Материалдар / «IQ game» зияткерлік ойыны

«IQ game» зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
зияткерлік ойыны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2023
959
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені











«IQ game»

зияткерлік ойыны











Өткізген:

Қайнарбаева Ш.Қ







2022-2023 оқу жылы


 Тақырыбы: «IQ game» зияткерлік ойыны

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттері дамиды, оқушылар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттері нығаяды.

Ойын ережесі:

  • барлық сынып оқушылары қамтылады;

  • әр сынып оқушылары өзара келісе отырып 5 оқушыдан құралған 4 топ шығарады.

Ойынның өту тәртібі:

  • әр сыныптан бір топ басшысы сайланады;

  • топтың аты;

  • топтың эмблемасы;

  • топтың ұраны;

  • (Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша топ бағаланбайды).

  • әр ойын соңында жеңімпаз топқа келесі ойынға өтуге жолдама беріледі;

  • ойын соңында үздік интеллектуалды топ анықталады.

    Ойынның құрылымы:

-логикалық тапсырмалар (10 ұпай);

-қара жәшік (20 ұпай).

    Сұрақтар мазмұны:

  • үш тілді қамтиды (қазақ, орыс, ағылшын);

  • атақты адамдар жайлы;

  • әңгімелер желісі бойынша;

  • мектепте оқытылатын пәндер бойынша;

  • логикалық тапсырмалар;

  • белгілі бір затты сипаттау арқылы Қара жәшік ішіндегі затты табу.


Сайыс квест ойыны түрінде өтеді.

І. Таныстыру (топтың аты, эмблемасы, ұраны) 5 минут;

ІІ. «Жайығым-мәңгі жалыным» білгірлер сайысы. 7 минут;

ІІІ. «Қызықты химия» (Таңғажайып әріптер, Тіл сындырайық)10 минут

ІҮ. «Биология»

Ү. Логикалық сұрақтар (топ басшыларына арналған)

ҮІ. Қара жәшік

ҮІІ. Қорытынды. Марапаттау


Жүргізуші: -Құрметті 10б сынып оқушылары! Сідермен біз бүгін осы уақытқа дейінгі алған білімдеріңізді сайысқа түсіріп, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттеріңізді шыңдау мақсатында «IQ game» ойынын өткізбекшіміз. «IQ» сөзінің мәні: Зияткерлілік коэффициент –(ағыл.т IQ – intelligence quotient,) адамдардың тез қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. Оны арнайы жасалған тест арқылы, қарапайым адамдардың ойлауы мен ақылдылығына қарап салыстыра анықтайды.    IQ тесттерін орташа есепке теңестіріп, шамамен 100 деп алатын болсақ, 50% адамдардың IQ-і 90 мен 110-ның арасында болуы тиіс немесе 25 % адамдардың  IQ-і  90-нан төмен, 110-нан жоғары болуы керек.  1912 жылы неміс ғалымы Вильгелм Штерн зияткерлілік коэффициентін енгізді. Ол адамдардың жас аралық ақыл-ой кемшіліктеріне аса мән берді. Штерн интеллект көрсеткіштерін жеке жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деп ұсыныс жасаған. IQ ең алғаш 1916 жылы Стенфор-Бине шкаласында қолданылды. Адамдардың IQ-ның гендік мәселеге тікелей қатысы бары “Plomin et al.” (2001, 2003) атты  кітаптан бастау алды. Балаларға жасалған сынақ нәтижесінде тұқым қуалаушылық 0,4 пен 0,8 көрсеткішін көрсеткен. Олардың IQ дәрежесі тек аз мөлшерде генетикалық тұқым қуалаушылыққа тәуелді екені, ал қалғаны қоршаған орта әсерінен қалыптасатыны анықталған.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

І. Таныстыру (топтың аты, эмблемасы, ұраны) 5 минут;

ІІ. «Жайығым-мәңгі жалыным» білгірлер сайысы. 7 минут;

ІІІ. «Қызықты химия» (Таңғажайып әріптер, Тіл сындырайық)10 минут

ІҮ. «Биология»

Ү. Логикалық сұрақтар (топ басшыларына арналған)

ҮІ. Қара жәшік

Сайысымызда жеңімпаз атанған топ «10 «Б»-ның бәйгеторысы» атағын жеңіп алады, сондай-ақ буфетке 1 күнге тегін талон алады.

І Таныстыру (топтың аты, эмблемасы, ұраны) 5 минут;

Командаларға 5 минут уақыт беріледі. Таныстыру уақыты 1 минут. Команда 5 минут ішінде топтың атын, ұранын, эмблемасын жасап шығару қажет. Таныстыру кезеңі бойынша командалар бағаланбайды

ІІ. «Жайығым-мәңгі жалыным» білгірлер сайысы (барлығы 10 ұпай)

    1. «Он бірінші мектебі Оралымның» өлеңінің авторы? А.Бақтыгереева

    2. Батыс Қазақстан облысының орталығы? Орал қаласы

    3.  1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, 1961 жылы С.Сейфуллин атындағы №11 мектепті бітірген. 1961-1966 жылдары Қазақ педагогикалық қыздар институтының филология факультетін бітірген. Дерек Орал қаласының қай құрметті азаматшасы жөнінде айтылған? А.Бақтыгереева

    4. Орал қаласы Жайық өзенінің қай жағалауында орналасқан? Оң

    5. Орал қаласының бұрынғы атаулары? Теке, Уральск, Яицкий городок

    6. 1775 жылы Патшайым өзінің жарлығымен "Яицкий городок" атауын "Уральск" деп қандай мақсатта өзгертті? 1775 жылы Пугачев көтерілісін халықтың жадынан мүлдем шығарып, ұмыттыру мақсатында

    7. "Оралға келсең барлығы да жаңа, әрі қызықты, келген қонақты төселген кілем мен жайылған көрпенің үстіне отырғызып, қонақасы жегізіп, қымыз ішпейінше еш жібермейді,"- деп таңғала жазған орыстың ұлы жазушысы? Л.Толстой

    8. ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып табылатын зәулім ғимарат - «Ванюшиндер үйі». 1880 жылдар шамасында  ағайынды көпестер Ванюшиндер  салған  бұл үйде коммерциялық клуб, сауда орындары болған. Үш қабаттан тұратын бұл ғимараттың кірпіштен қаланған жертөлесі бар. Шатыры металдан күмбезделіп жасалған. Үй шығыстық және солтүстік жағы сол уақытқа сай бейнеленіп қаланған. Үйдің артқы бөлігі тегіс салынып біткен. Төбесі шығыс үлгісіне тән ағаш айдаршалары бар шатыр тәрізді. Бұл Орал қаласының ХІХ ғасырдың екінші жартысында шығыс архитектурасының ұлттық үлгісінде салынған ең ерекше ғимарат болып табылады. Бұл қаламыздағы қазіргі қай ғимарат?

Кареев үйі (филормония)

    1. 1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп болып ашылған мектеп? №11 мектеп

    2. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 10 мамырда мектебімізге жасаған сапарында мектебімізге қандай баға беріп кетті?

«Республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі»

ІІІ «Қызықты химия» деп аталатын бұл кезеңде сіздерге 2 тапсырма беріледі. (26 ұпай) «Таңғажайып әріптер» деп аталатын 1-ші тапсырмада сайыскерлерге берілетін тапсырма: берілген  әріптен химиялық терминдер құрастыру

Шарты: Жылдам, әрі дұрыс орындау 

Ерітінді, катион, конденсация, Диссоциация, энергия, қышқыл, термодинамика, валенттілік, гибридтену, молекула, ион, сутек, реакция, бейорганика, магний, сутегі,аммиак.

ІІІ-ші кезеңнің 2-ші «Тіл-сындырайық» деп аталатын тапсырмасында сайыскерлерге мақал-мәтелдер ішіндегі керекті сөзді дұрыс  тауып, орысша,қазақша айту керек.

Мақал-мәтелдер:

1........ қызған кезде соқ. (темір-железо)

2.Тағасының ...... мақтанба, атыңның жүрісіне мақтан. (күміс-серебро)

3.Сыйлап берген  .......  тәтті (су-вода)

4. Аз  сөз –.......... (алтын-золото)

    Көп  сөз-......... (күміс-серебро)

5.Батыр майданда шынығады............. қайнауда шынығады . (болат-сталь)

6. Жылтырағанның бәрі..............  емес. (алтын-золото)

7. Елдің көркін қыз келтірер, астың дәмін ....... келтірер. ( тұз – соль)
8. Ескі мата бөз болмас, ескі ........ біз болмас. (темір – железо)
9. Қойдың сүті – ................(қорғасын – свинец)


ІҮ.Биология (логикалық тапсырма)

Алдымен айналаңа зер салып қара. Сен іздеген сұрақтың жауабын осы «Жасыл мүйістің» ішінен табуың мүмкін. Сұрақ үш тапсырмадан құралған. Егер бірінші тапсырмадан тапсаң, 5 жұлдыз, яғни бес ұпай сенікі. Ал егер бірінші тапсырмадан таба алмасаң екінші тапсырмаға көшесің. Бірақ екі ұпайың шегеріледі. Екінші тапсырмадан да шеше алмасаң үшінші тапсырмаға көшу мүмкіндігің бар. Алайда, тағы екі ұпайың шегеріледі. Үшінші тапсырмадан тек бір ғана ұпайға иеленесің. Бір ғана жауап қабылданады.



  1. Төрт сурет бір сөз

Төрт суретті не байланыстырады, ойлансаң бәлкім тапсырма жауабын бірінші мүмкіндіктен ақ тауып, 5 жұлдызға ие боларсың.



  1. Бес сұрақтан бір «Түйін»

Екінші мүмкіндіктен әлі де үш жұлдызды қанжығаңа байларсың...

  1. Бір қызығы бұл биологиялық түр- Антрактидадан басқа барлық жерде кездеседі

  2. Ең ежелгі жануар әрі ең ұзақ өмір сүрушілер қатарында

  3. Бір ғажабы дельфиндердің тілін түсінеді дейді

  4. Аңыздарға сенсек тәңірінің әмірімен жер мен көкті көтеріп тұрған деседі...

  5. Жауларынан оңай қорғанса да, бүркітке оны жеу түк қиын емес деседі...

  1. Мағыналы сөздің мәні мақалда!

Мақалдың мәнін ұқпаған қазақ қазақпа?! Сенде әлі бір мүмкіндік.

Осыдан жауабын тапсаң бір жұлдызға ие боласың.

Асықпаған арбамен қоян алады.

Асыққан шайтанның ісі.

Асықпаған жетер мұратқа.

Ү Логикалық сұрақтар. (13 ұпай)

  1. Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? Айгерім

  2. Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай? 150 минут = 2 сағат 30 мин

  3. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? Дұрыс

  4. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Сіздің есіміңіз

  5. 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді? Бұқа сүт бермейді

  6. Жабық көзбен нені көруге болады? Түсті

  7. Тауық өзін құспын деп айта ала ма? Жоқ, ол сөйлей алмайды

  8. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе? Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.

  9. Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр? 1

  10. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? 6

  11. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? 15 Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді? 15

  12. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? Тақырбас адамның

  13. Сиыр неге жерге жатады. Өйткені, отыра алмайды.
    ҮІ. Қара жәшік.(4 ұпай) Әр командадан 1 оқушы шығады. Ортаға шыққан оқушы өз командаларына қара жәшікте салынған затты сипаттап,ымммен, іс-әрекетпен түсіндірулері қажет. Уақыт бойынша жылдам тапқан команда 4 ұпайды иеленеді, сол бойынша командалар рет-ретімен 3,2,1 ұпайларын иеленеді.

Жәшікке салынған зат: флешка



ҮІІІ. Қорытынды.Марапаттау

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ