Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалдық сайыс: "Ой мен ойын" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәнаралық байланысты, бағдарламада берілген ортақ тақырыпты қамту. Оқушылардың дүниетану, жаратылыстану, математика, әдебиет және қазақ тілінен білімдерін жинақтап, тереңдету. шығармашылыққа баулу. Ой-өрісін кеңейту. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Қызығушылығын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интеллектуалдық сайыстың тақырыбы: Ой мен ойын

Сайыстың мақсаты:

1.Пәнаралық байланысты, бағдарламада берілген ортақ тақырыпты қамту. Оқушылардың дүниетану, жаратылыстану, математика, әдебиет және қазақ тілінен білімдерін жинақтап, тереңдету.

2.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3.Топпен жұмыс істей отырып,өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа, топта жылдам байланысқа түсуге баулу.

Ресурстар: АКТ, мадақтау медальдары, сыйлықтар, білімдінің қалпағы, топ аттары жазылған таяқшалар, кубизм стратегиясы, білім ағашы, стикерлер.


Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 «Ә» және 2 «Г» сынып оқушыларына «Ой мен ойын» атты интеллектуалдық сайысын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберге тұрып, амандасу

-Алақанды ашайық,

- Күннің көзін жасайық,

- Таза ауаға қол сермеп,

- Жүрек жылуын жасайық.

- Мейірімділік шоғын біз,

- Қонақтарға шашайық.

-Сәлеметсіздер ме!

- Здравствуйте!

- Good morning!
Байланыс жүйелерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1- «Ватсап» тобы
2 - «Вк» тобы
3 - «Инстаграмм» тобы

4- «Фэйсбук »

Топтың ережесімен таныстыру

1. Тыныштық сақтау

2. Бірлесе жұмыс істеу

3. Бір бірің тыңдау

4. Уақытты үнемдеу

5. Тез ойланып, шапшаң жауап беру.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.


Жоспары

  1. «Сен білесің бе?» сұрақ жауап сайысы

  2. «Ғажайып математика» логикалық тапсырмалар сайысы

  3. «Құпия сандық» /орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сайыс/

  4. «Ойлы болсаң, озып көр» /әдебиет, қазақ тілінен сайыс/


«Сен білесің бе» / әр топқа дүниетану, жаратылыстану пәндерінен сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылады/

Егер білмей жатсаңыздар «келесі сұрақ» деп айтасыздар


1.Өсімдік бөліктерін ата - тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс.

2. Кірдің болмауы нені білдіреді? –тазалық

3. Адамдарды емдейтін маман - дәрігер

4. Жер бетінің кішірейтіліп жасалған суреті қалай аталады? Карта

5. Қиын сәтте қол ұшын беретін және көмектесетін адам –Дос

6. Дене мен киімді таза ұстау – гигиена

7. Мемлекеттік құрылыс деген ұғымды білдіретін сөз. – Республика

8. Шегі жоқ кеңістік – ғарыш

9. 1жылда неше мезгіл бар? 4

10. Көру мүшесін ата –Көз

11. Құмырсқа қандай жануарлар тобына жатады? Бунақденелілерге.

12. Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. / Кітап /

13. Мемлекеттің бас қаласы -Астана.

14. Аптаның қай күні қасиетті? Жұма



  1. Көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал / тұсбағдар /

  2. Сезім деген не? Эмоция

  3. Бірге тұрып жатқан жақын туыстар тобы /отбасы /

  4. Кітап, газет, журнал сақталып, оқуға берілетін орын / кітапхана /

  5. Көшпелі халықтың тасымалданатын баспанасы / киіз үй /

  6. 1 күнгі істердің орындалу реті / күн тәртібі /

  7. Өткен заманда өмір сүрген көшпенді тайпа /ғұндар /

  8. Мектептегі негізгі тұлға / мұғалім /

  9. Шөлге төзімді жануар / түйе /

  10. Жылан, кесіртке, тасбақа жануар тобының қайсысына жатады?

Бауырымен жорғалаушылар

  1. Иіс сезу мүшесі – Мұрын.

  2. Қазақстанның әр азамаына берілеін заңды мүмкіндік / құқық /

  3. 1 жасқа дейінгі баланы қалай атайды? - Сәби

  4. Бәйтерек монументінің биіктігі қанша метр – 97 метр



  1. Атақты сақ ханшайымы кім? / Томирис/

  2. Тұңғыш президент күні / 1 желтоқсан /

  3. Мемлекеттік туда не бейнеленген? / Қыран құс, күн, ою/

  4. Тамақтануға арналған арнайы бөлме / асхана/

  5. Алғашқы адамдар қайда тұрған / Үңгірде /

  6. Әр азамат орындауға тиісті абыройлы борыш. / міндет /

  7. Жазу жазатын орын деген ұғымды білдіретін араб сөзі /мектеп /

  8. Табиғи дыбыс көздерін ата. / адамның дауысы, жапырақтың сыбдыры, құстың сайрауы, бұлақтың сылдыры /

  9. Өсімдіктің өсіп, піскен кезде беретін өнімі –Жеміс

  10. Жұлдыздарды бақылауға арналған құрал – телескоп.

  11. Жүру, тұру қызметін атқаратын адамның дене мүшесі. /аяқ /

  12. Қыс айларын ата. / желтоқсан, қаңтар,ақпан /

  13. Баласын сүтімен қоректендіретін жануарлар – / сүтқоректілер /

  14. Шипалы сусын / қымыз/



  1. Адамның қандай дене мүшелері бар? Бас, мойын, дене, аяқ, қол

  2. Тіршілікті иелерінің демалып, тынығу кезі. / Ұйқы /

  3. Тәртіп бар жерде не бар? / тәрбие /

  4. Адам денесін ұстап тұратын сүйектер жиынтығы / қаңқа /

  5. Көктем айларын ата / наурыз, сәуір, мамыр /

  6. Айналаны жарықтандыратын сәуле / жарық /

  7. Адамдардың басқа жерге орын ауыстыруы / қоныс аудару/

  8. Түйенің сүті қалай аталады? / шұбат /

  9. Ауырған кезде көмекке келетін жедел жәрдем номері – 103

  10. Ертеде адамдар қайда жазған? / тасқа /

  11. Қазақша жыл басы / наурыз /

  12. Отан үшін аянбаған қаһарман батыр / Бауыржан Момышұлы /

  13. Адамдардың арнайы өсіріп, күтім жасайтын, қолға үйретілген жануарлар.

/ үй жануарлары /

  1. Уақытты анықтайтын құрал - / сағат /


  1. « Ғажайып математика» логикалық тапсырмалар сайысы

Кубизм стратегиясы бойынша ұяшық таңдалып, сол ұяшықтың тапсырмасын орындайды. Орындаған тапсырмаға балл беріледі.


  1. «Құпия сандық» /орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сайыс/

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша ) айтуларың керек.Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

  1. Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга - book)

  1. Қоймасын қыс атқарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)

  1. Бірін-бірі қоштаған,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква - letter )

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - ruler)

  1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц - rabbit)

  1. Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды. (мысық –кошка - cat )

  1. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса - fox)

8. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. ( қалам – ручка - pen



  1. «Ойлы болсаң, озып көр» /әдебиет, қазақ тілінен сайыс/

А.Ж.Егизбаевтың «Микс жаттығуы» бойынша жүргізіледі.

1-топ Менің мектебім /Эссе жазады /

2-топ Менің мектебім /Постер құрайды/

3-топ Менің мектебім / Өлең құрайды /

4-топ Мәтін бойынша сахналық қойылым жасайды.




Қорытындылау :

- Сонымен біздің сайысымыз да өз мәресіне жетті.

- Марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз.Осымен сайыс аяқталды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2019
18785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12