Интернетте жұмыс істеудің қандай қауіп-қатері бар?

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интернетте жұмыс істеудің қандай қауіп-қатері бар?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік

5.3. Интернетте жұмыс істеудің қандай қауіп-қатері бар?

Мектеп: №64 А.Байтұрсынов жоббм.




Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Купекова Болғанай



Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Оқу мақсаттары

5.4.2.1 біреудің жұмысын көшіру заңсыздығы туралы айту;



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • интернетте ақпараттың қорғалуы мен плагиат ұғымын анықтайды.



Көптеген оқушылар:

  • интернетте ақпаратты пайдалану кезіндегі заң бұзушылықтарды салыстырады.



Кейбір оқушылар:

  • интернеттегі ақпараттардың авторлық құқықтарының қорғалуының маңыздылығын тұжырымдайды.



Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Сабақта қолданылатын термин сөздер.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

авторлық құқық

авторское право

copyright

дереккөз

источник

source






Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Үй тапсырмаларын орындай алмаған сәттеріңде не істейсің?

  • Сабақта берілген тапсырма, жобаларды орындауда интернеттен алынған ақпаратты қай дәрежеде пайдаланасың?

  • Авторлық құқық деген не?

  • Интернеттен алынған ақпараттарға не үшін сілтеме келтіру керек?





Алдыңғы алған білімі

Компьютерлік желілер. 3-сынып.





Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, Ағылшын тілі, Жаратылыстану.





Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.





Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



7 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу. «Сыйқырлы таяқша» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңілді ахуал орнату.

Топқа бөлу:

1-топ: «Интернет»

2-топ: «Ақпарат»

Өткен сабақты пысықтау:

Оқушылар үй тапсырмасына берілген кестеден өтілген сабаққа байланысты сөздерді табады.

ф

қ

а

т

қ

ы

л

ж

и

и

а

л

д

и

с

к

ш

ы

у

а

т

қ

е

о

п

т

и

к

а

л

ы

қ

м

ш

а

у

д

и

о

т

а

с

п

а

Жауабы: қатқыл, диск, аудиотаспа, флеш, оптикалық.

Өткен сабақты пысықтау:

Word wall ресурсы арқылы сұрақ-жауап алу

Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Сәлемдеседі, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.









https://wordwall.net/ru/create/editcontent?guid=e7df63c997d346918a75342b09516a08



Сабақтың ортасы

3 мин


Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация)


Практикалық жұмыс орындау

Тапсырма

Отан, туған жер туралы өлең және отанымыздың кең байтақ жерін, табиғатын суреттейтін сурет кірістірілген мәтіндік құжат дайындаңдар.

Практикалық тапсырманы орындау алгоритмдері:

1. Мәтіндік редакторды іске қосыңдар. Браузерді іске қосыңдар.

2. Браузер көмегімен интернетке кіріп, іздеу серверінің мекенжайын жазыңдар. Мысалы, www.yandex.kz .

3. Іздеу жолағына «Отан, туған жер» туралы өлеңдер деп жазып, Найти (Іздеу) батырмасын басыңдар. Браузер терезесінде пайда болған сайттар арасынан өздеріңе ұнаған өлең шумақтарын тінтуір көмегімен көшіріп алып, тікелей мәтіндік редакторға сақтаңдар.

4. Дәл осы әдіспен суреттерді іздеу алаңына «Отан, туған жер» туралы суреттер деп жазып, 3-пункттегі тапсырманы қайталаңдар. 110 111


Дескриптор:

  • интернеттен мәтін жүктей алады;

  • жүктеп алған мәтінді өз құжатына орналастырады;

Сергіту сәті:

Жұптық жұмыс

Ақпаратты заңсыз көшіру (плагиат) мен авторлық құқық жайлы талдай отырып, құрдастарыңның плагиат жасамауы үшін бірнеше қадамдардан тұратын ереже жобасын дайындап, оны ұсыныңдар.

Дескриптор:

  • плагиат ұғымын анықтайды;

  • авторлық құқық ұғымын анықтайды;

плагиат пен авторлық құқықты бұзбау ережесін ұсынады.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.





Сабақтың соңы

5 мин




1. Плагиат жайлы не білесіңдер?

2. Егер досың фотосуретіңді сенің рұқсатыңсыз әлеуметтік желідегі парақшасына орналастырса, онда не істер едіңдер?

3. Не үшін интернеттен біреудің еңбегін рұқсатсыз көшіруге болмайды деп ойлайсыңдар?

4. Егер интернеттен алынған деректерді өз сайтыңа жариялағаннан кейін ғана барып плагиат екенін білсең, ары қарайғы іс-әрекеттерің қалай болады?

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу

Рефлексия:

Jamdoard ресурсы арқылы кері байланыс жасау. Оқушылар сабақта 1.Мен үшін жаңалық болғаны ол.....

2.Бұгінгі сабақта үйренгенім.....

3.Маған қызық болғаны ....сұрақпен бөліседі.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.

https://jamboard.google.com/d/1jcErbTRtoDiP8-4lb6ZMnN5wSq7P95L9RIifmwxUx40/viewer?f=0







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2023
975
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі