жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
интернеттің пайда болуы
Интернеттің пайда болуына XX ғ. 60-жылдардың аяғында жарық көрген ARPANet есептеу желісі үлкен септігін тигізген. Бұл желіні Advanced Resaerch Project Agency деп аталатын АҚШ-тың үкіметтік ұйымы құрастырған болатын. ARPANet желісі орталықтандырылмағанына қарамастан, ақпараттық дестелер өздерінің белгіленген жерлерін тауып, қабылдаушының рұқсатымен есептеуіш құрылғысына енетін. Таратылатын десте қабылдаушыға әр түрлі жолдармен келетіндіктен, бұндай жүйе өте тұрақты әрі қолдануға тиімді еді.
80 жылдардың басында ақпарат таратуды басқаратын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы пайда болып, ARPANet желісіндегі ақпаратты тарататын басты ережелер топтамасына айналды. Дәл сол уақытта TCP/IP хаттамасының әр түрлі компьютерлік желілерді байланыстыра алатын мүмкіндігі белгілі болды. Бұл хаттаманың көмегімен әр түрлі желілер ұлттық, тіпті халықаралық деңгейде ақпарат алмасу мүмкіндігіне қол жеткізген. Осылайша интернет термині алғаш рет осындай «желілер желісін» белгілеу үшін қолданылған.
1989 жылы ARPANet жобасы тәмамдалады. 90-жылдардың басында дүниежүзіндегі ірі-ірі корпорациялар интернеттің көмегімен электронды пошта арқылы ақпаратты тарату мүмкіндігін көптеп пайдалана бастайды. Бірақ, Ұлттық ғылым фондының қаулысымен интернет желісін коммерциялық мақсатпен қолдануға тыйым салынып, оның толыққанды дамуын тежеген. 1991 жылы жоғарыда айтылған қаулы өз күшін жойып, интернет желісі жеке тұлғаларға, мекемелер мен өндіріс көздеріне қолжетімді болып, ғаламтордың дамуы жаңа деңгейге шықты.
1993 жылы Mosaic атты алғашқы графикалық браузер жарық көріп, осы тарихи оқиға интернеттің дамуына түрткі болған. 1993 жылы Netscape дербес компьютерлеріне арнайы жазылған браузердің коммерциялық нұсқасынан кейін өмірге Netscape Commerce Server келген. Бұл серверлік бағдарламаның көмегімен түрлі мекемелер веб-сайттарды жариялау мен web-парақтарын оқшауланған компьютерлерге жіберу мүмкіндіктерін алып, қорғалған желілер арқылы несие карточкаларымен де жұмыс істей алатын. Осылайша, 90-жылдары интернет технологиялар қарқынды дамып, нәтижесінде «желілер желісі» ақпарат тарату мен коммерциялық әрекеттерді жүзеге асыру механизміне айналды.
Интернет желісі әлемдік коммуникационды инфраструктураның маңызды бөлшегі болып табылады. Интернеттің дамығаны соншалық, қалтаңызда ұялы телефон немесе қалталы компьютер болса, желіге еш қиындықсыз еніп, ғаламторды шарлай бересіз. Теледидар, радио мен газет парақтарының орнын біртіндеп интернет желісі басып келеді.
HTML (ағылш. Hypertext Markup Language — «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арнаулы еренмәтін мен басқа ақпараттан тұратын веббеттерді жасауға арналған белгілеу тілі.
HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.
Мазмұны
Жалпы түсінік
HTML
HTML тілін британ ғалымы, Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женев (Швейцария) Еуропалық ядерлік зертеу орталығында жасалынған болатын.HTML алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған документті оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер сосын қосылған.
Браузерлер
HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай документтер әдетте .html немесе .htm форматтында болады ) тексттік документтер форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, және әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейс және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari.
Нұсқалары
-
HTML 0.9
-
RFC 1866 — HTML 2.0, стандарт ретінде таңылған 22 қыркүйектен 1995 жылдан бері;
-
HTML 3.2[1] — 1997 жылғы 14 қаңтарда;
-
HTML 4.0[2] — 18 желтоқсан 1997 жылғы;
-
HTML 4.01[3] (басты және маңызды өзгерістер) — 24 желтоқсан 1999 жылғы;
-
ISO/IEC 15445:2000[4] (ISO HTML деп аталатын, HTML 4.01 Strict нұскасы бойынша жасалған) — 15 мамыр 2000 жылғы.
-
HTML 5[5] — 28 қазан 2014 жылғы;
-
HTML 5.1 19 желтоқсан 2012 жылғы.
HTML-документінің құрылымы
HTML-документті таңбалауға арналған тег-ті тіл. Кез келген HTML тіліндегі документ элементтер жиынтығын көрсетеді, және әр элементтің басы мен соңы арнайы тег арқылы белгіленеді. Одан басқа, элементтердің арнайы қасиеттері бар атрибуттары бола алады(мысалы,font-элементінің түсі немесе шрифт өлшемі). Атрибуттар ашылып жатқан тег-тің ішіне жазылады. HTML-документінің фрагменттерінің мысалдары:
Екі тег арасындағы текст - ашылған және
жабылған. <a ="http://www.example.com">Бұл жерде элемент атрибуты бар,
ол гиперсілтемені білдіреді.</a> Бос элемент мысалы:
кез келген HTML-документ HTML нұсқасының спецификациясына жауап
беретін <!DOCTYPE…>
жолынан тұруы қажет, ол бұлай
көрсетіледі:
Мен бұл мақаламда HTML дегеннің не екендігіне тоқталып қана қоймай, HTML дің үйренуге қаншалықты жеңіл тіл екендігіне оқырмандардың көздерін жеткізгім келеді.Себебі, бұл тілді үйрену арқылы сіз қалай сайт жасалатынын сәл де болса ұғына аласыз.
HTML дегеніміз- ағылшынша HyperTextMarkupLanguage, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді.Осы тіл арқылы сайттың парақтары жазылады.
Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған.|
HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған.Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан.Ол W3C( World Wide Web Consortium) деп аталады.
1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші версиясы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 версиясы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді.Одан соң 3.2 кейін 4.0 версиялар пайда болады.
Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4.01 версиясын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.
HTML тегі деген не .
Сонымен, HTML тегі дегенді түсіну үшін төмендегі суретке назар салайық, ондағы бұрышты жақшаның ішінде орналасқан бір немесе бірнеше әріптерден тұратын сөздер сол "тег" дегенді сипаттайды.
Енді бұл тегтердің құрамына көз салайық.Олар ашық- жабық тегтер болып және сыңар тегтер болып екіге бөлінеді.
Енді осы гипертексті тілдің тәсілін пайдаланып, сайт парақшаларын қалай жазу керек екеніне тоқталайық.Оны жазу үшін әрине редактор керек және бұл үшін ең жақсысы Notepad ++ ті пайдалану керек.
HTML, HEAD, TITLE, BODY дегендер нені білдіреді.
Яғни, бұл жердегі <html>,</html>,<head></head>,<title>,</title>,<body>,</body> дегендер де HTML тегі деп аталады.
Бұл жерде жоғарыда айтып өткенімдей - HTML тегтері жұптасқан, яғни ашылатын, жабылатын тегтері бар және жалғыздара тег болып екіге бөлінеді.
<html> - парақшаның басын , ал </html> аяғын білдіреді.
<head> - бұл жерде парақшаның тақырыбы, қанадай кодировкада(кирилица ма әлде басқа тілде) сипаталатыны, жүктелетін басқа комекші программалар тізбегі т.с.сияқтылар жазылады.шаблонның бұл бөлігі сайт бетіне шықпайды.</head>
<body> - бұл тег парақшаның денесі деп аталады яғни бұл жерде HTML тегтерімен не жазылса сол сайт бетінен көрініс табады.</body>
Ал title - бұл сіздің web парақшаңыздың тақырыбы.
Оны да өте мұқият таңдау керек, себебі ол кейін сіз сайтыңызды Іздеу сайттары арқылы интернет бетіне шығарғанда адамдардың назарына тек ілігіп қана қоймай оны осы сіздің сайтыңызға кіретіндей қызығушылығын тудыруы керек.
Бірінші парақшаңыз құтты болсын!
Егер сіз әлі Notepad++ ті өз компьютеріңізге орнатпаған болсаңыз, онда әзірше Блокнотты қолданыңыз.
Төмендегі суреттер арқылы, сіздер HTMLтегі арқылы сіздің жазған сөйлеміңіздің қалай параққа айналғанын көре аласыз.Ол үшін алдыңғы суреттегі жазылғанның бәрін Блокнотқа көшіріп алыңыз да, оны файл қылып сақтап кейін ашыңыз.
Файлға өзіңіз қалаған атты қойыңыз да, кодировканы міндетті түрде UTF-8 мен сақтап жіберіңіз.Мен мысалы, "меніңПарағым" деп атадым.
Сақтап, компьютерге жазып болған соң оны ашыңыз.
Құттықтаймын, бұл сіздің бірінші парағыңыз, ғаламтор әлеміндегі өз орныңызға жасаған бірінші қадамыңыз.
DOCTYPE нені білдіреді.
Енді парақ(немесе документ деп те атайды) бетіндегі осы жоғарыда аталған атауларға тоқталып өтейік.
Төмендегі көрсетілген суреттегі жазылған сөйлем директива деп аталады.Яғни бұл директива бойынша біздің жазған документ алдында айтып кеткенімдей W3C стің стандарттарына бағыну керек.
Басқаша айтқанда әр браузер документті яғни сіздің жазған парақшаңыздың кодтарын осы W3C стандарттарына сәйкес талқылауы керек.
Негізінде HTML гипертексті тілінің барлық тегтер жиынтығы белгілі бір жүйе бойынша топтастырылып, W3C парақшасында стандарттар ретінде көрсетілген.Яғни, біз қолданатын әр бір тег сол стандарт бойынша жазылуы керек.
Оған көз жеткізгіңіз келсе, осы парақшаға мен көрсеткен сілтеме бойынша кіріп, Web Design and Applications бетінің төменгі жағындағы "Current Status of Specifications" деген бөлімдегі HTML дің ішіндегі HTML 4.01 Specification ге осы сілтемемен кіріп elements вкладакасын қарап шығыңыз.
Бұл жерде "O"-optional ( қалауыңыз бойынша) , "F" -forbidden (рұқсат етілмейді), "E" -empty (бос), "D" - depricated (қолданбауды ұсынады).
Мысалы, BODY ді алсақ, оның жабық тегін </body> ді жазбай-ақ қоюға болады, себебі қасында "O" тұр.
Бірақ, браузерлер олардың көрсетілген сайттарына кіріп, әр сайттың кодын қадағалап отыруы тіпті ақылға симайтын нәрсе.Сол себепті ешкім бұл үрдісті есепке алмайды, сол себепті оны ұзын-шұбақ қылмай тек қана "Doctype html" мен шектелуге болады.
H1, H2, H3, H4, H5, H6, p не үшін қолданады.
Бұлар да HTML тегтері деп аталады.Оларды түсіну үшін төмендегі суретке назаз салыңдар.
Мұндағы h1-h6 тақырыптарды белгілеу үшін, ал p абзац жазуға арналған.
Яғни, ағылшынша аттары айтып тұрғандай, сол өз мақсаттарында қолданылады."H" деген ағылшынша "Header"деп, яғни қазақша тақырып дегенді білдіреді.Ал "p"- "Paragraph", яғни бізше абзац дегенді білдіреді.
Абзац дегеніміз әлбетте, бір мағына білдіретін бірнеше сөйлемдер жиынтығын сипаттайды.Және де ол сайт парақшасының бетінде бір-бірлерінен бос кеңістік арқылы оқшауланып тұрады.Бұл ерекшелігі сайтты қарап отырған адамды жалықтырмайды деп есептелінеді.
Енді HTML гиперттексті таңбалау тілі арқылы шыққан парақшамызды көрейік, қалай болып шықты екен.
Меніңше бұл жерде р тегінен басқасының бәрі түсінікті сияқты, себебі ішіндегі жазғандарымыз төрт орынға жайласуы керек еді.Бірақ, олай болмады, себебі ол р тегінің функциясы осындай. Яғни ол екі тегінің ішіне жазылған сөйлемнің бәрін парақшаның еніне сиғанша толтырып шығады.Ал төрт орынды сөйлемдер жиынтығын алу үшін біз сыңар HTML тегі BR ды қолданамыз.
Енді осы HTML тегтері арқылы жазылған парақшамызды браузер арқылы көрейік.Нәтижесі төмендегідей.Бұлардың бәрі редактор Notepad++ арқылы жасалып отырғанын естеріңе салып кетейін.
HTML тегінің атрибуты деген не?
HTML тегінің атрибуты оның қасиеттерін сипаттайды.Төмендегі суретте мен мысалға сайттағы жүктелетін суреттің қасиеттерін, яғни атрибуттарын бейнеледім: ені - 200px, биіктігі - 50px.
HTML атрибуттары үш топқа бөлінеді:
1. Жалпыға бірдей ортақ атрибуттар.Барлығы алтау, оның тек көбіне төртеуі қолданылады: id, class, title, style.
2. Оқиға (событие) атрибуттары.Бұлар javascript кодында қолданылады.Мысалы, менің сайтымдағы әр мақаламның соңында пікір қалдыру деген түйме сондай атрибут арқылы іске қосылады.
3. Жеке өзіндік атрибуттары.Мысалы, <a></a> сілтемеге арналған тегте өзінің атрибуты қатар жүреді.
Қазіргі уақытта HTML тегтерінің басым көпшілігінің атрибуттары CSS арқылы сипатталып, жеке стильді файл ретінде HTML парақшасына жүктеледі.Сондықтан, атрибуттың мағынасы CSS ке арналған мақаламда үлкен орын алып сипатталады.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда
болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан
алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған
жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер
желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау
басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың
аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің
үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу
барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта
штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн
ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен
мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген
термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы
оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан
асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай
одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай
газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе
Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi.
Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар
iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық
агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем
беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен,
қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен
де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба
алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына
айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ.
Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып
, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды.
Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып
табылады.
Интернеттің пайда болу тарихы
Интернеттің пайда болуына XX ғ. 60-жылдардың аяғында жарық көрген ARPANet есептеу желісі үлкен септігін тигізген. Бұл желіні Advanced Resaerch Project Agency деп аталатын АҚШ-тың үкіметтік ұйымы құрастырған болатын. ARPANet желісі орталықтандырылмағанына қарамастан, ақпараттық дестелер өздерінің белгіленген жерлерін тауып, қабылдаушының рұқсатымен есептеуіш құрылғысына енетін. Таратылатын десте қабылдаушыға әр түрлі жолдармен келетіндіктен, бұндай жүйе өте тұрақты әрі қолдануға тиімді еді.
80 жылдардың басында ақпарат таратуды басқаратын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы пайда болып, ARPANet желісіндегі ақпаратты тарататын басты ережелер топтамасына айналды. Дәл сол уақытта TCP/IP хаттамасының әр түрлі компьютерлік желілерді байланыстыра алатын мүмкіндігі белгілі болды. Бұл хаттаманың көмегімен әр түрлі желілер ұлттық, тіпті халықаралық деңгейде ақпарат алмасу мүмкіндігіне қол жеткізген. Осылайша интернет термині алғаш рет осындай «желілер желісін» белгілеу үшін қолданылған.
1989 жылы ARPANet жобасы тәмамдалады. 90-жылдардың басында дүниежүзіндегі ірі-ірі корпорациялар интернеттің көмегімен электронды пошта арқылы ақпаратты тарату мүмкіндігін көптеп пайдалана бастайды. Бірақ, Ұлттық ғылым фондының қаулысымен интернет желісін коммерциялық мақсатпен қолдануға тыйым салынып, оның толыққанды дамуын тежеген. 1991 жылы жоғарыда айтылған қаулы өз күшін жойып, интернет желісі жеке тұлғаларға, мекемелер мен өндіріс көздеріне қолжетімді болып, ғаламтордың дамуы жаңа деңгейге шықты.
1993 жылы Mosaic атты алғашқы графикалық браузер жарық көріп, осы тарихи оқиға интернеттің дамуына түрткі болған. 1993 жылы Netscape дербес компьютерлеріне арнайы жазылған браузердің коммерциялық нұсқасынан кейін өмірге Netscape Commerce Server келген. Бұл серверлік бағдарламаның көмегімен түрлі мекемелер веб-сайттарды жариялау мен web-парақтарын оқшауланған компьютерлерге жіберу мүмкіндіктерін алып, қорғалған желілер арқылы несие карточкаларымен де жұмыс істей алатын. Осылайша, 90-жылдары интернет технологиялар қарқынды дамып, нәтижесінде «желілер желісі» ақпарат тарату мен коммерциялық әрекеттерді жүзеге асыру механизміне айналды.
Интернет желісі әлемдік коммуникационды инфраструктураның маңызды бөлшегі болып табылады. Интернеттің дамығаны соншалық, қалтаңызда ұялы телефон немесе қалталы компьютер болса, желіге еш қиындықсыз еніп, ғаламторды шарлай бересіз. Теледидар, радио мен газет парақтарының орнын біртіндеп интернет желісі басып келеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген