«Жас қыран -
2016» интеллектуалдық
ойын.
Мақсаты:
1. Білімділік:
Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын
азамат болуға баулу.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын
дамыту.
3. Тәрбиелік:
Адамгершілікке, жауапкершілікке
баулу.
Көрнекілігі:
Тақырып, магнитті тақта, сайыс аттары,
сыйлықтары.
Барысы:. Кіріспе сөз: Бүгін 2-4 сыныптардың
білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, мектебіміздің бастауыш
сыныптар арасындағы ең білгір оқушысын
анықтамақпыз.
Жас жүректе жанған
шақ
Талаптың аты
арындап
Әр қиямға салған
шақ
Жастықтың оты
жалындап - деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой
тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала
кезден бастау алады да, ұласады.
Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға
рұқсат етіңіздер:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Әділқазылар әділ баға беріп сайысқа бақылау
жасайды. Әділқазы мүшелері:
1.
2.
3.
Қарағым оқу оқы, босқа
жүрме
Ойынға құр қаларсың, көңіл
бөлме
Жолама шақырса да, қасына
ерме
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға-дей келе
сайысымыдың кезеңдерімен танысып
өтейік
1. «Тездет, бірақ қателеспе!
» (мектеп бағдарламасынан тыс сұрақтар) – 30
сұрақ
2. «Жұмыла көтерген, жүк
жеңіл» (жарнама жасау, тақырыптар
беріледі)
3. «Ғажайып
төртеу» (қазақ тілі, ана тілі, математика,
дүниетану)
4. «Тапқыр болсаң, озып
көр» (логикалық
сұрақтар)
5. «Сандар
сыры» (сандар беріледі, сандарға байланысты мереке
күндерін жазу)
6. «Ұшқыр ой
мергені» (тәуелсіздікке байланысты мәтін беріледі,
ішінде 25 сөз жоқ соны тауып жазу.)
І кезең «Тездет, бірақ қателеспе
!»
Шарты: Мен барлық оқушыға бірнеше сұрақтар
қоямын ойлануға 30 секунд. Егер оқушы жауап бере алмаса, білетін
оқушыға жауап беруге болады. Тез жылдам нақты жауап беру басты
шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
2-сынып
1. Бөле деген кім
?
2. Әліппенің атасы кім? (Ахмет
Байтұрсынов)
3. Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т.
Аубакиров, Т. Мұсабаев)
4. Қалың киімді
ұнатады,
шешіндірсең жылатады.
(пияз)
5.Түйе атасы кім?
(Ойсылқара)
6.1 жылда қанша күн бар? (365 – 366
күн)
7.Абайдың анасы кім?
(Ұлжан)
8. Біздің мектеп
директоры?
9. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар,
ақпан)
10. Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп
салынған бейнесі? (географиялық
карта)
3-сынып
1. Қазақстан туының авторы кім? (Шакен
Ниязбеков)
2.
Шоқанның шын аты?
(Мұхаммедқанапия)
3. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат,
минут)
4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.
Қошқарбаев)
5. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті
шақырса болады?(жедел
жәрдем)
6. «Маң-маң басқан, маң
басқан,
Шудаларын шаң басқан» не?
(түйе)
7. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей,
Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан,
Түркіменстан)
8. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий
Гагарин)
9. Басқа елдерде тұратын қазақтардың отанын
атаңыз ? (Қазақстан)
10.Құстың негізгі мекені ?
(Ұя)
4-сынып
1 Тұңғыш
Президент Күні - қай күн? (1
желтоқсан)
2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет
(99)
3. Көлікті күтетін жер
(аялдама)
4. «Дружба» сөзінің қазақшасы ?
(достық)
5. Әнұранның сөзін жазған кім
?
6. Қасиетті рухани тілек
(бата)
7. Үйлердің жобасын сызып,үйлерді салатын
өнерді не деп атайды ? (сәулет
өнері)
8.Алтын адам табылған жер ? (Есік
қорғаны)
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
(Қазақ тілі)
10. Астана қаласының символы
(Бәйтерек)
ІІ кезең
«Жұмыла көтерген жүк
жеңіл» Шарты: Жарнама жасау толық, нақты айтылса 10
ұпай.
2- сынып «Менің
мектебім» жарнамалау
3-сынып «Сүйікті
оқулығым» жарнамалау.
4-сынып «Менің
ауылым» жарнамалау
ІІІ кезең «Ғажайып
төртеу» Шарты:
Біздің сайысымызда 4 негізгі пән әдебиеттік
оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің
тексеріледі. Мына қатардағы 4 пәннен сұрақ нөмірін таңдаймыз. Әр
оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап алған
ұпайларына байланысты қойылады. Осы турдан кейін ұпайы
аз 1 оқушы
ойыннан
шығады.
Ана
тілі
«5»
1.“Алтын ұяң-Отан қымбат” деп басталатын
шешендік сөзді кім
айтқан? (Қазыбек
би)
«10»
2 . “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің қай
тобына жатады?(Қиял-ғажайып)
«15»
3. “Ұшқан ұя” шығармасы кімнің атынан
әңгімеленген? (Б.Момышұлы)
«20»
4. “Еті-тамақ, шұбаты-сусын, жүні-киім”-деп,
қай түлікті айтамыз?
(түйе)
«25»
5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға
құрылған әңгіме қалай
аталады?
(аңыз)
«30»
6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған
жануар. (түйе)
«35»
7. “Мүйізі айдай
иілген
Мұрнын көкке шүйірген” не?
(сиыр)
«40»
8. Қазақтың ұлы ағартушысы
(Ы.Алтынсарин)
«45»
9. Қойдың төлі қалай аталады?
(қозы)
«50»
10. Қазақтың ұлы ақыны.
(Абай)
«55»11. Мақалды аяқта: Батыр бір рет
өледі,
Қорқақ .... (мың рет
өледі)
«60»12. Әліппенің атасы
кім?(А.Байтұрсынов)
Қазақ
тілі
«5»
1. Қазақ тілінде неше әріп
бар?(42)
«10»
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
(3)
«15»
3. Ұйқасын
тап.
Сатып алдық
кеше,
Шай ішетін ...
(кесе)
«20»
4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай
сұрақ қойылады? (Кім? Не?)
«25»
5. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай
сөздер?(Мәндес)
«30»
6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге
бөлінеді?(3)
«35»
7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы
бөлігін не дейміз?(түбір)
«40»
8. Өзім сөзден
тұрамын,
Аяқталған ойды
құрамын.(сөйлем)
«45»
9. Отырды, жазды, ойнады, күлді- деген сөздер
заттың несін білдіреді? (заттың
қимылын)
«50»
10. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті
сөйлем)
«55»
11.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не
дейміз? (жұрнақ)
«60»
12.
«Уақыт»-сөзінде у қандай дыбыс?
(дауыссыз)
Математика
«5»
1. Математикада
неше амал бар? (4)
«10»
2. Барлық
қабырғалары тең болатын геометриялық пішін.
(шаршы)
«15»
3. Бұрыштары
жоқ геометриялық пішін (дөңгелек)
«20»
4. Сантиметр
қай бірлікке жатады? (ұзындық)
«25»
5. Төрт
тышқанның құлағы нешеу? (8)
«30»
6. Қосындының
компоненттерін ата. (қосылғыш,
қосылғыш, қосындының
мәні)
«35»
7. 1 кг мақта,
әлде 1 кг темір ауыр ма? (екеуі
тең)
«40»
8. Стол бетінің
бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?
(5)
«45»
9. Бір тәулікте
неше сағат бар? (24)
«50»
10. Басталатын
нүктесі бар сызық. (сәуле)
«55»
11.Түзу сызық
сызу үшін қолданатын оқу
құралы.(сызғыш)
«60»
12. 1 ғасырда
неше жыл бар?(100жыл)
Дүниетану
«5»
1. Өсімдіктің
топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады?
(тамыр)
«10»
2. Орман емшісі
атанған құс. (тоқылдақ)
«15»
3. Жылдың неше
мезгілі бар? (4 мезгіл)
«20»
4. Көкжиек
тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс,
батыс)
«25»
5. Табиғатта
өздігінен тіршілік ететін жануарларды
қалай атаймыз?
(жабайы аңдар)
«30»
6. Жай көзбен
қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай
аталады? (көкжиек)
«35»
7. Түнде көзі жақсы көретін құс.
(жапалақ)
«40»
8.Үрленген шардың ішінде не болады?
(ауа)
«45»
9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады?
(қосмекенді)
«50»
10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ
қабаты. ( топырақ)
«55»
11. Бу қайдан пайда
болады?(судан)
«60»
12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? (
2жылдық)
IV кезең
«Тапқыр болсаң, озып
көр» Ойынның шарты: логикалық сұрақтар беріледі,
әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан
шығады
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады,
ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3
кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын
арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5
бұрыш)
3. Аспанға лақтырғанда жерге құламайтын нәрсе
? (құс)
4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10
торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10
торғай).
5. Қандай жұлдыздар күндіз де, түндеде
көрінеді ? ( кино, эстрада
жұлдыздары)
6. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр
ма?(тең)
7. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан
отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше
мысық бар? (4мысық)
8. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық
картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300
кг)
9. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың
әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6
бала)
10. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік,
қарлығаш, шыбын, қарға,
ара. Аспанда неше құс ұшып
жүр? (3)
11. Әлемде ең арзан саяхат жасайтын не?
(хат)
12. Пойыз қай уақытта судың үстінде жүреді ?
(көпірден өткенде)
13. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша
минутта піседі? (3 минут)
14.
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16
аяқ)
15.Адамдар киімді неге сатып алады ? ( тегін бермегені
үшін)
16. Ең алғаш туды кім тіккен ?
(тігінші)
17. Теңізе қанша балық бар ?
(бүгінгі күнге дейін ауланбағандар)
18. Тістері бар, бірақ тамақ
жемейді ? Ол не ? (тарақ)
19. Әрбір адам кімнің алдында
бас киімін шешеді ? (шаштараз)
20. Бізге тиесілі, бірақ оны
басқалар көп қолданады ? (есім)
V
кезең «Сандар
сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің
мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма
ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай
8, 16, 1, 22, 7, 25, 6,
30
8 наурыз, 1 қыркүйек, 1
желтоқсан, 16 желтоқсан, 22 қыркүйек, 7 мамыр, 25 мамыр, 6 шілде,
30 тамыз т.б
VІ
кезең «Ұшқыр ой
мергені» Шарты: Бұл кезеңде тәуелсіздікке байланысты
мәтін беріледі, ішінде сөздер жоқ соны тауып жазу. Уақыт беріледі 3
минут. Барлығы дұрыс болса 10 ұпайдан қойылады. Жазылу бағытына
қарай ұпай саны шегеріледі.
Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың,
халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында
дербестігі. Тәуелсіздік – сіздің тыныстап отырған, еркін әрі
бақытты күн кешіп жатқан Отаныңыз.
Қазақстан – өз әнұраны,
елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы
мемлекет. ТМД елдері арасында
тәуелсіздігін 1991 жылы 16
желтоқсанда жариялаған күннен бастап бұл елдің өз халқы, өзіне тән ұлты
мен тілі бар.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де,
міне, 25
жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт
елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді.
Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаев та
Қазақстанның 25
жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты.
Ерен еңбегімен Қазақстанның
әр азаматының жүрегінен орын алған осындай
көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз
елдің патриотымын!
Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын
анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс
ету.