой эрасын ағылшын геологі Джордж Филлипс (1841жыл)

  6. Қазақтың арқар-меринос қойы Қазақстандық белгілі ғалым В.А.Вальмонт жетекшілігімен қай жылы алынды? (1934-1946 жылдар)

  7. Оптика шеберлері әкелі-балалы Янсендер қай жылы жарық микроскопын олап тапты? (1590-1610жыл)

  8. Қазақстандық әйгілі күріш өсіруші Ы.Жақаев (1891-1981)


Айғаным: Осымен сайысымыз аяқталды, сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Марапаттау!

Осымен «Ой мен ойын» танымдық сайысы өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет, қош сау болыңыздар!
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!