Материалдар / Іс – әрекеттегі зерттеу сабағына рефлексивті есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Іс – әрекеттегі зерттеу сабағына рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
« Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ойлау дағдыларын қалай тереңдетуге болады ? атты тақырыбындағы зерттеу сұрақтары бойынша іс-әрекеттегі зерттеу өткізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2024
80
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ













Іс -әрекетті зерттеу

/7б сыныбы/





Зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Л.Т.Жұмалова

















Жаркент қаласы

2022-2023 оқу жылы







Іс – әрекеттегі зерттеу сабағына рефлексивті есеп

Мектепті дамыту жоспарына сәйкес мектебімізде әдістемелік, тоқсандық, жылдық қорытындылардың талдауы негізінде, ұсынылып аталған проблема негізінде іс – әрекеттегі зерттеулер жоспарланды. 2022-2023 оқу жылының 2 тоқсанында сыныпта « Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ойлау дағдыларын қалай тереңдетуге болады ? атты тақырыбындағы зерттеу сұрақтары бойынша іс-әрекеттегі зерттеу өткізілді. Толығырақ тоқталып өтсем. «Неліктен бұл сынып?». Оқушылардың көптеген тыңдалым айтылым дағдысы, оқушылардың сыни дағдыларын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маңызы зор. Себебі, бұл сабақта біз көптеген мәтіндермен танысып, мәтіннің негізгі түйінін анықтап, өмірлік жағдайлармен байланыстырып отырып жұмыс жасаймыз. Сондықтан да осы проблеманы шешу үшін әдебиеттік пәнін алып отырмын. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жоспар құрылды.

Жоспар

1. Неліктен пәнді алдым?

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Зерттеу қадамдары

1 – бөлім. Іс – әрекеттегі зерттеулерге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

Сабаққа қатыса отырып, сыншыл досыммен әңгімелесе отырып, сараптап талдау жүргізе отырып тақырыпты таңдадық. Сыныптағы зерттеу сабағым: « Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ойлау дағдыларын қалай тереңдетуге болады ? ». Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі білім беру

жүйесіндегі өзгерістердің барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға алып келеді.

2 – бөлім. Іс – тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп

7б сыныбында 19 оқушы бар. Ұлы – 13, қызы –6 . Өзім осы сыныпқа сабақ беретін болған соң және үнемі сабаққа қатысып жүретін болған соң сыныптың ахуалы маған таныс. І - II тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 57,8% көрсетті. Зерттеу жұмысы «Ең жақсы сабақ бұл - МАЛС» сауалнамасын жүргізуден басталды. Бұл сауалнаманы жүргізгендегі мақсатым – оқушыға қандай сабақтың ұнайтынын, менің алдымда отырған оқушы қандай сабақты көргісі келетінін білу. Олар мұғалімнен не күтеді? Оларға қандай сипаттағы сабақтың ұнайтынын анықтау еді. Назар аударып көрсек:

Менің ойымша, ең жақсы сабақ ... Оқушы саны 17

1 Интербелсенді қолданған сабақ 2

2 Түсінікті сабақ 2

3 Өзіңді еркін сезінетін сабақ 2

4 Ойыны көп сабақ

5 Бейнебаян көрсетілетін

6 Жақсы баға алатын сабақ

Ең жақсы дегенде оқушылардың пікірін білу үшін сауалнама алдым. Бұл жерде мен 6 критерий бойынша сауалнама алдым. Бұл жерде оқушылардың пікірлері жан –жақты болып отыр. Интербелсенді тақтаны қолданған сабақ 2 оқушыға ұнайды екен, өзін еркін сезінетін сабақ 2 оқушыға ұнайды екен және түсінікті сабақ 2 оқушыға ұнайды екен. Жалпы бұл сауалнамадан мен нені көріп отырмын. Оқушылардың барлығына интербелсенді тақтаны қолданған сабақтар ұнайды және неліктен түсінікті сабақ деп отыр, себебі жетістік критерийі анық, нені жасай алу керек сабақтары ұнайды деп тұжырымдап отырмын және де оқушылар өзін еркін сезінетін сабақ ұнайды себебі, еркін сезіну үшін мен не істеу керекпін? Мен сабағымда жауынгер үнін емес, дос үнін, сыйқыршы үнін, данагөй үнін көптеп қолдануым керек деп тұжырымдап отырмын.

Менің ойымша, ең жақсы сабақ ... Оқушы саны19

1 Өз бетімен жұмыс 2

2 Топпен жарысқан жұмыс 2

3 Жұппен жұмыс2

4 Кітаппен жұмыс 3

5 Интербелсенді қолданған сабақ 2

6 Мұғалімнің түсіндіргені 2

Оқушылардан менің ойымша ең жақсы сабақ деген сауалнама жүргіздім. Неліктен жүргіздім, мен өзімнің тәжірибеме қандай өзгеріс енгізу керекпін, ең жақсы сабақты ұйымдастыру үшін қандай жұмыстарды ұйымдастыруым қажет. Сол сауалға жауап алу үшін осы сауалнаманы алдым. Көптеген оқушылар топпен жұмыс жасанды ұнатып отыр. Келесі оқу жылында қыркүйек айынан бастап мен оқушылардың оқуын жақсарту үшін жеке жұмысты көптеп ұйымдастырамын. Дегенмен де С деңгейіндегі оқушылардың ашылуы үшін жақын арадағы даму аймағын құрастыру үшін жұппен жұмысты да қажет деп ойлаймын. Бұл жерде мұғалімнің түсіндіргені жақсы деген 2 оқушы таңдап отыр. Неліктен таңдап отыр деп ойлаймын? Себебі, бұл оқушы С деңгейіндегі оқушылар осыны таңдап отыр деп ойлаймын. Себебі мұғалім түсіндірмесе, мен сабақты түсінбей қаламын деп ойлайтын шығар. Негізгі осы сабағымда менің түсіндіріп емес, оқушвлардың бірін – бірі оқытқаны жоғары нәтиже береді деп ойлаймын. Сондықтан бір – бірін оқыту үшін бірлескен оқу ортасын құрудағы тиімді әдіс – тәсілдерді қолданамын деп жоспарлап отырмын.

Сабақта қандай әдістер қызықты? Оқушы саны 18

1 «Серпілген сауал» әдісі 1

2 «Жұмыртқа» әдісі 3

3 «Бірге ойлаймыз» әдісі 3

4 «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі 3

5 «Ортадағы қалам» әдісі 2

6 «Галлереяны шарлау» әдісі 3

Осы сауалнаманың нәтижесінен мен не ұқтым?

Диаграммадан көріп отырғаныңыздай оқушыларға сабақтағы белсенді әдіс – тәсілдердің барлығы ұнайды екен.Әр оқушыға қандай әдіс ұнайтынын ол ашық айтып отыр. Енді келесі сабақта мен не жоспарлаймын деп ойлап отырмын. Жалпы оқушылардың қимыл – қозғалысына арналған тапсырмаларды, әдістерді қолданамын. Себебі, бұл әдістер оқушылардың оқу мен оқутуды жақсартуға қызығушылықпен қатысуына септігін тигізеді. Сонымен қатар бұндай әдістер оқушылардың айтылым дағдыларын жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар сыни ойлауға жетелейді.

3 – бөлім. Тәжірибеге өзгерістер енгізу.

Ұзақ мерзімді жоспардан орта мерзімді жоспардан құрдым. Таңдалған тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістер енгізу үшін орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген 3 сабақтар жоспарланды.

Рефлексия

1.Оқушылардың барлығынан жауап алу үшін, барлығын оқу процесіне тарту үшін ашық және жабық сұрақтар қою арқылы саралау тапсырмаларын беремін.

Сабақ мақсатына жетпеген тұстарым болды себебі, өзімнің де дайындығым аз болды.

Сабақ барысында сұрақ-жауап әдісі арқылы сәтті өтті.Оқушылар қойылған сұраққа барлығы белсене қатыса отырып негізгі ойды анықтады және жауап берді. Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдысын дамыттым. Себебі, оқушылар сұраққа жауап бергенде бір – бірімен пікірлесіп келіспей қалған жерлерде қарсы пікір білдіріп оны дәлелдеді. Сабақта қалыптастырушы бағалау үстіртін болды. Келесі сабақтарда саралау тапсырмаларын және белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырамын. Тапсырма орындау барысында оқушы мен оқушы арасында кері байланыс болмады, ал мұғалім мен оқушы арасында болды. Мен бүгінгі сабақты әттеген-ай, деген тұстарым болды, кері өткізсем жұптық, топтық және саралау тапсырмаларын әкеліп өткізер едім. Себебі С деңгейіндегі оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту мақсатында жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар беремін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен іс-әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп

Сәуір 2023

Мен сәуірдің 10 күні іс-әрекетті зерттеу сабағымды өткіздім.Бұнда мен сабақ мақсатына жеттім деп есептеймін себебі, сабақ басында үйге берілген тапсырманы «Серпілген сауал» әдісімен сабағымды бастадым. Өйткені, оқушылар қойылған сұрақтарға барлығы белсене жауап беріп қатысып отырды. Бұнда мен оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдысын дамыттым. Оқушылардың барлығынан жауап алу үшін, барлығын оқу процесіне тарту үшін ашық және жабық сұрақтар қою арқылы саралау тапсырмаларын бердім және белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырдым. Жұптық және топтық тапсырмалар болды себебі, С деңгейіндегі оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту мақсатында жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар бердім. Әрі қарай жұптық тапсырманы «Ойлан, жұптас бөліс» әдісі арқылы А,В,С деңгейіндегі оқушыларға қима қағаздағы тапсырмалар берілді және тиімді болды. Себебі, А және В деңгейіндегі оқушылар сұраққа жауап бергенде бір-біріне пікірлерін білдіріп, келіспеген жерде қарсы өз пікірлерін білдіріп дәлелдеді. С деңгейіндегі оқушыларда сабаққа белсене қатысып отырды. Әр оқушы жұпта әңгімеледі.

«Қабырғалар сөйлейді» әдісі арқылы топтық тапсырма берілді. Тиімді болды, өйткені В,С оқушылардың айтылым дағдысын, сөздік қорын дамыту үшін. С деңгейіндегі оқушылардың арасынан көшбасшы оқушыларда анықталды мысалы атап айтсам Нұрхат, Ерасыл сынды оқушылар. А деңгейіндегі оқушылар сабаққа белсенділік танытып, жақсы жауап беріп отырды.

Тапсырма орындау барысында оқушы мен оқушы арасында да, мұғалім мен оқушы арасында да кері байланыс болды. Әр тапсырмада оқушылар өздерін жұпта да, топта да дескриптор бойынша бағалады.

Кері байланыс сабақтың өн бойында жүріп отырды.

Сабақ соңында кері байланыс «Бағдаршам» әдісімен өтті. Тиімділігі: Оқушылар сабақта жұптық және топтық тапсырмаларды түсінген, түсінбеген тұстарын айтуда тиімді болды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен іс-әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп

сәуір 2023

сәуір 14 - күні іс-әрекетті зерттеу сабағым «Нені үйрендім?» тақырыбында өтті.

Сабақты психологиялық ахуалдан бастадым. Ол біріккен оқу ортасын құруға көмектеспеді, менің ойымша келесіде тақырыпты ашуға байланысты ширатуды қолдануым керек.

«Ортадағы қалам» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталап алдық. А,В және С деңгейіндегі оқушылар сабаққа дайындалған. Қайталауда әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп отырды. С деңгейіндегі оқушылар жабық сұрақтарға мардымды жауап берді, белсенді болды.

Ары қарай тақырыпты ашуда жұмбақ жасыру арқылы аштық, бұл оқушылардың қызығушылығын оятты. Басым көпшілігі жұмбақтың шешімін тапты, себебі бұл жұмбақ басқа пәндерде де қолданылады. Оқушылардың алдыңғы білімді қолданып жатырғандығын көруге болады. «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқушыларды 3 – топқа бөліп, топтастыру тапсырмаларын бердім. Тиімді болды, А,В және С оқушылары бірлесіп, бірін тыңдап, ортақ шешім қабылдап отырды. Бірлесіп жұмыс жасай бастады. А және В деңгейіндегі оқушыларға қарағанда, С деңгейіндегі оқушылар топтастыруды өте жақсы қорғады және мақалмен

ұштастырды. Әрі қарай «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы саралап, жұптық тапсырмалар берілді. Берілген тақырыптар бойынша «жарнама» мәтіндерін құрастыру және жарнамалау әдісі тиімді болды, қима суреттердің әсерінен А деңгейіндегі оқушы өмірмен байланыстыра отырып, жаңбырдың пайдасы мен зияны туралы ашып айтты және В деңгейіндегі оқушыға ЖАДА бола білді. С деңгейіндегі оқушылар суреттерді қарай отырып, сөйлем құрай алды. Тапсырма орындау барысында оқушы мен оқушы арасында да, мұғалім мен оқушы арасында да кері байланыс болды. Әр тапсырмада оқушылар өздерін жұпта да, топта да дескриптор бойынша бағалады. Сабақ соңында кері байланыс «Бағдаршам» әдісімен өтті. Тиімділігі: Оқушылар сабақта жұптық және топтық тапсырмаларды түсінген, түсінбеген тұстарын айтуда тиімді болды.

Ұсыныс

Уақытты тиімді жоспарлау

Бағалауды тиімді ұйымдастыру

Кері байланысты әр тапсырмадан кейін қолдану

ҚМЖ Смарт жоспарлау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!