жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Иран, Ауғанстан
Күні: 30.11.2016ж.
Сыныбы: 9«Г»
Сабақтың тақырыбы:Иран, Ауғанстан
Сабақтың мақсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Иран мен Ауғанстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеттері:
1.Бірінші дүние жүзілік соғыстың Иран мен Ауғанстанның ішкі-сыртқы саясатына әсері ,Шахтар мен хандардың саяси-экономикалық және әулеметтік реформаларының рөлі туралы білім беру .
2.Оқушылардың танымдық ақпараттарын жүйелеп , сабақ барысындағы экономиканың жаңа салалары туралы білімдерін дамыту .
3.Оқушыларға Иран мен Ауғанстан басшыларының өз елінің экономикасын көтерудегі және адамдардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етудегі рөлі арқылы тұлға қалыптастыруға , ұлтжандылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың
типі: аралас
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, БжС
технологиясы.
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, қазақстан
тарихы
Көрнекілік: бағалау кестесі, слайд.
Сабақтың барысы:
|
1 |
Ұйымдастыру |
Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. |
|
2 |
Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру. |
Бірінші белгілеу.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. Қытай. Моңғолия 1 Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қытай қандай әскери блокты жақтады? Антанта 2 Қытайдағы 1919 жылғы 4 мамыр қозғалысына не себеп болды? Ресейдегі революция 3 Париж конференциясының әділетсіз шешімдеріне қарсы щыққан студенттер қандай ұрандар көтерді? Отандастар көтеріліңдер 4 Ең ірі маркстік үйірмені кім ұйымдастырды
Ли
Дачжао 7 Сун Ятсен не себепті Кенес Үкіметімен саясы байланыс орнатты?
Шетел державалары
ол басқарған үкіметті мойындамады
Вампу 10 Партиялық жумыстың орталығы не себепті қаладан селоға ауысты? Алыс аудандарда Гоминьдан үкіметінің билігі берік болмады 11 1931 жылы құрылған жұмысшы- шаруа үкіметінің төрағасы кім болды? Мао Цзэдун 12 Қай жылы Жапония Қытайдың солтүстік-шығысын жаулап алды? 1931 жыл 13 КСРО мен Қытай арасындағы достық туралы шартқа қашан қол қойды? 1937 жыл тамыз 14 КСРО Қытайға қанша мөлшерде несие берді? 250млн доллар 15 Қытайдағы әуе шайқастарыңда қанша ерікті Кеңес ұшқыштары қаза тапты? 250 дей 16 1918 Моңғолия қандай ел болды? Артта қалған 17 Моңғол халқының саны 1918 жылы қанша болды? 647 мың 18 Қанша моңғол жігіті үйленбеуге ант берді? 120 мыңнан астам 19 Моңғол халық партиясын кім ұйымдастырды? Сухэ Батор 20 МХР қашан жарияланды? 1924 жыл 21 1924 жылы кім биіккі келді? Х.Чойбалсон 22 Ұлы Отан соғысы кезінде моңғолдар қай елге көмектесті? КСРО
|
|
3 |
Қабылдауды ұйымдастыру |
Екінші белгілеу Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. Есте сақтауға уақыт нормативі 21 сөз- 2мин 30 секунд. Тірек сөздер:1 Бейтарап 2 Тебриз 3 Демократия 4 Жыңғылдықтар 5 Энзел 6 Каспий 7 Флотилия 8 Көшек хан 9 Интернационал 10 Гилян 11 Шах 12 Каджар 13 Агент 14 Реза 15 Мұхаммед 16 Эмир 17 Аманулла 18 Нәдір Шах 19 Ұлттар лигасы |
|
4 |
Ұғынуды ұйымдастыру |
Жаңа тақырып. Иран. Ауғанстан Оқушылар оқулықтан бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. |
|
5 |
Түсінудің алғашқы тексерілуі |
Үшінші белгілеу Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. Мәтін бойынша бір-біріне қарама – қарсы сұрақтар қояды. 1 Иран бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде қандай саясат ұстанды? Бейтарап 2 1914 жылы Иран, Азербайжаннан аудандарын қай елдін әскері басып алды? Түрік 3 Түріктерді Азербайжаннан кімдер қуып шықты? Орыс әскерлер 4 Ирандағы азаттық қозғалысын кім басқарды? Көшек хан 5 Ирандағы партизан жасақтары қалай аталды? Жыңғылдықтар 6 Ағылшын – Иран шартына қашан қол қойылды? 1919 жыл 9 тамыз 7 Каспий теңізі флотилиясының басшысы? Ф.Раскольников 8 Гилян Республикасы қашан жарияланды? 1920 5 маусым 9 КСРО мен Англияға қай елдің таяу шығыстағы сыртқы саясаты ұнамады? Германияның 10 1941 25 тамызда Иранның солтүстігіне қай елдің әскерлері енгізілді? КСРО 11 Реза Шахтың орнына кім келді? Ұлы Мұхаммед Реза 12 Иран Германияға қашан соғыс жариялады? 1943 жыл 9 қыркүйек 13 Ауғанстан халқының азаттық күресі кімдерге қарсы бағытталды? Ағылшындарға 14 Аманулла хан қай ұйымның өкілі? Жас Ауғандықтар 15 Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін қашан мойындады? 1919 27 ақпан 16 Құдықты жоюды туралы заң кашан қабылданды? 1921 жыл 17 Ауғанстанның конституциясы қашан қабылданды? 1923 жыл 18 1929 жылы Ауғанстанның патшасы болып кім жарияланды? Нәдір хан 19 Нәдір хан 1931 жылы қай елмен достық келісіміне қол қойды? КСРО 20 Қай жылы Ауған банкі құрылды? 1932 21 1933 жылы Нәдір Шах өлгеннен соң, кім хан болды? Мұхаммед Зәкір Шах 22 Ауғанстан қай жылы Ұлттар Лигасына мүше болды? 1934
|
|
6 |
Алғашқы бекітуді ұйымдастыру |
Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. Сын тұрғысынан сұрау. 1 1915 жылы Англия мен Франция арасындағы құпия шартқа сәйкес Иран екігі бөлінді? Жоқ. Англия мен Ресей 2 Иранның солтүстігіне Ағылшын әскері енгізілді? Жоқ. Орыс әскері 3 Иранның батысына Орыс әскері енгізілді? Жоқ. Неміс әскері 4 Иранның оңтүстігіне Неміс әскерлері енгізілді? Жоқ. Ағылшын әскері 5 Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары Иран экономикасы күшейді? Жоқ. Құлдырады аштық, жұқпалы ауру тарады 6 Ағылшын Иран шарты халықтың көңілінен шықты? Жоқ. Халықтың наразылығын тудырды 7 Каспий флотилиясының бастығы С.Орджоникидзе болды? Жоқ. Ф.Раскольников 8 Көшек ханға қару жарақты Неміс әскері берді? Жоқ. Ағылшындар мен ақ гвардияшылардың қалдырып кеткен қару жарақтары берілді 9 Иранда социалистік революция ұйымдастыру үшін Ресей мен Украинадан коммунистер жіберілді? Жоқ. Әзірбайжан мен Түркістаннан 10 Гилян Кеңес Республикасы 1920 5 тамызда жарияланды? Жоқ. 4 тамыз 1921 жылы 11 Шах әскерімен Кеңес әскері Гилян Республикасы үшін ұзақ соғысты? Жоқ. Ресейге қашты 12 Реза шах үкіметі ешқандай кәсіпорын жұмысын жолға қоя алмады? Жоқ. Көмек көрсетті 13 Жаңа концессиялық келісімі негізінде Иранға еш пайда болмады? Жоқ. Пайда кірісін төледі 14 Англия мен Италия Германияға қарсы шартқа қол қойды? Жоқ. Англия мен КСРО 15 Реза Шах биліктен өз еркімен бас тартты? Жоқ. Мәжбүр болды. 16 Иран КСРО-ның Неміс агенттерінің әрекеттеріне сай ескертулерін орындап отырды? Жоқ. Орындаған жоқ 17 Ауғанстанның жаңа Конституциясына сәйкес теңдік сақталмады? Жоқ. Жалпыға бірдей теңдік жарияланды 18 Ескі салық түрлері сақталды? Жоқ. Ақшалай салық енгізілді 19 Ауғанстанда тайпалық жасақ құрылды? Жоқ. Тұрақты әскер құрылды 20 Қалың мал мен ескі атақтар сақталды? Жоқ. Жойылды 21 Нәдір Шах кезінде діндарлардың жағдайы нашарлады? Жоқ. Нығайды 22 Сауда мен өнеркәсіп орындары орталықта құрылды? Жоқ. Шеткері аймақтарда да құрылды |
|
7 |
Талдау |
Бесінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.Оқытылатын тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру. Тақырып бойынша эссе жазу. Иран, Ауғанстан Оқытылған тақырып бойынша сөздік қорды тексеру (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. Әр бір сөз сөйлем мүшесі болуы керек. Норматив бойынша 63 сөзден тұратын шығарманы 5 минут уақытта жазу керек. |
|
8 |
Рефлексия |
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық. |
|
9 |
Бағалау |
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: -4-5 белгі – 5ұпай. -3 белгі- 4ұпай. -2 белгі- 3ұпай. -1 белгі- 2ұпай. |
|
10 |
Үй тапсырмасы |
4 белгіден кем жауап берген оқушылар үйге тапсырма алады. Тапсырма. 70-74 беттердегі сұрақтарға жазбаша жауап жазу. Тақырып бойынша 22 сұрақ – жауап құрастыру. |
Тірек сөздер:
1 Бейтарап 15 Мұхаммед
2 Тебриз 16 Әмір
3 Демократия 17 Аманулла
4 Жыңғылдықтар 18 Нәдір Шах
5 Энзел 19 Ұлттар лигасы
6 Каспий
7 Флотилия
8 Көшек хан
9 Интернационал
10 Гилян
11 Шах
12 Каджар
13 Агент
14 Реза
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген