Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интеллектуалды сайыс "Озық ойлы оқушы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалды сайысты оқушылар жақсы көреді. Онда оқушылар өз білімдерінің қаншалықты екенін біледі. Білмегендерін ізденіп білетін болады. Оқушылардың ізденушілігі, тіл байлығы, есте сақтау қабілеті дамиды. Сондықтан интеллектуалды сайыстарды жиі өткізген дұрыс. Оқушылардың білімге деген қызығушылығы артады деген ойдамын. Мұғалімдерге пайдасы тиер деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Озық ойлы оқушы

4-сынып

Мақсаты: Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу, әр сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, білімді, дарынды, ана тілін сүйетін озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Өту барысы: 1. Ұйымдастыру. Сайысқа 7 бала қатысады.

Мұғалім: Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, ептілігін, алған білімдерін ортаға салады. Сайысқа қатысқан 7 оқушының ішінен жеңімпаз болып, 1 оқушы ғана қалады.

Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін. Екі айналымнан кейін ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз, үшінші айналымға бес оқушы барады, үшінші айналымнан кейін бір оқушымен қоштасатын боламыз, төртінші айналымға төрт оқушы барады, одан кейін тағы ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз, бесінші айналымнан кейін бір оқушымен қоштасып, екі оқушымен соңғы айналымға барамыз, екі оқушының біреуі осы сайыстың жеңімпазы болады.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау

Сайысты бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыру.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

Әр оқушыға 4 сұрақтан беріледі. Ол үшін тақтада тұрған ұяшықты таңдайды. Сол ұяшық бойынша сұрақтар қойылады.

1-ұяшық сұрақтары:

  1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

  2. Ұлттық ойындарды ата (аударыспақ, бәйге, қыз қуу, көкпар)

  3. Мектептегі ең жоғарғы баға (бес)

  4. Үш биді ата (Қазыбек, Төле, Әйтеке)



2-ұяшық сұрақтары:

  1. «Кел, балалар оқылық» кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)

  2. Қазақстан Республикасы әнұранының авторлары кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)

  3. Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? (бағдаршам)

  4. Қара алтын деген не? (көмір)

3-ұяшық сұрақтары:

  1. Мәтіннің түрлерін ата (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)

  2. Абайдың шын аты (Ибраһим)

  3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16-желтоқсан 1991 жыл)

  4. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсету (масштаб)

4-ұяшық сұрақтары:

  1. Көктемде алғашқы шығатын гүл? (бәйшешек)

  2. Қазақтың атақты суретшісі? (Әбілхан Қастеев)

  3. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

  4. Жай сөйлем түрлерін ата (жалаң, жайылма)

5-ұяшық сұрақтары:

  1. Бейбітшілік құсы (көгершін)

  2. Күй атасы кім? (Қорқыт)

  3. Қазақстандағы ашаршылық жылдарын ата (1930-1932)

  4. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш (шырша)

6-ұяшық сұрақтары:

  1. Жанғыш пайдалы қазбалар (мұнай, тас көмір, газ)

  2. Ұлы Отан соғысы болған жылдарды ата (1941-1945)

  3. Әбілмансұр кімнің шын аты еді? (Абылайдың)

  4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

7-ұяшық сұрақтары:

  1. «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Ауезов)

  2. Әртүрлі тарихи заттардан көрме ұйымдастыратын мекеме. (Мұражай)

  3. Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

  4. Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті тағам (Наурыз көже)

Оқушылардың ұпайы есептелінеді.

2-айналым. «Сен білесің бе?»

-Ақындар, батырлар, жазушылардың суреттері көрсетіледі. Сендер соның атын өз іштеріңнен ойланып, қағазға жазасыңдар, айтпайсыңдар.

1-сурет. Бес асыл іс пен бес дұшпанды кім айтқан? (Абай Құнанбаев)

2-сурет. Халық қаһарманы емес, бірақ желтоқсан оқиғасының құрбаны (Ләззат)

3-сурет. Атақты күйші. Оның «Сарыарқа», «Балбырауын», күйлері бар. (Құрманғазы)

4-сурет. Торғайда тұңғыш мектеп ашқан ағартушы ұстаз? (Ы. Алтынсарин)

5-сурет. Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы (Бауыржан)

6-сурет. 75 жасында Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға жарқ еткен күйші. (Дина)

7-сурет. «Үш бақытым» өлеңінің авторы. (Мұқағали Мақатаев)

8-сурет. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр апамыз (Мәншүк)

9-сурет. Қазақтың әлемге әйгілі палуаны. (Қажымұқан)

10-сурет. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. (Т. Әубәкіров)

Ұпайлары есептелінеді, ұпайы аз бір ойыншымен қоштасамыз.

3-айналым. «Ұшқыр ой». Әріптер берілген, оқушылар әріп таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріпке байланысты болады.

А – Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды? (Алматы)

Ә – Үй құсы. (әтеш)

Б – Суда өмір сүретін тіршілік иесі. (балық)

Г – Машина тұрағы. (гараж)

Ғ – Тоқтар Әубәкіров кім? (ғарышкер)

Д – Бізді ауырғанда емдейтін адам (дәрігер)

Ж – Қазақтың қасиетті саны (жеті)

З – Қазақстандағы көл атауы (Зайсан)

И – Жеті қазынаның бірі (ит)

К – Көру мүшесі (көз)

Қ – Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

Л – Қышқыл жеміс (лимон)

М – Пән атауы (математика)

Н – Қасиетті тағам (нан)

П – Ең алып жануар (піл)

Р – Гүл атауы(раушан)

С – Уақыт өлшем бірлігі (сағат)

Т – Төрт түліктің бір түрі (түйе)

Ұ – Білім беретін адам (Ұстаз)

Ү – үй құсы (үйрек)

Ы – Ырыс алды - ..... (ынтымақ)

І – Түйме орнына қолданатын зат (ілгек)

О – Әл-Фараби туған қала (Отырар)

Ш – Әнұранның әнін жазған адам (Шәмші Қалдаяқов)

Х – Сөйлем түрі (хабарлы)

Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.

4-айналым. «Іздеген жетер мұратқа».

Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады.

Ана тілі.

10 – Мысал деген не? Қандай мысалдарды білесің?(Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, қайырымдылықты мадақтап жазатын шығарма)

20 – Көкек айы көктемнің нешінші айы? Көкек айын басқаша қалай атайды? (2-ай, сәуір)

30 – Қазақ әліппесін жасаған, алғашқы оқу құралын жасаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

40 – Шоқан Уалихановтың шын аты? (Мұхаммедқанафия)

Қазақ тілі

10 – Жоғары-төмен, биік-аласа сөздері қандай сөздер? (қарама-қарсы)

20 – 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)

30 – Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша (жалғау)

40 – Қос сөздің жасалу жолдары (бір сөздің қайталануынан, екі сөздің қосарлануынан, күшейткіш буын арқылы)

Математика

10 – Аулада 4 тауық және олардан 3 есе артық үйрек жүр. Ауладағы үйректердің саны нешеу? (12)

20 – Екінші сынып разрядтарын ата (бірлік мың, ондық мың, жүздік мың)

30 - Айгүлдің бүтін, 2 жарты және 4 жартының жартысындай алмасы бар. Айгүлдің алмасының саны қанша? (3 алма)

40 – Қандай санды 180 болу үшін 90-ға арттыру қажет?(90-ды)

Дүниетану

10 – Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орынды алады? (9-шы)

20 – Картаға тура қарап тұрғанда оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)

30 –Тас көмірдің ең сапалы түрі (антрацид)

40 – Қазақстанмен шекараласатын мемлекеттерді ата (Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан, Түркменстан)

Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.

5 – айналым. «Сөзжұмбақ сыры»

Үш оқушыға сөзжұмбақтар беріледі.

Тәуелсіз. 1. Жылдан құр қалған жануар. (түйе)

2. Сенің атаң әкеңе кім болады? (әке)

3. 22 Наурыз қандай мейрам?(Наурыз)

4. Мектептегі ең жаман баға (екі)

5. Адамдар не арқылы хабарласады?(тіл)

6. Аптаның бірінші күні.(дүйсенбі)

7. Не қымбат, білу қиын?(білім)

8. Қойдың төлі (қозы)

Егеменді. 1. Құстар жылы жақтан кай уақытта ұшып келеді (көктем)

2. Бейбітшілік құсы.(көгершін)

3. Аптаның соңғы күні(сенбі)

4. Сөз мәйегі.(мақал)

5. Үш бидің бірі.(Төле)

6. Ұлттық мереке.(Наурыз)

7.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім?(президент)

8.Не қымбат, білу қиын? (білім)

Мемлекет. 1.Пән атауы. (математика)

2. Төрт түліктің бірі. (ешкі)

3. Сезім мүшесі. (мұрын)

4. Адамдар не арқылы сөйлеседі,сұрайды? (Тіл)

5. Қиял-ғажайып не? (Ертегі)

6. Жыл мезгілі (Көктем)

7. Рәміздердің бірі. (Елтаңба)

8. Жеті күн (апта)

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

6 – айналым. «Жорға»

Екі оқушыға 10 сұрақтан қойылады.Қайсысы көп жауап берсе, сол сайыстың жеңімпазы болады.

  1. Күйді орындаушы адам (күйші)

  2. Күндіз көрмейтін құс ( жапалақ)

  3. 9-мамыр қандай мейрам? (Жеңіс күні)

  4. Қазақтың ұлттық аспабы. (домбыра)

  5. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады ? (кесінді)

  6. Біз қай облыста тұрамыз? (Шығыс Қазақстан облысы)

  7. Білім күні (1-қыркүйек )

  8. Сабақ арасында болатын бос уақыт. (үзіліс)

  9. Зат есімнің түрлері (жалқы, жалпы)

  10. Өлең жазатын адам? (ақын)

  11. Мемлекеттік тудың ортасында не бейнеленген? (күн, қалықтаған қыран)

  12. Ақшақардың атасы (Аяз ата)

  13. Балықтар қалай тыныс алады?(желбезегімен)

  14. Қазақстандағы ең үлкен көл (Балқаш)

  15. Ең үлкен 3 таңбалы сан (999)

  16. Сөзге шебер,тілге жүйрік адам (шешен)

  17. Зергерлік бұйымдар жасайтын адам (зергер)

  18. Діңі ақ ағаш (қайың)

  19. Шөлге төзімді жануар(түйе)

  20. 24 сағат немесе .....(бір тәулік)

Қорытынды.

Әділқазылар шешімдерін айтады. Жеңген оқушыны марапаттау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2018
6620
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі