Материалдар / Интеллектуалдық ойын Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалдық ойын Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалдық ойын Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда 5 сынып Ойын сұрақтар, тапсырмалар, жұмбақтарды шапшаң шешу арқылы балалардың танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін арттырып, топпен жұмыс жасауға, өзгенің пікірін бағалауға үйретеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2022
435
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі: 28.10.2022ж Тақырыбы: «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» интеллектуалды ойын Мақсаты: 1. Үйірме мүшелерінің білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Үйірме мүшелерінің қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: интеллектуалды ойын - сайыс. Көрнекілік: тақырып, шарлар Үйірме жетекші: Сәлеметсыздар ма, құрметті ұстаздар, үйірме мүшелері, ойынға қатысушылар! Бүгінгі I – II – III топтар арасында өткізілгелі отырған «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда » интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шартты, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін. 1. Бөлім менгерушісі : Бегимкулова Айгүл апай 2. Педагог – ұйымдастырушы: Әбсат Жанна апай

Ойынға 3 топ қатысады. Ойын 6 бөлімнен тұрады. І бөлім. «Таныстыру» ІІ бөлім. «Құпия сандық» ІІІ бөлім. «Мақалдың жалғасын тап» IY бөлім. «Жорға» Yбөлім. « Дода» YI бөлім « Кім білгір?» YII бөлім. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Үйірме мүшелері 3 топқа бөлінеді. Әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Миллион»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Байдың қыздары»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты – «Сырдария»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елімізді біз.


Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Қазақ елінде
Жұмбақ шешіп жарысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық сұрақтар,
Жұмбақтардың бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп


«Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» интеллектуалды ойынды бастайық.

І бөлім. «Таныстыру»

ІІ бөлім. «Құпия сандық»
Бұл бөлімде жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топқа кезекпен кезек жұмбақты оқып, шешуін айтады
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
2- топ.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
3-топ. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга).

III-бөлім. «Мақалдың жалғасын тап»

1-топ
1.Тіл тасжарады,
тасжармаса... (бас жарады)
2. Батыр туса ел ырысы,...(Жаңбыр жауса жер  ырысы)
3. Ғылым теңіз,...(білім кеме )
4.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)
5.Шебердің қолыортақ,шешенің... (тілі ортақ) 6.Балапан ұядан не көрсе…(ұшқанда соны іледі)

7.Сөзің тәтті болсын…(ашуың қатты болсын)

2-топ
1.Өнер алды -...(қызыл тіл)
2.Айтылған сөз-...(атылған оқ)
3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан... (інінен шығар )
4. Оқу инемен.....(құдық қазғандай)
5.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )
6.Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

7.Өз елім… (өлең төсегім)


3 - топ

1.Батыр туса ел ырысы…(жаңбыр жауса жер ырысы)

2.Балалы үйдің…(ұрлығы жатпас)

3.Оқу- білім бұлағы…(білім-өмір шырағы)

4.Тіл тас жарады…(Тас жармаса ,бас жарады)

5.Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

6.Тіліңмен жүгірме,.(Біліммен жүгір) 7. Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас) IY бөлім: «Жорға» 1 топ
1. Жизнь-өмір, уголь-(көмір)
2. Число-сан, кровь-(қан)
3. Молоко-сүт, жди-(күт)
4. Человек-адам, шаг-(қадам) 2 топ
5. Таможня-кеден, пол-(еден)
6. Зуб-тіс, дело-(іс) 5. Лето-жаз, гусь-(қаз)
6. Игра-ойын, шея-(мойын) 3 топ
1. Возьми-ал, мед-(бал)

2. Рыба-балық, народ-(халық)
3. Дверь-есік, колыбель-(бесік)
4. Город-қала, ребенок-(бала)
Y бөлім: «Дода» 10 сұрақ беріледі. 1 сұрақ- 1 ұпай 1 топқа 1. Білім ордасы? (Мектеп) 2. Қ.Р президентіміз кім? (Н. Ә. Назарбаев) 3. Көру мүшесі? (Көз) 4. 16- желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік) 5. Төрт түлік малды ата? 6. Сөз неден құралады? (Әріптен) 7. Оңға- ? (Солға) 8. Күз айлары? (Қыркүйек, қазан, қараша) 9. Жылқының төлі? (Құлыншақ) 10. Қысы- жазы бір түсті ағаш? (Шырша) 2 топқа 1. Астанамыз қай қала? (Астана) 2. Аң патшасы? (Арыстан) 3. Есту мүшесі? (Құлақ) 4. 8- наурыз кандай күн? (Халықаралық әйелдер күні) 5. Сиырдың төлі? (Бұзау) 6. Ең айлакер жануар? (Түлкі) 7. Қыс айлары? (Желтоқсан, қаңтар, ақпан) 8. Асты- ? (Үсті) 9. Іші қызыл, сырты жасыл? (Қарбыз) 10. Адамның досы? (Ит) 3топқа 1. Сен тұратын қала? (Жетісай) 2. Байланыс құралы? (Телефон) 3. 1 қыркүйек қандай күн? (Білім күні) 4. Дәм сезу мүшесі? (Тіл) 5. Ең қорқақ дала жануары? (Қоян) 6. Қойдың төлі? (Қозы) 7. Балаларға білім беретін кім? (Мұғалім) 8. Көктем айлары? (Наурыз, Сәуір, Мамыр) 9. Жоғары- ? (Төмен) 10. Ас атасы? (Нан)

Y I бөлім «Кім білгір?»

 10 сұрақ беріледі, әрбір сұраққа бір ұпайдан.


1- топ «Миллион»

1.Бірлік болмай, (тірлік болмас)

2.1 сағаттанеше минут бар? (60 минут)

3.Төрт түліктің пірін ата? (Түйе пірі – Ойсылқара, жылқы пірі – Қамбарата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопаната, ешкі пірі – Шекшеката)

4. Жұрнақтың қызметі қандай? (Сөздің мағынасын өзгертеді)

5. Әліппеде ең бірінші тұрған әріп ? (А)

6. Түнде аспанда ұсақ  не көрінеді ? (жұлдыз)


2- топ «Байдың қыздары »

1. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)

2. Оқусыз білім жоқ, (білімсізкүніңжоқ)

3. Сабақ арасындағы бос уақыт? (үзіліс)

4. Аптаның бірінші күні ? (дүйсенбі)

5.Тақтаға немен жазамыз? (бор)

6. 7 саны неше таңбалы сан ? (бір таңбалы)


3 – топ «Сырдария»

1. Кесіндіні немен өлшейміз ? (сызғышпен)

2.5 сағатта неше минут бар? (300)

3.Етістік сөйлем мүшесінде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш) 4. Дәптерге немен жазамыз? (қалам)

5. Сенің атаң әкеңе кім? (әке)

6. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

 YII бөлім "Cөз тапқанға қолқа жоқ”.(топ басшыларына сұрақтар)

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру. Жауабы 1 ұпаймен бағаланады. (балалар әріп жасырылған стикер таңдайды)

1.»Миллион» тобына сұрақтар:
1. Тілді қадірлейсің бе? 2. Таңертең не жедің? 3.Дәрігер не істейді?
4. Тілде сүйек бар ма? 5.Досыңа не сыйлайсың? 6.Сенің күшің көп пе?
7. Қандай сыйлық алғың келеді? 8.Ағылшын тілін білесің бе? 9.Досыңның есімі кім?
10. Қазақша сөйлеуге қызығасың ба? 11.Көршіңмен татусың ба? 12.Шашың ұзын ба?
13.Бүгін не істедің? 2 «Байдың қыздары» тобына сұрақтар 1.Кеше қайда болдың? 2.Шаршағанда не істейсің?
3. Асықты неден алады? 4.Диктантты қалай жаздың? 5.Сабаққа бардың ба?
6. Тілі ұзын адам қандай адам? 7.Момын адам қандай болады? 8.Ұзын бойлы адам қандай?
9. Тіл үшін не істейсің? 10.Хайуанаттар бағында не бар? 11.Гүлді қалай өсіресің?
12. Нанды немен кесесің? 13.Отбасың қандай? 3 «Сырдария» тобына сұрақтар
1. Қазақ тілі әлемдегі бай тіл ме? 2.Шайды немен ішесің?
3. Тілін жоғалтқан ұлт не істейді? 4.Үй тапсырмасын орындамасаң не істейсің?
5. Кітап оқығанды ұнатасың ба? 6.Ереже білесің бе?
7. Тілді жоғалтпау үшін не істеу керек? 8.Қандай мамандық ұнайды?
9. Мектепке немен келдің? 10.Есепті қалай шығарасың?
11. Көршіңе барып тұрасың ба? 12.Киімді қалай үтіктейсің?
13. Түнде аспанда не болады?

Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз мәресіне жетті. Жинаған ұпай санына байланысты жеңген топты марапаттаймыз.
Бүгінгі ойынға өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!