Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Демеукулова Гаухар
Муратовна
«Бақанас аграрлы – индустриалдық
колледжі» МКҚК
колледж
әдіскері
Интерактивті әдіс ол білім алушы
белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын әдістердің бірі.
Ол білім алушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту,
яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді.
Мұнан ары қарай "интерактивті оқыту" терминінің мазмұны
түсіндіріледі, біз бұл оқыту түрін не үшін, қайда қолдануымыз
керек, сонымен бірге оны сабақ барысында сенімді түрде және үнемі
қолдану керек. Атап айту керек, ұсынылып отырған әдістер кез келген
сабаққа, кез келген деңгейге қатысы
бар.
Интерактивті үдеріс дегеніміз – оқу үдерісіне
қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің
мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Интерактивті әдіс оған
қатысушылардың қарым-қатынас жасауының жоғары қарқындылығымен,
өзара қызмет алмасуымен, қызмет түрлерін ауыстырумен және
түрлендіруімен, процессуалдылықпен (қатысушылар жағдайының
өзгеруімен), олардың өз қызметін мақсатқа бағыттау түріндегі
рефлекциясымен сипатталады.
Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл
сабақ барысындағы білім алушы- білім алушы, білім алушы-оқытушы
арасындағы жоғары деңгейдегі өзара әрекеттер. Мұндай өзара
әрекеттер көбіне, ұсынылған шешімнің қаншалықты қажеттілігіне және
де мәселелердің қандай жолдармен шешілетін нұсқаларын талқылау
формасында жүзеге
асырылады.
Мұндағы ең бастысы, жауаптың өзінен де
мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсіну.
Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес, білім
алушылардың өз бетімен жауап табу дағдыларын қалыптастырумен
байланысты болып отыр және педагогикалық өзара ықпалдастық
әрекетіне қатысушылардың мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту
және жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе,
әрбір қатысушы өз мінез- құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы
түрде меңгереді.
Интерактивті үдерісті ұйымдастырудың жетекші
қағидалары:
- ойлау қызметін ұйымдастыру;
- мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;
- таңдау еркі;
- рефлекцияны ұйымдастыру.
Интерактивті әдіс өзара әрекет түрін және кең
көлемдегі тапсырмаларды қамтиды. Бірақ та қандай әдістемелік
тәсілдер болмасын, негізгі білім көздері білім алушының өз
өміріндегі тәжірибесі болып табылады. Оқыту барысында білім
алушылармен өзара әрекеттер
болады:
- оқытушымен ( яғни білім алушы оқытушынің
сұрақтарына жауап бергенде);
- шақырылған адамдармен (немесе топ басқа мекемеде және адамдардан бірге);
- басқа білім алушылармен (жұптық жұмыс);
- шағын топта (3-5 білім алушы);
- үлкен топта (рөлдік ойындар/дебат, топтағы талдау және т.б.);
- білім алушылар тобы және тұрғындар (білім алушылар әлеуметтік сұрау жүргізеді);
- кейбір техниканың түрлері (мысалы, компьютермен).
Интерактивті оқыту әдісін ұйымдастырудың
негізгі ережелері:
Бірінші ереже. Жұмысқа барлық білім алушылар
қатыстырылуы керек, осы мақсатта пікірталас әрекетіне барлық
қатысушыларды тартатын технологияны таңдау
маңызды.
Екінші ереже. Қатысушыларды психологиялық дайындау қажет. Мұндай жұмыс түріне барлық қатысушылар бірдей дайын болмауы мүмкін. Осыған байланысты қатысушыларды үнемі мақтап, өзін көрсетуге мүмкіндік беріп отыру керек.
Үшінші ереже. Интерактивті оқытуда қатысушылар саны көп болмау керек, 25 адамнан артпауы керек. Тек осы жағдайда ғана, аз топпен жемісті, дұрыс жұмыс жасауға болады.
Төртінші ереже. Жұмыс жасауға арналған жердің дайындығы. Білім алушылар топ-топпен және жалпы түгелдей сыйуы үшін жайлылық қажет.
Бесінші ереже. Жұмыс уақытын нақты белгілеу. Бұған жұмыс басында келісіп, оны бұзбау керек. Әркімнің сөз сөйлеуге құқылы екендігін есте сақтау керек.
Алтыншы ереже.Топтарға бөлу кезінде түсіністікпен қарау керек. Бас кезінде өз еріктерімен, қалауынша бөлінуін қамтамасыз ету. Содан кейін кездейсоқ таңдауды пайдалануға болады.
Интерактивті оқытудың міндетті шарттары:
- Оқытушы мен білім алушылар арасында сенімді қарым-қатынас;
- Демократиялық стиль;
- Оқытушы мен білім алушылар арасындағы әріптестік қарым-қатынас;
- Білім алушылардың жеке тәжірибесіне сүйеніп оқу процесіне жақсы мысалдар ең рөлдерді қосу;
- Ақпарат берудің формасы мен тәсілдерінің әр түрлілігі, білім алушылар іс-әрекеті мен жеке
белсенділігінің әр түрлілігі.
Сабақ барыснда қолданылған интерактивті
оқытудың негізгі формаларына
тоқталайын.
"ДЖИГСО" әдісі. Мында кіші топтарға бөліну
арқылы әр білім алушы өзіне белгілі бір міндет жүктеледі. Олар: топ
басшы(лидер), баяндамашы(спикер), хатшы, хатшы көмекшісі, уақыт
үнемдеуші(тайм-гипер). Әр топқа белгілі тір тараудың тапсырмаларын
топқа бөліп береді. Топ берілген тапсырманы әрқайсысы оқығаннан
кейін, топ басшысы топ мүшелеріне түсіндіреді. Келесі кезекте топ
басшысы өз мүшелерін басқа топтарға өкіл ретінде жібереді. Ал топ
басшысы басқа топтан келген өкілдерге өзінің тапсырмасын
түсіндіреді. Өкілдер басқа топтың тапсырмасын түсінгеннен кейін топ
басшысына айтады. Соңында бірлесе отырып тапсырманы постерге салып
қорғайды.
"Қарлы кесек" әдісі. Бұл әдісте шағын топтарға бөлінеді. Бірақ тапсырма әр топ мүшесіне жеке-жеке беріледі. Әр білім алушыға арнайы литерлер беріледі(Мысалы: А тобы. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 басқа топтарда т.с). Әр білім алушыға бағыттау парақтары беріледі. Білім алушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орындарға отырады(Мысалы: №1 үстелге А-1, В-1, С-1, Д-1, Е-1 т.с). Үстел басындағылар кезек-кезекпен өз тапсырмаларын түсіндіреді, басқа білім алушылар тыңдап отырады. Топ мүшелері тыңдап болған соң, әрбір білім алушы өзі жауабын неғұрлым қызықты, жоғары танымдылықпен айтқан білім алушының тұсына "ең жақсы сөйлеуші" жолына жазып алады. Барлық тур біткеннен соң білім алушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, оқытушы олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы команда анықталады.
"Рөлдік" ойыны. Рөлдік ойынды үй тапсырмасын, алынған білімді және тағы басқа әрекеттерді тексеру үшін де пайдалануға болады. Бұл үшін топ 4 топқа бөлінеді, мұнда топтар "сарапшы", "сыншы", "қорғаушы", "сөйлеуші" болады. Әр топтың тапсырмалары әр түрлі, бірақ берілген тапсырмалар бір деңгейде болуы шарт. "Сөйлеуші" тобы өз тапсырмаларын қорғайды, оны "сыншы" тобы жауаптарының осал, мәнсіз тұстарын айтады, "қорғаушы" тобы сыншы тобы айтқан сындарын жоққа шығарады, мақтайды, "сарапшы" тобы қорытындылайды, берген есептерін талдайды, толықтырады. Келесі кезекте топтар атаулары ауыстырылады. Барлық топ берілген рөлдерді орындап шығады.
"Өрмекші" ойыны. Топ 4 немесе 5 білім алушыдан топтарға бөлінеді, әр топтағы білім алушылар нөмірленеді. Тақтаға өрмек сызылады, тапсырмалар үш деңгейде жазылады. Әр білім алушы өз нөмеріне байланысты тапсырмаларға дайындалады. Тапсырма орындалғаннан кейін бірдей нөмірдегі білім алушылар топтасады, сұрақтар бойынша талдау жүргізеді және өздерін бағалайды. Оқытушы сұрақтардың дұрыс жауаптарын береді. Дұрыс жауаптар арқылы білім алушылар бірін –бірі бағалайды. Қайтадан өз топтарына келіп отырады, өз сұрақтары бойынша материалдарын түсіндіреді және бір-бірін бағалайды.
Интерактивті әдістерді әр сабағымда кеңінен қолданамын. Әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың білімінің тұрақталығы, беріктігін, оқуға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерінің арттыруы, өз-өздерін бағалай алуы мүмкіндіктер туғызды.