Материалдар / Интеллектуалды ойын сабағы «Нұр себеле ,Ұлыстың ұлы күні наурыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды ойын сабағы «Нұр себеле ,Ұлыстың ұлы күні наурыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а)Оқушыларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқы-мыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Қазақ халқының халық ауыз әдебиетімен байланыстара отырып,танымдық сабақ пен ұштастыру.Наурыз мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыру; ә)Оқушыларға ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрі- мізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын қалыптастыру; б)Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,жаңарып,осы заманғы өмірімізге кірігуіне,құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2024
134
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7-сыныпқа арналған Интелектуалды ойын сабағы

«Нұр себеле ,Ұлыстың ұлы күні наурыз»

Мақсаты:

а)Оқушыларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқы-мыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Қазақ халқының халық ауыз әдебиетімен байланыстара отырып,танымдық сабақ пен ұштастыру.Наурыз

мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыру;

ә)Оқушыларға ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрі-

мізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын

қалыптастыру;

б)Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,жаңарып,осы

заманғы өмірімізге кірігуіне,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: фотоколлаж, крассвордттар, буклеттер, мерекелік дастархан,Наурыз туралы даналық сөздер тақпақтар, мақал-мәтелдер.

Мұғалаімдер:-Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар!Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.

Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.

Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!

Демира: Наурыз келсе,құт келгені,халайық

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (Б.Наримановна Шашу шашылады)

Оқушы Алихан Уа,жарандар,жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

Ата менен анаң бар

Үлкен кіші ағаң бар.

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар.

Ой қозғау сұрақ (Тоғжан)

-Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.

Олайболса,мақтанып та көрейік!(Айзия)

Наурыз ару: Мен көктем мезгілінің алғашқы айы болуымды мақтан етемін.Неге десеңіздер,жер бетіндегі барша мұсылман қауымының асыға,сағына күтетін мерекесі-жыл басы-Наурыз да қуанышты көңіл күймен келеді емес пе?Ендеше,достығы мен туыстығы,бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліме Наурыз тойың құтты болсын демекпін.

Оқушы: Жаттау айтамыз

: Көктем әні (Демира)

Оқушы:Наурыз тойың,Наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін,күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

Ән: Наурыз әні сазы ойнап тұрады.

Мұғалім: Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды,үйлесімді ғажап шың.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттан,жанар таудан қашпайық.

Арқан тарту,асық ойнау,күрес,қыз қуу ойындарын көрсету.

(Қыдыр баба суреті көрініп тұрады интер.тақтада)

-Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.

Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.

1-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.

-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.

-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшысы болмаса-ел жетім,

Тыңдаусыз сөз жетім.

2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?(Әр оқушыны қатысады)

Қазақ халқының ырымдары мен тиымдары туралы не білеміз?(әркім өз білетіндерін айтады)

1.Малды теппе,ақты төкпе.

2.Отты шашпа.күлді баспа.

3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.

4.Бүйіріңді таянба.

5.Есікті керме.

6.Тұзды шашпа.

7.Асты оң қолыңмен алып же.

8.Нанды бір қолмен үзбе.

9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.

10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.

Рамазан жалғастырады.

3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?

-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті

атасын атап шығады)

4.Диас,Данияр:Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және

төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?

-Мал бағатын адамды малшы дейді.

1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.

2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.

3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.

4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.

5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.

5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?

-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,

тауық,ит,доңыз.

6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?

-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сүр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелінеді.Оғанжүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.

Оқушылармен мерекелік наурыз дастархан жайылады.

Мұғалім: А.Толепбековна:Тыңдаңыздар,өнер сүйер асыл халқым,

Мереке құтты болсын,оқушылар.

Тағы да келіп жетті уақытымыз,

Жырлайтын қазағымның дәстүр-салтын.

-Ия,Наурыз тойына жиналған халайық!Ойын-тойымызды жалғастырайық.Той-тойға ұлассын.Бүгінгі күн-салт-дәстүрімізді жаңғыртып,көсегеміз көгерген күн –дей отырып ,келесі кезекте салтмыз бен дәстүріміге де кезек берейік.

(Топтар арасында орындалады Наурыз тақырыбына крассворд шешіледі.Азалия, София)

(Полина )Сүйінші!,Сүйінші! Нәрестенің дүниеге келгені.

1.Құтты болсын айту .

2.Көрімдік алу мен беру.

3. Атын қою рәсімін көрсету.

4. Тұсау кесер. (Б.Наримановна, А.Толепбековна мағынасын түсіндіріп береді,)

Айтпақшы,ауылдың алты ауызын айтайық.

Ән: «Наурыз думан» (барлық оқушылар)



Пән мұғалімдері:Жумажанова А.Т

Шакенова Б.Н



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!