Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара Жолда жүру қауіпсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы:  «Таным»,  «Шығармашылық»

Бөлімі:  «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы:  «Көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты:

Білімділік:  Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру.

Тәрбиелік:  Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма,  жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан  слайд арқылы суреттер көрсету,  мультфильм, жол макеті,  әуендер.

Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.

Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент:  қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.

Инклюзивтік әлеумет:  Тілді жетік түсінбейтін  бала  аңғарымдылығын  арттыру, ұялшақ балаға көмек беру. 

(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)

Шаттық шеңбері:  (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар!

-Сәлеметсіздерме?!

Тәрбиеші: Біздің тобымыз:  - «Қызғалдақ»

Ұранымыз:

-Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Біз бақшаға барамыз.

Оқу білім аламыз.

Тәрбиешінің айтқанын,

Есте сақтап аламыз

- Айтыңдаршы балалар,  біз автобуспен қайда саяхат жасадық?

Көшеге саяхат жасадық

-Көліктер қайда жүреді?   - Жолда.

-Көшедегі жолдар қандай болады екен?  -Ұзын, қысқа, тар-кең

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді?   -Жаяу жүргіншілер.

Қазір қай мезгіл?    -Күз мезгілі.

Күздің қандай аттарын білесіңдер?  - Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз,берекелі күз, жемісті күз, салқын күз.қара күз.

Ендеше теледидарға қарайық.  Слайд  көрсетіледі

Өлең оқу:

Жапырақтар ұшады,

Айналады дөңгелеп.

Жапырақтар түседі,

Желмен бірге желбіреп.

Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар ойнайды,

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.

Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.

-Қандай дыбыстарды естідіңдер?

-Ш-ш-ш-ш—жапырақтардың шулағанын.

Тырс-тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у-у-у-у. (Балаларлың жауаптары).

Күзді орысша не дейміз?   - Осень

Тәрбиеші:

Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс-әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.

Айтыңдаршы, балалар!

Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?

-Бізді қауіптен қорғау.

Слайд:  «Сақта  жолдың  тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).

Тәрбиеші:

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.  Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Сұрақ- жауап алу.  

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма?  Балалардың жауаптары.

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 

Ой толғаныс: «Венн диаграмма»

Ортақ  қасиетін салыстыру.  Ескерту, тыйым  салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.

Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.

Билингвальды компонент:  қауіпсіздік-безопастность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки.   Дұрыс,жақсы айтты.

Ерасыл:

Ерасыл деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы       

Белгісі бар жерлерге.   

Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады. 

-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.   -Фариза

- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы).    -Темірлан

- Мынау белгі автобус аялдайтын орын.  - Аяулым

- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым  салынады дегенді білдіреді.   -Ақерке

- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады . - Нұрбек

Жұмбақ жасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады.    Бағдаршам

Қызықтыру сәті:  (әдемі көңілді  әуенге бағдаршам келеді).  Балалар амандасады.

Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

Тәрбиеші:  Қош  келдің,  бағдаршам!

Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?   - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Бағдаршам ойын ойнатады:  Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   Балалар ойынды қызыға ойнады.

(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)

Жұмбақ жасыру»

 Ала таяқ ұстаған,       

 Жол тәртібін нұсқаған.   

   Өміріңді күзеткен, 
   Ысқырықпен түзеткен
.      Жол сақшысы

Жол сақшысы:

 Армысыңдар жас достарым!  Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейік деп келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларым бар, сендерге мултьфильм әкелдім.

(Әуен естіледі)

 Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады.

Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.

-Балақай,сен неге жол ережесін бұзасың?

-Кешіріңіз, мен онысын білмедім.

(екі бала ортаға шығып)

Бағдаршамға қара. Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.

Бұзық бала: -Жарайды!

Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта,  баспа алға
!    Нұрдәулет

-Сары  көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!     Шапағат

Тәрбиеші:

Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы.  Бұлар нені білдіреді?

Балалар:  - Бізге жолдан өтуге көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.

Бұлар «Көрсеткіш белгілер», яғни оларды «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атайды.

Иә, балалар! Бұл белгілер біздің достарымыз, ал достарын ұмытуға болмайды.

-Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.

Түрлі-түрлі  белгілер бар тұратан.

Жүресің бе?  Жүрмегенің дұрыс па?

Не істеу керек?   Бұл белгіні  неліктен  «зебра»  деп айтады?  Кім біледі?

Ақерке:  - Мен, мен білемін, өйткені ол ақ жолақ

Би: «Зебрамен»  Ақерке мен Аяжан билейді.

-1, 2, 3, 4, 5  шықты зебра көшеге,

Қыдырады ол неге?

Сен бұлай шауып жүре берме,

Одан да жат мына жерге.    – С.Ақерке

 

-Қауіпті ғой көше тым.

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін,

Жаяу адам өтетін.         Амира

 

--Асықпаймын аптығып.

Алдым мұны жақсы ұғып.

Күйсандықтың тіліндей,

Қатар – қатар ақ сызық.    Фариза

 

- Ортасында тұра  қап,

Оңға – солға бір қарап.

Жолдың арғы шетіне,

Жетіп алам жылдам – ақ.    С.Ақерке

Жол сақшысы:

 Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, білгір, сауатты  жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.

Мына мултьфильмді арнайы сендерге әкелдім.

Мултьфильм  көрсетіледі.

Жол сақшысы.

Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығармаңдар.

Ән: «Бағдаршам»

Бағдаршам мен жол сақшысы қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші:

Балалар енді жол тәртібі, көше тәртібі жайлы кім тақпақ біледі?

Тақпақтар:

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.      Мағжан

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      Арнат

Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!         
Мағжан

Сергіту сәті:

Бұзба көше тәртібін                                 

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      Бірге, жақсы жасады.

«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.

3 – 4 баланы ортаға  шақырады, өзі  «Бөтен адам» болып келеді. (Киімі қалпақ, көзілдірік)

Балаларға  жақын  келіп, оларды мақтап, телефон, кәмпит, ойыншық көрсетіп, басқа жаққа алып кететін сынай танытады.

Тәрбиеші:

Ойын аяқталған соң талқыланады.  Дұрыс және қате  іс-әрекеттер қорытындыланады.

Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға  болмайды екен. Көшеде абай болыңдар?

Балалар, біз қазір сендермен екі орталыққа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Балалар мұқият тыңдады.

Өнер орталығында  ұжыммен,  түрлі-түсті бояулармен  суретті бояймыз.

Балаларғ түсіндіріледі. Балалар мұқият тыңдайды.

Жұмыс жасау реті: қылқаламның түгін суға малып аламыз, қажетті бояуды жағып алып ұқыпты, таза жұмыс жасауға кірісеміз. Бояп болған соң қылқаламды тұғырға қойып қоямыз.

Ал, үстел үсті ойындар орталығында  жолдың макетіне тиісті жол белгілерін қоямыз.

Балалар мұқият тыңдады.   Балаларға көмек көрсетіледі.

Рефлексиялық түзетушілік:   Қорытынды  сұрақтар қойылады.

 «Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  - жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды?  - аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  - жүргішілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  - Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық?   - Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.

Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?   -Бағдаршам, жол сақшысы

Қандай ойындар ойнадық?   - «Сақ бол!», белгілерді  орнына қойдық...

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар.  Мақтау , мадақтау.

Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.

Тәрбиеші:  Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.

Балалар  қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:  көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды.

Түсінеді:  көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын.

Қолданады: қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын.



















Мақсаты:Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.

Ойын барыс:

1-ші нұсқа. Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай сияқты белгілері бар балаларға барады.

2-ші нұсқа. Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.

3-нұсқа. Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.

«Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.

Көрнекіліктер: Қызыл, сары және жасыл дөнгелектер, машиналар, балалардың пішіндері.

Ойын барысы:

Қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түстерін орнатып қояды (қызыл, сары және жасыл дөнгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.

«Жүргізушілер»

Мақсаты: Балаларға жол жүру ережесін үйрету. Ой-өрісін кеңейту.

Көрнекіліктер:Бірнеше ойын жолдары, машиналар, ойыншықтар.

Ойын барысы:

Алдын ала оңай ойын жолдарының бірнеше нұсқалары дайындалады. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сен көліктің жүргізушісін, саған қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып, және машина жөндеу керек, машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды аралапр шығу керек, ойлан және жауап бер. Содан соң біз екеуміз сенің дұрыс жол тандадың ба, жоқ па соны тексереміз».

«Кім үздік жүргінші?»

Мақсаты:Жол жүру ережесі бойынша балалардың білімдерін бекіту. (бағдаршамның берген белгісі, жүргінші жол) белсенділігін, назарын тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:1,2,3,4,5,6 сандармен текшелер және 2 фишка. Ойын алаңы.

Ойын барысы:

Бірінші жүргінші №1 үйден, екінші №2 үйден шығады. Текшелерді өздерінің сандары шыққанша лақтыра береді, және қайтадан лақтырады. Сонымен бір түрлі-түсті суреттерге мұқият қарау керек. Бірінші суретте бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Демек, жүргінші бағдаршамнан тұрған дөнгелекке секіре алмайды. Ол орнында тұра береді. Екінші суретте көлік. Жолды кесіп өтуге болмайды, орнында тұру керек. Үшінші суретте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр. Текшені текшенің санына байланысты дөнгелектерге жылжытуға болады. Төртінші суретте мотоциклшы. Оны тоқтап, өткізу керек. Алтыншы суретте бағдаршамның сары шамы жанып тұр. Жүргінші сол суреттің бойында тоқтай алады. Жетінші суретте реттеуші онымен қауіпсіз, бірден әженің үйіне баруға болады. Кім жол ережесін бұзбай әжесіне келсе сол жеңіске жетеді.

«Машинамен саяхат»

Мақсаты: Далада жүру ережелері және жол белгілері бойынша балалардың білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: Ойын алаңы, фишкалар.

Ойын барысы:

Балалар ойын алаңында ойнауда бастап кетті. Жол белгілерінің қасында өтіп бара жатып, тоқтап, әр белгі туралы айтып береді. Кім теңізге бірінші жетеді, сол жеңімпаз.

«Жолда»

Мақсаты: Алуан түрлі көліктер туралы білімдерін бекіту. Назарын және есте сақтау қабілетін арттыру.

Көрнекіліктер: Жүк жіне жеңіл автокөліктер суреттері, фишкалар.

Ойын барысы:

Жол жүру алдында балаларман кім және қандай көлікті жинайтынын келісіп алыңыз. Жолда балалар машинаға назарын аударып, оларды атап, сол үшін фишкалар алады. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз.

«Керек белгіні тап»

Мақсаты: Жол белгілері бойынша бөлімдерін бекітуді жалғастыру.

Көрнекіліктер: 20 картон карточкалары (пазлдар). Карточканың бір бөлігінде жол белгілері, ал басқа бөлігінде оларға сәйкес жол жағдайлары бейнеленген.

Ойын барысы:

1-нұсқа. Жүргізуші белгінің бір түрі белгіленген карточканы алып қояды. Карточканың бір бөлігінде жол жағдайы бейнеленген жүргізуші балаларға үлестіреді. Ал белгілері бар элементтерін оң жағымен үстелге орналастырады. Содан соң жол белгілерінің түрін атайды және олардың ортақ мәні туралы айтып береді. Кейін жүргізуші балаларға осы белгілердің түрін, сипатын атауға ұсынады. Балалар қолдарындағы элементтеріне тиісті карточканың бір бөлігін табу керек.

2-нұсқа. Белгілері бар барлық карточкалардың жартысын тең бөледі. Барлық элементтерді араластырып, үстелге теріс жағымен орналастырады. Балалар кезекпен қарточкаларды өзінің карточкаларына сәйкес құрастырып алады.

«Жол белгілерін үйренеміз»

Мақсаты:Жол белгілерімен бағдаршам бойынша білімдерін бекітуді жалғастыру.

Көрнекіліктер:Белгілері бар үлкен, кіші карточкалар.

Ойын барысы:

Ойыншылар арасында үлкен карталарды тең бөледі. Жүргізуші жол белгілері бар карточкаларды кезекпен көрсетеді, кімге жақындайды сол белгіні алады да, жоғары оң бұрышына қояды және бұл белгі қалай аталатынын және қандай жағдайларда қолданылатынын айтып береді. Кім белгілерді жағдайларға дұрыс тапса және оны түсіндіре алса сол жеңімпаз.

«Жол жүру ережесі»

Мақсаты:Жол негізінің анықтамасын бекіту; негізгі жол белгілермен таныстыру оның мәнімен міндет түсіну. Есте сақтау ой, назарын дамытуға жағдай жасау.

Ойын барысы:

Тәрбиеші өзіне инспектордың рөлін алады. Қатысушылар текшелер арқылы ойын аланы бойынша қозғалады. Жасыл шам түсті-қозғалыс рұқсат етіледі; Сары-назар аудар, қызыл-тоқта-ойынша жол береді. Егер де жол белгісі бар фишка алаңда тоқталса, қатысушыға осы топтын «ортақ банкте» белгісін табу керек. Кім көп ұпай жинаса сол женімпаз.1 – карточка – 1 ұпай.

«Дала және жол заңдары»

Мақсаты: Жол ережесін сақтауға баулу. Кез-келген жағдайда шешім қабылдау.

Көрнекіліктер: ойын аланы, үлкен сегіз карталар, адамдардын пішіндері

Ойын барысы:

Ойын бірнеше нұсқаларға бөлінеді. «Сәлем Қала!», «Қалай өтіп, қалай жүруге болады? », «Бұл қандай белгі ?», «Баяу жүрсен - алыс кетесің»

«Сөйлейтін белгі»

Мақсаты: Жол белгілері бойынша белгілерін бекіту.

Көрнекіліктер: Белгілері бейнеленген 73 карточка; реттеушінің ережесі және әр белгінің сипаты бар 73 карточка.

Ойын барысы:

Жүргізуші суруттері бар карточкаларды араластырады және қатысушыларға үлестіреді. Мәтіні бар карточкаларды өзіне қардырады. Содан кейін жүргізуші 1 карточканы алып мәтінді оқиды. Оқылған мәтін бойынша жол белгісімен карточка бар ойыншы үстелдің ортасына қояды. Егерде сандар сәйкес келсе, ойыншы карточкаларды өзіне алады. Жеңімпаз жүргізуші куәлігі карточкасын алады.

«№ Автомектеп»

Мақсаты:Балалардың көшелерден өту ережесін бекіту.

Көрнекіліктер:Ойың алаңы, фишкалар, белгілер бар карточкалар.

Ойын барысы:

Ойыншылар кезекпен текше лақтырады және ойын алаңы бойынша жүреді, жүргінші жолы алдында сары дөнгелекте тоқталып басқа бағыттағы қатысушыға беру керек. Тоқталу, жолдағы көлік кедергі болмау үшін, жүргінші алдымен солға,содан кейін оңға қарау үшін керек.Кім алдыға қарай бірнеше аттам жасап, сары дөнгелекте тоқталмаса,сол қайтадан бастаған жеріне оралады.

«Дұрыс па? Бұрыс па?»

Мақсаты: Балаларға жүріс-тұрыс қағидасының қауіпсіздігін және жол белгілерін бекітіу.

Көрнекіліктер: Ойын алаңы, жол жүру белгілері.

Ойын барысы:

Балалар суретте кейіпкерлерді қойып, кім дұрыс, кім бұрыс істеп жатқанын айтып береді. Кім кейіпкердің қылығын дұрыс суреттеп берсе сол жеңімпаз болып шығады.

«Біз жолаушымыз»

Мақсаты: Біз кейде жолаушылар болатынымыз туралы балалардың білімдерін нақтылап алу; көлікке міну және одан түсу ережесін бекіту.

Көрнекіліктер:Жол жағдайлары бар суреттер.

Ойын барысы:

Балалар бір-бір суреттен алып, не бейнеленгенін, сол жағдайдан қалай шығуға болатынын айтып береді.

«Жол әліппесі»

Мақсаты: тыйым салынатын, ұйғаратын, ескертетін, ақпараттық-сілтемелер бар түрлері бойынша жүйелеу, жол белгілері бойынша дұрыс жүру туралы білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар карточкалар, жол белгілері.

Ойын барысы:

Балалар өздеріне карточкаларды таңдайды. Жүргізуші қолындағы белгілерді кезекпен көрсетеді. Кімнің қолында керек карточка болса сол өз таңдауын дәлелдейді.

«Бағдаршам және реттеуші»

Мақсаты: Балалардың реттеуші жұмысы туралы білімдерін анықтау; оның ымдарының мәнін түсіндіру; балаларды реттеушінің ымдары мен бағдаршам түстерімен ара қатынасын белгілеуге үйрету.

Көрнекіліктер:Реттеуші, реттеушінің такяқшасы, бағдаршамның белгілері.

Ойын барысы:

Тәрбиешінің түсіндіргенінен кейін балалар реттеушінің рөліне тұрып, ымдарын көрсетеді. Қалғандары реттеушінің ымдарына қарай бағдаршамның керекті түстерін көрсетеді.

«Жол белгілері»

Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы балалардың білімдерін бекіту; белгілі жол белгілерін еске түсіру; жаңа ұғымдармен таныстыру: «шлагбаумсыз теміржол пойызы», «қауіпсіз аралшығы».

Көрнекіліктер: Жол белгілері.

Ойын барысы:

Кім жол белгісі туралы жұмбақты шешсе, сол, сол белгіні алады. Кім белгілерді көп жинаса сол жеңімпаз.

«Біл және көшеде жүру ережесін орында»

Мақсаты: Балалармен көшеде жүру ережелерін бекіту; бағдаршамның мағынасын қайталау.

Көрнекіліктер: Қала көшелері сапатталған суреттер.

Ойын барысы:

Тақтада адамдар әр түрлі жағдайда тұрған суреттер ілініп тұрады. Тәрбиеші балаларға оларды қарауға ұсынады. Балалар сол суреттерге қарап, кез-келгенін тандап алып, жол жүру ережесін естеріне түсіріп, не істеуге болатынын, қалай жағдайдан шығуға болатынын айтып береді.

«Жүргіншілер және көліктер»

Мақсаты: Балалармен жол жүру ережесі білімдерін және көшеде жүру қауіпсіздігінің ережесін бекіту.

Көрнекіліктер: Текшелер, ойын алаңы, фишкалар.

Ойын барысы:

Ойын алаңында фишкалар арқылы қозғалып тұрған ойншылардың жол көрінісі жатыр, олардың алдында белгі түрінде кедергілер бар.

Осы кедергілерге кездейсоқ болса, қайтадан орындарына оралады. Жүргінші жолына тап келгенде, ойыншы қызыл бағыт арқылы алға қарай жылжиды. Кім мәреге тез жетеді сол жеңімпаз болып атанады.

«Улкен серуен»

Мақсаты:Балаларды автомобильшіге керекті жол белгілермен таныстыру.

Көрнекіліктер:Ойын алаңы, фишкалар, жол белгілері.

Ойын барысы:

Балалар фишкалы-автокөліктермен көше бойымен өтіп, жол жүру ережесін сақтап, достарының фикаларын тереді де үйлеріне қайтып барады. Кім ережені аз бұзып келсе, сол жеңімпаз атанады.

«Жол жүру ережесін сақта»

Мақсаты:Жол белгілері арқылы балаларды жүруге үйрету, жол жүру ережесін сақтау, әдепті болуды бір-біріне мұқият болуды тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Ойын кенеп матасы, жол белгісі, машиналар, адамдардың пішіндері.

Ойын барысы:

Балалар суреттелген жағдайлар арқылы машиналар мен адамдардың пішіндерін тандайды. Ойын алаңы арқылы өздерінің кейіпкерлерін өткізеді.

«Сөйлейтін жол белгілері»

Мақсаты: Жол белгілері бойынша балаларды жүруге үйрету, жол ережесін сақтау, бір-біріне мұқият болу.

Көрнекіліктер: Жол белгілері қойылған, әр ойын алаңы машиналар ойын кейіпкерлері.


Ойын барысы:

Әр баланың алдында жол тұр, әр балаға тапсырмалар беріліп тұр; бірде-бір белгіні назардан өткізбей, барлық ережелерді сақтай отырып, аталған бекетке дейін жету.

«Кесілген белгілер»

Мақсаты: Жол белгілерін ажырату қабілетін дамыту, жол белгілерінің атауын бекіту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, көз мөлшері.

Көрнекіліктер: Кесілген белгілер, белгілердің үлгілері.

Ойын барысы:

Ең алдымен балаға қандай жол жүру белгілерін білетінің есіне түсіреді; содан соң үлгі бойынша кесілген белгілерді жинауға ұсынады. Егер де бала оны тез шешіп отырса, оған есте сақтау арқылы жинауға ұсынады.

«Белгілерді сәйкестендір»

Мақсаты: Мағнасы бойынша жол белгілерін салыстыруды балаларға үйрету; балалардың бақылау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Түсі, пішіні жағынан ажыратылатын белгіледің үлгілері суреттелген карточкалар; маңыздылығы әр түрлі және түрлі жол белгілері.

Ойын барысы:

Әр баланың алдында белгілердің үлгілері суреттелген карточкалар жатыр, балаға басқа үлгіге басқа түсі, пішіні жағынан келетін белгілер тандау керек, содан соң карточкадағы белгілердің мәнін түсіндіру қажет.

«Мен сауатты жүргіншімен»

Мақсаты: Балаларды жолда болған жағдайларды талдауға үйрету; қала көшелерінде жүру қауіпсіздігінің тәжірибесін бекіту; ой-өрісін, назарын, бақылау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Жағдайлар суреттелген екі жиынтық карточкалары, жол белгілері.

Ойын барысы:

Балаға ең алдымен жолда болып қалаиын қауіпті жағдайларын қарастыруға ұсынылады. Егер де балалар дұрыс жауап бере алса, карточкадағы суреттелегн жағдайға сәйкес керекті белгіні өздігімен табуға ұсынылады.

«Жол лотосы»

Мақсаты: Балалардың жол жүру ережесі туралы білімдерін бекіту, жолдағы жағдайларға сәйкес керекті жол белгілерін табуға үйрету; назарын, есте сақтау, бақылау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Жолдағы жағдайлар суреттелген карточкалар, жол белгілері.

Ойын барысы:

Әр балаға жол жағдайлары суреттелген карточкалар беріледі, жолда болып жатқан жағдайларға қарай керекті белгіні табуға ұсынылады.

«Керекті білгіні табу»

Мақсаты: Жол әліппесі туралы білімдерін балалардың ойына бекіту, жолдағы жүргіншінің қауіпсіздігі үшін жол жүру белгілерін тани білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Бұрышта машина суреттелген картон парағы, ал басқа жерінде адам суреттелген, жабыстырылатын жол белгілері.

Ойын барысы:

Балаға ойын бұрышында машина басқа жағында адамдар суреттелген алаң ұсынылады және оған берілген белгілерден адамға және жүргізушіге керекті белгілерді таңдау қажет.

«Реттеуші не туралы дыбыстайды»

Мақсаты: Бақылау қабілетін дамыту; реттеуші белгісіне қарай бағдаршамның керекті белгісін табуға үйрету; балалардың назарын есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Бағдаршамның белгісіне сәйкес келетін реттеуші әр түрде суреттелген үш карточкалар; карточканың келесі жағында белгісі жоқ бағдаршамдер.

«Ойын барысы»

Балаға есте сақтау қабілеті арқылы бағдаршамның белгісі реттеушінің тұрған белгісіне сәйкес келтіру керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1989
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12