Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалды олимпиада

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қызыларай жалпы орта білім беретін мектеп»












Тақырыбы:

Интеллектуалды олимпиада











­Өткізген :Смайлова Б.Ж














2017-2018оқу жылы







Интеллектуалдық Олимпиада

Мақсаты: Сабақ бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың ауқымын кеңейтіп,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,оқушылардың белсенділігін арттыру,ұжымдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:математика ғылымы туралы нақыл сөздер.

Ойынға екі топ « », « » қатысады.Әр топта төрт оқушыдан болады.Әділ қазылар ұпай санын есептеп отырады.

Ойынны жүру барысы :

1.Кіріспе.

Ойын төрт турдан тұрады.Ойынға қатысушылардың мұқият болуын сұрақтар дұрыс тыңдауын және оны алдымен топ мүшелерімен бірге отырып талдап алып,жауап берулері сұралады.


1.тур .Бұл турда жалпы 12 сұрақ қойылады.Сұраққа екі топ кезек жауап береді.Жауап берілген тұжырымның дұрыстығын немесе бұрыстығын мақұлдайды.Дұрыс жауапқа 10 ұпаймен бағаланады.Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.

1.Тікбұрышты координаттар жүйесін енгізген Р.Декарт. (иә)

2.10х4 +7х2 -3=0 квадраттық теңдеу (жоқ)

3.Гипербола-квадраттық функцияның графигі. (жоқ)

4.Планиметрия –геометрияның жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін зертейтін ғылым .(иә)

5.Бір айда төрт апта,бес жексенбі бар (иә, егер 1-ші алғашқы жексенбі болса,бес жексенбі болады, 1,8,15,22,29)

6.Тікбұрышты үшбұрыш туралы теорема –Пифагор теоремасы(иә)

7.1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысы 5060 (жоқ)

8.1000000 0 –сі 1-ге тең (иә)

9.Түзуден тыс жатқан нүкте арқылы берілген түзуге екі параллель түзу жүргізуге болады(жоқ)

10.Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сүйір бұрыштың косинусы деп аталады (жоқ)

11.Тік төртбұрышты диагональдары тең -өзіне тән қасиет (иә)

12.(2/х2)+3х 0 квадраттық теңсіздік (жоқ)












2-Тур

Бұл турда алты сұрақ қойылады.Сұраққа екі топ белгілі ретпен жауап береді.Дұрыс берілген жауап алғашқыда 500 ұпай бағаланады.Одан кейін әр көмек сайын 100 ұпай кемітіледі.Ойлануға 1минут уақыт беріледі.

1-сұрақ .Бұл математиктің басындағы ескерткіш тақтаға шар және оған сырттай сызылған цилиндр ойылып салынған .200 жыл өткен соң сызба арқылы оның моласын тапқан.Бұл қай математик?

Жауабы:Архимед.

1-көмек. Туған қаласы Сиракузды жау басып алғанда,бұл математик сызбасын сызып,оймен геометрия мұхитын шарлап отырған.Римдік

жауынгер жүр дегенде,ол есебімді шығарып бітірмей ешқайда бармаймын деген .Сонда ашуланған Римдік жауынгер оны қылышпен шауып тастаған.

2-көмек.Осы кісінің есімімен байланысты физикалық заң бар.

3-көмек. «Эврика» сөзінің авторы.

2-сұрақ. Діни тұғырдан сандық соқыр сенімдердің ішінде әлі күнге дейін санадан арылмай келе жатқан сандар бар.Мысалы 666- «пері саны» ,3және 12сандарын пифагоршылар мектебінде бақытты сан деп есептеген,ал «шайтан саны» деп қай санды айтады ?

Жауабы: 13саны

1-көмек .Бір қатар елдерде бұл санмен үйлерді, жатаханаларды және қонақ үйлердегі бөдмелерді,жолаушы кемелерлеріндегі каюталарды нөмірлемеген.

2-көмек.Математикалық тұғырдан А.Николаев пенП.Поповичтің ғарышқа ұшуы осы күні басталды және ұшу ғарышкерлер үшін сәтті өтті.Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдинов өзінің жауға соққы берген ұшуын осы нөмерлі ұшақпен бастаған.

3-көмек. Квадраты 169-ға тең сан.

3-сұрақ.Теріс сандар алғаш рет қай елде пайда болды ?

Жауабы: Ежелгі Қытай.

1-көмек.Ең алғашқы қағазды ойлап тапқан мемлекет.

2-көмек.28 жазғы олимпиада ойыны өткізілген мемлекет.

3-көмек. «Аспан асты елі » атанған мемлекет.

4-сұрақ. Әлемдік рекорд жасап «Гиннес» кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім ?

Жауабы: Талғат Мұсабаев.

1-көмек. Ғарыштың қара тұңғиығында 30сағат бетпе-бет өткізген.

2-көмек. 1998 жылы орбитада 7 ай жүріп,7 рет аспан әлеміне шыққан.

3-көмек. 1994 жылы 135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді.

5-сұрақ. Ағылшын математигі Д Сильвестр енгізген термин қалай аталады ?

Жауабы: Дискриминат







1-көмек. Қазақ тіліндегі мағынасы «айырма» дегенді білдіреді.

2-көмек. Осы терминге байланысты теңдеулердің түбірлерінің саны анықталады.

3-көмек.Квадрат теңдеулерді бұл терминнің көмегінсіз шешу мүмкін емес.

6-сұрақ.Көптеген ерекше сандар ұлы математиктердің есімдерімен аталады.мысалы,п санын Архимед саны,е=2,718281 саны Эйлер саны деп атайды.Ал Шахризада саны деп қай санды атайды ?

Жауабы: 1001

1-көмек. Цифрларының қосындысы 2-ге тең, төрт таңбалы сан.

2-көмек.Осы кейіпкерге байланысты ертегі бар және ол жөнінде фильмде түсірілген.

3-көмек.Ертегінің атында «күн» сөзінің антонимы кездеседі.


3-тур.Бұл турда 6 сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы үшін жауап кілттері беріледі.Осы кілттерді көргеннен кейін топ мүшелері ұпайды өздері тшегеріледі.Қарсы топтың берілген сұраққа жауап беруіне де бермеуіне де болады.Егер дұрыс жауап берілсе ұпай саны қосылады, жауап қате болса,ұпай саны шегеріледі.Ойлануға 30 сек уақыт беріледі.

1сұрақ. Алты аяқ болса да,төрт аяқтай тез жүгіре алмайды.

Жауаптың кілті: 4 салт 6

. Жауабы:Салт атты адам


2-сұрақ.Грек тілінен аударғанда «керілген жіп»мағынасын білдіретін үшбұрыштың элементі.

Жауаптың кілті: 3 4 5

Жауабы: Гипотенуза


3-сұрақ.Асыл тастар өлшем бірлігі?

Жауап кілті:алтын, бриллант,інжу.

Жауабы:Карат


4-сұрақ.Бетховен 9-шы симфонияны неше рет тыңдады ?

Жауап кілті: 0 аппарат құлақ.

Жауабы: Бірде-бір рет,өйткені ол саңырау.


5-сұрақ. Байкал көліне неше өзен құяды ?

Жауаптың кілті: 6 3 3

Жауабы:336


6-сұрақ. 2 +2х-9=0

Жауаптың кілті: 0 1 с/а

Жауабы: х1 = -9/7, х2 = 1





4-тур.Бұл турда 4 анаграмма 4анаграмма беріледі. Анаграмманы шешпестен бұрын топ мүшелері ұпайды өздері қояды.Жауап дұрыс болмаған жағдайда қойылған ұпай шегеріліп отырады.Анаграмманы шешіп, артықсөзді алып тастау керек және тиісті таңбаны немесе санды орнына қою керек.

1-анаграмма.Сұрақ белгісінің орнына қандай амал қойғанда теңдік тура болады?

5?(5?5?5)/5=8

Жауабы:5+(5+5+5)/5

2-анаграмма.Осы сөздердің арасындағы ортақ байланысты анықтап, артық сөзді алып тастаңдаңдар.

РАМЛЕАГОМДРАПЛ, ПЦАЯИЕТР , ШҰЫШБҮР

Жауабы:Параллелограмм,трапеция,(үшбұрыш.)

3-анаграмма. Тізбектің төртінші мүшесін табыңдар.

1,2 ; 2,4 ; 4,8; . . .

Жауабы: 9,6;

4-анаграмма. Осы сөздердің арасындағы ортақ байланысты анықтап, артық сөзді алып тастаңдаңдар.

АТГЕРК , РЕТМ , ЬЛИМ

Жауабы: Миль, метр, (гектар)

Қортынды. Әр тур сайын топтардың ұпайларын есептеп отырады.Соңғы турда кейін жалпы саны шығарылып,ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
796
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12