Ұлы
Отан соғысына арналған интеллектуалдық
ойын – «Біздің жеңіс»
Армысыздар
құрметті ұстаздар, оқушылар, білім
үздіктерінің үміткерлері!
Бүгінгі
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған
«Біздің Жеңіс» атты интеллектуалдық
ойынымызға қош келдіңіздер! Бұл сайысымыз
ақыл мен парасаттың, ұшқырлық пен
жылдамдықтың ұштасқан жері болып
табылатыны анық. Сайысымызға мектебіміздің
9-шы сынып оқушылары ішіндегі үздік деп
танылып, дараланып шыққан оқушылар
қатысып, өз білімдері мен біліктіліктеріне
сеніп, өз бақтарын сынауға, сыныптары
мен ұстаздарының артқан үмітін ақтау
үшін барын салары анық. Ендеше, сайысқа
қатысушы топтармен танысып өтсек.
Сайысқа
қатысушы топтар:
9
«А» сыныбынан « Даңқ » тобы
9
«Ә» сыныбынан « Алтын қыран » тобы
9
«Б» сыныбынан « Кызыл жұлдыз » тобы
Ендігі
кезекте командаларды ойын шарттарымен
таныстыра кетейік. Сайысымыз төрт
бөлімнен тұрады:
Бөлім:
«Суреттер сөйлейді»
Бөлім:
«Тұлға. Жылдар. Шайқастар»
Бөлім.
«Бөлшектерден бір бүтін»
Бөлім.«Кім
жүйрік»
Сайымызды
бастамас бұрын әрбір топ қарсыластарына
сәттілік жолдаса.
Сайысқа
қатысушыларымызға сәттілік тілей
отырып, сайысымызды бастайық.
Бірініші
бөлім «Суреттер сөйлейді» деп
аталады. Бұл бөлімнің шарты бойынша,
сайысқа қатысушыларымыз экранда берілген
бірнеше суреттер арқылы жасырын сөзді
табулары керек. Балалардың ой ұшқырлығы
мен зеректігін шыңдайтын бөлім болмақ.
Екінші
бөлім «Тұлға. Жылдар. Шайқастар»
деп аталады. Бұл сайыста қатысушылар
сұрақтарға жауап бере отырып, өз
білімдерін дәлелдеп шығады. Сайыскерлерге
сәттілік.
Үшінші
бөлім «Бөлшектерден бір бүтін»
деп аталады. Бұнда пазл әдісің қолданамыз.
Бұл бөлімде балалар алдарына берілген
суреттердің қиындыларынан тақырыпқа
байланыстырылған бейнені құрастырып
шығулары қажет.
Ал
қатысушыларымыз бұл тапсырманы
орындағанға дейін, Ұлы Жеңіс жайында
дайындалған қысқаша бейнероликке назар
аударсаңыздар.
Міне,
сайысқа қатысушыларымыз жеңіске деген
жігерлерімен, білімдерін, ой-шеберліктерің
паш етіп, соңғы айналымымызға да келіп
жетті.
Бүгінгі
ойынымыздың соңғы
бөлімі «Кім жүйрік»
деп аталады. Кім жүйрікке шаршы алаңда
тұсау жоқ демей ма? Сайыскерлерімізде
соңғы шешуші кезеңде бар білімдерің
көрсетіп, жеңісті қолдан бермеуге
тырысады деп сенеміз.
Ендеше,
сайыскерлерімізді соңғы айналымның
шартымен түсіндіре кетсек. Бұл бөлімде
әр командадан бір бала ортаға шығып,
мәреге дейін жарысады. Олардың алға
жылжуына командаластары көмектесетін
болады. Яғни, жасырын сөзді командаластарының
көмегімен тауып, тапқан жағдайда алдыға
бір қадам жылжиды. Командаластары
әріптесіне жасырын сөзді, тура мағынасында
емес, , тұспалдау арқылы жеткізулері
тиісті. Ойын шарты бұзылған жағдайда
бес ұпайдан алынып тасталынатын болады.
Ойын шарты түсінікті болса, әр топтан
бір баланы ортаға келуін сұраймын.
Санаулы
минуттардан кейін, жеңімпаз топты да
білетін боламыз. Олай болса, қатысушы
топтарымызға сәттілік тілей келе, соңғы
бөлімді бастайық.
Осымен,
сайысымыздың негізгі бөлімі аяқталды.
Үш топта жарады. Білімдерің де, ой
шеберліктерін де, жылдамдықтарында
ұштастыра білді........
Әділ
қазылар әділ бағасын шығарып, шын мықтыны
анықтасақ. Дейме бірдеме дид
Талай
уақыт өтіп, тарих қойнауына кіре
бергенімен, Ұлы Жеңіс мәңгілік жадымызда
сақталмақ. Батырларымыздың ерен еңбегі
мен өр ерлігін ұмытпау, ұлықтау, жас
ұрпақтың санасына сіңіру ұстаздардың
басты міндеті. Бүгінгі іс-шара соның
бірден-бір дәлелі іспетті. Көңілге түйер
көптеген деректерге қанық болдыңыздар
деген үміттеміз. Осымен бүгінгі сайысымыз
өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды
жеңістерімен құттықтаймыз. Әлемде тек
бейбітшілік болсын. Назар салып,
тыңдағандарыңызға көп рахмет. Аман-сау
болыңыздар.