400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

иология пәнін оқытуда оқушылардың зерттеушілік-шығармашылық және танымдық қабілеттерін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Биологияны оқытуды ұйымдастыруда пән мұғалімі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуы, қажетті біліммен қамтамасыз етуі, олардың есеп шығаруы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Биология пәнін оқытуда оқушылардың зерттеушілік-шығармашылық және танымдық қабілеттерін арттыру



Биологияны оқытуды ұйымдастыруда пән мұғалімі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуы, қажетті біліммен қамтамасыз етуі, олардың есеп шығаруы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруы айтпаса да түсінікті. Оқыту сапасын арттыру, өмірмен практиканы байланыстыру да күн тәртібінен түскен емес.

Оны шешудің бірден-бір жолы, атап айтқанда көрнекілік принципті компьютерлік технология құралдары арқылы жүзеге асырудың дидактикалық негіздемесін жасауға келіп тіреледі.

Өйткені, көрнекі түрде оқыта отырып, материалды игеруге ғылымилық және көрнекілік, белсенділік принциптерімен қамтамасыз етіп, оқушылардың логикалық ойлауын, эстетикалық қабылдауын, еңбектің қандай да бір түріне шығармашылықпен қарау деңгейін дамытып, жетілдіре түседі.

Ал «Көрнекілік» термині негізінен үш мағынада: объект ретінде, қандайда бір заттың қасиеті ретінде, адам баласының қандай да бір іс-әрекеті ретінде қолданылады. Көрнекілік түсінігі компьютерлік технологияның пайда болуына орай, соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады.

Осыған байланысты 7-11 сыныптарда биология пәнін оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолдану арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Бұл біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін айқындайды.

Мен бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай, әрi компьютерлiк технология негiзiнде жүргiзудi ұсынамын.

Мектептің биология пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бұл пәннің саласында онымен іргелес өзге де ғылым салаларындағыдай жаңа білім көлемі жедел қарқынмен дамып, отырғаны айтылып, осы нормативтік құжаттың мақсат-міндеттерін анықтауда ескерілген қоғамдық өзгерістің бірінде былай делінген: «...Қоғамның жоғары деңгейде ақпараттандырылуы, компьютерлік технология құралдарының кеңінен қолданылуы биологияны оқыту барысында оқушылардың алгоритмдік мәдениетін арттыруды талап етеді».



Биология сабағында зертханалық және практикалық жұмыстар танымдық белсенділікті дамытудың бір түрі болып табылады.

Олар білім алушыларға әртүрлі биологиялық нысандар мен процестерге қажетті зерттеу бақылауларын жүргізуге, талдау жасауға, салыстыруға, қорытынды жасауға немесе жалпылауға мүмкіндік береді.

Практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытып, пәнге деген танымдық, ізденушілік қызығушықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту - оқу үдерісінде, оның ішінде негізгі мектептің 7-11-сынып биология пәндерін оқытуда оқу құрал-жабдықтарды тиімді қолдану болып табылады.

Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу үдерісі барысындағы хабарларды тарату құралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т .б

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2025
232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12