Интерактивті тақтамен оқытудың әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интерактивті тақтамен оқытудың әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интерактивті тақтамен оқытудың әдеттегі оқытудың әдісінен айырмашылығы көп емес.Мұғалім қолданатын технологиялық құралдарға қарамастан,сабағы сәтті өткізудің негіздері бірдей.Ең алдымен,кез келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары,құрылымы болуы керек.Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгеруіне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіруге септігін тигізеді.Қалыпты мектеп сабағын,қазіргі педогогикалық және оқытудың ақпараттық технологияларын ескере отырып,интерактивті оқыту әдістерінің төмендегідей жетілу мүмкіндіктері бар:

  1. Модельдерді жасау және көрсету,презентациялар.

Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп,интерактивті тақтаға үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды түсініуді анағүрлым жақсартуы мүмкін.

  1. Оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыру.

Сабаққа қатыстырып,қызықтыру интерактивті тақта қолдану есебін ұлғаюы мүмкін.

  1. Сабақтың қарқыны мен барысын жақсартыу

Итерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын,қарқыны мен барысын жақсартуы мүмкін.

Модельдерді жасасу және көрсету, презентциялау

Итерактивті тақта –сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал.Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін(визуалды)ресурс.

Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор.Оқушылар меноқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады.Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп,қиын мәселерді шешуге көмектесе алады.

Оқушылар өздерінің жаңа ойларын,идеяларынәсерлі,тартымды етіпкөрсетуүшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді.Бұл тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор.Сондай-ақ оқытушыларды үшін абстракты ойлар мен концепцияларды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық.Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгеруге болады немесе жаңа объектілерді жасауға ,жылжытуға да тиімді.Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады.Осылайша бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұсылады.

Белсенді тұрде қатыстыру.

Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстады, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшінде интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқутушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады.

Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді.

Сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту.

Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын ала дайындап, қолданылатын басқа ресурстарға бекітуге болады. Құрылымы сол бұрынғы - интерактивті тақтаны қолдану, қолданбауы маңызды емес.

Соңғы уақытта біз білімді ақпараттандыру туралы жиі естиміз. Мұның астарында компьютеризациялау - бұл әдетте техникалық пәндерді оқытытын компьютерлік оқу бөлмелерін құру десек болады. Бірақ «ақпараттандыру» термині анағұрлым кең түсінілуі қажет. «Интернетке шығатын информатика оқу бөлмесіне» қарағанда, ақпараттандыру нәтижесі айтарлықтай үлкен мүмкіндіктер туғызуы мүмкін.

Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар:

  • Веб- сайттар және басқа да ресустар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез келген қосымшаларыдың, әрі веб – ресустардың үстінен жазыға, көп уақыт шығындамай – ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады;

  • Түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады;

  • Ұжымдық жүмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады,жеке және әулеметтік дағдыларын жетілдіреді;

  • Оқтыудың түрлі стильдерін қолдануды(белгілі бір қажеттілікке икемделе отырып,мұғалім барлық мүмкіндігі бар ресурстарға иек артуына болады);

  • Сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді;

  • Өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файылдарды сақтауға мүмкіндік береді;

  • Сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді;

  • Педагогтар жасаған материалдарды қолдануды ,бір-бірлерімен материал алмасуларин қамтамасыз етеді;

  • Педагогтарды кәсіби тұрғыдан өсіуге ынталандырады.

Кез келген білім барысының назарында, мұғалім білімге жетелейтін оқушы тұр. Егер де оқушы «Керек» деген ынтадан « Маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтаға келсе, онда бұл жолдың қуанарлықтай және жемісті болғаны. Бұл міндетті шешу оқыту барысында интерактивті тақта қолдануға себеп болар еді.

Білім беруде компьютерлік технологияның барлық мүмкіндіктерін интеграциялау оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, белсенді бағыттарын ынталандыруға көмектеседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі