400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс - шара Аю күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Аюлар күнін атап етуге арналған іс - шара жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Зоологиялық іс-шараның құрылымы

"Аю Күні"


Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге, қамқор болуға үйрету, таным белсенділіктерін арттыру. Күз мезгілінде қоршаған орта мен жануарлардың өміріндегі өзгерістерге назар аударту, олардың ерекшеліктерін ұғындыру. Балалардың ой-өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- балаларды аюлардың түрлерімен таныстыру;

- балалардың жануарларға арналған мерекелер туралы түсініктерін кеңейту;

- эмоционалды саланы, толеранттылықты, жалпыхалықтық мерекелерге қатысу сезімін дамыту;

- балаларды шығармашылық және практикалық қызметке тарту

- Жануарларды және қоршаған ортаны қорғауға шақыру;

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Сабақты өткізу әдістері мен әдістері: әңгімелеу, сергіту, түсініктеме, демонстрация, ойын.

Өткізу нысаны: сыныптан тыс сабақ

Құрал – жабдықтар: Ноутбук, бейне таспа, презентация, макеттер, табиғаттың дыбыстары.

Іс- шара барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Бүгін біз қандай іс – шараға келдік деп ойлайсыңдар. Мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын, жұмбақтың жауабына байланысты мерекенің кімге қатысы бар екенін білетін боламыз.

Үстінен тоны түспеген

Сонда да араз қыспенен.

Жауабы: аю дұрыс балалар. Бүгін біз аюлар күні мерекесін тойлауға келдік.

Аюға көптеген ертегілер, мақалдар, жұмбақтар арналған. Сонымен қоса аюға арналған мереке бар. Дүние жүзінде желтоқсанның 13 күні жыл сайын «Аю мерекесі» аталынып өтеді. Ал біз орталықта қазан айының соңында атап өтеміз.

Балалар іс – шара басталмас бұрын мен сендерді аюлардың түрлерімен таныстырып кетейін.Экранға назар аударыңдар.

Презентация (аюлардың түрлері)

Өте жақсы балалар енді біз аюларға арналған қысқаша бейне таспа көрейік. Ары қарай сұрақтар қойғанда, жеңіл жауап бересіңдер.

Бейнетаспа (аюлар)

- Балалар көңіл – күйлерің жақсы ма? Олай болмаса, терезеден ауа - райының қандай керемет екенін қараңдар. Қазір орманда қандай әдемі! Орманға сырттай саяхат жасайық. Табиғатта өзін – өзі қалай ұстау керектігі естеріңдеме?

(Шу шығармаймыз, ағаштар мен бұталардың бұтақтарын сындырмаймыз, құстардың ұяларын бұзбаймыз, қоқыс тастамаймыз және т. б.)


- Қане балалар көзімізді жұмып, орманда жүргенімізді елестетейік.

Орман дауысы.

- Артымызда біреу бар сияқты!..

- Жалт қараймыз. Шөптер сылдырлап, бұтақтар қыбырлай бастады. Жақын келіп қарадық – ешкім жоқ. Бірақ жерде із бар екені анық. Бұл аюдың ізіне ұқсайды екен.

- Бұл оның орманы және біз шақырылмаған қонақтармыз. Біз оған қауіп төндірмейтінімізді, артық ештеңе ойламайтынымызды аюлар түсінуі керек, сондықтанда балалар біз аюларды өз ортамызға шақырып, біздің қандай қамқор, жанашыр жандар екенімізді көрсетіп олармен сергіту сәтін өткізейік.

Қане балалар барлығымыз бірігіп аюларды шақырайық.

Аю аю аю аю

Міне балалар бізге қонаққа аюлар келді. Қане бәріміз бірігіп аюларды ұйқысынан оятып біраз сергітіп алайық балалар!

Сергіту сәті! Флешмоб аюлар биі

Өте тамаша балалар, біз бәріміз бір сергіп қалдық. Маужыраған аюларымыз да ұйқысын ашып енді бізбен бірге ойынға кірісетін болды. Ал енді біз сендермен викториналық сұрақтарға жауап беріп аюлар туралы біліміізді толықтырайық баллар.

Викторина + сыйлық

«Аюлар» жайлы викториналық сұрақтар:

1. Қай аюдың алдыңғы аяқтарында 6 саусақ?

А) гризли

Б)үлкен пандада

В)ақ аюда

Г)қоңыр аюда

2. көзілдірікті аю қай континетте тіршілік етеді?

А) солтүстік Америкада

Б)Африкада

В)оңтүстік Америка

Г)Еуразияда

3. Қыста ұйықтағанда жататын аюлардың үйшігі қалай аталады?

А) апан

Б)ор

В)шұңқыр

Г)ін

4. Жыртқыштар отрядында қай аю ең үлкен?

А) гризли

Б)үлкен панда

В)ақ аю

Г)қоңыр аю


5. Қай аю орыс ертегілерінің кейіпкері?

А) барибал

Б)қоңыр аю

В)губач- ерінді аю

Г)үлкен панда

6. Қандай аю табиғатта мүлде болмайды?

А) қара аю

Б)көзілдірікті аю

В)сұр аю

Г)қоңыр аю

7. аюлар тұқымдасының ең кішісі, ол-

А) малай аюы

Б)қоңыр аю

В)коала

Г)гималай аюы

8. қоңыр аюды кей кезде қалай атайды?

А) қарынды

Б)маймақ

В)мұрынды

Г)сақалды

9. Аюлар қанша қонжық табады екен?

А) 1 В)2 В) 3 Г) 4

10. Ақ аюдың салмағы неше кг дейін барады екен

А) 300 Б)400 В)800 Г)1000

АЮ: Өте тамаша балалар сендер бізді қуанттыңдар, біздің көңіліміз көтеріліп бір сергіп қалдық. Бірақ біз тағы ойын ойнағымыз келіп тұр. Сендер бізбен бірге ойнайсыңдарма?

Ойын (доппен)

Таныстыру: Енді балалар біз осы биологиялық орталықта тіршілік ететін Боря мен Зитаға арнайы дайындаған торттарымызды таныстырайық. Бұл торттарды оларға апарып мейрамдарымен құттықтайық балалар.

Үйірмелердің аю күніне жасаған торттарын таныстыруы:

«Жас орнитолог» үйірмесі

«Флористика және фитодизайн » үйірмесі

«Дала гүлдері» үйірмесі

«Зоология» үйірмелері таныстырады.

Қане шамдарымызды үрлеп ура ура ура сөздерімен қоштасайық балалар.


Жүргізуші:

Бүгінгі іс- шарадан аюлар жайлы толық мағлұмат алды деген ойдамыз. Олай болса әр үйірме өз тобымен шығып аюларды мерекелерімен құттықтауға барады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.11.2024
227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12