400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалды сайыс. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!»

Түрі:  интеллектуалды сайыс

Сайыстың мақсаты: 

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

б) Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, газеттер, сандар, бейнебаян.

Сайыстың кезеңдері:

1-кезең; «Таныстыру»

2-кезең; «Қас – қағым сәтте»

3-кезең: «Тұлғаны тани біл»

4-кезең: «Сандар сыры»

5-кезең: «Түсін мені»

6-кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» капитандар сайысы
Сайыстың барысы:НА
І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

2. Жүргізуші:

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. 
2 жүргізуші: Парламент сенатының бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені атап өтпекпіз. Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 1 курс оқушыларының арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.


1 жүргізуші:

- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық бұлардан!


2 жүргізуші:

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

2 жүргізуші:

Ең алдымен сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейік.
1-топ Жалын

2-топ Сұңқар

3-топ Қыран

4-топ Тұлпар


2 жүргізуші

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Тәліп Ержан Дүйсебекұлы,

  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Саутбекова Меруерт Жиенбекқызы

  3. Колледж әдіскері – Зулбикарова Рахима Абдрашқызы

  4. Оқу бөлімінің меңгерушісі – Вакасова Алтын Шаштыевна

  5. Жастар комитетінің төрайымы – Сембинова Айгерім Амангелдіқызы


1 жүргізуші

- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
1. «Таныстыру»

2. “Қас – қағым сәтте”
3. “Тұлғаны тани біл”
4. “Сандар сыры ”
5. “ Түсін мені ”
6. «Ойлы болсаң, озып көр!»


1 жүргізуші

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І – кезең «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырады.

1 жүргізуші

Ендеше, әр топқа әділ қазы алқалары өз бағаларын бере отырса.


2 жүргізуші

ІІ - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойнымызды бастаймыз.

1 - топ:
1. ҚР-ның рәміздер күні? (1992жыл, 4 маусым)
2. Қазақстан астаналарын ата? (Қызылорда, Орынбор, Алматы, Астана)
3. Елбасының шыққан тегі (Шапырашты)
4. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға? (Президент)
5. Елбасының қандай қанатты сөздерін білесіңдер? Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны баянды ету де оңай емес. Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман. Болашақ - білімді жастар қолында. Кез келген мемлекеттің қуаты  халқында.

2 - топ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға қашан енді? (1993жыл, 15-қараша)
2. Президент Н. Ә. Назарбаев "Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы болып өзгертілгені туралы" жарлыққа қашан қол қойды? 1998 жыл 6 мамырда

3. Елбасының өмір жолына арналып түсірілген бейнефильмді атаңыз? (Балалық шағымның аспаны)
4. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
5. «Тарих толқынында» еңбегінің авторы кім? (Н.Назарбаев)


3 - топ:
1. Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын қашан жолдады?( 2017 жыл, 31 қаңтар)  
2. Н.Назарбаевтің қандай еңбектері бар? «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Тәуелсіздік белестері», «Ғасырлар тоғысында»

3.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда қандай айтулы шаралар өтті? (Саммит, ЭКСПО, Азиада 2011,
4. Елбасы еңбек жолын қай жерде бастады? (Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында)
5. Н.Назарбаевтың бастамасынмен ашылған оқу орындар? (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан менеджмент институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлік мектептері, т.б.)


4-топ

1. Н.Ә.Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлург)

2. Елбасының сөзіне жазылған ән? (Үш қоңыр)

3. Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми дәрежесі (Экономика ғылымдарының докторы)

4. ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданды? (1995жыл, 30-тамыз)

5. Елбасының қандай лауазымдық мәртебелерін білесіңдер? (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы

«Нұр Отан» партиясының төрағасы)

2 жүргізуші

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.


1 жүргізуші

Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп 

ІІІ кезең “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерін айтады. Әр топ санды айтады. Сол санда жазылған тұлға туралы сипаттайды.

Әділ қазы алқалары өз бағаларын берсе.

1 жүргізуші

IV – кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде экранда берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Сайыскерлерімізге 1 минут уақыт беріледі. Экранға назар аударыңыздар.

16, 1, 22, 30, 9, 6
- Қорытынды жасаймыз. ( әр топ карточкаларын әділқазыларға тапсырады)

Әділ қазы алқалары өз бағаларын берсе.


1 жүргізуші

V кезең «Түсін мені». Осы турда капитан шығып бір сөзді таңдайды, осы сөзді топтарға іс-қимылмен түсіндіріп, топ мүшелері сөздің атауын табуы қажет.

1-топ Студент, Айтыс

2 –топ Текемет, Елтаңба

3-топ Қыз қуу, Президент сайлауы

4 -топ Наурыз көже, EXPO-2017


Әділ қазы алқалары өз бағаларын берсе.


VІ кезең.

«Ойлы болсаң озып көр» капитандар сайысы. Бұл сайыста капитандар «Егер мен президент болсам ...» тақырыбына шағын эссе жазу керек. Капитандарға дайындалу уақыты 3-5 минут. Капитандар дайындалғанша экрандағы бейнебаянға көз жүгіртейік. 



1 жүргізуші: Ендеше әділ қазы алқалары топтардың бағасын есептегенше Қуанышбек Бекарыс пен Тынышбек Бекарыстың айтысын тамашалайық.


2 жүргізуші
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.



Оқытушы: А.Сейдахметова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі