400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Иога жаттығулары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға орта топқа арналған дене шынықтырудан ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық Бөлімдері: Дене шынықтыру Тақырыбы: Хатко йога жаттығуы. Джунглидегі маймыл –Йога. Мақсаты: Хатха-йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіреді. «Арыстан қалпы», «Құс қалпы», «Балық қалпы»жаттығуларын жасай алады. Ертегі тыңдай отырып жаттығу жасауға қызығушылықтары артады. Йога жаттығулары туралы түсінікке ие.
Билингвальдық компонент: игра – ойын, ұлттық - национальная Әдіс-тәсілдері: 4К модельі,сұрақ –жауап,диалог, Көрнекіліктер: слайд,орман көрінісі.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.

Балалар маршпен залға кіреді.
-Физульт - салем Балалар бүгін сендермен Хатха йога жаттығуын орныдаймыз.( хатха йога жаттығуы туралы түсінік береді.)
- Жарайсыңдар балалар.
-Балалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз. Дайынсыңдар ма?
-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманды жалғыз аралауға болмайды,
Ол үшін бір – бірлеріңнен қалмауларың қажет.
Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір – бірінің артынан жүреміз
Орман ішімен жүреміз
Күнге қол созамыз
Аяқ ұшына тұрамыз Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз Аюға ұқсап маймаңдаймыз Аяқты көтеріп жүреміз Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.

«физкульт – салем!»



  • Күз

  • Жапырақтар түседі,күн суытады.





-Иә

-Орман ережесін айтады.



-Жарайды.



-Сапқа тұрады.

- аяқ ұшымен жүру

- аяқтың ішімен жүру

-аяқтың сыртымен жүру
-зат аттап жүру

-шеңбер бойымен отырады

Ұйымдастырушылық – іздеушілік
































Бүгін біз сендермен йога жаттығуларын жасаймыз және джунглидегі аңдар

туралы бір керемет ертегі тыңдаймыз. Қане бәріміз жайғасып отырып,

ертегіні тыңдайық.

Ерте-ерте-ертеде Йога атты бір кішкентай маймыл болыпты,

ол күнде таңертең тұрып джунгли

жұпарымен тыныстап қимылсыз отырғанды ұнатады екен.

Слайд№2

Қане бәріміз қолымызды ішімізге қойып йога секілді демалайық. Демімізді ішімізге алғанда ішіміз дөңгеленеді, ал сыртқа шығарғанда өз қалпына келеді. Қане бірнеше рет қайталайық, дем аламыз, сыртқа ауаны шығарамыз, тағы да бір рет өте жақсы. Слайд№3 Одан кейін Йога тұрып қолын жоғары көтерді өйткені ол қолымен ең биік ағаш бұтағына жеткісі келді, бәріміз қолымызды кезек көтереміз жоғары жоғары . Слайд№4 Кейде Йога заттарды астынан үстіне қарағанды ұнатады ол үшін біз аяқты бір бірінен алшақ қоямыз алға қарай еңкейіп аяғымыздың арасынан қараймыз. Слайд№5 Йога екі қолын созып біреуге құшағын ашқандай болды бұл қалыпта Йога өзін жұлдыз болып елестетеді екен . Слайд№6 Енді жұлдыз еңкейгенін көрсетейік алға еңкейіп сол қолымызды оң аяғымыздың жанына жерге тигіземіз және керісінше оң қолымызды сол жақ жерге тигіземіз. Тағы да жұлдыз болып құшағымызды ашамыз жаттығуды қайталаймыз. Слайд№7 Йога жан- жағына қарап Фламинго досын таба алмады.Фламинго болу үшін бір аяғымыздың табанын екінші аяғымыздың тізе тұсынатірейміз осы жаттығу тепе-теңдікті сақтауға үйретеді және арқамызды тік ұстаймыз қолымыз біздің қанатымыз, жайлап артқа жібереміз, енді керісінше екінші аяғымызбен осы жаттығуды жасаймыз. Керемет нағыз фламинго болдыңдар. Слайд№8 Осы мезетте Йоганың үстінен бір жыртқыш құс ұшып өтті одан сақтану үшін Йога алға қарай еңкейіп қалды қане біз де жыртқыш құстан қорғанайық ол үшін бір аяғымызды артқа жиберіп тіземізді бүгеміз, екі қолымызды тіземізге қоямыз. Солай йоганы құс айналып бірнеші рет ұшып өтті. Слайд№9,10,11 Йога енді құстан құтылдым дегенде алдынан мысық шығады ол ұйқыдан жаңа оянып керіліп тұр екен. Қане бәріміз мысықтарша созыламыз аспанға қараймыз, арқамызды созамыз, басымызды түсіріп жерге қараймыз, арқамызды бүкірейтеміз, сонан соң артқы аяқтарын кезекпен жоғары көтеріп созамыз. Мысық керіліп созылып ұйқысын аша алмай біраз тұрды. Маймыл мысықтың соңынан қимылдарын күліп қайталап тұрды. Слайд№12 Сонан соң Йога аяқтың ұшына тұрып денесін жоғарыға көтерді. Осы қалыпта Йога тауға ұқсап кетті, біз де тау сияқты биік болайық. Бір уақытта айнала бәрі тып-тиыш болып кетті. Слайд№13 Сонан соң өкірген бір дауыс естіледі бұл кім екен деп Йога қарап қалса, алдынан арыстан шыға келді кәне бәріміз арыстан қалпын өрсетейік өкшеде отырып қолымызды алға қоямыз, ішімізді аяғымызға тигіземіз содан кейін алға қарай ұмтылып ааааа деп айқайлаймыз. Слайд№14,15 Арыстан айқайлап болған соң бәрін қорқыттым ба деп жан-жағына қарайды,қолымызды бүйірімізге қойып оңға солға бұрыламыз. Арыстан «Менің балам жоғалып кетті бәрің іздеп табыңдар» -деп айқайлайды. Слайд№16 Оны естіген Йога Лотос гүліне мініп алып жан-жағына қарап арыстанды іздейді . Бәріміз лотос гүлін көрсетейік Слайд№17 Йога алға еңкейіп судың астын қараса, қане бәріміз Йога секілді судың астын қарайық. Слайд№18 Судың астында бір кішкентай балық жүзіп жүр екен, бәріміз балық болайық ол үшін аяқты алға созып шалқамыздан жатамыз шынтағымызбен жерге тіреліп басымызды шалқитамыз кеудемізді жоғары көтереміз. Слайд№19 Сол кезде Йога отырған гүл суға бата бастады Йога суда тұрған қайыққа секіріп түсті бәріміз қайық болайық. Аяғымызды алға созамыз сонан соң қолымызды алға жіберіп тіземізге тигізіп шалқайып отырамыз тепе-теңдік сақтаймыз. Йога қайықпен жүзіп келе жатқанда толқын кедергі жасады бәріміз толқын болайық қолды жоғары көтереміз алға еңкейіп қолды жерге тигіземіз, солай әйтеуір Йога жағаға жетті . Жағада Арыстанның баласы ойнап жүр екен Йога оны алып үйіне қайтты. Баласы табылған Арыстан қуанып ойын ойнайды. Қимылды ойын: «Төбеде доп қуу»
Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын біткен соң бәрі дем алуға жатады, балалар сендер де шаршаған шығарсыңдар қане бәріміз жатып дем алайық. Йога да жатып, болған оқиғаларды еске түсірді. Оның көз алдына мысық, ашуланған арыстан, балық бәрі елестеп жатты, бірақ Йога жақсы іс жасағанына өзіне қатты риза болды өйткені жақсы іс жасаған әрқашанда керемет. Осымен біздің ертегіміз аяқталды,
Слайд№19 Йога сендерге келесі кездескенше Сау болыңдар дейді, балалар, біз де Йогамен қоштасайық

Шеңбер бойына отырып ертегіні мұқият тыңдайды.







-Отырып үлгі бойынша қайталап жасайды.









-Қолдарын жоғары көтереді.



-Алға қарай еңкейеді.





  • Қолдарын ашып құшақ ашады.



  • Оңға,солға еңкейеді.













-Фломинго жаттығуын жасайды.













  • Алға еңкейеді.









  • Үлгі бойынша жаттығуды қайталап жасайды.













  • Тау болып тұрады.













  • Арыстан болып дауысын салады.







  • Оңға,солға қарайды.









  • Гүл жасайды.





  • Еңкейеді.



  • Балық болады.





  • Арлы-берлі шайқалады.





















  • Топқа бөлініп ойын ойнайды.









-Қошасады.

Реф-сивтік- түзеушілік

Релаксация арқылы балалар жасаған жаттығуларын еске түсіреді. Алған әсерлерімен бейвербалды түрде бөліседі.

  • Кездескен аңдарды атайды.

  • Саусақтарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

-Хатко йога жаттығуы туралы біледі.

-Дене икемділігі дамиды.

- Жаттығуларды жасай аплады.













Глубокое аудандық әкімшілігінің ҚМҚК

«Ясли сад «Асыл-бөпе» балабақшасы.















Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Хатко йога жаттығуы. Джунглидегі маймыл –Йога.»

«Күншуақ» орта тобы















Тәрбиеші: Қайрбек.А











2019 жыл

Өзіндік талдау.

Өткізілген күні: 29.11.2019ж

Топ: «Күншуақ» орта тобы

Бала саны: 10 бала

Өткізген тәрбиеші: Қайрбек Ақерке

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:«Дене шынықтыру»

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Тақырыбы: «Хатко йога жаттығуы.Джунглидегі маймыл–Йога»

Мақсаты: Хатко йога жаттығуы туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығудың пайдасы туралы айту. Хатха-йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету.Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіреді. «Арыстан қалпы», «Құс қалпы», «Балық қалпы»жаттығуларын жасай алады. Ертегі тыңдай отырып жаттығу жасауға қызығушылықтары артады.

Әдіс тәсілдер: Диалог,сұрақ жауап,көрсету,түсіндіру,ойын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі