Материалдар / Интернет туралы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интернет туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушыларға, мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
1249
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интернет тарихы

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANETдеп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.

Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.

1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.

1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.

1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.

1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.

1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.

1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.

1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.

1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.

1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).

1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.

1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.

1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.

1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.

Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.

Интернеттің жетістіктері

Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернет -пен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.

Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.

Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.

Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернет-ке сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.

Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады.

Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.

Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.

Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады.Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.

Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.

Қазақстандағы Интернет

1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық компанияларының басқаруымен телекоммуникация ассоциациясы деген жаңа ұйым пайда болды .

Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты - кәсіпорынның іскерлігін байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын, ақпараттық технологияны пайдалану және байланыс қызметін ұсыну.

Ассоциацияның негізгі сан есебінде: отандық және шетелдік операторлар арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету көзделген. Осыған орай - тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де қамтиды.

Мұнда электрондық World Wide Web- тің өсуімен қоса, көптеген қызықты және арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта әртүрлі анықтамалар, каталогтар және мәліметтер қоры (солардың ішінде неше түрлі керекті тақырыптар ақпараты бар ) кіре бастады. Мысалы, сайтта өзіңізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап алып, сол фильм туралы толық анықтама алуға болады. Оның жанрын, актерлік, режиссерлік бөлімін және фильмнен бірнеше кадрларын көрсетіп шығарады. Сол жерден сізді қызықтыратын кино актерлері , режиссерлері және дауыс операторлары жайында толық мәлімет ала аласыз.

World Wide Web - қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін. Электронды Web - құжаттарды принтерде басу үшін емес, компьютер экранында қарап шығуға арналған. Web-парақтарды қарап шығуға арналған программалар браузерлер деп аталады .

World Wide Web түп-түгел гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін - мәтінің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық түрде ұсынылған мәтін.

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік, оның қай жерде екенің бізге белгілі болсын. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық. Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol-FTP).

FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындау керек. Оның бір мысалы мынадай болу керек: Open named password-FTP -серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

  • Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау,

  • Қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonymous,

  • Password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі.

Интернеттің негізгі принциптері

Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.

IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.

Интернет қызметтері

Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:


Адамзатқа ғаламтордың пайдасы 

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. 

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. 

Ғаламтордың денсаулыққа зияны

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес. 

Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.      

Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. 

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. 

Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз. 

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу - баланың айналасындағы адамдармен бетпе - бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра - күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т. с. с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет - ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды - таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние

Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады 
1.Алысты жақындату 
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 
3.Сана-сезімді жоғарылату. 
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. 
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды 
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; 
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; 
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға; 
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға; 
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға; 
- Қаржылық операциялар жасауға; 
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын). 
. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек, 
Пайда не залал ма ескерілмек, 
Көргенің естігенін есепке алса, 
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек. 
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. 
Тыңдағандарыңызға рахмет! 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!